Қызылордада алаяқтық жасады деген күдікті ұсталды. Ол қазақстандықтарды 3 миллиард теңгеге алдады. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Фото: pixabay сайтынан

Бас прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлағандай, 30 қаңтарда Қызылордада азамат Р.К. Қаржауов ұсталды. Тергеу ер адамның 2021-2022 жылдары басқа адамдармен сөз байласып, азаматтарға жалған автокредит рәсімдегенін анықтады.

"Барлығы 235 адам зардап шекті, шығын 2,9 миллиард теңгені құрады. Тергеу барысында Қаржауов жасырынып, іздеу жарияланды. Қазіргі уақытта Қаржауов Қызылорда қаласының тергеу изоляторына қамалды", — деп хабарлады Бас прокуратура.

Айта кетейік, Қазақстанда аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Англияға жұмысқа бармақ болған бір топ азамат алаяқтарға алданып қалғанын жазған едік.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.