Терроризм актілерінің жасалу қауіп-қатері кезінде халықтың әрекет ету қағидаттары



жүктеу 54.62 Kb.
Дата19.11.2018
өлшемі54.62 Kb.
түріСценарий

Терроризм актілерінің жасалу қауіп-қатері кезінде халықтың әрекет ету қағидаттары







Ықтимал жағдайлар (сценарий)

Іс-әрекеттер

1.


Жарылғыш қаупі бар затты тауып алу

Табылған заттың жарылғыш қаупі болуы мүмкіндігін куәландыратын белгілер:

1) белгісіз түйіншектің немесе қандайда бір заттың машинада, сатыда (баспалдақта), пәтерде және т.б. болуы;

 2) тартылған сым, бау, қорек көздері немесе машинаның астынан шығып тұрған оқшаулау лентасы;

3) бөтен сөмке, портфель, қорап, қандай да бір зат; машинада, пәтер есігінің алдында, кіре берісте табылған заттардың өзгеше жатуы;

4) табылған күдікті заттан шыққан шулар  (сағат механизмдеріне тән дыбыс,төмен жиілікті шулар).


Заттың сыртқы түрі оның нағыз мақсатын жасыруы мүмкін. Жарылғыш заттарға арналған камуфляж ретінде кәдімгі тұрмыстық заттар қолданылады: сөмкелер, пакеттер, түйіншектер, қораптар, ойыншықтар және т.б.

 

Егер күдікті зат табылса, бұл фактіні назардан тыс қалдырмау керек:

- көршілеріңізден сұраңыз, мүмкін табылған зат солардікі болар.  Егер иесі анықталмаса – шұғыл түрде табылған зат туралы ІІМ, ҰҚК органдарына хабарласыңыз.
Қатаң тыйым салынады:

- табылған затты қозғауға, ашуға және жылжытуға;

- оған жақын жерде мүмкіндігінше ұялы телефондарды, радио-және электроаппараттарын, пайдаланбаңыз.  


2.

Террористік актілерді жасау қауіп-қатерін телефон арқылы алу 

Хатшыға (диспетчерге, кезекшіге және с.с):

1) анонимнің талаптарын анықтап алу және қауіп-қатердің сипаттары туралы ақпарат алу, мұқият тыңдау және барлық талаптарды сөзбе-сөз жазып алу;

2) қандай да болмасын бір оңтайлы себеппен қоңырауды қайталауға  оның көзін жеткізуге тырысу;

3) сөйлесу кезінде сөйлесудің фонограммаға жазып алу мүмкіндіктерін қарастыру;

4) оқиға туралы құқық қорғау органдарына «112» телефоны арқылы хабарлау.


3.

 

 



 

 

 



 

 

 



Террористік актілерді жасау қауіп-қатерін  жазбаша түрде алу 

 


1) хатты (жазбаша хат, дискі және т.б.) сақтауға және құқық қорғау органдарына шұғыл жеткізуге шара қабылдау;

2) мүмкіндігінше хатты (жазбаша хат, дискі және т.б.) полиэтиленді пакетке салу;

3) құжатта өз саусақтарының ізін қалдырмауға тырысу;

4) бәрін сақтау: құжаттың өзін, конвертті, қаптаманы, кез-келген салымдарды. Ештеңені лақтырмау;

5) хатты (жазбаша хатты және т.б.) алу немесе тауып алу белгілерін есте сақтау.


4.

Террористік актілерді жасау қаупіне байланысты эвакуация туралы ақпарат алу

Егер эвакуацияның басталғандығы туралы ақпарат Сіздің үйіңізге жетсе :

1) ауа райына сай киініңіз, құжаттарыңызды, ақшаңызды, бағалы заттарыңызды алыңыз;

2) электр тоғын, газды, суды, пештегі (каминдегі) отты сөндіріңіз;

3) эвакуация кезінде қарт және ауыр науқасты адамдарға көмек көрсетіңіз;

5) ғимараттан алыстап, эвакуатордың бұйрығын орындаңыз, кетіп қалған тұрғын-жайға жауапты тұлғалардың рұқсатынан кейін ғана оралыңыз.


5.

Жарылғыш заттың жұмыс істеуі нәтижесінде жарылу аумағында немесе ғимарат конструкциясы сынықтарының астында болу

 

 



 

Егер Сіз жарылыс аумағындаақыл-есіңізде және қозғалысқа қабілетті болсаңыз, онда бірінші кезекте түтін мен от жоқ жерге баруыңыз немесе өрмелеуіңіз керек.

Егер Сіз жарылыс кезінде зардап шекпесеңіз, ал жаныңызда зардап шеккен адамдар болса, олардың жағдайын бағалаңыз: пульсі бар ма, адам ақыл-есінде ме. Нашатырь көмегімен оның есін жинатуға әрекет етуге тыйым салынады.  Есінен айырылу – бұл ағзаның сыртқы әсерге қорғаныс реакциясы. Егер зардап шеккеннің сүйектері бүтін болса (оның сүйектерін мұқият ұстап көріңіз), оны қырынан жатқызыңыз. Арқасынан жатқан күйінде ол құсық массасына қақалып, етбетінен жатқанда   – тұншығып қалуы мүмкін. Артериалдық қан кеткенде (қан ал қызыл, бұрқақтап аққанда) жараны ең болмаса саусақпен тез арада бітеу керек, содан кейін ременьмен, жіппен, белдікпен жарадан жоғары байлау керек.  


Егер Сіз ғимарат конструкциясы сынықтарының астында болсаңыз рухыңызды түсірмеңіз. Тынышталыңыз. Терең және бір қалыпты демалыңыз. Құтқарушылар Сізді құтқарады деп ойлаңыз. Дауыспен және тарсылмен адамдардың назарын аудартыңыз.  

Егер Сіз тереңде ғимарат сынықтарының астында болсаңыз, сізді эхопеленгатормен табу үшін кез-келген металл затын оңға-солға жылжыта беріңіз (сақина, кілттер және т.б.).

Егер Сіздің маңайыңыздағы кеңістік бостау болса, оталғышты (сіріңке, шақпақ немесе оттық ) жақпаңыз. Оттегін сақтаңыз.

Жаңа құлауды шақырмас үшін сырттан келетін ауаның қозғалысы бойынша байқап қозғалыңыз. Егер Сізде мүмкіндік болса, қол астындағы заттардың көмегімен (тақтайша, кірпіш және т.б.) төбені бекітіп, көмек күтіңіз. Қатты шөлдеген болсаңыз, аузыңызға тас салыңыз да оны мұрынмен демалып сорыңыз.  



6.

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Кепілгерлікке (тұтқынға) алу   

Егер Сіз кепілгер (тұтқында) болсаңыз:

1) ықтимал қатаң сынаққа жан-дүниеңізбен, моральды, эмоциялық жағынан дайындалыңыз. Сонымен қатар, көпшілік жағдайларда адамдарды кепілгерлікке алған кепілгерлер тірі қалған;

Құқық қорғау органдарының Сізді босату үшін кәсіби шаралар қабылдап жатқандығына сеніңіз;

2) егер қашудың сәтті болатындығына сенбесеңіз, қашуға әрекеттенбеңіз;

3) террористер туралы ақпаратты барынша көбірек есте сақтауға, түрлі белгілер бойынша өзіңізді ұстап (қамап) отырған жерді анықтауға  тырысыңыз;

4) мүмкіндігінше терезеден, есіктен және ұрлаушылардың өздерінен алысырақ орнығыңыз, яғни егер құқық қорғау органдары белсенді шаралар жасауға шешім қабылдаған жағдайда барынша қауіпсіз жерге (тұрғын жайды штурмдау, мергендердің қылмыскерлерді оқ астына алуы және т.б.);

5) ғимаратты штурмдаған жағдайда қолын артына салып, еденге бетімен жату керек.

 

Ұрлаушылармен өзара қарым-қатынас:

1) агрессиялық қарсылық көрсетпеңіз, жылдам және қауіпті қозғалыс жасамаңыз, террористерді ойланбаған қозғалысқа итермелемеңіз;

2) мүмкіндігінше ұрлаушылармен тіке көз түйістіруден аулақ болыңыз;

3) ең басынан бастап (әсіресе алғашқы жарты сағатта) ұрлаушылардың барлық бұйрықтар мен нұсқауларын орындаңыз;

4) өзіңізді сабырлы да салиқалы ұстаңыз. Қарсылық көрсетпеңіз, бірақ орынды қажеттілігіңізді сұраудан қорықпаңыз;



5) Қатты стрестік жағдайда сыр беруі мүмкін денсаулығыңызда ақаулық болған жағдайда,  бұл туралы сабырлы қалыпта ұрлаушыларға айтыңыз. Ақырындап, қалыптасқан жағдайды ескере отырып, жайлылығыңызды арттыратын өтініштеріңізді арттыруға болады.

  

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет