«Тәрбиенің ең тамаша мектебі Отбасы»



жүктеу 81.32 Kb.
Дата02.05.2019
өлшемі81.32 Kb.

«Тәрбиенің ең тамаша мектебі - Отбасы»

(ата-аналармен дөңгелек үстел)

«Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек қана өзіңіз

ата-аналық қуанышыңыз үшін ғана дүниеге әкеліп,

тәрбиелеп жатқан жоқсыз.

Сіздің отбасыңызда болашақ азамат,

болашақ қайраткер, болашақ күрескер өсіп келеді»

А.С.Макаренко
Мақсаты: Ата - ана мен бала арасындағы сенімді сыйластықты, бір - біріне деген сезімді нығайту, бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы ата - ана тәрбиесі, өнегесі және баланың бас ұстазы ата - ана екенін түсіндіру

Өтетін жері: АКТ залы

Көрнекілігі: нақыл сөздер, гүлдер, интерактивті тақта,видеоролик

Әдісі: пікірлесу, сұрақ - жауап, тренингтер, ситуациялық сұрақтар
Түрі: дөңгелек үстел

Барысы:

1.Кіріспе

2.Танысу

3. Ой қозғау

4.Жаттығу

5.Видеоролик

6. Сұрақ жауап

7. Қойылым

8. Ситуациялық жағдай

9.Ойын «Қолынан танып біл»

10. Релаксация «Бағбанның алма бағында»

11.Қорытынды



Кіріспе

«Отан отбасынан басталады» демекші ата - аналар мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақ тәрбиелеп, оны қоғам мүддесіне жарату кезек күттірмейтін мәселе. Осы мәселеге ата - аналар мен ұстаздар боп атсалыссақ, алар асуымыздың биік болары сөзсіз.

-Сәлеметсіздер ме құрметті ата – аналар? Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз! Отбасы - өмірді кемеліне келтіретін, бақыт әкелетін қасиетті мекен. Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын, адамның ең басты шаттығы болып саналатын, баланың өсіп, өмір сүретін орны. Екі адамның некелесуі толық отбасын құрамайды. Дүниеге шыр етіп нәресте келгенде ғана отбасы толық отбасы болып саналады. Қазіргі таңда ата – ананың бірінші мақсаты – қаражат табу, балаларын еш нәрседен мұқтаж етпеу болып қалды. Бала–шағаның қамымен жүрген ата-ана бала тәрбиесіне де көңіл бөле алмай қалды. Ал бала тәрбиесі  отбасынан басталады, қалыптасады. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші жақсы – жаман әдеттерді бала отбасында үйренеді. Отбасындағы кикілжің-ұрыстар баланың психикасына әсер етеді. Баланың мейірімді, еңбекқор, әдепті болып өсуі – отбасында жайлы, жақсы, жағымды ахуалдың болуы. Баламыз өмірден өз орнын тауып, бақытты  өмір сүрсін десек, бала тәрбиесіне көңіл бөлуді ешқашан естен шығармайық.

Қазіргі қоғамда ата - ана баласынан не күтеді? Баласын қалай тәрбиелейді? Ата - ананың бақыты неде? Баласы ата - анасын қалай бақытты етпек?

Міне осы тұрғыда сөз қозғалатын «Тәрбиенің ең тамаша мектебі - Отбасы»

атты дөңгелек үстелімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Ән: «Анаға хат »

Орындайтын: Есен Қырмызы

Бүгінгі кездесуіміздің қадірлі қонақтарын ортаға дөңгелек үстелімізге жайғасуға шақырамыз:

1.Тұрғанкүл апа

2.Шырын апа

3.Жамал апа

4.Макира апа

5.Әсемкүл апа

6.Бибісара апа

7.Жанар апа

8.Жазира

9.Сәуле


10.Эливира
ІІ.Негізгі бөлім

1.Танысу.

Психологияда «Танысу» деген керемет әдіс бар. Осы әдіс арқылы өзіңізді және отбасыңызды таныстырып өтсеңіз.

(әр ата-ана өзі және өзінің отбасы жайлы айта кетеді.)

Психологтың сөзі:

Қипақтайды қит етсе анаң, әкең,


Қайтсем ғана осыны адам етем,
Басқалардың осындай балалары,
Тап осындай жаңғалақ шала ма екен
Ойым емес, оллаһи, біздікінің...
Енжарлығы елде жоқ алабөтен
Туа сала тұлпардың жалын тартқан;
Қырғиларға қызығып қарап өтем.
Жарық сыйлап маңына жылу сыйлап,
Бұ да бір күн алаудай жана ма екен?
Ел қатарлы елеулі еңбек етсе - ау
Болмаса да топ жарған дара бөтен.
Мүше тістеп мықтылар той жасаса,
Жерге қарап мен сорлы қалар ма екем?
.... Үміт пен күдіктің ортасында
Ата - ананың үміті талады екен! - деп Мұзафар Әлімбаев жырлағандай, өз баласының болашағына алаңдап, «Қайтсем де баламды адам етем» деген ата - ананың арманы баласымен бірге жасайды екен.


2. Олай болса Ой қозғау ретінде

Сіз үшін “Бала деген кім?”   әрбір ата-ана өз жауаптарын айтады. (Болашағымыз, Асыраушымыз, Көмекшіміз, Ақылшымыз, Өміріміздің жалғасы, Үмітіміз, Бауыр етіміз)

Ғалымдардың айтуынша, баланың таңертеңгі ұйқыдан қандай көңіл-күймен тұруы – бүкіл бір күндік көңіл-күйіне әсер етеді екен.

1. Сіз балаңызды  таңертеңгі ұйқыдан қалай оятасыз?
2. Балаңызға ризашылығыңызды қалай білдіресіз?
3. Балаңыздың тәтті қылықтары

4. Балаңыз сізге қандай көмек көрсетеді?



3. Жаттығу

Ата–аналарға сұрақтар қою.

Есінізге түсіріңізші  аяғыңыз ауыр болған кезде, бірінші не туралы ойладыңыз, қандай сезіміңіз болды?

Енді балаңыз өмірге келгенде  алғашқы әсеріңіз? Не туралы ойладыңыз?

1.Енді балаңыз жүре бастағанда, біз бала үшін қорқамыз да, оған барма, шықпа, секірме дейміз. Сонымен аяғын байлаймыз.

2. Енді балаңыз жан-жағындағы дүниені тани бастайды, бәрін ұстап білгісі келеді. Біз оған ұстама дейміз. Сонымен қолын байлаймыз.

3. Баланың тілі шығады да, бәрін сұрай бастайды. Бұл не, мынау не деген кезеңі. Баланың сұрағынан шаршаймыз да сұрама, сөйлеме, айқайлама дейміз. Баланың аузын байлаймыз.

4. Көшеден әр-түрлі сөздер естіп, үйреніп келеді. Біз оған тыңдама, естіме дейміз. Біз сөйтіп құлағын байлаймыз.

5.  Теледидардан неше түрлі бағдарламаларды көреді де, біз оған қарама дейміз. Сонымен баланың көзін байлаймыз.

6. Баламыз даладан ұядан құлап түскен балапанды, тастанды мысықтың баласын үйге әкелген кезде біз оған қайдан әкелдің? Неге әкелдің? Алма, ұстама, деп баланың жүрегін байлаймыз.

Енді қараңыздаршы, осындай бала сіздерге ұнай ма?

Ата–аналарға сұрақтар қою.

- Сіз өзіңізді қалай сезініп тұрсыз?     /ыңғайсыз/

- Біріншіден нені босатқыңыз келеді?  

Мен үшін қымбат...” (Ой қозғау) (Аялы алақаны, мейірімі, ыстық жүрегі, жан жылуы, махаббаты, мейірімді көздері, күлкісі)

4. Экранға назар салып бала тәрбиесіне қатысты видеоролигін көріп тамашалайық

5. Психолог сөзі:

Ата - аналар, мен сіздерге мынадай сұрақтар қойғым келіп отыр.


1. Бала тәрбиесіне қатысты қазаққа тән қандай қасиеттерді дұрыс деп санайсыз?
2. Бала үшін ата - ананың қайсысының беделі күшті деп ұғасыз?
3. Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде мектептің жауапкершілігі басым ба?
4. Баланың атасы мен әжесінің тәрбиесінде, атасы мен әжесінің баласы болуына қалай қарайсыздар?
5. Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па, қатаң тәрбиелеген дұрыс па?
6. «Баланың өскенде жақсы, өнегелі адам болып шығуына отбасынан алған тәрбиенің ықпалы зор» дегенге өз пікіріңіз, көзқарасыңыз қандай?

«Әрбір баланың мінез құлқы ата - анасының жағымды іс - әрекетінің үлгі алуы барысында қалыптасады.» деп Павлов айтпақшы баланың мінез - құлқы өскен ортасына, көрген тәрбиесіне байланысты қалыптасады. Ата - ана бала үшін ең бірінші үлгі тұтар адамы, өзін көретін айнасы. Ендігі кезекте


6. М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан қойылым тамашалаңыздар

Осы көрініс жайында өз пікірлеріңізді білдірсеңіздер.

7. Ситуациялық жағдаяттар көрінісін көрсету
Ортаға оқушыларды шақырамыз
Оқушылар ата - аналарына барып өздерінің басынан өткен жағдайларын баяндап айтады
1 - оқушы Анашым, мен бүгін сабаққа бармай - ақ қояйыншы, үйге берілген тапсырманы жаттамап едім, апай сұраса «ауырып жатыр» деп айта салыңызшы
2 - оқушы Әже мен сабақтан қашып келдім. Соңғы сабақ қиындау еді

3 - оқушы Анашым, маған айфон сатып әперші. Балалардың бәрінде бар.

Ата - аналар осы жағдайларды сол сәтте қалай қабылдайтындықтарын(қуаныштарын, реніштерін іс – қимылын салып) көрсетеді
Осы жерде мен ата - аналарға мынадай кеңестер айтқым келіп отыр.
Егер балам қатыгез, қайырымсыз, өзімшіл болып өспесін десеңіз, бала тәрбиесінде мына қателіктерге жол бермеңіз
1 - қателік «Егер сен мен қалағандай болмасаң мен сені жақсы көрмеймін»
2 - қателік «Не істесең оны істе маған бәрібір»
3 - қателік: Аса қаталдық «Мен не айтсам соны орындауың керек, өйткені мен үйдің басшысымын»
4 - қателік Балаларды тым еркелету
5 - қателік «Саған көңіл бөлуге уақытым жоқ»
6 - қателік Балаңызды тым көп ақшамен қамтамасыз ету
7 - қателік Баланың ісіне көңіл - күйіңізге қарап баға беру, яғни көңіл - күйіңіз нашар болса оның қуанышына ортақтаспау, әңгімесіне құлақ аспау
Міне құрметті ата - аналар, бала тәрбиесінде осы қателіктерге жол бермесеңіз ғана балаңыздың саналы азамат болып өсіп, сізді бақытқа кенелтері сөзсіз.
«Ата - ананың ақылы – қазулы қара жолмен тең» деп Дулат Бабатайұлы айтпақшы ата - ана баласының түйсігіне қандай із салса бала сол жолмен жүре беретіні белгілі.

8. Ойын: «Қолынан танып біл!»

Көздері байлаулы аналар балаларын тауып алулары керек.

(Жанар, Эльвира, Жазира, Азиза, Сәуле)

Талдау:


1.Сізге балаңызды табуға не көмектесті?

2.Балаңыздың қолынан ұстағанда не сезіндіңіз?


5 сынып оқушысы Адилжанова Айгерим

Қадыр Мырзаәлінің «Ана» өлеңі



Психолог сөзі:  

Ұлы ойшылдардың бірі «Дүниенің ең тамаша туындысы тамаша тәрбие алып шыққан адам болып табылады» деген екен. Сондықтан да ертеңгі күніміз көлеңкесіз жарық болуын ойласақ, бала тәрбиесіне бүгіннен бастап бей-жай қарамауымыз қажет. Бала – ата-ананың үміті, өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма  кірсін»  - деп перзентін әлпештеп өсірген  ата-ананың жатса-тұрса тілейтіні – баласының алдыңғы қатарлы азамат болып өскені.

9. Олай болса ендігі кезекте сіздермен «Бағбанның алма бағында» деп аталатын релаксациялық босаңсыту жаттығуын жүргізсек.

Орындарыңыздан тұрып, денелеріңізді бос ұстап, терең дем алып, іштегі жағымсыз нәрселерді сыртқа шығарып тастаңыздар. Енді орындарыңызға жайғасып, өздеріңізге ыңғайлы отырыңыздар. Ал енді, көздеріңізді жұмыңыздар, көз алдарыңызға табиғат көрінісін елестеріңіздер.



  • Ал, бастаймыз (Музыка қосылады)

  • Соқпақ жолмен жүріп келесіз....

  • Жол ұзақ, шаршадыңыз, шөлдедіңіз..

  • Кенет, алдарыңыздар бақ көрінді.....

  • Шебер бағбанның баптап өсірген алма бағы ......

  • Қызыл, сары аламалар қол жетімді жерде ......

  • Сіз үзіп алып жей бастадыңыз....

  • Дәмі қандай керемет......

  • Жеген сайын жегіңіз келеді......

  • Қалтаңыздан дорба алып, алмаларды жинай бастадыңыз....

  • Күн кешкірді.... Қайту керек...... Бақтан шығып, жолға түстіңіз..... Иығыңызда дорба.......

  • Жүгіңізі ауыр...... Жол бітер емес..... «Тастап кетсем бе екен?» деп ойлап та қоясыз......

  • Міне ауылға да жеттіңіз..... Алдарыңыздан қуанып, секіріп балаларыңыз шықты......

  • Өзіңіз терген алмалардан үлестіре бастадыңыз.....

  • Алма тергеніңіз мұншама абырой болар ма.......

  • Балалар дән риза......

  • Балаларыңыздың бақытты күлкісі сіздің де көңіліңізді көкке көтерді !!!

Музыка тоқтатылып, ата-аналар көздерін ашып, өз әсерлерімен бөліседі.

Стикерлерге (алма пішінді) балаларыңызға деген тілектеріңізіді жазып, алма ағашына іліңіздер.



11. Қорытынды

Құрметті ата-аналар! Сіздермен біріге отырып, ұрпақ тәрбиесінде кешігу дегеніміз мертігумен бірдей екеніне көз жеткізіп     «Ертеңде күн бар ғой, тәйірі, бәріне үлгереміз» деп салдыр-салақ күн кешетіндердің өкініші удан да ащы боларын,«Ұрпақ тәрбиесі-көпке ортақ» іс екенін ойға түйдік.



Балаларымызға күннің шуақты шапағындай мейірім, жылуымызды шаша отырып, «Отбасы мықты болса, Отан да мықты» яғни өнегелі отбасының мәуелі жемісі –саналы тәрбиеленген өскелең ұрпақ болуы даусыз екеніне көз жеткіздік. Отан- отбасынан, отбасы- ошақ қасынан басталатынын әсте ұмытпайық! Алтын уақыттарыңызды бөліп, келіп қатысқандарыңыз үшін мың алғыс! Келесі кездескенше сау болыңыздыр!!!
Каталог: uploads -> doc -> 110c
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
110c -> Ќосымшалар
110c -> Тақырыбы: Үй құстары Бөлімдері: Экология Мақсаты: Білімділік
110c -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы. «Ғашықтық құмарлықпен ол екі жол »


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет