Тәрбиеші педагогтардың кәсіби- эмоциялық құлдырауының алдын алу және психологиялық саулықтарын қолдау



жүктеу 67.7 Kb.
Дата02.05.2019
өлшемі67.7 Kb.

КМҚК «Шағала» балабақшасы.

Тәрбиеші педагогтардың кәсіби- эмоциялық құлдырауының алдын алу және психологиялық саулықтарын қолдау.

(тренинг-тәрбиешілерге арналған)

Дайындаған: педагог психолог Алтаева Б.А.

(Атырау 2017-2018 оқу жылы)

Жоспар.


Кіріспе бөлім: Аутотренинг

Негізгі бөлім: Миға шабуыл.
Қортынды: «Алтын галош» ойын тренинг
Тәрбиеші педагогтардың кәсіби- эмоциялық құлдырауының алдын алу және және психологиялық саулықтарын қолдауға арналған жадынама.

Тәрбиеші педагогтардың кәсіби- эмоциялық құлдырауының алдын алу және және психологиялық саулықтарын қолдауға арналған тренинг.

Мақсаты: Кәсіби эмоциялық құлдыраудың алдын алу.
Кіріспе бөлім.
Аутотренинг

Мақсаты: Медитация арқылы көңлдерін жайландыру

2. Миға шабуыл:

Мақсаты:Қараңғы түнек пен буырқанған боранға, тағдырдың кездейсок тәлкегіне қарсы тұру үшін – «Тек қана өзің жауаптысың» қағидасын пікір талас арқылы дәлелдеу.

Мені ешқашан сатпайтын адам.(мен сүрінгенде де, қайғырғанда да, қуанғанда да жанымнан табылатын,биіктен көрінсем қызғанбайтын,сүрінсем табаламайтын жан)–––––––––––––––––––––––––
Қараңғы түнек пен буырқанған боранға,тағдырдың кездейсоқ

тәлкегіне қарсы тұру үшін

ЖЕР – АНАдай сабырлы бол!
3. «Алтын галош» ойын – жаттығу.

(Алтын галош киген «Бақытты жан» психологтың сұрақтарына жауап береді)

  1. Бастық сізге қатты ұрысты. Көңіліңізге келетін сөздер айтты. Ол бұл қылығы үшін сізден кешірім де сұрамайды.

Сіз оған қарсы сөз айта алмайсыз, себебі:

Біріншіден ол бастық. Екіншіден сізде өзіңізді ақтайтын айғақ жоқ.

Тапсырма: Осы сәтте, өзіңізде кәсіби эмоциялық құлдыраудың алдын алу үшін - қандай позитивке айналдырар едіңіз.

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––



  1. Ата-ана тырнақ астынан кір іздеп айқай шығарды.

Тапсырма:

Осы сәтте, өзіңізде кәсіби эмоциялық құлдыраудың алдын алу үшін-

қандай позитивке айналдырар едіңіз.


  1. Жұмысқа келе жатқанда аяқ киіміңіздің тақасы тұсіп қалды.


4.Сіз кенеттен сырқаттанып қалдыңыз, что то отбасында «күңкүл» сөздер көбейе бастады Сіздің жүйкеңізге тиюде,позитивіңіз қандай?
Қортынды сөз:

«Әр жүректі мейрімділік және шаттықпен қарсы алуға талпын»

Бұл қағида бізге шәкірттеріміз бен ата – аналардың алдында мәртебемізді көтеріп, шығармашылық табыс әкеледі.


Жадынама кеңес ретінде таратылады.
Тәрбиеші педагогтардың кәсіби- эмоциялық құлдырауының алдын алу және және психологиялық саулықтарын қолдауға

Жадынама

Кәсіби- эмоцилық құлдырау- бұл созылмалы стрестік жағдайда энергетикалық ресурстарын әлсірететін синдром.

Кәсіптік құлдырау ішкі жағымсыз эмоциялардың сәйкес «бәсеңдеуісіз» немесе олардың «босай алмайтындай»күйдегі жиналуынан пайда болады. Ол адамның жеке басының, эмоциялық,мэнергетикалық ресурстарының әлсіреуіне алып келеді.



Кәсіби –эмоциялы құлдыраудың кезеңдері.

Бірінші кезең:

  • эмоциялар бәсеңдейді, сезімталдық пен әсерленушілік басылады:

  • Жағымды эмоциялар жоқ болады, қарым-қатынаста отбасы мүшелерінен бөлектену пайда бола бастайды:

  • Мазасыздық жағдайы, қанағаттанбаушылықпайда болады.

Екінші кезеңі:

- әріптестермен түсінбеушілік пайда болады:

- ұнатпаушылық пайда болып, ріптестеріне қатысты ашуы сыртқа шығады:

Үшінші кезең:


  • өмір құндылықтары туралы ұғым, әлемге деген эмоциялық қатынас нашарланады, адам немқұрайлы күй кешеді:

  • барлығына енжарлықпен қарау.

Педагогқа кәсіби-эмоциялық құлдыраудан арылуға көмектесетін қасиеттер.

Біріншіден:

  • жақсы денсаулық және өзінің физикалық жағдайын саналытүрде, мақсатты қамқорлыққа алу ( спортпен үнемі айналысу,салауатты өмур салты)

  • өзіндік бағасының жоғарылығы мен өзіне деген, өзінің қабілеттері мен мүмкүндіктеріне сенімділік.

Екіншіден:

  • кәсіптік стрессті сәтті жеңіп шығу тәжірибесі:

  • қысымды жағдайда конструктивті ( сыдырмалы) өзгеру қабілеті.

  • Жоғары дәрежедегі мобильділік (жинақылық)

  • Ашықтық

  • Көпшілдік

  • Дербестік, өз эмоциясын бақылаушылық:

  • өз күшіне ғана арқа сүйеу.

Үшіншіден:

өзіңде позитивті және жалпы өмірге оптимистік нұсқау мен құндылықтарды қалыптастыру, оларды қолдау қабілетітөз-өзіне деген қарым-қатынастағы сиқты басқаларға да осындай қатынас жасау



Кәсіби –эмоциялық құлдырау симптомдары.

Бірінші топ.

Психофизикалық симптомдары:

  • кешкілікте де, ертегісін ұйқыдан соң да бірден іле-шала үнемі шаршағандық сезімі

  • эмоциялық жіне физикалық әлсіреуді түсіну:

  • оршаған ортаның өзгерістеріне байланысты зеректік пен әрекет қабілеттілігінің төмендеуі ( жаңашыл факторларға қызығушылық реакциясы немесе немесе қауіпті ситуацияға реакцияның жоқтығы)

  • жалпы қалжыраушылық (астензиация) (әлсізді,белсенділікпен энергияның (күш-қуаттың төмендеу):

  • себепсізден, себепсіз жиі бастың ауыруы,иішек қарын жолының үнемі бұзылысы:

  • салмақтың кенеттен төмендеуі немесе өсуі.

  • Толық немесе ішін ара ұйқысыздық:

  • Үнемі тежеліс,ұйқышылық жағдайы және күні бойы ұйқының келе беруі:

  • Физикалық немесе эмоциялық жүктемеде алқыну немесе тыныстың бұзылысы:

  • Ішкі және сыртқы сенсорлық сезімталдықтың айқын төмендеуі , көзің көруі, есту,иіс сеіну және түсінудің нашарлауы.


Екінші топ:

Әлеуметтік –психологиялық симптромдар:

  • немқұрайлылық,іш пысыушылдық,ипассивтілік жіне депрессия «эмоциялық тонустың төмендігі, жабырқаңқы көңіл-күй)

  • ұсақ- түйек, болар болмас жағдайға:

  • жүйкенің жиі тозуы, (ашу қысу, ішімдікке салну,бір күннің ішнде темекі шегудің жиілеуі т.б)

  • еш мотициясыз ашу ыза немесе қарым-қатынас жасаудан бас тарту, өз ішкі әлеміне еніп кету.

  • Сыртқы ситуацияда себептері жоқ жағымсыз эмоцияға (кінәлілік, өкпелеушілік, ұяттық,сезімі, күдікшілікке салыну,бөгеліп қалушылдық сезімдері) үнемі күйзеліс.

  • Санадан тыс мазасыздық пен жоғары беймазалық сезімі.

  • Гипер жауапкершілік және «болмай қалуы мүмкүн» немесе «шамам жетпейді» деген үнемі қорқыныш сезімі.

  • өмірлік және кәсіби перспективаға жапы негативті нұсқау (қаншама тырмыссамда, бәрібір ештеңе шықпайды дегендей)

Үшінші топ.

Мінез құлықтың симптомдары:



  • жұмыс күннен күнге ауырлауда, ал оны орындау қиындап барады.деген түйсініс.

  • өз жұмыс кестесін қызметкер елеулі түрде өзгертеді.

(жұмыс уақытын ұзартады немесе қысқартады)

  • қажеттілігі болмасада үнемі жұмысты үйге алады,

  • алайда орындамайды.

  • Пайдасыздық сезімі, жақсылыққа сенбеуі, жұмысқа деген құлшыныстың төмендігі, нәтижеге деген немқұрайлылық:

  • Приоритетті, маңызды міндетерді орындамау, қызметтік талаптарға сәйкес келмейтін, ұсақ-түйекке «кептеліп қалу» жұмысуақытының көп бөлігін зердесіне аз жететін немесе тіпті түсінбейтін автоматты түрде жасалатын және элементарлы әрекеттерге босқа жіберу;

  • әріптестерінен алыстау,адекватты емес сынап-мінеу.


Кәсіби эмоциялық құлдыраудың алдын алу.

  • өз сезімдеріңізді жасырмаңыз. Эмоцияңызды сыртқа шығарыңыз және оларды достарыңызға сізбен бірге талқыға салуға мүмкүндік беріңіз.

  • Не жағдай болғанын айтудан қашпаңыз.өзіңіз жеке қалғанда немесе достарыңызбен бірге қиналыс берген тәжірибеңізді қайта қарауда барлық мүмкүндіктерді қолданыңыз.

  • Біреулер сізге өз ойыңызды айтуға мүмкүндік бергенде немесе көмек ұсынғанда ұялуды қойып, қабылдаңыз, мүмкүндікті пайдаланыңыз.

  • Күйреу, күйзеліс сипаты ауыр жағдай өз бетінше кетеді деп күтпеңіз.

  • Егер шара қолданбасаңыз, олар ұзақ уақыт мазаңызды алып, тығырыққа тірейтін болады.

  • Ұйқыға, демалысқа, ойланып толғануға жеткілікті уақыт бөліңіз.

  • өз ықылас тілегіңізді тура, айқын және шынайы білдіріңіз, олар туралы отбасына, достарыңызға және жұмыста жасырмай айтыңыз.

  • Мүмкүндігіңіз келгенше өз өміріңіздің қалыпты тәртібін сақтауға тырысыңыз.


Сізге сәттілік тілейміз!

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет