Тәуекелдермен басқару саласындағы тәсілдемелер мен принциптер



жүктеу 19.69 Kb.
Дата07.10.2017
өлшемі19.69 Kb.

Тәуекелдермен басқару саласындағы тәсілдемелер мен принциптер

Қоғамда тәуекелдермен басқарудың корпоративтік жүйесін енгізу қажетті инфрақұрылым және мәдениеттің дамуы мен орнығуын ұйғарады, сондай-ақ шығаны алдын-алу мен пайданы барынша көбейту мақсатында Қоғамның үдерістері немесе қызметтердің барлық бағыттарына тән бақылау және тәуекелдермен басқару, анализ және бағалау, идентификацияның логикалық және жүйелік әдістерін қолдануды қамтиды.

Қоғамда тәуекелдермен басқарудың корпоративтік жүйесінің қатысушыларының жауапкершілігін және қызметін анықтайтын, сондай-ақ қатысушылары нақты анықталған тәуекелдермен басқарудың корпоративтік жүйесінің ұйымдастырушылық құрылымы қалыптасқан және осы жүйе шегінде жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі тәуекелдермен басқару Саясаты бекітілді.

Теңестірілген тәуекелдерді жүйелендіру мүмкіндік береді:



  • тәуекелдердің бейінін салыстыруын жақсартуына мүмкіндік беретін жіктеудегі реттілік және тәуекелдерді бағалау сандығына жету (бизнес-үдерістер, құрылымдық бөлімшелер, жобалар және т.б.);

  • тәукелдерді бағалау сандығының аса күрделі құралдар мен технологияларын құру үшін платформаны ұсыну;

  • қоғамда тәуекелдерді келісілген бақылау және басқаруға мүмкіндік беру.

«Павлодар әуежайы» АҚ Қоғамның тәуекелдер регистрі Қоғам өзінің қызметінде қақтығысатын тәуекелдер тізімін көрсетеді, осыған қоса тәуекелді жүзеге асыру мүмкіндігінің түрлі сценарийлерін қосады. Әр тәуекел бойынша тәуекелдің жеке меншік иесі анықталады, былайша айтқанда өзінің қызметтік міндеттерінің күшіне осы тәуекелмен ісі бар бөлімшелер. Тәуекел регистрі жаңа тәукелдердің пайда болу шамасы бойынша үнемі Қоғамның құрылымдық бөлімшелерімен толықтырылады.

Тәуекел картасы басқа тәуекелдермен салыстырғанда әр тәуекелдің маңызын бағалау және оларды басқару бойынша шараларды құрудың сыни тәуекелдерін белгілеу үшін құрастырылды. Тәуекелдер картасы мен регистрі жыл сайын Қоғамның директорлар Кеңесімен бекітіледі.



Қоғам басқару тәуекелдер үдерісінің негізгі принциптері:

  • біртұтастылығы – тәуекелдермен басқарудың корпоративтік жүйесінің разрезінде Қоғамның тәуекел элементтерін қарастыру;

  • ашықтылығы - автономды немесе жекеленушілік ретінде тәуекелдермен басқарудың корпоративтік жүйесінің қарастыруына тыйым;

  • құрылымдылық – тәуекелдермен басқарудың кешенді жүйесінің нақты құрылымы бар;

  • ақпараттандырушылығы – тәуекелдермен басқару объективті, дұрыс және өзекті ақпаратпен сипатталады;

  • үздіксізділігі – тәуекелдермен басқару үдерісі үздіксіз түрде жүзеге асырылады;

  • циклділігі – тәуекелдермен басқару үдерісі оның негізгі компоненттерінің үздіксіз қайталанып отыратын циклді көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет