Тәрбиелік шара «Тапқыр достар» Өткізген: география- биология пәні мұғалімі Турашева О. Мақсаты



жүктеу 48.57 Kb.
Дата07.11.2018
өлшемі48.57 Kb.

Облыстық арнаулы №3 мектеп-интернаты

Тәрбиелік шара

«Тапқыр достар»

Өткізген: география- биология пәні мұғалімі Турашева О.
Мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың география, биология пәндеріне деген

қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өткен тақырыптар

бойынша алған білімдерін тиянақтау, жүйелеу.

2.Коррекциялыққ: Оқушылардың сөздік қорын молайту. Ауызекі сөйлеу

тілін дамыту. Айтайын деген ойын асықпай, анық жеткізе

білуге дағдыландыру.
2.Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын

арттыру, белсенділіктерін дамыту, топпен жұмыс істей білу

қабілеттерін дамыту. Шығармашылық қабілеттерін арттыру.
3. Тәрбиелік: Сайыста жауапкершілікке, шапшаңдыққа, тиянақтылыққа

баулу, адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:
Сайыс кезеңдері:


1. Таныстыру
2. «Кім білімді?»
3. «Сен білесің бе?»
4. «Сөз тапқанға ...»
5. «Ойлан, тап!»
6. «Өнерпаз болсаң ...»
7. «Кім жылдам, әрі тапқыр?»


8. Қорытынды.


Тәрбиелік шараның барысы:


Мінекей залда тыныштық
Естілмейді дыбыс түк
Мұны біз де қоштаймыз
Кешіккендерді тоспаймыз
Ғылымдардың ең басы

Табиғат жайында
Сайысты біз бастаймыз
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Тапқыр достар» сайысына қош келіпсіздер!
Бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған екі топты қол соғып қарсы алайық.
Бас иіп топ алдында шығатын
Сәлемдесу парызы әрбір жастың
Білімдерін паш етер сайыскерлер
Сәті келіп қалғандай танысатын, - дегендей сайысымыздың


1-ші кезеңі «Таныстыруды» бастайық! Сөз кезегін «Меридиан» , «Параллель» топтарына береміз. (Әр топ өз тобының атын, ұранын, топ басшысын, мүшелерін таныстырады).
Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып тасып, асықпа, қалыспа сен
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр
Тапқырлық пен шапшаңдық бұл сайыста керек екен – дей отыра келесі кезеңді бастайық.


2-ші кезеңі «Кім білімді?»



(Экранға сан сандар жазылады. Екі топ кезек-кезек сандарды өз қалаулары бойынша таңдап алып, сұрақтарға топ болып, ойланып жауап береді. Әр дұрыс жауап 10 ұпайдан).
1. Біз қай республикада тұрамыз? (ҚР).

  1. Қазақстан қай материкте орналасқан? (Еуразия).

  2. Еуразия материгінің ауданы қанша? (54 млн км2).

  3. Қазақстан неше мемлекетпен шектеседі? (5).

  4. Қазақстанның астанасы қай қала? (Астана).

  5. Қазақстанда қанша облыс бар? (14).

  6. Сен қай облыста тұрасың? (Атырау облысы).

  7. Сен тұратын облыстың орталығы қай қала? (Атырау қаласы).

  8. Каспий теңізі неше мемлекетпен шектеседі? (5).

  9. Каспий теңізінің байлықтарын ата. (Бекіре тұқымдастары, мұнай, газ).

  10. Қазақстан халқының саны қанша? (16 млн 900 мың адам).

  11. Қазақстанда қанша ұлт өкілі тұрады? (130-дан астам).

(Екі топтың жинаған балы есептеледі).


3-ші кезең «Сен білесің бе?»
(Әр топ ұяшық таңдайды. Сұраққа тез, нақты жауап берулері керек. 10 ұпай).

1



  1. ҚР-сының тәуелсіздік алған жылы, айы, күні. (16.12.1991 ж).

  2. Отқа жанатын пайдалы қазбаларды ата. (Мұнай, газ, көмір).

  3. Ыстыққа төзімді металдарды ата. (Вольфрам, молибден).

  4. Қара металлургияның шикізаттарын ата. (Темір, көміртек қоспасы).

  5. Химия өнеркәсібі шикізаттарын ата. (Мұнай, газ, кокстелген көмір, көмірсутек, минералдар, т.б.).

  6. Мал шаруашылығы салаларын ата. (Жылқы, қой, ірі қара, түйе).

  7. Бау-бақша дақылдарын ата. (Қауын, қарбыз, қызанақ, картоп, т.б.).

  8. Тамақ өнеркәсібі салаларын ата. (Ет, ұн тарту, жарма, қант өнімдері, балық, кондитер, т.б.).

  9. Қазақстанның көлік кешенін ата. (Автомобиль, темір жол, әуе, су жолы, құбыр, т.б.).

  10. Жақын қашықтыққа жүк пен жолаушы тасымалдайтын көлік түрін ата.

2

  1. ҚР-сының БҰҰ-на мүше болған жылы, айы, күні. (02.03.1992 ж).

  2. Рудасыз пайдалы қазбаларды ата. (Фосфорит, асбест, тұз, гипс, т.б.).

  3. Қымбат металдарды ата. (Алтын, күміс, плотина).

  4. Түсті металлургияның шикізаттарын ата. (Мыс, қалайы, қорғасын, т.б.).

  5. Тамақ өнеркәсібі шикізаттарын ата. (Өсімдік және мал шаруашылығының өнімдері).

  6. Өсімдік шаруашылығы салаларын ата. (Дәнді дақыл, техникалық дақыл, бау-бақша шаруашылығы).

  7. Дәнді дақылдарды ата. (Бидай, күріш, тары, қарақұмық, жүгері, т.б.).

  8. Жеңіл өнеркәсіп салаларын ата. (Тоқыма, тігін, бас киім, аяқ киім, кілем тоқу).

  9. Қазақстанның құрылыс шикізатын ата. (Құм, қиыршық тас, гранит, мәрмәр, цемент).

  10. Алыс қашықтыққа жүк пен жолаушы тасымалдайтын көлік түрлерін ата. (Әуе көлігі).


4-ші кезеңі «Сөз тапқанға ..? »
(Әр топ ұяшық таңдайды. Сұраққа тез, нақты жауап берулері керек.

20 ұпай).

1


  1. Тігін, тоқыма бұйымдары, кілем, аяқкиім, галантерея өнімдерін шығаратын қай өнеркәсіптің саласы? (Жеңіл өнеркәсіп, дайын өнімдер шығару).

  2. Ет консервлері, кептірілген және жартылай кептірілген шұжықтың түрлері қай өнеркәсіп саласына жатады? (Ет өнеркәсібі).

  3. Жанармай, жағармай, мазут және көптеген органикалық синтез өнімдері неден алынады? (Мұнайдан).

2



  1. Жіп иіру, тоқыма, былғары, тері қай өнеркәсіптің саласы? (Жеңіл

өнеркәсіп, жартылай дайын өнімдер).

  1. Қаймақ, ірімшік, қатық, сүзбе, май шайқау, сыр қайнату қай өнеркәсіптің

саласы? (Сүт өнімдері өнеркәсібі).

  1. Жасанды талшық, жасанды каучук, пластмасса, бояу, кір жуатын ұнтақ

шығару қай өнеркәсіптің саласы? (Химия өнеркәсібі).
5-ші кезеңі «Ойлан, тап!»
(Әр топ ұяшық таңдайды. Жасырылған жұмбаққа тез, нақты жауап

берулері керек. Толық жауап - 10 ұпай).

1


  1. Күннен көзін алмайды,

Мойны бірақ талмайды. (күнбағыс).

  1. Жерде жатып желіндейді,

Күз түскенше желінбейді.

Үндеместен төлдеп жатыр,

Су беріңдер шөлдеп жатыр. (қарбыз).


  1. Үстіне тігіп көк шатыр,

Астында қызыл дәу жатыр. (қызылша).

2



  1. Атасы қисық ағаш,

Анасы жайма шелпек,

Бір сабақта құж-құж жентек. (жүзім).



  1. Сіз тұратын қала қай жерде орналасқан? (қалақай).

  2. Жасыл болып жыпырлап өнеді,

Сары болып үзіліп түседі. (жапырақ).
6-ші кезеңі «Өнерпаз болсаң» Әр топ өз өнерлерін көрсетеді.
1 «Меридиан»

2 «Параллель»


7-ші кезеңі «Кім жылдам, әрі тапқыр»


(Топ жетекшілерінің сайысы. Тез, әрі дұрыс құрағаны, атауларын дұрыс

айтқаны есепке алынады).






Қорытынды
Сайысты қорытындылау үшін әділқазыларға сөз беру. Жеңген топты анықтау. Марапаттау.

Ойын толқын жатқандай асып, тасып,


Біреу мығым, біреулер шалыс басып
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып, - дей отыра бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.
Кеш соңында жеңіске жеткен топ марапатталады.
Қош сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет