Сомнолог, медицина ғылымдарының докторы, профессор Роман Бузунов апноэ (ұйқы кезінде тыныс алудың қысқа мерзімді тоқтауы) ағзада қандай бұзылулардың болуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі aif.ru порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сурет pexels-тен

Маман түнде қорылдау мидың ерте қартаюымен байланысты екенін, қандағы оттегі мөлшерінің төмендеуіне әкелетінін атап өтті.

"Елестетіп көріңізші, адам сегіз сағат ұйықтайды. Осы уақыт ішінде оның тыныс алуында 500-600 үзіліс болып, қорылдайды. Яғни, ол жалпы төрт-бес сағат дұрыс дем алмайды. Ал денені қалпына келтірудің барлық процестері — оның физикалық және психикалық күйі негізінен ұйқыда жүреді. Энергияның жиналуы, мидың ыдырау өнімдерін шығару, ішкі органдардың функцияларын реттеу ұйқы кезінде орындалады", — деп түсіндірді сомнолог.

  • "Қан тамырлары жарылып кетеді": Дәрігер түшкіруді тежеудің қаупін айтты

  • Еттен кейін Coca-Cola ішу дұрыс па – Танымал жарнамаға қатысты маман пікір білдірді

Сондай-ақ ол ұйқы бұзылса, тек ми ғана емес, бүкіл дененің қалпына келмейтінін қоса кетті. Маманның пікірінше, ми қалыпты жұмыс істеуі үшін денедегі барлық қанның үштен бір бөлігін қажет етеді.

"Ұйқыдағы апноэ кезінде байқалатын созылмалы ұйқының бұзылуы мидың қартаюына әкеліп қана қоймайды, сонымен қатар жүрек-қан тамырлары, зат алмасу және неврологиялық бұзылулардың даму қаупін арттырады. Нәтижесінде өмір сүру ұзақтығын қысқартады және өмір сүру сапасын айтарлықтай нашарлатады", — деп атап өтті профессор.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.