Тікелей эфирдегі сұхбат: тақырып пен проблема Жоспар: Кіріспе



жүктеу 0.51 Mb.
бет1/2
Дата27.04.2019
өлшемі0.51 Mb.
  1   2




Тікелей эфирдегі сұхбат: тақырып пен проблема

Жоспар:



  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім:

1- тарау. Тележурналистиканың қоғамда алатын орын және ақпараттық жанр.
2 –тарау. Телевидениедегі сұхбат жанры және тікелей эфир.
3- тарау. Тікелей эфирдегі сұхбат жүргізудің өзіндік әдіс-тәсілдері және көтерілетін проблемалар (31-ші телеарнадағы «Тұжырым» және «Хабар» телеарнасындағы «Бетпе–бет» бағдарламаларының негізінде)
Қорытынды
Сілтемелер
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымшалар

Кіріспе


Журналист қай кезеңде де қоғамды толғантып, көпшілікті ойландырып отырған мәселелерге үн қосады және оларды шешудің оңтайлы жолдарын іздестіреді. Әңгіменің өн бойындағы ойлар мен пікірлерді ұлттық мүддеге негіздеп, елдің ертеңіне қызмет жасауға икемдейді. Жүректерді мазалаған жалынды ойлар көкіректі жарып шығып, мейлі ол президент не премьер болсын, сол биік дәреже иелеріне құлаққағыс болып және журналистің сөз майданындағы айқасына алып келеді.

Тақырыбымның өзектілігі сол қазіргі кезде, тіпті бұрын да көгілдір экранда, радиода, баспасөзде де ең көп тараған жанр– сұхбаттың әлі күнге дейін өз ерекшелігімен көрермендерін таң қалдырып, өзектілігін жоймай, замана талаптарына сай өзгеріп жаңа қырымен танылуында. Біріншіден әрі жанр, әрі ақпарат алу әдісі ретінде дуалистік сипат алған бұл жанр өз еңбек жолын теледидардан бастаған жас мамандар таңдайтын бірден-бір жетекші жанр болып отыр. Себебі өзге жанрлардың да құрамында кездесетін сұхбат ең оңай болып көрінеді. Мен айтар едім сұхбат– жүргізушіден табиғи талантты талап ететін өнер жанры. Сұхбатты терең зерттеп, оның қыр-сырына үңіле берсек, оның сыры көп сыршыл жанр екенін аңғарамыз. Уақыт талабына сай сұхбатқа қойылатын талап пен талғам да өсуде.

Бүгінгі ақпарат ғасырында көрермен талғамы зор. Көңіліне жақпаған, көкейіндегіні тамыршыдай дөп басып, талғамына сай болмаған хабарды көрмейді, себебі қазір олардың алдында таңдау бар. Ендеше эфирде, әсіресе, тікелей эфирде сұхбат жүргізу қиынның қиыны. Неге сұхбат жүргізу–өнер деймін? Себебі сұхбат жүргізушіден тек қана кәсіби біліктілікті ғана емес, сонымен қатар табиғи талантты да талап етеді. Сұхбат жүргізетін журналистің бойында суырып салмалық өнері болуы шарт. Студиядағы қонақтың журналистке деген сенімділігі– ең маңызды нәрсе. Журналист осы биікке шығу үшін өзінің бар таланты мен дарынын, білімі мен парасат- пайымын қатар әрекетке қосады. Бұл жерде автор шеберлігі деген нәрсе шығады. Оның бір қыры– сұхбат кезінде өзіңді көрерменнің орнына қоя отырып, олардың қандай жайларды білгісі келетіндігін үнемі назарда ұстау. Экран алдындағы адамдардың көңіл-күйімен ойнауға да, оларды жасанды әрекеттермен алдауға да болмайды.

Теледидарда көп жылдар істеп төселген, өзіне сенімді жүргізушілер көпшілігінде, тікелей эфирге не кейіпкерімен еркін, батыл, әрі нақтылы сұрақтар төңірегінде ой бөліскенді қалап тұрады.

Мен осы жұмысымды жазу барысында эфирдің қатаң заңдылығын ескере отырып, тікелей эфирде сұхбат жүргізудің әдіс-тәсілдерін үйрендім, үйреніп қана қоймай, оның кемшін тұстарын да байқап, өз тарапымнан ұсыныстар да жасадым. Қарап отырсақ тікелей эфирде сұхбат жүргізу–қиын да қажырлы еңбекті қажет ететін процесс. Эфирде соншалық шапшаңдықпен жұмыс істеп, шешім қабылдау үшін қаншама білім мен біліктілік, интелектуалдық ауқымдылық керек.

Тікелей эфирдегі сұхбат– шындықтың қазаны деймін. Тынымсыз әрі сан реңке толы, қайнаған өмірді өзінің бар шындығымен, сол қалпында көрсету де туындыны өмірге әкелетін топтан білгірлік пен білімпаздықты қажет етеді. Кино өнерінің аса көрнекті қайраткері Михаил Ромм: «Тікелей интервью жүргізу, өмірді тікелей барлау– міне бұл документальды телевидениенің документальды кинодан артықшылығы. Бірақ интервью бізде алдын-ала дайындықтар барысында жүргізіледі. Ал осыған қарама-қарсы дайындықсыз интервью бәрінен де көрнекті, шынайы шығатыны белгілі. Осы сияқты адам еш ескертусіз сөйлер кезде де әуелі ойланады, есіне түсіреді, содан кейін барып айтар ойын тауып алады, немесе таба алмай қиналады– міне телевидениеге тән табиғат осы». Осыдан-ақ тікелей эфирдегі сұхбаттың шынайы дүние екендігін ұғамыз. Эфирде «айтылған сөз– атылған оқ» дегенді есте ұстаған жөн.

Жүрек түкпірінен бұлқына шыққан шынайы ойлардың, табиғи, әсірелеусіз күйінде көрермендерге берер әсері мол. Көрікті ой бар асылымен қопарыла көтеріліп, мөлдір, таза күйінде ұсынылса ғана жасандылық пен жаттандылықтан аулақ болады. Боямасыз шынайылық қана өмірді сол қалпында көрсетеді.

Менің жұмысым сұхбат жанрының қыр-сырына талдау жасай отырып, тақырып таңдау мен проблема көтеру мәселелерін қамти отырып, сол сұхбаттың сәтті шығуын өз қолына ұстаған жүргізуші рөліне де тоқталып, сұхбаттың эфирдегі шынайы өнер екенін дәлелдеуді мақсат етеді.

Сұхбат бұрынғыдай емес, қазір оның бет пердесі өзгерді. Жүргізуші көрермен талғамына сай оны басқаша жүргізетін болды.

Өнердегі жаңалық– дәстүрдің пішіні мен мазмұны жағынан қалайда жетіле беруі. Ал теледидар өнеріндегі жаңалық нышаны алдымен әр жанрдың ғасырлар тезінен өткен конондарын технологиялық деңгейіне орай қайта түлетіп, түрлендіру болса керек /1/.
Жұмыстың мақсаты: Бірінші, тікелей эфирде жүргізілетін сұхбаттың сырына терең үңіліп, теориялық және тәжірибелік талдау жасау. Екінші, сұхбат жүргізудің өзіндік әдіс-тәсілдерін зерттей отырып, көтерілетін проблемаларды тақырыбына қарай жіктеу. Үшіншіден, ең оңай деп есептелетін сұхбат жанрының да өзіндік қиындығы бар екенін көрсету және оның кәсіби шеберлікті талап ететін қиын да күрделі жанр екенін теориялық тұрғыдан негіздеу.

Тақырыптың зерттелу деңгейі: Осы күнге дейінгі телевизиялық жанрлар туралы жазылған еңбектерді қарастырып, солардан өзіндік қорытынды шығару. Зерттеу барысында 31-ші телеарнада жүріп, тікелей эфирде өтетін «Тұжырым» бағдарламасын эфирге дайындадым. Студия қонақтарын шақырып, сұрақтар дайындадым. Тек теория жүзінде ғана емес, тәжірибе жүзінде де сұхбаттың сырына қанықтым деп ойлаймын.

Деректік негізі: Жанрлар туралы жазылған еңбектер, «Хабар» арнасындағы «Бетпе–бет» бағдарламасы мен 31-ші телеарнадағы, «Тұжырым» бағдарламасының бейнетаспаға түсірілген нұсқалары және сценарийлер, мерзімді баспасөз материалдары.

Тележурналистиканың қоғамда алатын орны және ақпараттық жанр

Бүгінде қоғамдық маңызы зор тележурналистика ғылымы көп аспектілі салада зерттеу мәселесі күн тәртібіне өткір қойылып отыр. Ақпарат ғасырында БАҚ саласының жаңа бағыттары қалыптасуда.. Сондықтан қазақ тележурналистикасының сан алуан функциясын, қоғамдағы рөлін, теориясы мен тәжірибесін, тележүргізушы мен кейіпкердің сөйлеу кезіндегі стиль мәселесін қайта түлетудің, экрандағы көркемдеп бейнелеуші құралдарды толықтырып, бейнелерді түрлендіріп көрсетуін телеэкран проблемаларымен бірлікте айқындау қажеттілігі туындап отыр.

Ғаламның тыныс-тіршілігін бір сәтте үйдегі көгілдір экран арқылы тамашалап, таным көкжиегін кеңейтіп, біліп, қанығу– адамзат қоғамының мәдени сапалық деңгейі өскенінің көрсеткіші. «Қаламының ұшында, көңілінің түкпірінде бүгінгі заманның болмыс-бітімі тұлғаланатын журналистер қауымының уақыт алдындағы парызы мен қарызы өсе түсуде. Жедел де шыншыл,әділ де өткір хабарларды кәсіпқой шеберлікпен, азаматтық парасатпен бере білетін ақпарат құралдары өкілдері дәуірдің тұтас тұлғасын сомдауға үлес қосады »/2/,– деп атап көрсетті елбасы Н.Назарбаев.

Қазақ телевизиясының алғашқы кезеңі жайлы С. Масғұтов: «1958 жылы телевизия Қазақстанда пайда болды. Республика астанасы тұрғындары сегізінші мартта тұңғыш рет өз экрандарында Қазақ телевизиясының алғашқы дикторлары З. Жұматова мен Н. Омараованың дидарын көрді. Олар көпшілікті Алматыда телевизия хабарларының басталуымен, ал әйелдер қауымын мерекелерімен құттықтап, жылы лебіз білдірді. Содан соң «Үкімет мүшесі» атты көркем фильм көрсетілді » /3/,– дейді. Сөйтіп қазақ топырағында «көгілдір экран» деген атпен өнердің жаңа түрі «теледидар» өмірге келді. Содан басталған телевизия ауқымы кеңейіп, ұлан байтақ кеңістікті әуе толқынында шарлап, жылдам дами бастады. Тарихтың ұлы көшіне қосылған қазақ телевизиясының өткен өмір жолы, ізденулер мен тәжірибелерге сүйене отырып, тамаша, алғыр тұлғалардың ақыл-ойынан нәр алып, миллиондаған аудиторияға бет алды. Міне сөйтіп, бірте-бірте теле хабарлар жасала бастады. Қазақ телехабарларының қалыптасу кезінде, оның денін тележурнал, плакат, очерк, репортаж, әңгіме, хабар т.б. алуан үлгідегі жанрлар мен пішіндер құрады. Алғашқы телебағдарламаларын тәжірибе түріндегі– кинофильм, театр және эстрада шығармалары түзді. Телевизияның қарқынды өсуі мен телехабарлар көлемінің ұлғаюы теледидарға қабілетті талантты, ортақ іске шексіз берілген, өз тағдырын эфирмен байланыстырған тамаша адамдардың көптеп келуіне жол ашты. Олар- редакторлар мен режисерлар, техниктер мен операторлар, инженерлер мен дыбыс операторлары, дикторлар мен суретшілер секілді қиын әрі қызықты мамандық иелері еді. Сөйтіп енді журналистикаға мамандар даярлана бастады. Тележурналистика пайда болды.

Телевизия арқылы адамдардың бір-бірімен қатынас саласында болған бетбұрыс, көпшілік аудиториясына хабарлардың дыбыстық көріністік бейнелер түрінде ену мүмкіндігіне қол жеткізді. Теледидар аудиторияға адамның қоғаммен байланыс жасауының ұстанымдық соны үлгісін берді. Сондықтан оның идеологиялық, әлеуметтік, мәдени мән-маңызы БАҚ-тың басқа түрлерінен өзгеше. Миллиондаған аудиторияны «қағазсыз газеттер мен қашықтықтарды» кинематография көрушілігімен бір сәтте қабылдауына қосу мүмкіндігін өз бойына біріктірумен теледидар қоғамға ықпал жасаудың мол күшіне айналды.

Тележурналистиканың пайда болу үрдісі баспасөз бен радио жанрларында, алдымен репортаж және сұхбат, түсініктеме журнал, шолу, жаңалықтар және т.б. түрінде баспасөз бен радиохабарларда игерілген түсініктеме, корреспонденция, очерк жанрларындағы ақпараттық- публицистикалық және көркем-публицистикалық шығармаларды телевизияның ерекше құралдары арқылы жасаумен көрініс тапты. Кейін келе әрине қоғам талабына сай тележурналистикасының да бағыт-бағдары өзгерді.

Қазақ тележурналистикасының ізденістерін тілге тиек ету– өзекті мәселе. Өйткені, қоғамдық өзгерістер тұсында журналистикада жаңа таным, соны көзқарастар пайда болды. Ескі мәнерде жазу не хабар ұйымдастыру нышандары мүлдем өзгеше сипатта жүзеге асырылуда. Сондықтан жаңаша жазу мен жаңаша ізденудің қажет екенін өмірдің өзі алға тартып отыр. Қазіргі кезде құрғақ ақпараттың заманы өткен. Ендігі мәселе журналист материал жазғанда зерделі талдауларға барып, өзіндік ой-түйіндері болмаса, еңбегі бағаланбайды, құны төмендейді.

Қазақ теледидары қай деңгейде? Көкірегі ояу, көзі ашық көрерменнің әрбірін мазалайтын орынды сұрақ. Жүрдек уақыттың уысынан шыға алмаған, алға ұмтылған өнер түрлерінің ішінде көгілдір экранның қоғамдағы орны тым бөлек. Ол араласпайтын іс, ол бармайтын орта жоқ десе де болады. Біздің күнделікті өміріміздің бір бөлшегіне айналған синкретті өнер таңның атысынан күннің батысына дейін төріңе шығып алып, сенің сырласың мен ақылшыңа айналуда. Зияндығы да шаш етектен. Француз сыншысы Андре Дилижан жазғандай, «ол өмірге ентелей кіріп, әлемді түгелдей дерлік жаулап алды» /4/.

Қазіргі заманғы тележурналистикада әлеуметке ықпал ететін, көрермендерге бағыт-бағдар сілтейтін мүмкіндіктер молынан ұшырасады. Теледидар бағдарламаларындағы ықшамдылық, өткірлік, айқындылық, маңыздылық– тележурналистикаға қойылар басты шарттар. «Қарапайым хабардың» өзі телепублицистикалық үнмен естіледі, оқиғалық ақпарат қоғамдық пікірді қалыптастырады, информациялық заметка да публицистикада басқаша көрініспен танылады»/5 /,– дейді Е. Прохоров.

«Жалпы тележурналистикада жаңалық табу-оқиға. Ойға қызмет ететін форманың бәрі жаңалық болуға тиісті және ол жеңіл қабылдануға бағытталса тіпті ұтымды болар еді» /6/.

Тележурналистика–ақпарат көзі. Ақпаратсыз ең мықты саясаткер, ең күшті мемлекет, ең мықты халық ешкімге айналады. Барлығын да белгілі бір оқиға ақпарат береді. Журналистік ақпаратсыз барлығы да ешкім емес, нөлге тең, ештеңеге қажетсіззат сияқты болып қалады.

«Телевизиялық жұқпалы дерт жалпақ әлемді тегіс жайлап алды. Оның қарқынды шабуылын қай ел болсын құттықтап қарсы алып жатыр»,– деп жазды француз сыншысы Андре Дилижан. Біз немен айналысып, нені қызықтасақ та, қаншалықты қажыр-қайрат жинап, қаншама күдікпен қарап, қанша бұлқан-талқан болсақ та бұлжытпас фактіден бұлтара алмаймыз, біз телевизия дәуіріне аяқ бастық.

БАҚ-тың басты парқы бұқара санасына ықпал ету, оларға кезең міндеттерін жан-жақты түсіндіру, жас ұрпақты тәрбиелеу т.б. сан-саладағы көкейкесті міндеттерді көрермен бойларына сіңіру болуға тиісті. Бұл арада экономикалық реформаларды тереңдетудің маңызы да өзгелерден кем емес екендігі айқын. Қазақстанның демократиялық ақпарат айдынын қалыптастыру үрдісі біріншіден, нарық телехабарлардың бет-бағдарын ғана емес, тіпті олардың өмір сүру-сүрмеуін де айқындайтынын көрсетті. Екіншіден уақыт теледидардан оқиғаларды шыншыл көрсетуге деген әлеуметтік нарықтық көзқарастарды қалыптастырды. Үшіншіден журналистік шеберлік мектебінің өзі елеулі қиындықтарға тап болды. Қазіргі кезеңде, көрермендер теледидардан ресми және ақпараттық талдау материалдарының мол әрі шыншыл берілуін күтеді.

Иә, біреулер теледидарды идеологиялық құрал дейді. Тележурналистиканы соған бағыттайды. «Әдебиет пен өнерді, теледидарды идеология деп түсіну–біржақтылық. Теледидар–әсемдік әлемі. Олардың табиғи қасиеті– адам сезіміне әсер ету. Нарықтық қоғамда теледидар таза идеологиялық қызмет атқара алмайды» /7/.

«Тележурналистика мемлекеттік идеологияның жалау насихатшысы ғана емес, оның елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани саласының кем-кемшін тұстарын түзетуге көмек жасайтын бұқаралық сипаты да басым» /8/ .

Иә, тележурналистиканың қоғамда алатын орнына әркім әрқалай баға беруде. Қалай дегенде де телевизия көрермен сұранысын қанағаттандыруы тиіс. Өйткені қоғамдағы әр топ пен әр қауымның әлеуметтік мәртебесі ғана емес, сонымен бірге эстетикалық талғамы мен мәдени сұранысы да, өнерге деген көзқарасы да әр басқа. Тәуелсіздіктің бұғанасын бекіту, елдікті нығайтуға атсалысу–тележурналистиканың тікелей міндеті. Биліктің талабы мен халықтың тілегі бір арнадан тоғысқан кезде, мемлекет мүддесі мен көрермен мүддесі де жақындаса түсіп отыр.

Елбасы Н.Назарбаев демократиялық қоғамға шынайы ақпараттың керек екенін айта келіп: «Біріншіден, азаматтардың нақты өмірдің, сондай-ақ көпірме сөздің қайда екенін, екіншіден, ақиқаттың және қарақан бастың қамы үшін бұрмалаушылықтың қайда екенін, үшіншіден іскерлік, парасат сондай-ақ пысықайлық қайда екенін, төртіншіден халыққа қызмет етудің, сонымен бірге билік үшін лас әрекеттің қайда екенін білуге мүмкіндік береді. Халыққа осынау мәселелерді ақиқат түсінуге көмектесіңіздер » /9/, –деді. Міне осыдан- ақ тележурналистиканың қоғамдағы рөлін айқын аңғаруға болады.

Телевизия–адамзаттың тарихи-қоғамдық тәжірибесін кеңінен тарататын аса пәрменді насихат құралы, өнер мен әдебиеттің небір үздік үлгілерін қалың көпшіліктің игілігіне айналдыратын қажетін асыратын дәнекер, ғылым-білімнің қайнар бұлағы. Телевизия арқылы асқар биік шыңдардың, ақ қар, көк мұзын, Ай мен алыс планеталардың бедер бейнесін, микроорганизмдердің тіршілік тынысын бәрін-бәрін көруге болады. Көгілдір экранның сиқырлы сыры осындай. Телевизияның бар болмысының өзі–өмір айнасы /10/, –деген С.Масғұтов ағамыз.

Тележурналистиканың міндеті оқиғаны тіркеу емес, ол жетістік пен кемшіліктің сырын ашу, соған азаматтық көзбен қарап, қоғамдық пікір ұйымдастыру.

Қазақ теледидарындағы демократиялық өзгерістердің басталуына Ресей телехабарларының әрі Қазақстан журналистерінің телепублицистикалық өткір материалдары әсер етті. Олардың арқасында «Парыз бен қарыз», «Біз», «Бетбұрыс», «Ашық әңгіме», «Пікркталас трибунасы» бағдарламалары өзінің өткірлігі әрі батылдығымен ерекше серпіліс туғызды. С. Әшімбаев жайлы әріптестері, ол «Қоғам жарасының аузын ашты және солай етіп адамдарды ойлануға итермеледі»,– деді.

Тележурналистиканың пайдасы мол. Ал қазіргі кезде оның зияны да айтылмай жатқан жоқ. 31-ші телеарнаның жаңалықтар редакторы С.Әбікенұлының: «Бүгінгі тележурналистика көрерменді ойландырудан аулақ кетті. Бізде ой тастайтын, ойға жетелейтін хабарлар жоқтың қасы. Бұл– жақсы емес»– деген сөзінің жаны бар. Шыныда да бүгінгі күні ақпарат толассыз құйылып жатқан заманда, кітап қарауға мұршасы жоқ, көгілдір экран алдына кешкі уақытта ғана отыратын жұмысбасты әлеумет тек әзіл-қалжыңы аралас ойын-сауық, көңіл көтерушілік бағдарламалар көрумен ғана сусындап келеді. Ал телевизия алдымен тәрбие құралы болу керек емес пе? Бір ғана «Қазақстан» ұлттық арнасындағы «Тойбастар » бағдарламасын алайық. Бір қарасаң, атауы әп-әдемі қазақтың сөзі, алайда бағдарламаның жарты пайызы орыс тілінде жүреді. Бағдарлама жүргізушілері Н. Абдуллин мен Н. Қоянбаев өздерінше көрерменді күлдіреміз деп, кейде сорақы сөздерге дейін айтып жатады. Ән айтатын ФМ, сияқты жартылай жалаңаштанған қыздар тобы «Тойбастарды» топалаңға айналдырып жібере жаздайды. Бүгінгі қазақ жастарының бейнесі осылар ма? Бұдан біз не ұтамыз, неден ұтыламыз деген нәрсе өзінен өзі шығып тұр. Ендеше тележурналистиканың қоғамға берер пайдасын ауызға ала отырып, оның кемшін тұстарын да ашық көрсетіп, неден сақтануымыз керектігін де ескерген абзал.

Шындығында қоғамның бүгінгі бет алған бағытын айқындап, оған нақтылы жауап беріп жатқан хабарлар топтамасы теледидарда жоқтың қасы. Ондай хабарлар жасау үшін журналистерге өмір ағымының мәні мен маңызын терең де нақтылы білу керек. Саяси сауаттылық пен пайымды топшылаулар, тиянақты талдаулар да қоса жүруі шарт. Тележурналистердің саясат сахнасына көп шыға бермейтіні де өтпелі кезеңнің құбылмалылығы болса, оған қоса саясат аренасындағы білімнің аздығы. Бүгінде уақыт кезеңіне , заман талабына орай жүргізушіге ақыл-ойға, көрермендер көңіл күйіне бағытталған таза биік шыншылдық қажет болып отыр.

Еліміздің ақпарат әлемі бүгінгі таңда өзінің көрермендерін бағдарламаларының тартымдылығы, сан алуандығы, шеберлігімен тәнті етуде. Тәуелсіз телеарналар мен мемлекеттік арналар арасындағы ақпарат кеңістігіндегі бәсекелестік үлкен додаға жақындай түсуде. Теледидардан көрсетілетін дүниелердің әрқайсысының өзіне тән заңдылықтары мен өз тәсілдері бар. Себебі әрбір дүние жеке жанрды құрайды.

Жанр– тарихи категория. Ол әр дәуірде түрлі өзгерістерге ұшырап отырады. Жанрды анықтағанда зерттеушілер, әдетте, оның құрылымының белгілі бір дәрежеде тұрақты екенін атап көрсетеді. Зерттеушілердің пікіріне сүйене отырып, біз де жанрға – өмір шындығын нақты бейнелеудің тұрақты құрылымдық белгілер жүйесі бар, тарихи бейнеленген түр деген анықтама береміз.

Тележурналистика жанрлары үш топқа бөлінеді: 1) ақпараттық жанрлар; 2) талдамалы жанрлар; 3) деректі-көркем жанрлар. Соның ішінде біздің тоқталатынымыз– ақпараттық жанрлар. Жанрлардың бұл тобына: телеақпарат, сұхбат, репортаж, есеп жатады.

Телеақпарат– ең басты жанр, әрі ол экран кестесінің бөлігін алатын «Таңғы», «Күндізгі», «Түскі», «Кешкі», «Қорытынды» жаңалықтар екі тілде көлемі 20-30 минуттан беріліп жатады.Бүгінде уақыт талабына сай ұлттық және тәуелсіз телеарналар жаңалық хабарларына , аса бір мүдделік танытуда.

Есеп–қандай да бір аудитория қатысып, онда маңызды мәселе талқыланатын ақпапаттық хабарлама болып табылады. Есептің тақырыптық негізінде әлеуметтік мәнге ие ресми хабарлама, кейде мемлекеттік маңызға ие оқиғалар жатады.

Телерепортаж– тележурналистиканың елгезек, кең тараған, әрі үнемі әрекеттегі жанры. Телерепортаж өмірде болып жатқан оқиғаны таза қалпында көрсетіп, әрекеттегі шындыққа бір қадам жақындай түссе, екіншіден репортердің оқиғаны қабылдау кезіндегі субьективтілігі алғашқы орынға шығып журналист онда куәгер не әрекетке қатысушы ретінде танылады. Репортердің міндеті–көрерменге оқиға жайлы толыққанды ақпарат беру.

Тараудың түйініне келсек тележурналистиканың қоғамда алатын орны орасан зор болғанымен «көз ұяшығына ағы мен қарасы қатар сиятындай» әр нәрсенің екі жағы болары хақ. Алайда талғамы зор көрермен тек өзіне қажетін ғана алуы тиіс. Ал телевизияның басты міндеті ақпарат тарату екенін ескерсек, бүгінде ақпараттық жанрдың қоғамда алатын орны ерекше. Солардың ішінде теледидардағы жетекші жанрға айналып отырған Сұхбатқа тоқталсақ.

Телевидениедегі сұхбат жанры және тікелей эфир

Сұхбат алдымен ақпараттық жанр. Ақпараттық жанрлар белгілі бір оқиға, факт жөнінде хабарлау, қоғамды ақпараттандыру, ол хабарлама немесе репортаж түрінде берілуі әбден мүмкін. Оған қойылатын талап– жедеғабылдылық, дәлдік, ақпараттың қысқалығы. Барлық ақпараттық жанрға ортақ қасиет бар, факті өзектілігі, оның берілу жеделділігі. Бақылау, тәжірибе, сұхбат- бұл ақпараттық жанрлардағы материал дайындаудың негізгі әдістері /11/.

Алдымен сұхбаттың тарихына тоқтала кетсек, 60 жылдары сұхбат жанры сол кезең үшін тиімді болып, әрі ол студияда көп шығынды қажет те етпеді. Екіншіден, аудитория талабын дер кезінде терең сезінген режисер студиядағы сұхбаттың жауапкершілігін өз мойнына алатын комментатор проблемасын да күн тәртібіне орынды қойып отыр.

Телеэкранда сұхбат айрықша орынды иемденеді. Жаңалықтардың бірде-біреуінде журналист сұрақ қоймаған, не оқиғаға қатысушымен тілдеспеген деректі кездестіру қиын. Сұхбат– теледидардың сан алуан түрлерінде үздіксіз кездеседі. Теледидарда осы жанрда арнайы хабар да жасалады. Оған С.Оразалиновтың ақын-жазушы, өнер қайраткерлерімен жүргізген «Сұхбат» хабары дәлел.

Сұхбат ағылшынның «беседа» деген сөзінен шыққан. Мағынасы баспасөзде жарияланып, радио мен теледидарда берілуге арналған саяси, қоғам қайраткерінің баспасөз, радио, теледидар қызметкерлерімен болған әңгімесі дегенді білдіреді.

Сұхбат– журналистің саясаткер немесе қоғам қайраткерімен өзекті сұрақ төңірегінде өтетін публицистикалық жанр. Сұхбат– дуалистік жанр, бұл бір жағынан журналист үшін адаммен қарым-қатынас арқылы ақпарат алу түрі, екінші жағынан диалог, беседа түріндегі жанр. Сұхбаттың құрамында екі жанрлық элемент бар: 1) журналистің қояр сұрағы;

2) сұхбат берушінің қайтарар жауабы. Біріншісі– құралды иеленуші, екіншісі– ақпараттың қайнар көзі. Сұхбат берушіні кейде журналист өзі таңдайды, бұл ретте ссұхбат беруші сөзге шешен, салмақты ой айтатын, халыққа танымал, әйгілі адам болуы мүмкін. Кейде журналист болған оқиғаға, күн тәртібіндегі жағдайға байланысты соған қатысы бар кез-келген адамнан сұхбат алуға мәжбүр болады. Эфирдегі сұхбаттың сәтті шығуы көбіне көп сұхбат берушіге де байланысты. Эфирдегі сұхбат журналистің сұрағына жауап беріп тұрған адамның көңіл-күйін, ішкі сезімін, көзқарасын, мәдениеттілік деңгейін бейне аясында толық қамтиды. Сондықтан да, әсіресе, тікелей эфирдегі сұхбат өмірдегі шынайы сәт болып табылады. «Сұхбат» жанры туралы зерттеушілер арасында күні бүгінге дейін ортақ пікір жоқ. Т. Амандосов: «әңгіме, анкета, сұрақ-жауап, «дөңгелек үстел басындағы әңгіме-сұхбат» десе, Т.Қожекеев: «хабарлама, түсіндірмелі, мазмұндама, суреттеме, сын, ресми сұхбат», М.Барманқұлов: «сұхбат жанрын төрт шағын топқа (сұхбат-пікір, сұхбат-ақпарат, ақпарат-эмоция, социологиялық сұхбат), ал сұхбат алушының сипатына қарай екіге (тікелей журналистің өзі алатын және оқырман, телекөрермен мен радиотыңдарман алатын сұхбат) бөледі. Сонымен бірге М.Барманқұлов жанрлардың диалогтық тобы деп оған сұхбат, баспасөз-конференциясы және дөңгелек үстел басындағы әңгімені жатқызады» /12/. «Журналист анықтамалығы» кітабында сұхбаттың «монолог, диалог, суреттеме, анкета және ұжымдық» түрлері болатындығы айтылған /13/. Авторлар «дөңгелек үстел басындағы әңгімені» сұхбаттың ұжымдық түріне жатқызса, енді бір оқулықтарда сұхбаттың «монолог, хабарлама, диалог, суреттеме, форум, анкета, баспасөз мәслихатынан есеп түрлері» болатындығы айтылған /14/. Сондықтан да сан алуан пікірді қоғамның дамып, өзгеріп, жаңарып отыратындығымен байланыстыра қараған орынды. Бұрын «Қазақстан–1» телеарнасы бойынша берілген «Республика алаңы, 4» хабарының ерекшелігі– тікелей эфир барысында келіп түскен көрермен сауалдарына білікті адамдардың жауап беруі бұл сұхбаттың тиімді әдістерінің бірі.

Сұхбат жанрын зерттеген В. Ворошилов, М.Барманқұлов, Т. Қожекеев сынды ғалымдарымыз сұхбат жанрын бірнеше түрге бөледі. Мәселен, М.Барманқұлов сұхбат түрлерін сұраушы мен сұралушы көзқарастарына қарай бірнеше түрге бөледі. Түріне қарай сұралушының сұхбатын төрт түрге бөлуге болады.

1) сұхбат-көзқарас;

2) сұхбат-хабарлама;

3) сұхбат-эмоция;

4) сұхбат-әлеуметтік зерттеу.

1. Сұхбат-көзқараста көрнекті, танымал, атақты адамдар қатысады.

2. Сұхбат-хабарламада жоғары лауазымды, бірақ аты-жөні көпшілікке таныс емес кісілер болады.

3. Сұхбат-эмоцияға кездейсоқ оқиғаның куәгері, көпшілікке танымал емес адамдар қатысады.

4. Әлеуметтік зерттеу сұхбатында жауап беруші тұлға екінші жоспарға ысырылады, жауап беруші бүркеншік атпен де шығуы мүмкін. Біріншіден–тұлға, екіншіден– қызмет, үшіншіден– оқиғаның куәгері, төртіншіден– бүркеншік арифметиканың орта биіктігі болып табылады. ТАСС-тың директоры: «Белгісіз адамдарды теледидардан көрсетіп, сұхбат жүргізудің, кездейсоқ әңгімені жарнамалаудың қажеті жоқ »,– дер өз пікірін айтқан болатын. «ТВ репортер» жинағында сұхбаттың бес типі берілген:

1. хаттамалық

2. ақпараттық

3. сұхбат-портрет

4. сұхбат- дискуссия

5. сұхбат-сауалнама

Хаттамалық пен ақпараттық сұхбаттарды біріктіріп жіберуге болады. Сұхбат-портрет пен сұхбат-дискуссияны жанрдан гөрі тәсіл деп қарауға болады. Сұхбат барысында халықтың сеніміне кірген, көпшілікке танымал адамдардың пікірі қызықтырады. Халық бұл хабарламадан лауазымды адамның сол мәселе туралы пікірін білгісі келеді. Мұндай сұхбатты бедел-сұхбат деп атауға болады. Бұл жағдайды 1100 жыл бұрын әл-Фараби өзінің « « философиялық трактатында » ескерткен еді. «Осындай беделді адам сұхбат-пікірге де қажет. Олардың пікірлері беделді болғандықтан да тексеруге жатпайды, бірден қабылданады» /15/.

Теледидарда «қосақталған» сұхбат қолданылады. Оған бір-біріне кереғар пікірдегі екі адамды қатыстырады. Оған телекөпірлерді алуға болады. Бұл бағдарламаға қатысушылар әр қаладан болады. Мұндай сұхбаттар жер-жерде көптеген көрермендер қызығушылығын арттырып отыр.

Ақпараттық сұхбатты лауазымды адамдармен жүргізеді. Мәселен, Таза қазақша аты бар «Эйр Қазақстан» ұлттық компаниясын құру туралы үкіметте шешім қабылдаған. Көптеген кісілер өз пікірлерін айтуға тырысты.

Сұхбат эмоция сирек кездеседі. Теледидар пайда болғанға дейін жоқтың қасы еді.. Әр түрлі тақырыпта айтылған сұхбатқа қатысушылар өздерінің ыстық әсерлері туралы әңгімелер айтады. Ол әңгіме кабинетте немесе шағын жиындарда айтылады. Журналистика практикасында 30 жылдары кездейсоқ оқиғаның куәсі болған адамдардан сұхбаттар алынып жүрді. Жер сілкінісі болған жерден келген адамдар өздерінің сол кездегі көңіл –күйін ерекше толғаныспен еске алады. Сұхбат-эмоцияның беделділігі теледидарда өзінің көзқарасын беделді түрде жеткізе отырып, білікті сөйлеумен нақтыланады.. Беделді адам теледидарға сұхбат беруге келгенде өз ойын айтып қана қоймай, репертуарынан да орындауы қажет.

Сұхбат алған кезде жауап берушінің типтерін ескеру керек. Француз социологтары Р.Пенто және М. Гравицаның кітабынан адамдар туралы мінездемені табуға болады.



  1. Жасқаншақ адам өз ойын «жеткіліксіз айтам ба»,– деп қорқады;

  2. Қорқақ жауап беруден сақтанып отырады, саяси сұрақтардан қашқақтайды;

  3. Мылжың адамдар болады. әңгіме барысында мұндай адамдардан басқа проблема туындайды. Ол адамды бастапқы тақырыпқа оралта отырып, оның алға қарай кетуіне кедергі жасап, тақырыптан ауытқымауын қадағалап отыру керек;

  4. Бәстескіш. Ол сұхбат алушымен диалогты өзі құрастырғысы келеді, оны дәлелдеп көз жеткізуге тырысады;

  5. Ойынпаз. Өкінішке орай бұл тип жазбаша сауалнамада кездеседі, ал сұхбатты сирек кездеседі;

  6. Өзіне сенімді адам. Бұл сұхбат берушімен журналистің жұмысы жеңіл өтеді. Ол барлық сұраққа сенімді түрде нақты, жинақы жауап береді.

Сұхбат екеу аралық көзқарасты білдіреді. Т. Амандосов ағамыз : интервьюдің әңгіме түрі, интервью- суреттеме, интервью-анкета деп бөледі. Ал Т. Қожекеев: 1) хабарлама-сұхбат 2) сұхбат диалог 3) сұхбат монолог 4) сұхбат мазмұндама деген түрге ажыратады.

Жанрлардың қыр-сырына терең үңілген ғалым К.Қамзин: эксклюзивті сұхбат, сұхбат-портрет, технологиялық сұхбат және ретроспективалық сұхбат деп бөледі. Енді әрқайсысына тоқталсақ.



  1. Эксклюзивті сұхбат– тек сенген адамына ғана сұхбат береді. Мұны меншікті сұхбат десе де болады. Мәселен, елбасымыздың сәуір айындағы төрт телеарнаның журналистерімен кездесіп жүргізген сұхбаты осыған жатады;

  2. Сұхбат-портрет. Мұнда сұхбат беруші өз бейнесін өз сөзімен жасайды. Біреулер оның бейнесін журналист жасайды дейді, бұл қате пікір. Бұл жерде журналист тек фиксатор ретінде ғана көрінеді, яғни қағазға түсіріп алушы болады;

  3. Технологиялық-психологиялық сұхбат– полоиграф арқылы алынатын сұхбат. Яғни сұхбат беруші рас айтып отыр ма, өтірік айтып отыр ма оны полиграф арқылы анықтайды. Бұл ақиқатты білудің арнайы тәсілі;

  4. Ретроспективалық сұхбат. Өмірден өтіп кеткен қайраткер, танымал адамдармен сұхбат жүргізу. Журналист сұрақ қояды, ал жауабын сол адамның шығармасынан алады. Мұны Стрельцов «Адаммен әңгімелесудің әдеби беру тәсілі» дейді.

Міне сұхбаттың осылай түрлерге бөлінуі де сұхбаттың сан-салалы қасиеті бар жанр екенін көрсетеді.

Сұхбат жанры қалай дамыды дегенге тоқталсақ. Жалпы теледидар тарихына, оның алтын қорына Сұлтан Оразалин қосқан жаңашылдық мол. Соның жарқын бір дәлеліндей «Сұхбат» циклын атауға болады. «Сұхбат» циклы әу баста үлкен сөз зергерлері мен өнер адамдарының шығармашылық портреттерін жасау ғана емес, сонымен бірге олардың өзін, әңгімесін тарих үшін табиғи қалпында бейнелі пленкада қалдыру ниетінен туындаған еді. «Сұхбат» циклы негізінен әдебиет пен өнердің белгілі қайраткерлермен тартымды әңгіме түрінде жасалған бейнелі фильмдерден тұрады. «Үлкен сөз зергерінің не өнер адамының кескін –келбеті, болмыс-бітімі ең алдымен оның азаматтық ажары мен адамгершілік тұлғасынан, творчестволық өзіндік ізденісінен, келелі ой пікірлерінен көрінеді ғой. Ал оны жан-жақты ашу оңай емес»– деп ой түйіндейді, белгілі тележурналист Марат Тоқашбаев. Соған қарамастан «Сұхбат» арқылы халқымыздың мақтан тұтар бірқатар перзенттерінің өзіндік портреттер галереясы жасалды. Әдебиетіміздің қадірменді ақсақалдарының бірі болған Сапарғали Бегалинмен, атағы айдай әлемге әйгілі Шыңғыс Айтматовпен, академик-жазушы Ғабит Мүсіреповпен, көркем сөздің ұланғайыр шебері Ғабиден Мұстафинмен әңгімелердің қай-қайсысы да шоқтықты дүниелер. Жалпы жанрлық тұрғыдан алғанда «Сұхбат» фильм-диалог формасындағы публицистикалық телетуынды. Мұндағы әр хабардың иірімді ойдан, сыршыл сезімталдықтан, творчестволық ізденістен туатындығы сөзсіз. Сұхбат– синтезделген творчестволық әдістер арқылы суреткердің телекамера алдында жан-жүрегімен ашылу сәті. Кейіпкердің (студия қонағының) белгілі бір мәселеге, оқиғаға жеке көзқарасын, айтылмаған ойларын ортаға салғызу айрықша икемділікті, шынайы шеберлікті, үлкен білгірлікті қажет етеді.

Қазіргі кезеңде көрермен дер сұхбат жоқ демейді, оның жауабының ұзақтығына, кей кезде жауаптар тақырыпқа сәйкес келмей жататынына көңілдері толмайды. Сұхбат бұл баспасөзде кең қанат жайған жанр. Радиохабар шықты, одан кейін теледидар, соңынан олардың табиғаты туралы пікірталастар басталады. Сұхбат көптеген жаңалықтарға жол ашты. Радио арқылы берілген сұхбат көп адамдарды таң қалдырды. Газеттерде, баспа беттерінде жаңа рубрикалар жарияланды, яғни белгілі бір адамдармен өткізілген радиосұхбат олардың қызығушылығын арттырды. 1927 жылғы «Журналшы» журналында Е.Дмитриевтың «Радио-сұхбат және радио-арман» мақаласы жарық көрді.Ол бұл мақаласында «Бұл жаңа айдар француз баспасөзіндегі бірден-бір жаңалық, алғашқылардың бірі»,– деп атап көрсетті.

Сұхбат туралы әртүрлі пікір айтуға болады. Газеттегі сұхбат пен радиодағы сұхбаттың бір-бірінен айырмашылығы жоқ екенін аңғаруға болады. «Көптеген теоретиктер сұхбат пен әңгімені теңестіруге де тырысты. Бұл туралы Л. Рукавишникова «Телевизиялық әңгіме мен сұхбаттың ерекшеліктері» атты мақаласында былай деп тұжырымдайды: «Телевизиялық сұхбат екі әңгімелесушінің арасында болатын әңгіме (жүргізуші мен сұхбат беруші) түрінде немесе бірнеше мүшесі бар ұжымдық қысқа монолог түрінде болуы мүмкін». «Журналистикадағы жанр мәселелері» деп аталатын бұл жинақта сұхбат әңгімелесуге немесе дөңгелек стол басындағы әңгімеге жақындатылған. Содан бергі өткен 30 жылдай уақыттан кейін де әңгімелесу мен сұхбат жанрларының ара жігі ажыратылмай келеді. Сонымен олардың айырмашылықтары қандай екен?

Әңгімелесуде оған қатысушылар бір-бірімен тең түрде пікір, ақпарат алмасады. Ал сұхбатта жауап берушіден ақпарат алынады. Сұхбатқа қатысушылардың рөлдері мынадай: журналист немесе сұхбат алушы сұрақ қояды, екінші адам жауап береді» /16/.

Біз жоғарыда айтып өткендей телесұхбат тек жанр ғана емес, ол бір мезгілде очерк, корреспонденцияға қажетті өзге де материалдарды алу әдісі болып табылады. Сұхбат сан алуандығына қарай мынадай түрлерге бөлінеді: оқиғалы, проблемалық, портреттік, сұхбат-диалог және сұхбат-монолог. Сұхбат монолог (бұған мысал Елбасымен теледидарда болған «Президенттік сағат» хабары); сұхбат-хабарлама (мұнда аса мәнді деген әңгімеге жауап қысқаша түрде хабарланады); сұхбат-диалог (әңгіме толық күйінде беріледі); сұхбат-суреттеме (әңгіме мазмұнынан бөлек, журналист оқиға жағдайын хабарлайды, кейіпкердің өмірі мен ісі жайлы әңгімелейді); сұхбат пікір (проблема, оқиға, түсініктеме ); көпшілікпен сұхбат (баспасөз конференциясы, брифинг). Сұхбат қойылатын сұраққа орай стандартты (формальды) және стандартты емес (еркін) болып бөлінеді. Осы ерекшелігіне сай сұхбаттың композициялық құрылымы түзіледі. Еркін сұхбаттың өзгеден гөрі құрылымдық-композициялық түзілімі күрделілеу болып келеді. Оған себеп ол таңдалынған сұраққа емес, тақырыпқа байланысты өрбиді. Журналист әңгімеге бағыт бере отырып, кейіпкермен еркін тілдесуге енеді. Көрерменді хабардар етудің мұндай әдісі, бүгінгі журналистикада мынадай бағыттарға ерекше эволюция береді. Біріншіден, әңгіме кезінде жүргізушінің мазмұнды, ойлы рөлі жоғарылайды. Екіншіден, ақпарат көзі ретіндегі кейіпкерге деген қызығушылық пайда болады.. Үшіншіден, әңгіме құрғақ ақпараттың, түсініктеме түрінен де кең түрде проблема қойылған пікірталасқа ұласады.

Сұхбат сырт көзге ең қарапайым жанр болып көрінгенімен, сұхбат жүргізу қиынның қиыны, әсіресе бұл тікелей эфирде өтетін болса, «мылтықсыз майданға» түстім дей бер. Алдымен тікелей эфир дегеніміз не, оның қандай қиыншылықтары бар дегенге тоқталсақ.

«Тікелей эфир– тележурналистикадағы уақыт дәлдігін сақтап, жедел хабар таратудың кәсіби әдісі, шығармашылық-техникалық сипаттағы соны технологиялық процесс. Бұынғы тікелей эфирдің функциясы толық мәнге ие болған жоқ. Сондықтан болу керек, көбінесе пішін ретінде қарастырылды. Ал цензура жойылып, журналистердің сөз бостандығын иеленуі шын мәнінде жүзеге асқан кездегі тікелей эфирдің ауқымын пішінмен қамту әсте де мүмкін емес.. Журналистикадағы бұл жаңа құбылыстың негізі ел өміріндегі саяси маңызы бар өзгерістермен бірге орныққаны мәлім. Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-бабында «Сөз бостандығы мен шығармашылық еркіндікке кепілдік беріледі. Цензураға тиым салынады» деп, тайға таңба басқандай анық айтылған. Осындай заң аясындағы нақты мүмкіндіктер радиожурналистикадағы жаңаша әдістің кең қанат жаюына жол ашты. Оның үстіне қазіргі тікелей эфир бұрынғыдай бір жақын сипат алмайды. Тікелей эфир– аудиториямен қарым-қатынастың айрықша тәсілі болып табылады. Ең бастысы тікелей эфирдегі диктордың оқуы журналистің жүргізуімен алмасты. Бұл жөнінде зерттеуші В.Л. Цвик мынадай тұжырым жасады: «Жүргізуші- журналистің тікелей эфирдегі табысы– кәсіби шеберліктің , айрықша қабілеттің, тамаша тапқырлықтың жемісі». Тек бұл тұжырымда тікелей эфирдегі шығармашылық шығармашылық тұтастық пен ұжымдық үйлесім ескерілмеген. Эфирде сөйлейтін жүргізуші болғанымен, оның ар жағында техникалық тетікті ретке келтіретін телекамераларды басқаратын, көріністерді реттейтін, телефон қоңырауын іске қосатын бір топ қызметкерлер бар екені белгілі. Сол тұрғыдан келгенде, тікелей эфир бір мезгілде атқарылатын бірнеше істің басын қосатын ұжымдық үйлесімнің нәтижесінде жүзеге асатын іс-әрекет. Ал егер хабар эфирден тікелей берілмесе бұл жұмыс процесі көп сатылы әрекет есебінде, бөлек-бөлек атқарылар еді. Тікелей эфирдің бір тиімділігі сонда, ол біріншіден қаражат шығынын азайтты. Уақыт та, адам еңбегі де қазіргімен салыстырғанда әлдеқайда көп шығындалатын. Соның бәрі енді бір мезгілде ұйымдасқан түрде орындалады. Ұжымдық үйлесім деген осы. Ал екіншіден тікелей эфир өзгеріске ұшырамайтын нақты құбылыс болғандықтан, алдын-ала жасалғ,ан хабардағы, диктор оқыған мәтіндегі жасандылық, белгілі бір дәрежедегі артистизм ендігі жердегі шынайылыққа, табиғилыққа қарай ойысты. Үшіншіден, тікелей эфир оперативтілік тұрғысынан уақыт дәлдігін сақтау мүмкіндігін жолға қойды. Төртіншіден көрермен психологиясына тікелей әсер ету арқылы, олармен қолма-қол қарым-қатынас жасауды қамтамасыз еткен байланыс жүзеге асты» /17/.

Тікелей эфир– журналистикадағы соңғы жылдардағы жаңа түрлердің бірі. Мұны авторлары өз алдына көркемдік мәселелерді, эстетикалық ойларды хабарлауды қойған болса, онда олардың өз үрдісінен шаққандығы. Бірде В. Листьев «Час пик» тікелей хабарын жүргізіп отырып былай деген еді: «Тікелей хабарды мен неліктен жақсы көремін? Себебі, мұнда өтірік айта алмайсың. Тыңдай білу, тек тыңдау ғана емес, адамды түсіне білу де. Тікелей эфирде хабар жүргізу өте қиын. Белгілі бір мәселеге менің көзқарасым қандай, оның көзқарасы ше? Сырттай қарағанда өте қарапайым: екі адам әңгімелесіп отыр. Ал шындығында бұл– нағыз шыншыл өмір».

Теледидардағы тікелей эфир жаңашылдық үлгісіндей көрінгенімен оның өзегінде де сонау заманалар қойнауындағы үрдістің жылы лебі байқалады. Көне көпшілік алдына шыққан екі шешеннің ел, қоғам, болашақ жайлы өзекжарды ойларының астарындағы ұғым бүгінгі күннің келелі мәселелерімен өзектесе байланысып, өріліп жатыр. Ең бастысы тікелей эфир сол сәтінде көрермендердің көз алдында өтеді. Эфир төрінде жүргізуші мен хабардың қонағы. Бар болғаны екі-ақ адам. Мұнда кейіпкердің ой арпалысы, қас-қағым сәттегі сезімдер шарпысуы мен тоқтаусыз қарама-қарсы ой ағыстарының соқтығысулары байқатпай өтіп жатады. Сұрақ қоюшының тегеурінді сұрақтары мен оған бұлтарыссыз, рияссыз, бүкпесіз жауаптар. Жалған айтуға да, қосуға да, алуға да болмайтын қатал заңы бар, шыдамдылық пен салқын-қандылық серігің болатын аяусыз эфир. Көрерменмен арада қандай да бір перде не жасырын қабаттар жоқ. Ол көрермендердің саған деген сенімін арттырып, оларды өтіп жатқан әрекеттерге батыл араластырады.

Әлбетте эфирге дейін тақырып таңдалады., нысан анықталады, уақыт белгіленеді, алдын-ала шығармашылық байланыстағы қызметкерлермен келісім жасалады. Солай бола тұрса да, телехабарды бастапқы жоспарланған қалпында жүзеге асырып, көздеген мақсатқа жету– қиынның қиыны. Өйткені, оның нәтижесі– эфир арқылы берілген сәттен көтерілген биігі, көрсеткен деңгейі. Олай болса, эфирдің сыртында қалатын барлық қызметкерлердің еңбегін еш етпестен , тәп-тәуір тамаша тақырыптың берекесін қашырмастан, хабарды мәнді де дәмді етіп көрерменге жеткізу- жүргізуші-журналистің парызы, кәсіби тұрғыдан алғанда тікелей міндеті. Соның бәрін түгел дерлік ішкі толғаныспен ой елегінен өткізіп, өзін-өзі алдын-ала даярлап, қысылтаң шақта қолдануға қажетті мөлшердегі сөз қорын әзірлеп, күні бұрын барлық жағдайды келісіп қойғанның өзінде, жүргізуші-журналист тікелей эфир кезінде қандай да бір қателіктер жіберіп, бағдарламасы сәтсіздікке ұшырауы мүмкін. Себебі, эфир заңы қатал. «Айтылған сөз атылған оқпен тең» деген халықтық нақыл уақытқа тәуелді құбылыс, тікелей эфирдегі жұмыс процесінің ең негізгі ережесі деуге әбден болады. Тікелей эфир кезінде мәтінді өңдеуге, қандай да бір қатені түзетуге хабарға падаланылатын дыбыстық жазбаны сол сәтте ретке келтіруге ешқандай мүмкіндік жоқ. Тікелей эфирдегі әрбір әрекет жеке-жеке және тұтастай алғанда уақытқа тәуелді. Сондықтан да секундтар аясындағы сөйлеген сөздің салмағы нысанаға алынуы –шарт. Өйткені қалың бұқара бірден назар аударатын телеарнадан тіл қатуы қарапайым іс-әрекет емес екендігі белгілі. Тікелей эфирдегі уақытты табысты өткізу– айрықша қабілеттіліктің, тамаша тапқырлықтың, кәсіби шеберліктің нәтижесі, уақыт аясындағы журналистиканың шарықтау шегі. Тікелей эфир қамтығын аудиторияның аумағы да, жүргізуші-журналист сөйлеген сөздің салмағы да уақыт таразысымен өлшенеді. Демек, тікелей эфир– уақытқа тәуелді құбылыс.

Тікелей эфирде хабар жүргізген журналистке де айрықша қатаң талаптар қойылады. Балдай тәтті, алмастай өткір наркескен тілі бар жүргізуші тікелей эфирде қанша тартымды сөйлегенімен жалғыз өзі жалықтырып жібереді. Тікелей эфирдегі басты тұлға жүргізуші өнері сан қырлы. Сөз мәйегін құдіреті мен құпиясы мол тіл арқылы жеткізу, оны ойната да, ойланта да беру шеберліктің сан-салалы құпияларының бірі ғана. Хабарды дайындау барысындағы үздіксіз ізденіс, тынымсыз ой да үлкен жауапкершілікті сезінуден туындайтыны ақиқат. Эфир жүргізушісі халқымыздың болмыс бітімі мен салт-дәстүрі мінез-құлқы мен ақыл-ойын бар бойына жинақтаған типтік тұлға. Түпкі мақсат– миллиондардың жүрегіне жол табу. Кез-келген хабар жан-жақты мазмұндылығымен , шынайылығымен құнды. Олай болса, жүргізуші ең алдымен, сан мыңдаған тыңдарман жұртшылықтың көкейінде жүрген күпті ойдың күрмеуін шешу үшін көпшілікті толғандырып жүрген қоғамның сын көтермей көлеңкеде қалып жатқан актуальды мәселелерін дөп басып тауып айтуы керек. Ол үшін нақты деректер мен дәйектері бар, әбден сұрапталып, салмақтанған салиқалы пікірге бай тың тақырып таңдалып алынады. Дегенмен, тақырыптың үлкен кішісі жоқ деген қағиданы естен шығаруға болмайды. Оны жарқыратып-көрсету– журналистің тегеурінді талпыныстары мен ізденістерінің жемісі. Тікелей эфирдің жүргізушісі қанша білімді, жан-жақты болғанымен, кейбір сұрақтарға нақты жауап қайтара алмайтындығы шындық, әрі жүргізушінің құрғақ жауабы, онша сенімді де бола бермейді. Сондықтан тікелей эфирге тақырыпқа байланысты қоақ шақыруға да жеңіл-желпі қарауға болмайды. Шақырылған кісі тек өз мамандығының майталманы ғана болып қоймай, оның қыр-сырын ашып түсіндіре алатын, сөйлей білетін кісі болуы керек. Мен айтар едім, тікелей эфирде сұхбат жүргізетін жүргізушіге даралық қажет деп. Даралықтың өзі өмірдегі жекелеген жандардың жан дүниесіне суреткерлік білгірлікпен кіріге отырып, сол арқылы кейіпкерінің уақытпен үндестік тапқан жүрек сезіміне үңіле білуі. «Ғылым дәрежесі лауазымы бар адамдардың халықпен эфир арқылы дидарласқаны құптарлық. Бірақ қазақ тілін шала білетін, кейбір әріптерге тілі келе бермейтін, жекелеген адамдардың эфирге ұмтылысы ұрпақ тәрбиесіне, ұлттық шешендік өнерімізге нұқсан келтіретінін ұмытпағаны абзал » /18/.

«Тіл байлығы халықтың байрығы, байсалды, берекелі, тамырлы,нәрлі сөзін аршу арқылы жасау керек. Қазақ тілінің сөздік қорының молдығы сонша , мамандардың есебі бойынша тілдік қорымызда 100 мыңнан аса сөздік қоры бар екен.Бұл мәліметтердің өзі де дәл емес. Қазақ тілі–бай тіл, өскен тіл. Оны заманалар бойына халық жасап, жеке адамдар оған үстемелеп тың сөздер қосып отырған.» /19/. Қазақ тілінің байлығын пайдаланып эфирдегі сөйлеген әрбір сөзіңмен сурет салуға болады. Тікелей эфирде осы құндылықты өз орнында қолданбасқа болмайды.

Шектеулі межесі бар эфир уақыты заңдылығын сақтай отыра. Бос сөзге жол берілмейді. Ой мен тіл тамырлас. Қысқа ғана уақыт ішінде ордалы ойды шашыратып жібермей тартымды, тиянақты тілмен тұжырымдай білу де шеберлікті талап етеді. Тікелей эфирге шақырылған қонақтан сыр суыртпақтау, одан тартымды жауап алу жүргізушінің шеберлігіне байланысты. Кейіпкерді ағынан жарылтып, ұсақ-түйек, сөлсіз мәселелерге кібіртіктетпей сөйлету үшін оның көңіл-күйінің, мінез-құлқының кілтін табу қажет. Осы орайда ,журналистің, жүргізушінің әмбебап маман екенін мойындамасқа болмайды. Неге? Себебі, ол ең алдымен, журналист, содан соң психолог,ең ақыры жай ғана қарапайым адам. Осындай үлкен жауапкершілікті мойнына жүктеген жүргізуші қарапайым адам ретінде де мәдениеттіліктің шеңберінен аттамауы тиіс. Қанша жерден көмейінен от шарпыған шешен, білгір болсаң да, кішірейіп сөйлеуден қашпау керек. Кішіпейілділікпен тіл қату халқымыздың үлкенді құрметтеу, кішіге ізет көрсету сияқты даналығын дәріптеу екенін естен шығармаған абзал. Тікелей эфирдегі тіл мәдениеті– күрделі процесс. Онда сөйлеген әрбір сөзді ғана емес, өзгелердің де сөзін қадағалап, тізгінді ұстап отыруға тура келеді.

Тікелей эфирдегі сұхбатта, эфирдегі сұрақтар– осылардың барлығы журналистен сауатты жауапты талап етеді. Газет тілшісі мұндай сағаттар бойы ойланып, бір жүйеге келтіріп, өзгертулер енгізіп, қағазға жазып, сонан соң тереді. Ал теледидар журналисі өз мәтінін эфирде тереді. Сондықтан ол тікелей эфирге жиі шығуы қажет. Оны эфир кезінде ешқандай қате жібермеуге баулиды.

Тіл сөйлеген сайын жетіледі, жазған сайын қалыптасады.Ал бұл– эфир жүргізушісінің өз қолында. Себебі, тікелей эфирдің заңы қатал. Онда жіберген қателікті түзете алмайсыз. Аузыңыздан шыққан сөз сол сәтте-ақ көгілдір экран алдында телміріп отырған миллиондаған көрерменге тарап кетті.

Сұхбат жанр ретінде бір орында тоқтап қалмайды, ол заман ағымына қарай жаңаша түрге ене отырып, теледидарда дами түседі. Онда сынақ бастамалары күшейе түседі. Сатира, юмор саласында көптеген мысалдарды келтіре отырып В. Пельт сұхбаттың жаңа түрін енгізді: МГУ-дің журналистика факультетінің профессоры Владимир Данилович былай деді: «Соңғы жылдары сұхбат жанры «құрғақ» арнайы жаңалықтарды жарнамалау үшін қолданылса, қазіргі кезеңде өткір мәселелерді қозғайтын терең ойлардың негізін қалайтын жанр ретінде қалыптасты. Бұл жанр әдеби шеберлікті қажет етеді.»//

М.Ромм теледидарда болашақ сұхбаттың сценариі жазылады, жобалары дайындалады деп атап көрсетті. Теледидарда сәтсіз сұрақтар болуы мүмкін емес, кейде қағазға жазылмаған, алдын-ала ойластырылмаған сұрақтар туындап жатады. Сондықтан журналистке өте білімділік, тапқырлық қажет.

Суырып салу және сұхбат телекөрермендердің назарын аударатын маңызды элемент. Бірінші кезекте бұл жанрда суырып салушылықты қолдау керек, сонан соң оның шарттарын қарастыру керек. Теледидарда әңгіменің мазмұны ғана маңызды емес, сұхбат беруші қалай сөйлейді, әңгімедегі жағдайды қалай тез меңгеретіні маңызды. Қазіргі кезде эфир қызметкерлері үшін жаттап алу– сұхбаттың «қағаз түріне» айналып отыр. Жаттап алынған сұхбат эфир қызметіне қамшы болып тиеді. Теледидарда әңгіменің мазмұны ғана емес, сұхбат берушінің қалай сөйлегені, ситуацияның өзгерісін тез сезінуі де маңызды. Сұхбаттағы суырып салушылық–бұл кездейсоқ тақырыпта ұқыпсыз тілмен айтылатын дайындықсыз бос сөз емес. Ол шебер жазылған, біркелкі, өзекті тақырыптағы мәтінсіз әңгіме, өз қисыны мен композициясы, аяқталған нақты сұрақ қоятын, оған сенімді жауап ала алатын, қабылдаушы сол ойлардың туындауына куә болатындай, тек ақпарат алып қана қоймай, сонымен қатар сұхбаттың жалынды қатысушысы болуы да шарт.

Тарауымызды түйіндей келе мен мынаны айтар едім, сұхбат жанры әлі күнге дейін толық зерттеліп бітпеген жанр, ол жанрда бағдарлама жасаған журналистер өздерінше құлпыртып, сұхбатты жаңаша түрге айналдыруда. Алайда сұхбат, әсіресе тікелей эфирде жүретін сұхбаттың шынайы да, сәтті, көрермен талғамына сақадай-сай болғаны жөн.

Тікелей эфирдегі сұхбат жүргізудің өзіндік әдіс-тәсілдері және көтерілетін проблемалар

Тікелей эфирде хабар жүргізу– күрделі процесс. Әсіресе, сұхбат жүргізу үлкен шеберлікті қажет етеді. Қанша білімді болғанымен эфир кезінде қиналатын журналистер де болады. Кәсіби шеберліктің сатыларынан өткен жүргізуші қай уақытта да жол тауып, жақсы пікір қалыптастыра алады. Тікелей эфирге шақырылған қонақтан тартымды жауап алу жүргізушінің шеберлігіне байланысты.

Иә, эфирді жүргізу талабы мықты. Алайда біздің телеарналардағы тікелей эфирдегі сұхбаттың негізгі проблемалары қандай– дегенге келсек. Менің таңдап алған бағдарламам, 31-ші арнадағы тікелей эфирдегі «Тұжырым».

Дәл қазір мемлекеттің дамып, көптеген келелі мәселелердің көтеріліп кейбірінің шешуін таппай жатқан кезеңде журналист үшін жұмыс жоқ деудің өзі күлкілі. Кез-келген мәселенің екі жағын да байыптап қарасаңыз проблемасыз жайма шуақ күн кезіп жатпағанына көз жеткізесіз. Міне «Тұжырым» бағдарламасының басты мақсаты қоғамның бүлкілдеген тамырын дөп басып, анығын айтып, ТҰЖЫРЫМ жасау. Оның сыртында ұлттық мәселелерге, мемлекеттік тілге көбірек көңіл бөлу. Бағдарлама сейсенбі және бейсенбі күндері эфирге шығатындықтан, сол күні жаңалыққа ден қойып, белгілі бір мәселенің төңірегінде сұхбат жүргізуге тырысады. Студияға екі қонақ шақырудың да басты себебі сол. Яғни, белгілі бір өткір мәселеге жан-жақты талдау жасап, тақырыпты мейлінше аша түсу. Қоғамды толғандыратын саяси, әлеуметтік, құқықтық т.б. мәселелер талқысына кіріспен есебінде әуелде жаңалықтарда ауқымды бейнематериал беріледі. Ал жаңалықтар аяқталысымен эфирге «Тұжырым» бағдарламасы шығып, студияға шақырылған екі қонаққа мәселеге терең үңілуге мүмкіндік жасалады. Бағдарлама тікелей эфирде жүретіндіктен оның көрерменге де әсері ерекше болуы тиіс деп ойлаймын.

Бағдарлама көкейкесті мәселелер төңірегінде әңгіме жүргізеді. Атап айтқанда: дін, мемлекеттік, тіл, шетелге бала сату, Қырғызстан мен Украинадағы жағдай, қазіргі қазақ киносы, Алматыдағы тұрғын үй мәселесі, бала тәрбиесіндегі ұлттық нақыш, қазақ әдебиетінің проблемалары, еліміздегі демографиялық жағдай т.б.

Қалам ұстаған халықты құтқаратын тақырып екенін ескере отырып «Тұжырымның » тақырыбы қалай таңдалады деген сауалға жауап берсек. Бір күннің, не бір аптаның айтулы жаңалығы «Тұжырымның» тақырыбына айналады. Себебі көрерменді қызықтыратын сұхбатта ең өзекті мәселенің сөз болуы дұрыс. Қазіргі ақпарат ағыны толассыз келіп жатқан уақытта, көпшілік құлағдар болып, басқа БАҚ-ы бетінде талқыға түсіп, әбден жауыр болған мәселені эфирге алып шығудың қажеті жоқ. «Тұжырымның» мақсаты сол, күйіп тұрған өзекті тақырыпты студия қонақтарымен бірге талқылап, тұшымды жауап алып, көрерменге ой салу. Ұлы ұстазымыз Тауман Амандосов ағамыздың тақырып таңдау жөнінде тамаша сөздері бар: «саяси мәні бар, кезең қойып отырған міндеттерге жауап беретін, жұрттың назарын аударатын тақырыпты таңдай білу– аса қажетті шарттар »/ 20/.

Тақырып аясына орай кейіпкерді әңгімеге тартып,олардан шын ықылас пейілді жауап есту–экранның басты шарттылықтарының бірі. Теледидарда сұхбаттасуда сұхбаттасушы өзіне не керек екенін білуге тиісті. Осы сезімталдық оны табысқа жетелеп, пікірталаста жеңісті жолға негіз қалайды. Ойдан ой туындап, қонақ ашыла сөйлейді. Оларды тебірентетін жүргізушінің жан-жақтылығы, алымдылығы. Жүргізуші студия қонағымен тең дәрежеде сөйлеседі. Кейде жаңа нысандарға бастайды, соны тұжырымдар, тың байламдар айтады.

Тікелей эфирдегі сұхбатты аптасына екі рет эфирге шығару – қиын процесс. Біріншіден, бұл бағдарламаның тақырыбы сол күні таңдалады, студия қонақтары да сол күні шақырылады. Ал бізге белгілі жайт, көбіне сол күні тұрмақ, бір апта, бір ай бұрын шақырып қойған қонақтардың өзі кейде уақытында келмей қалып ұятқа қалдырып жататын кездер тележурналистер өмірінде аз болмайды. Ендеше «Тұжырымда» таңертеңнен бастап тақырып іздеп, оған қатысты материал жинап, студия қонақтарын шақырып, сұрақтарын дайындап жүгіріп жүретін редактор мен жүргізушінің еңбегі зор екендігін ескермесе болмайды.

Эфир– айқас алаңы деп жатамыз. Міне сол «мылтықсыз майдандағы» ыстық, суыққа қатар төзіп жүретін жүргізушінің рөлін ерекше атап өтсек.

С. Масғұтов ағамыз былай деген: «Экранға шыққан журналистің міндеті сонымен бірге көрермен қауымды сөйлеушінің пікірімен таныстыру, оның әңгіме арқауы болған мәселе төңірегінде келелі кеңес құруына көмектесу. Мұны әдетте журналист сұрақ қою арқылы жүзеге асырады. Сондықтан эфирде сөйлеуші адамға сұрақ қою– алғырлықты, тапқырлықты, ізеттілікті, журналистік шеберлікті талап ететін үлкен өнер».

Ғалым Т.Щумилина: «Тақырыпты зерттеу мен әңгіме кезінде журналист сұхбаттасушы бойындағы мына мәселелерді білуге ұмтылыс танытады: 1) сұхбаттағы мәселеге қатысты оның ұстанған бағыты мен көзқарасын; 2) өмірбаянындағы деректер; 3) әңгіме кезінде сұхбатқа әсер ететін оның жеке мінезі мен іс-қимылы және әрекеттері» /21/.

Иә, студияға келген қонақ та әр түрлі болады, біреулер аузындағы сөзін айта алмай, ойын шашыратып алып жатса, біреуді эфирің мысы басып, қатты қобалжуы мүмкін. Енді біреулер жүргізушінің сұрағын бөліп эфирді өзі билегісі келсе, енді біреулер, салмақты ой айтып, еш қысылмай-ақ оз пікірін тамаша жеткізеді. Міне осы жерде бәрімен тіл табыса білетін жүргізушінің рөлі бірінші кезекке шығады. Кәсіби шеберлігі шыңдалған, өз-өзіне сенімді, қозғап отырған тақырыбын еркін меңгерген жүргізуші ғана кез-келген тығырықтан шыға алады. Мәселен, «Тұжырым» бағдарламасының өткен жылдың қараша айында болған кезекті саны еліміздегі оң жақ рулді көліктерге тиым салу туралы елбасының бұйрығына байланысты болды. Осы мәселені талқылауға студиямызға Алматы қаласы жол полициясы басқарма бастығының орынбасарлары Арман Сарыбасов пен Ержан Өзтеміров мырзалар келді. Сонда Ержан Өзтеміров қарапайым сұраққа жауап бере алмай қатты қобалжыды, ал екінші адам керісінше жүргізушінің аузындағы сөзін жұлып алып, эфирді билеп кеткісі келген. Алайда жүргізушінің шеберлігі сол, сөз бөлудің тәсілдерін әдемі қолдана отырып, екеуінің де кемшілігін көрсетпей, бағдарламаны тығырықтан алып шықты. Енді бір қонақтар эфир уақытының шектеулі екенін түсінбей, келген соң бәрін айтып қалу керек деп, өз өкпе-реніштерін де білдіріп жатады. Мұндайда жүргізуші эфир әдебін ескере отырып, қонақты өз сеніміне кіргізе алуы тиіс. Оған мысал «Тұжырымның» ақпан айындағы кезекті саны тарихи тақырыпқа арналды. 1847 жылы қазақ елін Ресей патшалығына қарсы ұлт азаттық көтеріліске шығарған соңғы ханы Кенесарының басы кесіліп, трфей ретінде Ресейдегі Эрмитажға сақталғаны белгілі. Қазақстан ғалымдары соңғы отыз жыл бойы ханның бас сүйегін қайтарып алуға әрекеттеніп келеді. Бірақ нәтиже жоқ. Міне осы тақырыпты талқылауға студияға тарихшы Едіге Уәлиханов пен Кенесары ханның ұрпағы Нафиса Кенесарина келді. Бағдарлама бас сүйекті қайтармауда не себеп бар? Жалпы бұл мәселе қай деңгейде көтерілді? Үкімет не көмек берді?– деген сауалдармен басталып, қызу талқыға түсті. Ал эфир уақытының аяқталуына байланысты жүргізуші әңгімені қорытындылап, көрермендермен қоштаса бастап еді, Нафиса Кенесарина апамыз бас сүйекті қайтаруға Үкімет тарапынан ешқандай қолдау көрсетіліп, әрекеттер жасалынып жатпағанына ызаланып, эмоцияға беріліп кетті. «Мен айтамын, шақырған екенсіңдер бәрін айтпай кетпеймін»– деп байбалам салды. Жүргізуші өз біліктілігінің, сабырлығының арқасында бұл тығырықтан да шықты. Ендеше қашанда эфирдің қызығы мен шыжығына қатар түсіп жүретін тікелей эфирдегі сұхбат жүргізушінің рөліне байланысты мынандай талаптар ұсынар едім:



  1. Ең алдымен журналистің сөйлеушіге эфирде қойған сұрағы анық, айқын, ұғынықты болуға тиіс. Ал біз әңгіме етіп отырған «Тұжырым» бағдарламасының жүргізушілері ең сауатты сұрақтар төңірегінде ой қозғайды. Көбіне жаттанды сұрақтардан аулақ болуға тырысып, сұхбат берушіден тың ойлар күтілетін сұрақтар қояды.

  2. Эфирде жұмыс істейтін журналистке әдетте сұрақты сылбыр, жадағай түрде емес, күдік туғыза, қарсылық көрсете қою керек деп есептелінеді. Сонда журналистке жауап беретін адам да ширыға сөйлеп, жауабы жіті, жанды шығады. Бұл жерде мен журналистің өзіндік, азаматтық көзқарасын ұстануы шарт дер едім. Ол қызмет етіп жүрген арнасы мемлекеттік болсын, тәуелсіз болсын, оны ескермей, сол сәтте бәрін ұмытып, тек көрермен қауымның білгісі келіп отырған шындығын айтқызуға тырысатын жүргізуші ғана өз мақсатына жетеді. «Тұжырымның» жүргізушілері де қонақтарының сөзіне әрқашан бас изей бермейді, керісінше олардың пікіріне қарсы ой айтып, қонақ өз жауабына сенімді ме, соны нақтылай түседі.

  3. Сұрақ, оған берілетін жауаптың ұзақ сонар әңгімеге айналып кетпеуін ескере қойылуға тиіс. «Тұжырым» бағдарламасында осы мәселеге қатты көңіл бөлінеді. Кейде жауап беруші тақырыптан ауытқып басқа мәселені сөз етіп кетсе, кейде бір айтқан сөзін қайталай беріп көрерменді жалықтырып жіберуі мүмкін. Міне осы жағдайда жүргізуші сөйлеп тұрған адамның сөзін бөлуі тиіс. Бііірақ сөйлеп тұрған адаммен жатыса сөйлеу де эфир әдебіне жатпайды, тікелей эфир кезінде оған белгі беріп те тоқтата алмайсыз, сондықтан оның да өз тәсілдерін ұтымды қолданған жөн. Сөз бөлудің де өз әдебі бар. Мәселен, біздің жүргізушілер: «сөзіңіз аузыңызда, дегенмен...», «дұрыс айтасыз, бірақ...», « ол рас, алайда мынандай мәселе бар...» деген сияқты сөз бөлудің тәсілдерін көрерменге байқатпай әдемі қолдана біледі. Бұл да «Тұжырымның» өз ерекшеліктері.

  4. Сұрақты екінің бірі– не олай, не былай деген сияқты қылқылдатып қоюға да болмайды. Ондайда жауап беруші адам дұрыс жауаптан жалтарып, жүргізуші ұсынған дайын ұсқалардың біріне ауа салады.

  5. «Иә» немесе «жоқ» деп жауабы келте қайрылатын сұрақтардан да аулақ болған жөн. Өйткені мұндайда әңгіме желісі әлсін, әлсін үзіліп қала береді. Мәселен, жүргізуші студия қонағынан: Адматыдағы ойынханаларды Қапшағай қаласына көшіреді деген рас па?– деп сұрақ қойса, қонақ оған «рас»,– деп келте қайыра салуы да ғажап емес. Бұл көрерменге сұхбат емес, көшедегі сұрау салу болып көрініп кетеді.

  6. Өзіне-өзі жауап беріп тұратын сұрақтар да болады, сондайдан сақтану керек. Мұндай сұрақ қою арқылы жүргізуші әңгіме мазмұнын тереңдетіп, сөйлеуші пікірін ашып, анықтай алмайды.

Міне бұл талаптарды мен «Тұжырымды» зерттей жүріп жинадым. Бұған бағдарлама сақадай сай жауап береді. Енді «Тұжырымды» Хабар арнасындағы «Бетпе–бетпен» салыстырсақ.

«Бетпе–бет» те тікелей эфирдегі сұхбат. Бірақ оның ерекшелігі, тақырып алдын-ала белгіленіп, жоспары жасалынып, эфирге дайын күйде шығады. Тақырып таңдауда бұл бағдарлама кенже қалады. Себебі «Тұжырым» сол күннің, қаны тамып тұрған ең көкейтесті мәселесін ізін суытпай эфирге алып шығып сөз етсе, «Бетпе бет» бұрын өтіп кеткен мәселені де тілге тиек қылады. Бұрын бетпе-беттің бағыт бағдары басқаша еді, қазір мүлде өзгерген. Бұл туралы Құдайберген Тұрсын ағамыз мынандай пікір айтады: «Н. Иманғалиұлы кеткелі «Хабардың» «Бетпе бетінің » бағы ашылмай-ақ қойды. Әсіресе Бибігүл Жексембай мен Бейбіт Құранбек жүргізгенде, «мыналар тағы не бүлдірер екен?» деп ішіміз қылпылдап отырады. «Ана мәселе туралы не ойлайсыз?», «мына мәселені кеңірек айтып берсеңіз», «осы мәселеге тоқталсаңыз» деген сияқты «өткір» сауалдарды айтпағанда, мұнда хабардың мазмұнын ашатын сұрақтардың «қаны тамбай тұрғаны » біраз болды. Авторлық бағдарламалар ішінен Қасым Аманжоловтың «Шынның жүзі» («Қазақстан») бәйгені ешкімге бермей келеді. Сұрақ қоя білу, сұхбат берушіні жан-жақты ашу, ащы сұраққа ақиқат жауап алу хабардың негізгі көксейтіні десек, осының бәрін жеткізе білудің үлкен шеберлікті қажет ететіні сөзсіз»/ 22/.

Тұжырымда студияға екі қонақ шақырылады. Көбінесе бір біріне қарама-қарсы пікір айтатын қонақтар келеді. Себебі бір мәселені екі жақ та басын изеп, мақұлдай берсе, тақырып толық ашылмай, тұзы жоқ тағамдай дәмсіз болар еді. Таяқтың екі ұшы болатындай, кез-келген проблеманың да екі жағы болады. Міне «Тұжырым» осынысымен көрерменді баурап алады. Ал «Бетпе–бет» жүргізушісі бір қонақпен отырып тақырыпты талқылайды.

Бетпе-беттің ұтымды жері тікелей эфирдегі телефон қоңырауы шығар, өйткені қарап отырған көрерменнің де көкейінде ой тууы мүмкін, олармен де санасқан жөн. Алайда арнаның ішкі цензурасын, ол сұрақтың да бірнеше сүзгіден өтіп барып студия қонағына жетуін ескерсек сұхбатымыз шынайылығын жоғалтары хақ. Уақыты жағынан да «Тұжырым» 20 минуттық бағдарлама, сол аз ғана уақыт аясына жүргізуші қонақпен бірге айқас алаңына түсіп шығады. Ал «Бетпе–беттің» уақыты әлдеқайда көп. Алайда уақытты ұтымды пайдаланып әр минутына жауапкершілікпен қараған жүргізуші үшін уақыттың ұзақ, қысқалығы да ескерілмейді.

Бетпе-бет көбіне жалпылама сұрақтарға жүгінеді, ал «Тұжырымның» жүргізушілері керісінше жалпылама сұрақтан қашады. Мәселен, демография мәселесін екі бағдарлама да сөз етті. «Бетпе–беттің» ақпан айының 16-сы күні өткен санында Қазақстандағы жалпы демографиялық ахуал қандай?– деген сұраққа студия қонағы жарты сағат бойы әңгіме айтты. Бұл көрерменді жалықтырып жіберері сөзсіз. Себебі көрермен жалпы ахуал қандай екенін білгісі келіп отырған жоқ, ол қандай проблемалар бар, қайткенде халық саны көбейеді дегенді білгісі келіп отыр. Ал «Тұжырым» жүргізушісі дәл осы тақырыпты «Біз 2015 жылға дейін қазақтың санын 20 млн.ға жеткіземіз деп отырмыз. Осы жүзеге асады деп ойлайсыздар ма?»– деп бастады. Бұл жерде көрермен қонақ не дер екен, қалай жеткіземіз дер екен, деп еліктеп отыруы мүмкін. Міне екі бағдарламаның да әрі қарай жүру барысы алғашқы сұрақтан ақ белгілі.

«Бетпе–бет» көбіне қай тақырыпты алса, міндетті түрде маманды шақырады, ал «Тұжырымға» көрермен көкейіндегіні дөп басып айта алатын тұлға қажет.

Қаңтар айының 4-і күні өткен бағдарлама тақырыбы: «Жыл қорытындысы». Өтіп бара жатқан 2006 ит жылының елімізге әкелген жетістіктері де бар, кемшіліктері де бар. Қазақстан халқының басынан түрлі өзгерістер мен оқиғалар өтті. Мәселен, А.С. Терещенконың Қазақстан Республикасы Парламентіне түрлі ұлт өкілдерін квота арқылы енгізу мәселесін көтерсе, өзге славян тектестер «орыс тілі– екінші меекеттік тіл болсын» деп тепсінді. Осыған тойтарыс береміз деп жүрген ұлтымыз қазақшасы сақау, қос тілді теңге айналымға шыға келгенде біреу төбесіне мұздай су құйып жібергендей күйге түсті. Халық арасында дау-дамай тудырған Президенттің қазақ әліпбиін кириллицадан латын қарпіне көшіру туралы пікірі лезде-ақ ұмыт болғандай. Қазір бұл мәселені талқылап жатқан ешкім жоқ. Ал, енді, күнара шеруге шығаруға мәжбүр қалдырған оң жақ рулді көліктердің әңгімесі мүлде бөлек жыр. Тізе берсек көп. «Іс қағаздарды қазақ тіліне көшіреміз» деген уәделердің орындалмауы, аналардың жүрегіне жара салған Оңтүстік Қазақстандағы ВИЧ инфекциясының өршуі және ұлтаралық қатынастың шиеленісуі, «Елу елдің қатарына кіреміз» деп жар салғандардың сөз бен істі қабыстыра алмауы... Үш партия «Отанның» қолтығына кіріп, «Нұр Отан» партиясының кенеттен пайда болуы мен «Қазақтелекомның» экс-басшысының айлығы да ертегі тектес оқиғалар. Болат Сағдиевтей сайқымазақтың сандырағы билікті қызған табаға түскендей шыжбалақтауы дәл осындай келеңсіздіктердің ықпалы болса керек. Жалпы бұл ұмытылмас жыл. Осы тақырыптардың барлығы біздің «Тұжырым» бағдарламасында көтеріліп, талқыға салынды. Жыл бойы хабарға саясаткерлер де , тарихшылар да, экономистер де, заңгерлер де, ақын-жазушылар да қатысып, өз пікірлерін ортаға салды. Ал бүгінгі хабарға осының бәрін қорытындылап, әр оқиғаға шолу жасап, баға беру үшін қырағы көзді Көпен келе жатыр. Кәдімгі қара сөзді нанша илеп, жебесін нысанаға дөп қадайтын Көпен Әмірбек. Бұл бағдарлама сұхбатқа сатираны да кіргізді. Жүргізуші оған: – Сақау теңгені айналымға енгізбейміз деп біраз депутаттар тулап еді. Ішінде тіпті, теңге айналымға енсе, біздің шалбар киіп жүргеніміз бекер дегендері де болды. Теңге айналымға енді. Бірақ шалбарын шешіп тастаған бірде-бір депутат көзімізге түспеді, неге?– деген сұрақ қойды. Жүргізуші шымшып отырып шындықты айтқызатын сатира тілін шебер пайдаланып отыр. Бұл жерде жыл қорытындысын саясаткерді де шақыруға болар еді, әйтсе де саясаткерден гөрі, сатирик ақиқаттың ауылына бір табан жақын екендігін жүргізуші ескерген болу керек.

«Тұжырым» көп мәселеге ұлттық тұрғыдан келеді. Мемлекеттік тіл, ұлттық идеология, ұлттық мүдде, ұлтараздық қақтығыстар дегенге баса назар аударады. Мәселен, ақпан айындағы бағдарламаның кезекті санында студияға мәжіліс депутаты, тіл жанашыры Мұхтар Шаханов шақырылып, тіл мәселесі көтерілді. Алғашқы сұрақ: «Мемлекеттік тілге үкімет көңіл бөле бастаған сынды, үміт қандай? Бүгінгі премьердің мемлекеттік тілге осыншалық көңіл бөлуіне не себеп болды?». Ал енді осы тақырып «Бетпе бет» студиясында да сәуір айының 26сы күні талқыланды. Мұнда да М. Шаханов келді. Алғашқы сұрақ: «Мемлекеттік тілді дамыту жөнінде премьер қандай жұмыстар атқарып жатыр?». Қарап отырсақ жалпы сұрақ. Оған студия қонағы мынадай, мынадай жұмыстар атқарылып жатыр деп ауыз толтырып айта салуы анық. Ал «Тұжырым» жүргізушілері бірден астарын іздейді, көрерменге де ой салады, студия қонағымен бірге көрермен де ойланады. Сонымен қатар мұнда «Бәзбір саясаттанушылар, біздің депутаттар жігерсіз. Тіл төңірегіндегі мәселенің осы күнге дейін шешілмеуі соның кесірі дейді. Бұған қатысты не айтасыз?»– деген сұрақ бар. Иә, билік басындағыларға сын да айтылуы керек. «Сын түзелмей, мін түзелмейтініні» рас. Эфир- мылтықсыз майдан, шымбайына батырып шындықты да айту керек.

Тікелей эфирдегі сұхбат жүргізудің тағы бір әдісі, сұхбатты сұрақпен бастап, оны көрермен көңіліне жағатын «әдемі әңгімеге» айналдырып жіберу. Осындай «әдемі әңгіме» «Тұжырымның» кезекті санында ұлтқа жаны ашитын, жүрегі ұлтым деп соғатын халқының жанашыры, мәжіліс депутаты–Бекболат Тілеуханмен болды. Алғашқы сұрақ «Сіз ұлттық рух, ұлттық тәрбие мәселелерін жиі көтересіз. Бірақ осы жайттардың барлығын ұлттық идеология болмай өркендету мүмкін бе? Тәуелсіздік алғанына 15 жыл болған Қазақстан неге әлі күнге идеология мәселесін қозғамай келеді?»– деп басталды. Онсыз да мемлекеттегі ұлт мәселесінің кенже қалатынына қарны ашып жүрген Бекболат Тілеухан ағамыз бұған өте ұтымды жауап берді. Тағы бір мысал, мамыр айында Тұжырымға жазушы Дулат Исабеков келді. Тақырыпқа Дулат Исабековтың еліміздегі басты басылымға жарияланған «Бәсекеге берікпіз бе?..»–атты мақаласы өзек болды. «Дулат аға ,сіз өз мақалаңызда қазақ халқы өзінің күрес пен қорғаныс қабілетінен айырылды–дейсіз. Соңғы оқиғалар сол жоғалған қабілет-қарымның қайта оралуының белгісі емес пе?»,– деген сұрақта жүргізуші еліміздегі соңғы кезде жиі орын алып кеткен Атыраудағы қазақ-түрік қақтығыстары, қазақтардың ұйғырлармен, шешендермен арасындағы қарым қатынастарды айтып отыр. Осыған байланысты, «Бұл оқиғалардан ұлтараздық іздеу бекер. Билік жіберген қателіктердің халықтың шымбайына батуының көрінісі–деген пікірге қалай қарайсыз?»– деген тамаша сұрақ болды. Шындығында да Біз осы көпұлтты Қазақстан –деп ауыз толтырып айтамыз. Бірақ осы жерде тұрып жатқан кейбір ұлт өкілдерінің орманға қарап ұлуын қалай түсінуге болады. Атап айтқанда орыс-славян ұйымдары өздеріне қолдау көрсетуді сұрап, Президент Путинге жиі хат жазады. Мұны жергілікті басшылықты мойындамау деп түсінеміз бе?– деген сауал өте орынды қойылған. Соңғы уақытта еліміздегі өзге ұлт өкілдерінің өз құқықтары мен мүдделеріне көңілдері толмай жүргендігін айтуда. Біздіңше бұны өзіміздің тым бауырмашылдығымыздан көруіміз керек шығар.

Мемлекет саясаты мен ұлттық идеология екеуі– егіз ұғым. Жүргізуші өз мемлекетінің азаматы,өз ұлтының өкілі. Оның журналистік көзқарасынан отаншылдық рухы, ұлттық намысы айқын аңғарылып тұруы– шарт. Мұның өзі тікелей эфирдегі кәсіби шеберліктің бір тетігі тілден көрініс табады. Ендеше «Тұжырымның» проблеманы көтеру мен оның шешілу жолдарын көрсетіп, көрерменге ой тастаудағы рөлі зор.

Тікелей эфирдегі «Тұжырым» өзінің тағы бір хабарын осы мәселеге арнады. Ақпан айының 10-шы жұлдызында өткен бағдарламаның кезекті саны былай басталады. Екі күннен бері мемлекетіміздегі орыс, славян, казак ұйымдарының қауымдастығы және Қазақстан халықтар ассамблеясы елең еткізер мәлімдемелер жасалып жатыр. Бірі– орыс тілін мемлекеттік дәрежеге көтеру керек десе, енді бірі биліктің тұтқасын ұстауға өзге де ұлт өкілдері құқылы болу керек дейді. Осы мәселені Тұжырым жүргізушісі студияға келген қонақтар парламент мәжілісінің депутаты– Амалбек Тышан және журналист, саясаттанушы Сейдахмет Құттықадам мырзалармен талқылады. Алдымен тақырыпқа басты мәселеден кіріссек. Орыс, славян, казак қауымдастығының бастығы Регнум агенттігінде парламентке орыс тіл де мемлекеттік болсын деген жоба ұсындым депті. Ал, біз тілдескенде агенттік жаңылысыпты мен олай деген жоқ едім деп отыр. Осы тұста бір шикілік бар сынды көрінбей ме сіздерге?– деген күдікті сұрақтан бастады. Өзге ұлт өкілдері үнемі қазақтың кеңдігіне алғыс айтып, тәубесін ауыздан тастамайды. Ал славян ұйымдары тым белсенділік танытып кетті. Себебі не? Түртпектеуші бар ма?– деген сұрақ та болды. Біздің билік бәріне көңіл бөледі, қазақ ұлтының емес, өзге ұлттардың мүддесін ойлаймыз деп, Қазақстандағы бір ғана ұлттың мүддесі шет қалып қояды. Кешегі Конституциямызда да өзге ұлттың мүддесін ескергендіктен Парламенттен ассамблея мүшелеріне 8 орын сайлап беретін болды. Осыдан кейін еліміздегі өзге ұлт диаспоралардың бізге деген өкпе ренші орынды болмас.

Сол Ассамблея деп жүрген ассамблеямыздың өзі әлі атауы да дұрыс емес. Қазақстан Халықтары Ассамблеясы емес, Қазақстан Халық Ассамблеясы болуы тиіс.Себебі біздің елде бір ғана халых тұрады, ол– қазақ халқы, ал қалғандары өзге ұлттың өкілдері ғана.

Иә, Тұжырым елімізде болып жатқан қай мәселені болсын қалыс қалдырмайды, бәріне үн қосып бірге ілесіп отырады. Сұхбаттың заңы осы. Ол жаңа мәселені, әлі талқыға түсіп, дәмі кетпеген проблеманы көрермен талқысына салуы тиіс, мақсат– көрерменге ой салу, оларды да ойландыру. Себебі Тұжырымда көтерілетін қай мәселе болмасын, барлығы да еліміздің тағдырына қатысты, ұлттығымызғы байланысты мәселелер, сондықтан одан көрерменді қалыс қалдыруға болмайды.

Мемлекеттік тіл мәселесі, Тұжырым тақырыбының күн тәртібінен түскен емес. Тіл жанашыры Мұхтар Шаханов ағамыздың депутаттық мәлімдемесі де осы студияда талқыланды.

Осы жылдың 29 қыркүйегінде мен Парламент Мәжілісі қабырғасынан ҚР Конституциялық Кеңесіне 30 депутаттың қолдап, қол қоюымен мына мазмұнда мәлімдеме жасағанмын. Үзінді келтірейін. Ата заңымызда «орыс тілі қазақ тілімен тең қолданады», деген жазу бары рас. Бірақ одан орыс тілі де мемлекеттік тіл деген ұғым тумауы тиіс. Еліміздің А.Сәйденов сияқты космополиттері өз ыңғайына қарай бұрып, жұртты әбден шатыстьырды. Сондықтан Конституциялық соттың төрағасы Игорь Рогов мырзаға «Қазақстанда мемлекеттік тіл біреу ме, екеу ме?», осыны заңды түрде айқындап беруге депутаттық сауал жолдаймын. Конституцияның 7-бабына талдау жасауыңызды және мына сұрақтарға жауап қайтаруыңызды сұраймын. Мемлекеттік тіл мен ресми тілдің теңдік жағдайында мемлекеттік шараларда, халықаралық кездесулерде, Парламент отырысында заң мәтінінің үстемдігі тұрғысында қай тіл басымдыққа ие?

«Тұжырым» тақырыпты батыл таңдайды,әсіресе, ұлттық мүдде, тіл дегенге келгенде алдына жан салмайды, ал Бетпе бетте олай емес, ұлттық мәселеге мүлде жоламайды, жалпы тақырыпты әңгіме өзегіне айналдырып отыра береді. Мен айтар едім, егер эфирдегі сұхбат, көрермен мүддесіне қызмет етпесе, оны көрсетудің қажеті шамалы.

Негізінде қай бағдарлама болмасын- мемлекеттік мүдде мен ұлттық идеологияны жандандыру үшін қызмет етуі керек.

Тұжырым саяси бағдарлама деймін. Саяси публицистиканың да көтерер жүгінің ауыр екені аян. Ең қиын тақырып – саясат деймін, сондықтан 31-ші арнаның батыл да батыр қадам жасап мұндай бағдарламаны алып шығуы–үлкен ерлік.

Ата заңымызға өзгерістер енгізіледі деген сыбыс шыққан кезде-ақ бұл мәселе осы студияда талқыланды. Қонаққа «Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы– Дос Көшім мен Саясаттанушы– Сайфолла Сапанов келді. Алғашқы сауал: Елбасы Депутаттардың санын емес, сапасын арттыру керек деді. Сөйтіп келді де Қазақстан халықтар ассамблеясының мүшелерінің есебінен сенаттың да мәжілістің де ауқымын кеңейткенді дұрыс санаймын деді. Бұл қарама-қайшылыққа не себеп?,–деді. Сонда көрермен көкейінде мынадай сауал туады: «Болашақ депутатты біліміне емес, ұлтына қарап сайлайтын боламыз ба?». Иә, заңды сұрақ. Тағы бір сауал, «Ата заңға өзгерістер енгізуді ілгеріде бірқатар оппозициялық ұйымдар мен партиялар ұсынған болатын. Осыған қарағанда билік оппозицияның кеңесімен де санаса бастады деуге бола ма?».

«Тұжырым» сұрақтары сауатты қойылады. Көрермен мүддесімен де санасады. Мен тікелей эфирдегі сұхбаттың тамаша үлгісі деп, осы бағдарламаны айтамын.

Иә, бұл тарауымызды аяқтай келе мен мынадай пікірлер ұсынар едім. Кейіпкермен кездесу, сұрақ қою не сұхбатты жүргізу сәттерінде әңгіменің құлпырып, түрленіп, бояу нәрінің қоюлануы– телжүргізушінің табиғилығы нәтижесінде жүзеге асатын жәйттер. Жүйесімен айтылған ой, жарасымды тіркес, өзекті тақырып, хабардың шырайын кіргізіп, аудиторияға жаңа бір леп әкеледі. Алайда көпшілігінде осы қажеттілікке қол жете бермейді. Оның басты себептеріне мыналар жатқызылады: 1) экрандағы сұхбаттасу өнері–сұхбаттасушының зерделілігі мен білімдарлығына, тереңдігіне байланысты, сұхбаттасушы сол тақырыптан жан-жақты хабардар болып, тақырыбын терең зерттеген болса, ол жақсы жауап бере алады. Жүргізуші бір сұрақтың төңірегінде ұзақ ұсталмай, оған жаңа сұрақтар қойған жөн. Себебі бір сұрақты айнала берсе, одан көрермен де жалығады, кейіпкер де тақырыптан ауытқып кетеді.

2) Сұхбаттың табиғилығы сөйлеушінің ана тіліміздің заңдылықтары мен ережелерін түгел меңгерген, әрі тіл байлығы мол болғанда, одан сайын құнарланады. Тіл мұхитының тереңіндегі сөздер де жарасымды өрбиді. Сұхбат кезінде бір сөздің бірнеше баламасын қатар қолдана отырып, «жаңағы», «енді», «тағы да», «сондай-ақ», «әйтсе де», «яғни» деген тіркестерден арылған жөн. «Тіл мәдениеті дегеніміз– сөйлеудегі, жазудағы сыпайылық, ізеттілік қана емес, сонымен қатар айқын ойлылық, сөзді дәл айту шеберлігі, сөйлеу өнеріне шыныққандық, сауаттылық» /23/,– дейді М.Балақаев. Ендеше, мен айтар едім, эфирде сұхбат жүргізіп тұрған адам ана тілінің майын тамызып ішетін болуы керек және ана тіліміздің бай сөздік қорын пайдаланып, жаңағы атап өткендей жауыр болған сөздерден арылғанымыз жөн. Бір сөзді қайталап айта берсек қадірі қашатыны анық. Ал сәбит Мұқанов ағамызша айтсақ, «ақиқаттың өзін қайталап айтқанда ғана жадыңызда ұзақ сақталады».

3) Сұхбаттасушының қарапайымдылығы, оны аудиторияға етене жақындастьрады. Өйткені көрерменге ортақ түсінікті тілмен мәнерлі баяндау, ойды толық жеткізу, әсірелеуден аулақ болу– қойылар талаптардың бірі. Егер ол «мен бәрін білем» дегендей көкірегін көтеріп тұрса, ол жақсы нәрсе емес. Сұхбат кезінде артық тіркестерге әуестік танытпай, парасат-пайымына орай, ойлар тізбегін шашыратпай, тіл ұшына келген сөзді айта салмай, ойланып, толғанып баяндаған сөздің дәмі сөйлеу кезінде ерекше болады.

4) Кейіпкердің ой өрісін, адамшылық ізгі қасиетін, қуанышын, күлкісін, барлық табиғи болмысын өмірдегі өз қалпында экран арқылы әңгімелей отырып көрсету де шеберліктің танылар тұсы.

Сұхбат кезінде өмір құбылыстарын терең пайымдай отырып, сұлу сөзбен экранда бейнелі сурет салу, әрі әр сөзіне ажарлы бейне беру–шын суреткерліктің белгісі. Суырып салма, қызу әңгіменің, жазбаша сөзге қарағанда үлкен айырмашылығы бар. Ырғақ, бейнелеу қимылы, ыммен түсіндіру, айтылған сөздің ықпалын күшейтеді. «Сөйлеп тұрған адамның–сөйлегенде кідіріс жасауы, ұқыпсыз алынған сөздер, күлімдеу, күлу– мұның барлығы айтылып жатқан сөздің ауқымын кеңейте түседі, сөйлемді оңтайлы, көрнекті, бейнелі, сезімді етеді» /24/,– дейді И.Андроников.

Көбіне тәжірибеге сүйене отырып талдаған бұл тарауымды мен былай қорытындылаймын: Тақырып таңдау мен проблема көтеруде «Бетпе-бет» кенже қалады. Меніңше, оларға «әйтеуір, сұхбат өтсе болды». Ал 31-ші арнадағы «Тұжырым» бағдарламасының проблема көтеруде, нағыз ақиқатқа жақындайды, мемлекетіміздегі нағыз қаны тамып, шешуді қажет етіп отырған мәселелерді эфирге алып шығып, ол туралы кесек ой, тұщымды пікір айтып, көрерменге ой салатын кейіпкерді студияға шақырады. Бір күннің, бір аптаның кейінге қалдыруға болмайтын айтулы оқиғасы Тұжырымның тақырыбына айналады. Кәсіби шеберлігі шыңдалған, ана тіліміздің майын тамызып ішетін бағдарлама жүргізушілері Досымбек Қонысбекұлы мен Досан Қызайбекұлы сұрақ қоюдың ұтымды тәсілдерін пайдаланып жүргізген сұхбат шынайы шығады.




Каталог: wp-content -> uploads -> 2019
2019 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы қаласы Білім басқармасының
2019 -> Тошкент давлат иқтисодиёт университети ҳузуридаги фан доктори илмий даражасини берувчи
2019 -> Программа работы направлений XXVII международных рождественских образовательных чтений
2019 -> Община бяла
2019 -> Базовый курс аналитической психологии, или Юнгианский бревиарий
2019 -> Редкие и исчезающие виды животных и растений Республики Башкортостан


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет