Төтенше жағдайлар департаменті Алматыда алдағы уақытта 70% ықтималдықпен жер сілкінісі болмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазіргі уақытта Қытай мен Қырғызстан шекарасында болған жер сілкінісінің афтершогы баяулап  жатыр. Сейсмологиялық байқаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығының мамандары осындай мәлімдеме жасады.

  • Алматыда қуатты жер сілкінісі болды: Қала тұрғындары үреймен көшеге шықты
  • Алматыдағы жер сілкінісі: Сейсмологтар 5 балл сезілгенін айтты

“Сейсмологиялық байқаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық ахуалды бағалау жөніндегі комиссиясының Кезектен тыс отырыстың қорытындысы бойынша, алдағы күндері Алматы болжау полигонының аумағында магнитудасы 5,6 ал қарқындылығы 7 балл және одан жоғары баллды құрайтын (MSK -64 – сейсмикалық шкаласы бойынша) күшті жер сілкіністері 70% ықтималдықпен болмайды", — делінген хабарламада. 

Бұған дейін Алматыда болған жер сілкінісінен 8 адам зардап шеккені туралы жазған едік. 
 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.