Типовая форма



жүктеу 96.58 Kb.
Дата29.08.2018
өлшемі96.58 Kb.
түріКонкурс

Ақпараттық технологиялар және мемлекеттік

қызмет және ауыл шаруашылығын дамыту бөлімдерінің бас мамандары, облыс әкімінің бас инспекторы «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымының бос орына ҚР мемлекеттік қызметшілері арасынан ішкі туралы хабарлама
Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты
2018ж. 19 қаңтар
«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының бос орындарына СҚО әкімі аппараты мемлекеттік қызметшілері арасынан ішкі конкурс жариялайды:

1. Облыс әкімінің бас инспекторы. Әкімшілік мемлекеттік қызметкер санаты - D-3. Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 123 257 теңгеден 166 563 теңгеге дейін.

Негізгі функциялық міндеттері:

Облыс әкімінің, аппарат басшысының жергілікті атқарушы органдармен және өкілетті билікпен ұйымдық және ақпараттық байланысын іске асырады; Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметі актілерінің, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін қалалар мен аудандар әкімдерімен облыстық атқарушы органдар басшыларымен орындау барысын бақылайды және тексереді; аудандардың әлеуметтік-экономикалық даму жағдайын, экономиканы реформалауды, халықтың түрлі жіктерінің өмір деңгейін, қоғамдық-саяси жағдайды зерделейді және талдайды; Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауын жүзеге асыру жөнінде Желілік кестелер жасайды; облыс әкімінің кеңестерін, есеп беру кездесулерін ұйымдастыру және өткізуді қамтамасыз етеді; ай сайынғы және жыл сайынғы негізгі облыстық іс-шаралардың, облыс, Петропавл қаласы және аудан әкімдерінің есептік кездесулердегі халықтың ұсыныстары мен ескертулерінің орындалуларына мониторинг жүргізеді; бос орындар, оның ішінде сайлау комиссияларындағы бойынша талдаулар жүргізеді; өңірлердің кадрлар әлеуетіне бағалау жүргізеді; болжамдық-талдаулық жазбахаттар дайындайды; облыс әкімінің нормативтік актілері жобаларын дайындауды жүзеге асырады; әкім аппараттарының төмендегі буындағы мемлекеттік қызметшілерінің, кадрларының сапалық құрамына талдаулар жүргізеді, кадрларды таңдау және орналастыруды жетілдіру жөнінде ұсыныстар береді; облыс әкімінің номенклатурасына жататын органдар басшыларының лауазымына тағайындау үшін кадрлар резервін қалыптастырады; облыс әкімінің атына және басқа инстанцияларға түскен жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтініштері мен шағымдарын қарайды және тексерулер жүргізеді, олар бойынша қорытынды және жауаптар дайындайды; облыстың әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгерту жөніндегі ұсыныстарды зерделейді; Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламентінің жергілікті өкілдік билік, өзін-өзі басқару органдарының сайлауларына, референдумдарға, облыстық іс шараларға ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады; ресми тұлғалар мен делегациялардың сапарларын ұйымдастыру, облыс әкімі, облыс әкімі аппараты басшысының тапсырмаларын орындауды қамтамасыз етеді; жүйелі түрде аппарат басшысын, бөлім меңгерушісін жетекшілік ететін аудандардағы, Петропавл қаласындағы, жергілікті атқарушы органдардағы жағдайлар туралы тұрақты хабардар етіп отырады.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

- білімі жоғары: «ауыл шаруашылық ғылымдар», немесе «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес», немесе «құқық», немесе «білім», немесе «гуманитарлық ғылымдар», немесе «қызметтер», «жаратылыс ғылымдар», немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар» бейіндері бойынша.



Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі төртжылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау арнайы мемлекеттік органдардың басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.



2. Ауыл шаруашылығын дамыту бөлімінің бас маманы

Әкімшілік мемлекеттік қызметкер санаты - D-4. Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 93 273 теңгеден 125 755 теңгеге дейін.



Негізгі функциялық міндеттері:

Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарға сәйкес, оның ішінде мүмкіндігінше аппараттық жұмыс тәжірибесінің болуы.

Облыс әкімі орынбасарының, облыс әкімі аппараты басшылығының қызметін ұйымдық – құжаттамалық қамтамасыз ету. Жергілікті атқарушы органдардың және жетекшілік ететін салалардың басқару құрылымдары қызметінің әр түрлі жақтарын сипаттайтын мәліметтер жинау, қорытындылау және талдау, облыс басшылығын ақпараттық қамтамасыз ету. Облыс әкімдігінің отырыстарында, облыс әкімімен және әкімнің орынбасарымен өткізілетін комиссияларда, кеңестерде қарау үшін қажетті құжаттарды дайындау. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің, облыс әкімдігі қаулыларының және облыс әкімі шешімдерінің жобаларын дайындау және редакциялау, қабылданғаннан кейін олардың орындалуын ұйымдастыру. Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, орталық атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерінің, облыс әкімдігінің қаулыларының және облыс әкімі шешімдері мен өкімдерінің, облыс әкімі орынбасарының нұсқауларының, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бағдарламаларының орындалуына бақылауды жүзеге асыру. Облыс әкімінің, облыс әкімі орынбасарларының қатысуларымен өтетін кеңестерде салалық департаменттермен, басқармалармен хаттама жүргізілуін қамтамасыз етілуіне бақылау жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

- білімі жоғары: «гуманитарлық ғылымдар», немесе «білім», немесе «құқық», немесе «жаратылыс ғылымдар», немесе «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, қаржы, есеп және аудит), немесе «ауыл шаруашылық ғылымдар» бейіндері бойынша.



3. Ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызмет бөлімі бас маманы (негізгі қызметшінің жүктілікке және босануға байланысты еңбекақысы сақталмайтын демалыс кезеңіне)

Әкімшілік мемлекеттік қызметкер санаты - D-4. Лауазымдық айлықақысы еңбек еткен жылына қарай 93 273 теңгеден 125 755 теңгеге дейін.



Негізгі функциялық міндеттері:

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы мен Өкімдерінен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, орталық атқарушы органдардың қаулылары мен өкімдерінен, облыс әкімдігінің қаулыларынан, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің шешімдері мен өкімдерінен туындайтын міндеттерді шешуді іске асыру; ақпараттық жүйелерді дамытуға бағытталған Президенттің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Жарлықтарын, Қаулыларын және басқа актілерінің, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жергілікті атқарушы органдармен орындалуларын тексеруді жүзеге асырады; облыста ақпараттық технологияларды дамыту және енгізу мәселелері жөнінде материалдар мен ұсыныстар дайындайды; меморгандардың бірыңғай тасымалдау орталығын енгізуге, әкімдіктің және құрылымдық бөлімшелердің Электрондық құжат айналымы жүйесін дамытуға қатысады, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады; е-лицензиялау ақпараттық жүйесіндегі жұмысты ұйымдастырады; электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету порталын құру және жаңғырту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады; облыстың меморгандарының қолданыстағы ведомстволық ақпараттық жүйелеріне талдауды жүзеге асырады; жергілікті атқарушы органдардың компьютерлік жарақтандырылуының жай-күйін талдайды; облыс әкімдігі мен жергілікті атқарушы органдардың «Ақпараттық технологияларды қолдану» бағыты бойынша қызметінің тиімділігін бағалауды жүзеге асырады; техникалық тапсырмалар әзірлеуге қатысады; мемлекеттік электрондық қызмет көрсетуді іске асыруды автоматтандыратын ақпараттық жүйе құруды бақылайды; жаңа ақпараттық технологиялар, мәліметтер базасын енгізуді, облыс әкімі аппаратының ақпараттық инфрақұрылымының жұмысын дамытуды және бақылауды жүзеге асырады; Солтүстік Қазақстан облысын ақпараттандыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кеңестер өткізуіне материалдар дайындайды; өз құзыреті шегінде оған бөлім меңгеруші берген басқа да өкілеттіктерді атқарады.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

- білімі жоғары: «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару), немесе «құқық», немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар», немесе «білім» (математика, информатика), немесе «жаратылыс ғылымдар» (математика, информатика) бейіндері бойынша.



Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес келуі тиіс:

1) мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, C-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) B-6, C-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау арнайы мемлекеттік органдардың лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

4) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы


21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

Қажетті құжат тізбесі:

1) нысан бойынша өтініш; 

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім, құжаттар ұсынылатын күнге дейін күнтізбелік 30 күн бұрын.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты ( біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсыныстар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішке конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте немесе электронды түрде электрондық пошта мекенжайына не E-gov» электронды Үкімет порталы немесе «е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйе арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде не «E-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда, олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей беріледі.

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер, оларды әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күнінен бастап, 3 жұмыс күн ішінде облыс әкімінің аппаратында өтеді.

Конкурстық комиссия жұмысының айқындылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырыста байқаушылар және сарапшылардың қатысуына жол беріледі.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органының интернет-ресурстарында орналастырылған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде 150011, Петропавл қаласы Қазақстан Конституциясы көшесі, 58, 122-кабинет, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты мекенжайы бойынша немесе akimat@sko.kz электрондық поштасы бойынша ұсынылуы тиіс. Анықтама телефоны: 46-50-79.


«Б» корпусының мемлекеттік


әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан
__________________________


(мемлекеттік орган)

Өтініш
     

Мені___________________________________________________________


____________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:


____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

     


Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
____________________________________________________________________
________                         ____________________________________
  (қолы)                                    (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет