Тәуелсіздіктің құнын ұмытпайык



жүктеу 20.38 Kb.
Дата03.05.2019
өлшемі20.38 Kb.

Тәуелсіздіктің құнын ұмытпайык

Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркенниетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 20жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарыктың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезенде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көрген саясаткердің ерін еңбегін дәл бүгін және арқшанда айтып өтеміз. Тәуелсіздік күні еліміздінң барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандады, күтумен өтті. Еліміздің дербес мемлекет ретінде даму азаматтарымыздың саяси, әлументтік құқығын жан-жақты қамтамасыз еткенін ерекше атап өтуге тиіспіз. Тоталитарлық жүйедегідей бүгінде ешкімде көзқарасы немесе, позициясы үшін қуғын-сүргінге ұшырату жоқ. Қазіргі таңда еліміздің кез келген азаматы заңның аясында еркін қызмет ете алады. Сонымен қатар, өз ой-пікірін, ұсыныстарын білдіруге құқылы. Себебі, еліміздін конституциясы бойынша цензураға тыйым салынған, сөз бостандығына кепілдік берілген. Тәуелсіздігіміздің ең бір маңызды бөлігінің өзі осы деп білемін. Сөз бостандығы азаматтарға ерекше міндет пен жауапкершілік жүктеумен қатар заңмен үйлестірілген белгілі шектеулерді де алға тартады. Мұнын мәні өзгенің құқығын, атақ-абройын, бет-беделін құрметтеу, елдін қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, халықтың денсаулығы мен имандылық үрдістерін қорғауда жатыр. Сонымен қатар, оның жауапкершілік, ақиқат кәсіби этика, моральдық құндылықтар сынды ұғымдар аясында қарастырылатындығы белгілі.Азаматтардың әлументтік тегіне, ұлтына, діни сеніміне қарай кемсітуге, өзара жауластыруға немесе қайсы бірінің артықшылығын насихаттауға, үгітуге сөз бостандығы жол бермейді. Біздін баспасөзде ондай заңсыздықтар жоқ.Міне, елімізде жыл сайын 16 –шы желтоқсанда 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқан, тоталитарлық режимге қарсы тұрған демократия орнатушы күштердін күні ретінде аталып өтуде. Желтоқсан оқиғасы Кеңес одағының іргетасын шайқалтып, ерекше бір өзгеріске серпіндік жасады. Яғни қалғып қалың ұйқыға кетіп бара жатқан халықты оятқандай болды. Сол күндерде еліміздің бірқатар жоғарыоқу орындарының басшылар, оқытушылары, мен студенттер, жұмысшылар құрлысшылар әртүрлі қудалауға ұшырап, жазықсыз жала жабылды. Желтоқсандағы жастардың наразылығы-саяси көзқарас деп айтуға келмейді. Бірақ, Орталықтың басшыларына білдірген қарсылық және де тоталитаризімге қарсы үн қату болып табылады. Осы бір желтоқсанның ызғарлы желі талай халықтың санасы мен намысын оятты, қазақ халқы ғасырлар бойы күресіп келе жатқан тәуелсіздікке жол ашты деп айтуға болады. Уақыт деген зымырап өтіп барады. Желтоқсан оқтғасына қатысқандар үшін бұл күн әлі олардың есінде, күні кеше ғана болған оқиға. Осы қуанышты күнге жету үшін талай қйындыктарды бастан кешірдік. Ата-бабамыз армандап кеткен тәуелсіздігіміздің құнын ұмытпайық. Тәуелсіздік жолында құрбан болған бабаларымен қыршын жастар рухы әрдайым қолдап жүрсін демекпін.
Каталог: uploads -> doc -> 045a
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
045a -> Сабақ тақырыбы: Жануарлардың негізгі жүйелік топтары: Дүние, Дүние тармағы, Тип, Класс, Отряд, Тұқымдас, Туыс, түр, популяция. Жануарларды жіктеудің маңызы. Сабақтың мақсаты: Білімділігі
045a -> Старозаимствованная русская лексика в чувашском языке


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет