Теріс-ащыбұЛАҚ су қоймасының тыныс-тіршілігі! Рәтбек М., Қожамқұлова Г. Е



жүктеу 24.13 Kb.
Дата20.12.2018
өлшемі24.13 Kb.

ӘОЖ 631.5
ТЕРІС-АЩЫБҰЛАҚ СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ ТЫНЫС-ТІРШІЛІГІ!
Рәтбек М., Қожамқұлова Г.Е.
Жалпы Жамбыл облысы бойынша 117 ірілі-ұсақты су қоймалары бар екен.Оның бесеуі республикалық меншікте, 102 - коммуналдық және 10 - жеке меншікке берілген.Соның бірі осы Теріс-Ащыбұлақ су қоймасы.Аталмыш су қоймасы 1962 жылы Теріс өзенінің алдын бөгеу арқылы салынып, 1963 жылы пайдалануға берілген. Мұндағы мақсат, жаз айларында су тапшылығын болдырмау. Яғни, Жуалы жерін ғана емес Жамбыл, Талас, Сарысу аудандарындағы жерлерді, егін алқаптарын суғару үшін салынған бөгет.

Бұл өзен басқа өзендер сияқты шығыстан батысқа қарай емес, батыстан шығысқа қарай ағып жатқан бірден-бір өзен болғандықтан "Теріс" атауы берілген. Теріс өзені негізі өңкей тау бөктеріндегі бұлақтардың жиналып,бір арнаға құйылуы нәтижесінде қалыптасқан.

Мысалы: Алатау бөктерінен, Амангелді ауылынан басталатын бұлақтар, Күреңбел жақтан келетін бірнеше бұлақ сулары, Шақпақ өзені, және тағы басқа бұлақ суларымен қоректенеді. Сонымен қатар жауын-шашын, жер асты суларымен толығып отырады.

Жуалы ауданының шығыс жағындағы Күйік асуының күнгей жағынан басталып, Теріске құятын шағын бұлақ. Суы мал ішпейтін ащы болғандықтан ертеректе тері, іш ауруларын емдеуге пайдаланған.

Теріс-Ащыбұлақ су қоймасының географиялық орны мен негізгі белгілеріне келер болсақ: Бөгеттің биіктігі -30м.20см, ұзындығы - 1960м, сыйымдылығы - 158 млн. текше метр,тереңдігі - 20 метр ге дейін барады,ал ауданы - 2400кв.км.Өткізу қабілеті 36,0 м3/с, су қоймасы 21,039 мың гектар суармалы жерді қамтиды.Негізінен су қоймасының аумағы мен тереңдігі судың толығуымен тікелей байланысты. Су азайған сайын оның аумағы мен тереңдігі де азая береді.Теріс-Ащыбұлақ су қоймасы су шаруашылығында және шаруа егіс алқаптарын сумен қамтамасыз ету қызметін атқарып тұр.Суармалы кезең 6-айға созылады.Сәуірден бастап,қыркүйек айына дейін. Су қоймада 17 қызметкер жұмыс атқарады.Теріс-Ащыбұлақ су қоймасы ауылшаруашылық суару мақсатына байланысты жөндеу кезеңдерінен өтті. I.Кезең:2004-2009ж.Күрделі жөндеуден, II.Кезең:2012ж. Жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Және артық суды реттеп жіберіп тұратын 6-негізгі, 1-қосымша шлюз орнатылған.Су қоймасы іске қосылған уақытта көлге: табан,мөңкебалық, сазан және кейіннен көксерке мен дөңмандай деген балық түрлері жіберілген екен. Балықтың ең ірілері көксерке мен дөңмандай. Салмақтары 15-18 кг-ға жетеді. Сонымен қатар жылан жылан балық пен су шаяны да бар.

Сондай-ақ аталмыш су қоймасы тамаша демалыс аймағы болып саналады.Су қоймасын 2000 жылы «Казгипроводхоз» институты инженерлік-геологиялық тексеру жүргізіп, сейсмикалық жағдайының нашар болуына байланысты су көлемін 108,0 млн. м3 артық жинамау ұсынылған.2004-2006 жылдар аралығында Теріс-Ащыбұлақ су қоймасының сейсмокүшейту жұмыстары жүргізіліп, сыйымдылығы 130,0 млн. м3 жеткізілді. 2012 жылы 1-ші және 2-ші кезегі Бурно-Октябрь ауылында орналасқан дренажды сорғы станциясында қайта құру жұмыстарына 449,4 млн.м3 тенге бөлініп игерілді. Нәтижесінде су қойманың сыйымдылығы 145,0 млн.м3 жеткізіліп, осы көлемді аз мөлшерден көтере отырып 158,0 млн. м3 жеткізуге рұқсат етілді.



Көршілес Қырғызстанның су беруді азайтуы, аймақтағы Тасөткел және Теріс-Ащыбұлақ ірі су қоймалараның тартылуы және су каналдарының мүшкіл жағдайы кесірінен жыл сайын суармалы жердің 10-12 пайызы игерілмейді.Суармалы жерлердің тапшылығынан шаруа қожалықтары егіс алқаптарын шектеуге мәжбүр. 2012 жылы 171,2 мың га суармалы жердің 18,1 мың га пайдаланылмаған, 2011 жылы мұндай жерлер 16,3 мың га болған.

«Біздің облыстың топырағы құнарлы, алайда су тапшылығы салдарынан олар қараусыз қалуда. Бүгінде біз 600 мың тонна жеміс-жидектер мен көкөніс өндіреміз, осы көрсеткішті миллионға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалды, оны ендігі жылы жүзеге асыру көзделуде».
Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> Konferencia 2014
Konferencia 2014 -> Ислам дініндегі хиджаб кию рәсімі және оның ҚазақТЫҢ салт-дәСТҮріне қатынасы қазбекова А., Баярисов Р. У. «Қыз өссе, елдің көркі деген сөз­ді, қапысыз қалай айтқан қайран бабам!»
Konferencia 2014 -> Әкімшілік мәЖБҮрлеу шараларының орындалу ерекшеліктері сәрсенбек А., Қоңырбаев Н. А
Konferencia 2014 -> Өндірісті нарықТЫҚ экономика жағдайында дайындау модельдері және оларды жетілдіру шаралары бердалиев Ж., Ералы А., Тілегенов И. С
Konferencia 2014 -> Әож 82-93: 087. 5Ө-88 ШӘКӘрім шығармашылығының танылуы
Konferencia 2014 -> Әож 677. 31: 636. 36: 745/749 ЖҮннен жасалған көлемді ойыншықтарды өҢдеу ерекшеліктері
Konferencia 2014 -> ШыңҒыс хан ұрпақтарының еуропадағы билік қҰруы тоқтаған Н., Жумадилова А. А
Konferencia 2014 -> Әож 336. 02: 63 ХҚес-ке сәйкес қорлар есебі
Konferencia 2014 -> Әож 6: 615. 463: 504. ӨНдіріс қалдығы фосфогипстің туғызатын экологиялық проблемалары
Konferencia 2014 -> Қазақстанның ОҢТҮстік аймақтарындағы су қорларын болжау мырзаханова Қ., Омарова Г. Е., Сенников М. Н
Konferencia 2014 -> Әож 330. 101 Қазақстан республикасындағы жұмыссыздық МӘселелері


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет