Тәуіп ауылдық округі әкімі К. Тілеужановтың «Тәуіп ауылдық округінің 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы» есепті баяндамасы



жүктеу 50.53 Kb.
Дата18.01.2018
өлшемі50.53 Kb.

Тәуіп ауылдық округі әкімі К.Тілеужановтың

«Тәуіп ауылдық округінің 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы» есепті баяндамасы
Тәуіп ауылдық округі Ақтөбе облысы,Ырғыз ауданының оңтүстік шығыс бөлігінде орналасқан.Тәуіп селолық кеңесі болып 1960 жылы ашылды,1991 жылдан Тәуіп ауылдық округі болып құрылды. Ауылдық округтің орталығы-Құйлыс ауылы, аудан орталығынан 90 ,облыс орталығынан 540 км.қашықтықта жатыр.

Округ аумағында «Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты» орналасқан.Ауылдық округтің жалпы жер көлемі- 349000 гектар.

Тәуіп ауылдық округі бойынша Құйлыс ауылында 120 аулада 800 адам тұрады. Жыл ішінде округ бойынша 15 бала туылып, 7 адам қайтыс болды.

Жыл басынан бері жеке және заңды тұлғалардан 19 өтініш қабылданып,тиісті жауаптары уақытында қайтарылды.

2016 жылы атқарылған жұмыстар Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын тапсырмаларды іске асыру барысында алынған мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды іске асыруға бағытталған.

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 11 шаруашылық құрылымы, 9 шаруа қожалығы 2 ЖШС жұмыс жасайды.Ауылдық округтің негізгі өндірісі-мал шаруашылығы.Меншіктің барлық түрлері бойынша 2435 бас мүйізді ірі қара, 10188 бас қой-ешкі, 499 бас жылқы, 203 бас түйе бар. Жыл ішінде 5571 цн. ет,7680 цн сүт өнімдері өндірілді.

Аумақта мал санының өсуі үнемі қадағаланып отырады. Жыл ішінде «Ақсақал-Тәуіп» ЖШС «Сыбаға» бағдарламасы 15 жарым млн. теңге несие алып 80 аналық сиыр, 3 бас асыл тұқымды бұқа сатып алып, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша «Қазбек» шаруа қожалығы 8 млн. теңге несие алып 280 бас қой,23 бас асыл тұқымды қошқар алып шаруашылықтарындағы мал басын ұлғайтты. «Құлан» бағдарламасы бойынша «Аманбек» шаруа қожалығы «Ырғыз» кредиттік серіктестігіне құжаттарын дайындап тапсырды.

Бөдене өсіру шаруашылығы бойынша «Қазбек» шаруа қожалығы бөдене өсіруде. Қысқы мал азығы жеткілікті көлемде дайындалды.

Ауыл шаруашылығын дамытуға байланысты көрсетіліп жатқан жеңілдіктер мен қолдауларды түсіндіріп ауыл тұрғындарын шаруашылықпен айналысуға тарту үшін ,ауыл шаруашылығы бағдарламалары туралы,ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту пилоттық жобасы негізінде отбасылық шаруашылық түрлерін дамыту мақсатында несие алу жолдары,қажетті құжаттар,жобалар жөнінде және ауыл шаруашылық кооперативтерін құру туралы халықпен кездесу жиналыстарының барлығында айтылып түсінік жұмыстары жүргізілді.

Суармалы егістік жерлерге картоп, көкөністер мен бақша өнімдерін егу жөніндегі берілген тапсырмаға сәйкес Тәуіп ауылдық округі бойынша шаруашылық құрылымдарынан «Қожакөл»шаруа қожалығы және жекелердің еккен егістік көлемі 22 гектарды құрады. Оның ішінде 16 гектар жерге картоп,3 гектарына көкөніс,3 гектар жерге бақша дақылдары салынып алынған өнім халыққа арзан бағамен сатылды.

Шағын кәсіпкерлік саласы бойынша 12 жеке кәсіпкер тіркеліп жұмыс жасап тұр.Олар халыққа жолаушы тасымалы қызметі,монша қызметі, сауда қызметін жасап тұрғындарға қажетті азық түлік, киім ,тұрмыстық, шаруашылық заттармен қамтамасыз етуде. Тамақ өнімдерінің негізгі түрлеріне бағалардың өсуіне жол бермеу мақсатында бағаларға бақылау жүргізіліп сауда нүктелеріндегі азық түлік бағасы тұрақты түрде ұсталынып келеді.

Жұмыспен қамту. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы негізінде 1 адам 2 млн теңге несие алып шағын бордақылау алаңын ашып жұмыс жасауда.«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының бірінші бағытына сәйкес елді мекендерді көркейту және абаттандыру мақсатта бөлінген қаражатқа ауылдық округтің Құйлыс ауылындағы бұрынғы мектеп ғимараты жөндеуден өткізілді. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы шеңберінде жастарды қоғамдық жұмыстарға тарту бойынша 8 жұмыссыз жас қоғамдық жұмысқа тартылды. «Жұмыспен қамту- 2020 жол картасы» бағдарламасының 3-ші бағытына сәйкес шаруашылық құрылымдарына 3 адам жұмысқа орналасты.

Табысы азық-түлік себетінің бағасынан аспайтын 18 жасқа дейінгі балалары бар 6отбасыға жәрдемақы тағайындалып төленіп келеді.



Коммуналдық қызмет.Округ бойынша барлық әлеуметтік нысандар қысқы от жағу маусымына қатты және сұйық отынмен толықтай қамтамасыз етілді.Жеке тұрғындарға қажетті қатты отынмен қамтамасыз ету үшін кәсіпкерлер арқылы көмір тасылынып сатылуда. Ауыз су тұрғындарға үздіксіз беріліп тұр.

Әлеуметтік сала.Округ бойынша әлеуметтік нысандардан 1 орта мектеп, 1 балабақша,1 дәрігерлік амбулатория, клуб,кітапхана жұмыс жасайды. Әлеуметтік салада округтегі ең ауқымды мекемелер мектеп пен балабақша. Құйлыс орта мектебінде 140 оқушы бар.Биылғы мектеп түлектерінің білім деңгейі ҰБТ қорытындысы бойынша сапа көрсеткіші 98 пайызды құрады. 4 оқушы грант иегері болды. «Балбөбек» балабақшасында 50 бала тәрбиеленеді.Балабақшаның жылу жүйесі «Туған жерге тағзым» акциясы аясында ата-аналардың және ауылдың кәсіпкерлерінің демеушілігімен тоқпен жылытатын жүйеге ауыстырылды.

Пошта,байланыс жұмысы халыққа қалыпты қызмет көрсетуде. Мерзімді баспасөзге жазылу жұмыстары қарқынды жүргізіліп,баспасөз уақытында жеткізіліп тұрады. Тұрғындардың барлығы телефон байланысымен қамтылған. Ауылдағы барлық отбасы сандық «Отау» телетартқышын пайдаланып отыр. Электр жарығының берілуі тұрақты.

Аптаның барлық жұмыс күндері аудан орталығына жүйелі түрде көлік қатынап жолаушы тасымалын қамтамасыз етіп тұр.

Абаттандыру мен көгалдандыру. Санитарлық тазарту және абаттандыру бойынша екі айлық барысында ауылдық округ аумағында өткізілетін сенбіліктерге барлық мекеме атсалысты. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы арқылы 2014 жылы 1көше,2015 жылы 3 көше ,осы жыл ішінде Құйлыс ауылының 2 көшесіне жарық орнатылып ауылдағы барлық көше жарықтандырылып болды. Ауылдық округ бойынша көктемгі көркейту, көгалдандыру жұмыстары барысында 208 түп, күзгі көгалдандыру жұмыстары барысында 120 түп әр түрлі ағаш көшеттері отырғызылды.

«Туған жерге тағзым» акциясы жобасын іске асыру мақсатында осы жылдың 13 наурыз күні Ақтөбе қаласындағы Тәуіптік жерлестердің басқосуы ұйымдастырылды. «Энергетик» туристік базасында басқосуға байланысты мерекелік ,спорттық шаралар ұйымдастырылып қонақтарға дастархан жайылды.Осы шарадан акцияға түскен қаржы арнайы құрылған комиссия арқылы банкке салынды.Ол қаржыны алдағы аудандық жастар спартакиадасының біздің округте өтілуіне байланысты осы шараға жұмсау көзделіп отыр.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған белгілер қою туралы тапсырмаға сәйкес Тәуіп ауылдық округінде Құйлыс орта мектебінің алдына «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл» атты ескерткіш белгі орнатылды. Бұл жұмысты «Туған жерге тағзым» акциясы аясында 1990-1991 жылы туылған ауылдағы тәуелсіздік құрдастары өз қаржыларына жасап берді



Діни ахуал.Тәуіп ауылдық округі бойынша аймақтың діни ахуалы тұрақты жағдайда және үнемі бақылауда. Бұрмаланған діни көзқарастардың қалыптасуы мүмкін жағдайлар осы уақытқа дейін кездескен жоқ.

Тәуіп ауылдық округі бойынша діни ахуалдың тұрақтылығын қалыптастыруда Ырғыз ауданында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының тиісті деңгейде орындалуы бақылауға алынып жыл бойы жұмыстар жүргізіліп келеді.



Қоғамдық тәртіп.Азаматтардың қауіпсіздігін,қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуде 1 учаскелік полиция инспекторы жұмыс жасайды. Округ бойынша қоғамдық саяси ахуал тұрақты.

Алдағы уақытта да ауылдық округтегі саяси,әлеуметтік-экономикалық жағдайды қалыпты ұстау үшін жасалатын жұмыстар жалғасын табады деп сенім білдіремін.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет