Тәрбиеші ол кім



жүктеу 24.05 Kb.
Дата05.12.2018
өлшемі24.05 Kb.

Тәрбиеші ол кім? Ол қандай болу керек?

Талюкенова Қ.Ә.,

Қарағанды қ. №68 МИББ кешені

Оқыту – тәрбиелеудің қуатты органы, бұл органды пайдалана білмеген тәрбиеші шәкірттерге әсер етудің ең басты және қажетті құралынан айырылады.

К.Д. Ушинский
Тәрбиеші тек үнемі оқу, іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана ілгері басады. Парасаттылық,шарапаттылық,кеңдік, адалдық, саналылық, тәрбиеші болып қызмет істеген әрбір адамға лайық. Өз білімін өмірден күнделікті еңбегінің тәжірибелерімен нығайтып,байытып отыратын ,тапқан ілімін дұрыс қолдана біліп, алдындағы шәкірттерінің зердесіне беріп, негізгі фактілерді білгізу арқылы әрбір оқушының ой өрісін дамытып,жетілдіруіміз керек. Тәрбиеші шәкіртін өмір және күрес тәжірибесімен байытады, оның өрісін кеңейтеді, оған білім береді. Ал шәкірт осы білімнің көмегімен қажеті деп қалағандарын бойына сіңіре ала білсе тәрбиеші үшін бұл үлкен бақыт. Тәрбиеші мамандығы ең жауапты, ең қадірлі мамандық. Тәрбиеші

балалардың ең жақын досы,қорғаушысы, ар – намысын ардақтайтын адал, әділетті, шыншыл адам болуға тиісті. Үйрету үшін ұрсудың, пайдалы болуы үшін намысқа тиюдің түк қажеті жоқ.

Тәрбиеші адамның шын мәнінде қандай адам екенін, оның барлық әлсіздіктерін және оның ұлылығын, оның күнделікті барлық ұсақ мұқтаждарын және оның барлық рухани талап – тілектерін білуге тырысу керек, – деп К.Д.Ушинский айтқандай өз шәкіртін жақсы адам етіп тәрбиелеу үшін ол шәкіртін алдымен барлық жағынан біліп алуы тиіс.

Тәрбиеші өз бойындағы тәжірибесін, сенімін, шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса ол үлкен ұстамдылықтың, мейірімділіктің, биік адамгершілік көзқарастың иесі болады.

Тәрбиеші өз ісінің маманы, нәзік психолог, жан – жақты шебер, тынымпаз еңбекқор,кез келген ортаның ұйытқысы, адамгершілік пен патриотизмнің жаршысы, педагогтік мамандығына шынайы сүйіспеншілігі бар,шәкірт жүрегіне жол таба білген,үнемі даму, ілгері басу,ізденуді өмір өзегі еткен, әрі іскер,әрі білікті,жаңашыл, әріптестерімен парасатты қарым – қатынас жолдарын таба білетін тұлға. Осындай тұлға болу үшін әрбір адам талмай еңбек етіп,талпынуы тиіс.

Тәрбие жұмысы – өте күрделі үдеріс.Ол көп еңбекті,жауапкершілікті,уақытты қажет етеді. Көрнекті гуманист-педагог Януш Корчак өзінің «Баланы қалай сүю керек» еңбегінде:



  • Нағыз тәрбиеші бұғау салмайды – еркіндік береді.

  • Басымдық көрсетпейді - мақтап, мадақтайды.

  • Намысына тимейді – қалыптастырады.

  • Бұйырмайды – үйретеді.

  • Талап етпейді – сұрайды.

  • Балалардың қиналған сәтінде олармен бірге күйзеліске түседі», - деген болатын.

Каталог: uploads -> doc -> 0687
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0687 -> Сабақтың мақсаты: Кел,санайық
0687 -> Ii сәбилер тобына арналған оқу-тәрбие жоспары 27 сағат
0687 -> Классный час: «Я-патриот своей страны»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет