Тәрбиеші: Қожахметова Г. А білім саласы:Әлеуметтік орта Бөлім саласы



жүктеу 46.13 Kb.
Дата13.10.2017
өлшемі46.13 Kb.

Ұйымдастырылған оқу іс-қызметінің технологиялық картасы.

Тобы: «Достық» ересек тобы

Тәрбиеші: Қожахметова Г.А

Білім саласы:Әлеуметтік орта

Бөлім саласы: Өзін-өзі тану.

Тақырыбы: « Табиғат - ана»

Мақсаты: « Табиғат» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту; табиғат пен адамдар арасын дағы байланысты түсіндіру; табиғатқа қамқорлықпен қызығушылықтарын дамыту; табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, сұрақ –жауап, түсіндіру.

Керекті құралдар:дәптер,суреттер , мақал.

Сөздік жұмыс: табиғат, сүю.

Билингвалдық компонент: природа - мать .

Әрекет кезендері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациалық қозғаушы

Балалар менің қолымда не бар, не көріп тұрсыңдар?

Қобдиша.


Дұрыс айтасыңдар менің қолымда қобдиша бар, бұл жай қобдиша емес .Бұл қобдишаның ішінде керемет бір жан бар сиқырлы қобдиша, осы қобдишаны қолымызға аламызда ішінгі керемет жанның жақсы қылықтарын біз баяндап берейік.

  • Мен қобдишаның ішінен айна көріп тұрмын,айнадан өзімді көріп тұрмын. Мен ақылдымын, үлкендерді тыңдаймын.

  • Мен сұлумын,әдемімін.

  • Мен әжемнің қызымын, шашым ұзын.




Балалар сұрақтарға жауап береді.

Қызығушылықтары оянады.




Іздену ұйымдастырушы


2. Тыныштық сәтi. «Орманға ойша серуен» 

Балалар, дұрыс отырайық,арқаларыңызды түзу ұстайық,қолдарыңызды партаға қоюға болады,көздеріңізді жұмайық. Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестеңіз. Сіз жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң аяқ жүрсіз. (тыныштық). Жасыл шөп сіздің аяғынызды сипап жатқан сезімде боласыз. (тыныштық). Күннің көзі жер бетін қыздыруда.(тыныштық).Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз. (тыныштық). Өзеннің сыңғырлағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз. (тыныштық).Тыныштықта тұрып, өзімізді тындайық, табиғат-анамызды тындайық. Алақаңдарыңызды күннің көзіне жайыңыз. (тыныштық).Көк аспаннан және көктемгі жылы күннің сәулелерін сезіңіз (тыныштық).1,2,3 көзімізді ашайық.Қолымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл күй сыйлаған Ана-Табиғатқа «Рахмет» деп айтайық.


Сізге «тыныштық сәті» ұнады ма?Қандай сезімде болдыңдар?

Біздің бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс -әрекетіміздің тақырыбы « Табиғат ана» деп аталады.

-Ендеше, балалар табиғат аясына бір шолу жасайық.

-Не көріп тұрмыз? (Суреттермен жұмыс)

Балалар, ендеше бір сергіп алайық.

Сергіту сәті:

--Балалар табиғат пен ана сөзін неліктен біз байланыстырамыз.

-Балалар біз кімді қатты жақсы көреміз?

-Неліктен біз анамызды жақсы көреміз?

-Жарайсыңдар, яғни біз ананы жақсы көреміз. Сол сияқты табиғатты анамызбен тығыз байланыстырамыз. Біз адам табиғатсыз өмір сүре алмаймыз. Сондықтанда біз табиғат ананы қорғап, әрқашан аялап, тазалап жүруіміз керек. Ендеше, балалар мен сіздермен тағыда саяхатқа шыққым келіп тұр. Біз ертегілер еліне саяхатқа шығамыз. Саяхатқа тез жету үшін ойын ойнап жіберейік.



Ойын: «Африка»

Ертегі: «Табиғат ана»

Табиғат ана:Аяулы менің қыздарым! Егер сендер адамдарға көп жақсылық жасасаңдар, мен сендерге үлкен сый тартамын.

Жер: мен онда алыс сапарға шығамын, байлықтарымды тарқатамын.

Ағаш: Менде алыс сапарға шығамын.Адамдарды көлеңкемен саялатып, жемісімді беремін.

Су: Менде сапарға шығамын.жер бетін,гүлдерді суарып, шөлдеген адамдарға су беремін.

Табиғат ана: Олай болса қыздар жолдарың болсын.

Сөйтіп табиғат ананың қыздары алыс сапарға шығыпты. Табиғат ана өзінің қыздарын сыртынан бақылап отырыпты. Ағаш бізге жемістерін таратудан тынбапты, ал су болса жайқалған ағаш гүлдерге өзін құйып нәрлендіріпті.

Содан бері жер,су, ағаш анасының сұлулығын жоғалтпау үшін тыңбай еңбек етіпті.
-Балалар, сендерге ертегі ұнадыма?

Балалар біздерде табиғатты қорғап жүруіміз керек. Олай болса балалар жер,су,ағаш суреттеріңің біреуін таңдап алайық.

Таңдаған суреттеріңіз бойынша топтасып өз орнымызға жайғасайық.

Шығармашылық жұмыс: Табиғатты гүлдендіреміз деп аталады.

1- Жер тобы сіздер жерді гүлдендіресіздер.(Жапсыру)

2- Ағаш (Мүсіндеу)

3- Су (сурет салу)

-Өте тамаша. Жарайсыңдар балалар!



Дәйексөз.

«Таза болса табиғат,аман болар адамзат» Ф.Оңғарсынова



Балалар көздерін жұмып, орманға ойша саяхатқа шығады.

Балалар суреттер бойынша әңгімелейді.

-Балалар жауабы тыңдалады.

Ана туралы тақпақ айту.

Балалар ойынға белсенді қатысады.

Балалар ертегіні тамашалайды.

Балалар суреттерді таңдап, топтасады.

Тапсырмаларды орындайды.

Бірінші қыздар, екінші ұлдар қайталайды.



Рефлексивті коррекциялаушы

Ән: «Табиғат ана»

Балалар сіздерге бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс әрекеті ұнадыма, ұнаса қызыл қызғалдақты, ұнамаса сары қызғалдақты көтеріңіздер.



Балалар ән орындайды.

Күтілетін нәтиже:

Білу : табиғат пен адамның үйлесімділігі туралы білді.

Игеру: табиғатқа деген қамқор қарым-қатынас дағдылары игерді.

Меңгеру: тазалық, ізгілікті меңгерді.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Жек дуадақтарды аулауды жүргізу туралы «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы»
2017 -> Бағдарламасы өтетін күні: 16 тамыз 2017 жыл Өтетін орны: Шымкент қаласы
2017 -> Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
2017 -> Мемлекеттік мекеме
2017 -> Қосымша 2 Техникалық ерекшелігі Реанимациялық бригадаларға арналған жылжымалы жедел медициналық көмек комплексі
2017 -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
2017 -> Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының
2017 -> Бос јкімшілік мемлекеттік лауазымдарєа орналасуєа конкурс туралы хабарландыру 17/07/2012г


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет