Титулды бет Аты – жөні: Ермұханова Клара Олжабайқызы Мекен-жайы



жүктеу 455.09 Kb.
бет1/3
Дата21.04.2019
өлшемі455.09 Kb.
  1   2   3

Титулды бет

Аты – жөні: Ермұханова Клара Олжабайқызы

Мекен-жайы: Құрманғазы ауданы, Жұмекен ауылы,

Туған жылы 17 желтоқсан 1961 жылы

Білімі: жоғары, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, математика факультеті

Еңбек өтілі: 34 жыл Санаты: 14 санатты

Атқаратын қызметі: Еңбекші орта мектебінің мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Көкейкесті мәселесі:

Тәуелсіз еліміздің бәсекеге қабілетті, білімді, елін,ана тілін сүйетін, салауатты өмір салтын насихаттайтын саналы да жаңашыл жеке тұлғаны тәрбиелеу.



Жетістіктер:

2010 жылы Аудандық «Ең үздік тәрбие жүйесін ұйымдастырушы мектеп -2010» байқауында 1 орын,

2011 жылы Облыстық «Үздік ұйымдастырушы – тәрбиеші 2011» конкурсында 3 дәрежелі дипломмен марапатталды.

2011 жылы Облыстық «Нашақорлыққа қарсы күрес – еліңе қосқан үлес» атты ең үздік наркобекеттер байқауында 1 дәрежелі дипломмен марапатталды.

2011 жылы «Нұр Отан »ХДП Құрманғазы аудандық филиалы «Жас Отан » Жастар қанатынан Алғыс хатпен марапатталды.

2011 жылы «Тәрбиелік технологиялар»атты аудандық мектеп директорларының семинарында үлгілі тәрбиелік шара көрсеткені үшін дипломмен марапатталды.

2012 жылы Аудандық «Ең үздік әдістемелік-дидактикалық құралдар» байқауында 2 орын иеленіп, дипломмен марапатталды.

2013 жылы Облыстық Педагогикалық оқуда «Білім беру ұйымдарында патриоттық тәрбие берудің педагогикалық негіздері» тақырыбындағы жұмысы 1 орын иеленді. Облыстық «Білім беру қызметкерлерінің кәсіби өсуі – білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің шарты» атты баяндамалар жинағына енді.

2013 жылы І Республикалық педагогикалық оқуға қатысып, сертификат иеленіп, жұмысы «Педагогтің кәсіби өсуі – білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің басты шарты» жинағына енді.

2013 жылы Аудандық «Біз еліміздің болашағы» үздік наркобекеттер байқауында 1-орын иемденді.

2014 жылы Облыстық «Үздік ұйымдастырушы- 2014» байқауында 3 орын.

2014 жылы Облыстық «Біз еліміздің болашағы» үздік наркобекеттер байқауында бас жүлде иемденді.

2014 жыл «Бейбітшілік әлемі» халықаралық шығармашылық бірлестігі. Жұлдызхды талант оқушылар фестивалінде алтын медаль иегері, республикалық мұғалімдер қоғамдастығының мүшелігіне енгізілді

Тәжірибе таратылуы

2010 жылы «Наркобекеттің жұмысын ұйымдастырудың іс-тәжірибесінен» тақырыбындағы жұмысы аудан мектептері арасында таратылды.

2011 жылы аудандық мектеп директорының орынбасарларының семинарында Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған «Тәуелсіз қазақстан-туған елім» тақырыбында ашық өнеге сабағы өткізіп, тәжірибесі аудан көлемінде таратылды.

2011 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

2013 жылы І Республикалық педагогикалық оқуға қатысып, сертификат иеленіп, жұмысы «Педагогтің кәсіби өсуі – білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің басты шарты» жинағына

Атырау облысы

Құрманғазы ауданы

Еңбекші орта мектебі



Баяндама

Білім беру ұйымдарында патриоттық тәрбие берудің педагогикалық негіздері

Ермұханова Клара Олжабайқызы

Еңбекші орта мектебінің мектеп

директорының тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары.

2014 жыл
Жоспар:





  1. Кіріспе.




  1. Негізгі бөлім.

1.Жеке тұлғаның бойында қазақстандық патриотизмді

қалыптастырудың теориялық-әдiснамалық негiздерiн

үйрету.
2. Тұлғаның патриоттық құндылығын

қалыптастырудың теориялық-тұжырымдамалық

негіздері.

3. Патриоттық тәрбиенің ұстанымдары, ұйымдастырудың

әдіс- тәсілдері.


III. Қорытынды

Білім беру ұйымдарында патриоттық тәрбие берудің педагогикалық негіздері

Ермұханова Клара Олжабайқызы

Еңбекші орта мектебінің

мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
«Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде , оларға жастайынан имандылық пен ұлтжандылық қасиеттерді сіңіре білсек, сонда ғана біз ұлттық рухы дамыған Отанының гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз

Қазақстандық патриотизм мен саяси ерік–жігер – жаңа Қазақстанды құрудың аса маңызды факторлары болып табылады» [2]



Н.Ә. Назарбаев.

Адам баласының әрқайсының өз өмір жолы болатыны тәрізді, кез-келген халықтың, қоғам мен мемлекеттің өз тарихи ғұмыры бар. Ол көне тіршілік көшінде сан алуан кейіпте көрініп келе жатқан күрделі үрдіс. Әр ұрпақ өзінің бұрынғы ұрпақтың жалғасы болғанынан, өз дәуірінің шыңырауына үн қосып, өз соқпағын іздейді.Әлем тарихында патриоттық тәрбие және әскери патриоттық туралы білім кең тараған.

Тәуелсіз Қазақстан жағдайында біз патриоттық тәрбие беруді қазақ этнопедагогикасының негізінде қарастыруды тиімді деп есептейміз. Қазiргi кезде республикамыздың егемендiгi мен бейбiтшiлiгiн сақтауда тұлғаның патриоттық құндылықтарын дамыту арқылы Қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға үлкен мән берiлiп отырғандығы Қазақстан Республикасы Конституциясында, Қазақстан Республикасы “Бiлiм туралы“ Заңында, Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасы Президентiнiң республика халқына Жолдауларында, Қазақстан Республикасы тарихи сананы қалыптастыру, Қазақстан Республикасы мәдени-этникалық білім беру тұжырымдамаларында, “Адам құқықтарының жалпыға бiрдей декларациясында“, “Бала құқығы туралы декларацияда“ және үкiметтiң құжаттарында, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен ағымдағы басылым беттерiнде айқын аңғарылады.

Халқымыздың патриоттық үлгісін Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Ақтамберді, Бұқар жырау және ХХ ғасырдың басында қалыптасқан Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Жүсіпбек Аймауытов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мағжан Жұмабаев сынды қазақ қайраткерлері жасап берді деуге негіз бар.

Тәрбиенің іргетасы қаланатын тұсы – отбасы мен мектеп. Сондықтан өмірде жастар арасында кездесіп жататын ана тілін ұқпау, салт-дәстүрді білмеу, үлкенді сыйламау сияқты келеңсіздіктердің пайда болуы, отбасындағы тәрбиенің жеткіліксіздігі ата-ананың бала тәрбиесіне аса мән бермеуінен болып отыр. Бауыржан Момышұлының «Тәрбиенің қайнар көзі – ата-ана. Олардың тыныс-тіршілігі, өмірге көзқарасы, рухани өрісі, өзара қарым-қатынасы, қысқаша айтқанда, бүкіл болмысы балаға тәрбие» деген сөзінде, ар-ұят, намыс, имандылық секілді адамның азаматтық қасиеттерін насихаттаған.

«Халық кемеліне келіп, өркендеуі үшін, ең алдымен, азаматтық пен білім керек» деп ұлы Шоқан Уәлиханов өте орынды айтқан. Ендеше жан-жақты ел тарихын жетік білетін, заман талабына сай жастарды тәрбиелеу – бүгінгі күн талабы.



Патриоттық тәрбиені іске асырудың ұстанымдары
Білім мен тәрбие тетіктерін іске қосу арқылы ұрпақ бойына отаншыл болатындай асыл қасиеттерді дарыту, түптеп келген­де, Отан әлеуетін нығайтудың ең сенімді кепілі екені дәделденуде.Президент Н.Ә.Назарбаев патриоттық тәрбиені бір сәт қаперден тыс қалдырмай, тіптен жеке басының қадір-қасиетімен отаншылдықтың, елжандылықтың тамаша үлгісін көрсетіп келе жат­қанына куәміз. Тәуелсіздік жыл­дарында Елбасының қаламынан туған “Ғасырлар тоғысында”, “Тарих толқынында”, “Қазақстан-2030”, “Сындарлы он жыл” сияқты терең мазмұнға толы еңбектерінде шын мәнінде Отанын шексіз сүйген, сол жолда қажыр-қайраты мен білім-білігін жан-тәнімен жұмсай білген жанның, отаншыл­дық рухын айқын аңғартуда. Содан да болу керек, Н.Ә.На­зарбаевтың Қазақстан Рес­публикасы Президентінің лауазы­мына ресми кірісу рәсімінде сөйлеген сөзінде айтқан мына ойлары біздің әрқайсымыздың жан-жүрегімізді отаншыл болуға үндеген өсиеттей баурады: “Біз Отанымыздың қасиетті байтақ даласын қантөгісті шайқастарда қорғаған батыр бабаларымыздың рухына лайық болуымыз керек. Олар тәуелсіздікті аңсады, біртұтас, қуатты мемлекет құруды арманда­ды. Осы ұлы мұратты жүзеге асырудың асқақ абыройы біздің ұрпақтың пешенесіне жазылды. Біздің тарихи міндетіміз елімізді әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына қосу, сөйтіп келер ұрпаққа өркенді де өршіл Қазақ­станды табыстау» деп атап көрсетті. [3]

Патриотизм дегеніміз – Отанға деген сүйіспеншілік, әрбір азаматтың мемлекет алдындағы борышын жанқиярлықпен орындау.Ал қазақстандық патриотизм Қазақстан азаматының өзін осы елдің төл баласы, нағыз азаматы ретінде сезінгенде, Қазақстанды өзінің туған елі, Отаны деп есептеген жағдайда ғана қалыптасады.Қазақстанның патриоты қандай болу керек екенін ой елегінен өткізсек, онда оның ерекшеліктері мынада деп түсінеміз.

1. Қазақстанда 130–дан астам ұлт өкілдері тұрады, көп ұлтты мемлекет. Барлығы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне ерекше құрметпен қарайды, шын ниетімен қадірлейді. Қазақстан азаматының Конститутциялық құқығын сақтайды. Әрбір ұлттың өкілі Қазақстанды ортақ үйіміз деп санай білуі.

2. Қазақстанда тұратын барлық халықтардың ұлтына қарамай, Отанды қорғауға дайын болуы. Қазақстан халықтары Ассамблеясында қабылданған барлық шешімдердің іске асуына өз септігін тигізуі.

3. Бұл әрбір азаматтың тек өзінің конституциялық борышын өтеуі ғана емес, сонымен бірге оның тұлғалық сапаларының қалыптасуы.

4. Қазақстан халықтарының бойына патриоттық сезімді қалыптастыру мақсатында қазақстаның өсіп-өркендеуіне сендіру, оны мақтаныш тұту.


5. Қазақстан Республикасының азаматының Отанын қорғауға деген оң көзқарасын қалыптастырып, Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің әскері қатарында болатынына жеке тұлғаның бойында ұлттық патриоттық мақтаныш сезімін тудыру.

6. Қазақстандық патриотизмді білім беру ұйымдарында қалыптастыру және оның ерекшеліктерін саралай келе патриоттық тәрбие берудегі ұстанымдарды жүзеге асырамыз.



Патриоттық тәрбие берубағытындағы ұсынылатын қағидалар:

1.Қазақстан Республикасы әлеуметтiк даму жағдайында мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудiң ғылыми - әдiснамалық негiздері аксиологиялық, мәдениеттану, өркениеттілік, жүйелілік, тұлғалық, іс-әрекеттік, әлеуметтік тұғырнамасы арқылы айқындалады.

2.Патриотизмнiң қалыптасуының тарихи алғы шарттарын негіздей отырып,

тәрбие мәселесіне сәйкес “патриотизм“, “ұлттық патриотизм“, “Қазақстандық патриотизм“, “жалпыадамзаттық патриотизм“, “патриоттық тәрбие“, “патриоттық құндылық“ ұғымдарына педагогикалық- психологиялық тұрғыда сипаттама беріледі.

3.Жалпыадамзаттық және отандық білім жүйесінде оқушыларға патриоттық

тәрбие берудiң педагогикалық және психологиялық негiздерi жасалады.

4.Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудiң мотивациялық –тұлғалық,іс-әрекеттік-бағалаушылық құрылымына сәйкес өлшемдерi мен көрсеткiштерi айқындалып, жүйесі жасалады.

5.Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің ғылыми-тұжырымдамалық негіздері қоғамның әлеуметтiк даму жағдайында көпұлтты Қазақстан Республикасы үшiн қазақстандық патриотизмдi қалыптастыруға негiзделген тәрбие кеңiстiгiн құруға бағытталады.



Жеке тұлғаның бойында қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың теориялық-әдiснамалық негiздерiн үйрету.

Бүгінгі жаһандану үрдісінде патриотизм ұғымы тек мемлекеттiк тұрғыда ғана емес, әлемдiк деңгейде бейбiтшiлiк пен тыныштықты сақтау мәселесi тұрғысынан қарастырылады. Қазақстандық патриотизмді әлемдiк тыныштық пен бейбiтшiлiктi сақтаудың негiзгi бiр тұғыры деп айтуға болады. Қазақстан Республикасының алғашқылардың бiрi болып ядролық қарудан бас тартуы, сынақ алаңдарын жабуы, бұл әлемдiк бейбiтшiлiктi сақтауға жасаған негiзгi қадам болып табылады.

Патриотизмнiң қалыптасуының тарихи алғы шарттары ежелгі сақ, ғұн, Түркi қағанаты, Алтын Орда, ХҮI-ХҮIII ғ.ғ., ХIХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық көтеріліс, Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде негiзi қаланып, 1986 жылғы қазақ жастарының елiмiздiң тәуелсiздiгi үшiн күресi арқылы жалғасын тауып, бүгiнгi егемен елiмiздiң қарқынды дамуы үшiн өз үлестерiн қосып отырған Қазақстан халықтарының еңбектерiнен көрiнiс тауып отырғаны белгілі.

Патриотизм - жеке тұлғаның “табиғат-адам-қоғам“ жүйесінде әлеуметтену үрдісін қамтамасыз ететін тұлғаның құнды сапалық қасиеті. Сондықтан да патриотизмді философиялық категориялар тұрғысынан қарастыратын болсақ, онда патриотизм адамның табиғатпен үйлесе дамуының басты факторы, адамдармен қарым-қатынасының құралы, қоғам дамуының дәйекті әсер ететін күші болып табылады.Осыған орай патриотизмнің мәні мен патриоттық тәрбиенің мазмұны “мәдениет - тарих - білім“ деп аталатын қоғам дамуының қозғалысы арқылы дамиды.

Қоғамның әлеуметтiк даму жағдайында оқушыларға патриоттық тәрбие беруде қоғамның даму заңын негізге аламыз. Р.Әбсаттаровтың тұжырымы бойынша «Даму заңы – бұл әлеуметтік–саяси өмірдің бір күйден екінші күйге өту заңы, сапалық өзгерістер заңы. Бұлар әлеуметтік-саяси құбылыстар байланыстарының себебін ашады, өзгерістердің бағытын, факторлары мен формаларын анықтайды» делінген.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына әр жылғы Жолдауларын зерделей келе Қазақстандағы әлеуметтік жағдайлар жылдан – жылға дамып отырғанын көреміз: ұлттық білім беру жүйесінің әлемдік білім жүйесімен кіріктірілуі, экономикалық өсу, денсаулық мәселесі, қазақ халқының моральдық және рухани құндылықтары, т.б.

Философ А.Айталы “...Ұлтжандылық халықтың рухани және материалдық игіліктерін көбейтуге арналған жігері, қайраты. Ұлтжанды деп еңбекқор, іскер, талапты, ойшыл, ізденгіш, ұлттық мұраттар жолындағы абзал істің иесін айтамыз. Ұлы ұлттар өздерінің осындай ұлтжандылығымен мықты“,- деп атап көрсетеді.

Қоғамның әлеуметтік даму жағдайына байланысты Қазақстандық идея тұрғысынан қоғамда патриоттық құндылықты қалыптастыру факторлары: мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен егемендігін сақтау, еліміз бен жерімізді ұрпақтан –ұрпаққа аманаттап отыру; ұлттың ұлт болып қалыптасуының негізгі белгісі ұлттық тіл, яғни, қазақ тілін ұлтаралық тілдер мәртебесіне жеткізу; мемлекеттік тіл ретінде дамып, қалыптасуын жетілдіру әр азаматтың міндеті болып табылуы қажет; мемлекеттік тіл, ресми және республикада тұратын басқа халықтардың тіліне деген құрмет; ұлтттық тарихи және мәдени мұраларға деген сүйіспеншілік пен құрмет; ұлттық экономикалық даму процесіне өз үлесін қосу; табиғатты қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру; әлемдік техникалық прогрестің алдыңғы қатарынан көріну, т.б. қамтылады.

Патриотизмнiң қалыптасуының тарихи алғышарттарына талдау жасау барысында оқушыларға патриоттық тәрбие берудің әдiснамалық негiзiн тұлғалық, іс-әрекеттік, әлеуметтік, аксиологиялық, мәдениеттану, өркениеттiк, жүйелiлiк тұғырларын саралай отырып, бүгінгі оқушы-жастарды тәрбиелеудің тұжырымдамасы теориялық тұрғыда негізделді

Қосымшада көрсетілген әдіснамалық тұғырлардың өзара ықпалдасуы тұлғаның бойындағы патриотизмдi қалыптастыратын микрофакторлар (отбасы, ағайын-тума, жолдас, әртүрлi қоғамдық ұйымдар,т.б.); мезофакторлар (ауыл, қала, аймақ, облыс, т.б.); макрофакторлар (мемлекет, әлеуметтік орта, қоғам, ел, т.б.), мегафакторлар (әлемдiк кеңiстiк) өзара кiрiктiру арқылы жағдай тудыра отырып патриот-тұлғаны қалыптастыруға болады.

Ғылыми еңбектердегі «патриотизм», «Қазақстандық патриотизм» ұғымдарына теориялық талдау жасай келе, «Қазақстандық патриотизм - Қазақстанды мекендейтiн барлық ұлт пен ұлыстардың, халықтардың Қазақстан мемлекетi әлемдiк биiктен көрiну жолында бiлiм, мәдениет, экономика, әлеуметтік тұрғыда дамуына жағдай жасай отырып, елiмiздегi бейбiтшiлiкті, бiрлiк пен тәуелсiздiктi сақтау үшiн барлық күш - жiгерiн жұмсау»,- деп тұжырым жасалды.

Бүгiнгi жаһандану үрдiсiнде, патриотизм ұғымы халықтар мен ұлттардың өз Отанына, мемлекетiне деген сүйiспеншiлiгiмен қатар, әлемдiк дамудың тыныштығы мен бейбiтшiлiгiн сақтау үшiн барлық күш жiгерiн жұмсау, яғни жалпыадамзаттық патриотизм тұрғысынан қарастырылады.

Патриотизмнiң мазмұнын анықтау үшiн ұлттық құндылықтарды бүкiладамзаттық құндылықтармен ұштастыру негiзгi көкейкестi мәселе болып табылады. Патриотизмді бүгiнгi күн тұрғысынан алатын болсақ, патриотизм мәселесiн ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды өзара сабақтастыра, кiрiктiре отырып, философияның негiзгi категориялары әлемдiк жалпы (жалпыадамзаттық патриотизм), жалпы (Қазақстандық патриотизм), айрықша (ұлттық патриотизм), бiрегей (қазақ патриотизмі) тұрғыда қарастыруды қажет етедi.

Қоғамның жаңа әлеуметтiк даму жағдайында мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беру барысында стратегиялық және тактикалық жағдайларды iске асыруда алдымызға қойған негiзгi талаптарды шешу көзделді:



  • патриоттық тәрбие беру үрдiсiнде ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды өзара байланыстыра отырып, тұлғаның бойындағы патриоттық құндылықтарды қалыптастыру;

  • жүйелi-ұйымдастыру - мектеп, отбасы және әлеуметтiк ортаны өзара сабақтастыра отырып, мақсатты түрде оқушыларға патриоттық тәрбие берудi ұйымдастыру;

  • оқушылардың жас және дара ерекшелiктерiн ескере отырып, патриоттық тәрбие берудiң мазмұнын, формалары мен әдiстерiн нақты пайдалана бiлу;

  • аймақтық ерекшелiктердi ескеру, туған елге, жерге, ауылға, қалаға, т.б. сүйiспеншiлiгi арқылы, ұлттық және Қазақстандық, жалпыадамзаттық патриотизмдi қалыптастыру;

  • кешендi ықпал ету арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан патриоттық, әлеуметтiк құндылықтарды, тәжiрибелердi жүйелi түрде пайдалану.

Тәрбиенiң негiзi болып саналатын жалпыадамзаттық құндылықтардың бiрi – тәрбиенiң басқа адамға деген қажеттiлiгi, басқа адамдарды сүйе бiлу қажеттiлiгi болып табылады. Философиялық тұрғыда рухани құндылық, соның ішінде патриотизм рухани сұраныстарды қанағаттандырады және тұлғаның рухани әлемін байытуды көздейді. Тұлғаның бойындағы руханилық өлшемдер оның ой- санасында, мінез-құлқында, іс-әрекетінде ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтардың үйлесуі, қалыптасуы деп көрсетеді.

Жалпыадамзаттық құндылықтар – халықтың, түрлі діннің, әрқилы дәуірдің рухани мақсаттарын жақындастыратын құбылыс. Негізгі мақсаты тұлғаның бойында тәрбиенің негізгі өзегі болып табылатын патриоттық құндылықты қалыптастыру. Отан, адам, тұлға, өмір, адамдардың бір-біріне мейрімділік қарым-қатынасы, шыншылдық, әділеттілік, білім, ғылым, өнер, еңбек, адамның өмір сүруіне деген материалдық жағдайдың болуы, т.б. болып саналады.

Тұлғаның бойындағы патриоттық құндылықты айқындауда патриотизмге берiлген анықтамаларға сүйене отырып және адамгершiлiк құндылық ұғымдарын педагогика, психология ғылымдары тұрғысынан саралайтын болсақ, тұлғаның бойындағы патриоттық құндылық дегенiмiз - елi мен туған жерiн, Отанын сүю, мемлекеттiң тәуелсiздiгi мен бейбiтшiлiгiн, әлемдік тыныштықты сақтау үшiн күресу, өзінің ана тілін, дінін, салт дәстүрін бүгінгі заман талабына сай ұлттық мүдде негізінде жетілдіру, қоғамдағы iзгiлiк қарым-қатынасты, табиғат пен адам арасындағы мейрiмдiлiктi, ұлтаралық мәдениеттi дамыту болып табылады. Қосымша №7

Оқушылардың бойында патриоттық құндылықтарды қалыптастыруда олардың жеке және жас ерекшелігіне байланысты - білімге (білімге деген құштарлық, шығармашылық, танымдық қызығушылықтары, танымдық белсенділігі), қоршаған әлеуметтік ортаға (ата-анасына, мектепке, адамдарға, тұлғаның азаматтық позициясы), қоршаған табиғатқа (табиғатқа сүйіспеншілік қатынасы, экологиялық білім, экологиялық мәдениет), еңбекке (еңбексүйгіштік, еңбекке деген қызығушылық, еңбектің қажеттілігі, болашақ мамандыққа бейімделуі), өзіне деген қатынасы (өзін “тұлғамын” деп қарау, өзіне деген құрмет) қарым-қатынасы арқылы айқындалады.

Мектеп оқушыларының патриоттық құндылықтарын қалыптастыруда негізгі педагогикалық жағдайлар: мектептегі жалпы білім беру мен тәрбие ортасы, мұғалімнің тұлғалық бейнесі, оқу пәндерінің мазмұны, оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмысының әдіс-тәсілдері, ұйымдастыру формалары негізгі орын алды.

Біз, “Қазақстандық патриотизм“, “ұлттық патриотизм“, “патриоттық құндылық“, “ұлтжандылық“, “жалпыадамзаттық патриотизм“ ұғымдарына берілген анықтамалар негізінде бүгінгі мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің мазмұны төмендегі тұрғыда қарастырылады: әрбір азаматтың өз отанының тағдырына, қауіпсіздігіне, болашағына деген жауапкершілігін сезіну; мемлекеттік рәміздерге, мемлекеттік тілге, тарихқа, мәдениетке құрметпен қарау; барлық отандастарды ұлты мен конфессиясына қарамастан, олардың салтын, дәстүрін, тарихы мен мәдениетін, тілін құрметтеу; елiмiздегi бейбiтшiлiкті, бiрлiк пен тәуелсiздiктi сақтау және әлемдiк дамудың тыныштық пен бейбiтшiлiкті сақтау үшiн барлық күш жiгерiн жұмсау. Ұлттық мәдениет пен өркениеттiк даму үрдiсiн өзара сабақтастыра отырып тұлғаның бойындағы патриоттық құндылықтарды қалыптастыру патриотизмді қатынастар жүйесі тұрғысынан - тұлғаның мемлекетке қатынасы (мемлекеттік рәміздер мен атрибуттардың ту, елтаңба, гимн ,т.б.) маңызын түсінуі, мемлекеттік тілді, тарихи-мәдени мұраларды, дәстүрлерді білуі және оған деген құрметі, өз мемлекетіне пайдалы іс-әрекеттер жасауға деген ұмтылысы); өз халқына қатынасы (халықтың негізгі менталитетін, құндылық бағдарын, патриоттық және ұлтжандылық көріністерін бағалай білуі, өз халқы үшін патриоттық іске бару қажеттілігін түсінуі); патриот ретінде өзіне-өзінің қатынасы (азамат ретінде құқығы мен міндеттерін білу, патриоттық сезімнің көрініс беруі) арқылы айқындалды.

Тәрбиенің заңдылықтарына сүйене отырып, оқушыларға патриоттық тәрбие беру жүйесі “ мектеп - отбасы - әлеуметтік ортаны“ кіріктіре отырып, сабақ үрдісіндегі және сабақтан тыс уақытта, мектептегi оқушылардың бастамасы бойынша құрылған қоғамдық ұйымдар, қозғалыстар мен мектептен тыс тәрбие мекемелерiнде ұжымдық және жеке-дара тәрбие, отбасы және әлеуметтік ортамен тығыз байланыста жүргiзiледі.Мектебімізде оқушыларға патриоттық тәрбие беру жұмыстары ең бірінші кезекте жүйелі жүргізілуде. Қазақстан республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасында азаматтық-патриоттық,құқықтық және полимәдениеттік тәрбие гуманизмге, қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге, оның таңдаулы дәстүрлерін сақтауға және оны дамытуға, Қазақстанның басқа халықтарының мәдениетін зерттеу және игеруге негізделген азаматтық ұстанымды және патриоттық сананы, құқықтық және полимәдениетті, қалыптасқан ұлттық өзіндік сананы, ұлт аралық мәдени қарым-қатынасты, әлеуметтік және діни төзімділікті қалыптастыруы тиіс. [1]



Патриоттық тәрбиенің ұстанымдары, ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері.

Оқушыларға патриоттық тәрбие берудегі жалпы бiлiм беретiн қазiргi мектептiң даму тенденцияларында тәрбие жұмысының негiзгi компоненттері, көрсеткіштері мен өлшемдері: мотивациялық-тұлғалық (тұлғаның патриоттық құндылықтарды менгеруге деген қызығушылығы), мазмұндық (тұлғаның патриоттық құндылықтарды менгеруі), іс-әрекеттiк-бағалаушылық (патриоттық құндылықтардың тұлғаның бойында нақты көрініс беруі) сияқты тәрбие процесiнiң логикасы мен құрылымын нақты бiлу және дұрыс пайдалану көзделді.

Патриоттық тәрбие мақсаты – қоғамның әлеуметтік даму жағдайында мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің жүйесін айқындай отырып, ұлтаралық қатынас мәдениетін, еліміздің бейбітшілігі мен егемендігін сақтауға, экономикасын дамытуға ықпал ететін тұлғаны қалыптастыруға бағытталды. Патриоттық тәрбие беруде төмендегі міндеттер жүйесі қамтылады:


  • Қазақстан Республикасының Конституциясына, мемлекеттік рәміздеріне, Қазақстанды мекендейтін барлық халықтардың тарихына, дәстүрлеріне, мәдениетіне және ұлттық ерекшеліктеріне құрметпен қарау;

  • халықтар арасында сүйіспеншілік пен достықты, дін аралық қатынастар бойынша түсінушілікті қалыптастыруға ықпал ету;

  • Қазақстан Республикасының бейбітшілігі мен тұтастығын, Отанның экономикалық байлығын дамытуға, Отанды қорғауға және жалпыадамзаттық тыныштықты сақтауға әрқашан дайын болу;

  • жалпыадамзаттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық өркениеттілікті бағалау, құрметтеу (бейбітшілік, тыныштық, қауіпсіздік, еркіндік, ізгілік, тұлғаның еркіндігі мен құқығын қамтамасыз ету);

  • мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің жүйесін негіздей отырып, ұлттық және әлемдік білім нәрінен сусындаған ғылыми техникалық прогресс көшіне ілесе алатын патриот тұлғаны қалыптастыру.

Патриоттық тәрбие мақсаты мен міндеттеріне сәйкес патриоттық тәрбиенің ұстанымдары, мазмұны, ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері, формалары қамтылды.

Қазақстан Республикасының әлеуметтік даму жағдайында мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің мазмұнын айқындауда тәрбиенің негізгі қағидалары басшылыққа алынды: тәрбиенің мақсаттылығы, тәрбиенiң өмiрмен байланысы, оқушының жас және дара ерекшелiгi, талап қою арқылы дамыту, тәрбиенiң жүйелiлiгi, бiрiздiлiгi және үздiксiздiгi, тұлғаны ұжым арқылы тәрбиелеу, мектеп, отбасы және әлеуметтiк ортаның бiрлiгiн негізге ала отырып іске асырылды.

Оқушыларға патриоттық тәрбие беруде мектептегі әр мұғалімдердің өзіндік атқарар міндеті бар. Ол әр педагогке мектептің жарғысын және ішкі жағдайды орындау Ережесіне сәйкес жүргізілді. Мектепте патриоттық тәрбие беру мәселесін шешу барысында әр қызметкердің - мектеп директорының, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының, сынып жетекшісінің, пән мұғалімінің орындайтын міндеттері тұтас қарастырылады.

Мектеп оқушыларының бойында патриоттық құндылықтарды қалыптастыруға байланысты тәжiрибелiк –эксперименттiк жұмыстарды жүргiзілуі керек, оның мақсаты: пән сабақтарындағы бiлiм мазмұны мен сыныптан тыс уақыттағы жүргiзiлетiн тәрбие жұмыстарын өзара байланыстыра, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтардан бiлiм мен тәрбие бере отырып елiн, жерiн сүйетiн және оны қорғай бiлетiн патриот-азамат тәрбиелеу.

Тәжiрибелiк-эксперименттiк жұмыс мiндеттерi:

- оқу-тәрбие жұмысын тұтас педагогикалық процесс тұрғысынан қарап, пәндік сабақтағы бiлiм мазмұнымен сыныптан тыс уақытта жұмыстарды кiрiктiре отырып, тұлғаның патриоттық құндылықтарын қалыптастыру;



  • ұлттық ерлiк дәстүрлерден, әдет-ғұрыптардан нәр ала отырып, туған

  • елге,жерге, ана тiлге деген сезiмдерiн, Отанға деген сүйiспеншiлiгiн

туғызып, дамытып, қалыптастыру;

- ұлттық рәмiздердiң пайда болуы және олардың шығу тарихын бiле отырып, Қазақстан Республикасының рәміздерінедеген құрметті қалыптастыру;

- Қазақстан Республикасының тұтастығын сақтайтын және халықтар арасындағы бейбiтшiлiк пен достықты нығайтатын азамат тәрбиелеу.

Мектеп оқушыларының бойына патриоттық құндылықтарды қалыптастырумен байланысты тәжiрибелiк-эксперименттiк жұмыстарды жүргiзуде оқу мен тәрбие үрдiсiн өзара сабақтастыра және байланыстыра тұтас педагогикалық процесс тұрғысында жүргiзу көзделедi. Қалыптастыру эксперименті кезеңінде оқу-тәрбие әдiстемелiк кешенi бойынша жүргізілген жұмыстар пән сабақтарында, сыныптан тыс уақыттағы іс-шаралар оқушының жеке және жас ерекшелігіне негізделіп іске асырылады. Анықтау эксперименті кезеңінде патриоттық тәрбие бойынша іс-шараларды ұйымдастырудағы олқылықтардың орнын толтыру мақсатында мектеп директоры, тәрбие жұмысын ұйымдастырушы, сынып жетекшiлерiмен бiрлесе отырып тәрбие жоспарын құрып жұмыстанады.

Патриоттық сезім тәрбиелеу арқылы қалыптасып,жетіліп сана түріне айналады.Сонда ғана жеке адам өз ұлтына тән ерекшеліктерді түсініп,сезініп өз ұлтының бабаларының қасиеттерін бойына сіңіреді.Қазақ елінің ғасырлар бойы қалыптасқан отансүйгіштік,тәлім-тәрбие дәстүрлерін,әдістері мен құралдарын жинақтап, оны бүгінгі оқушы тұлғасын тәрбиелеуде оқу тәрбие үрдісінде қолдану - уақыт талабы. Қазіргі таңда ұрпақ бойында патриоттық сананы қалыптастыру, жүйелі тәрбие беру қажеттігі туындап отыр.Олай болса, жастарға патриоттық тәрбие беруде- өткені мен бүгінгі күнді және болашағын байланыстыру қажет.

Республикалық деңгейде қоғамдық бірлестігі «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы құрылды. «Жас Ұлан» - өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар, гуманистік, толеранттылық пен демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухын қалыптастыратын ұйым.Бүгінгі қоғам жағдайында Отан игілігі үшін қызмет ететін балалар қозғалысының дамуына мүмкіндік жасайтын ұйымдардың бірі - балалар мен жасөспірімдер бірлестігі. Олардың республикада болып жатқан демократиялық, әлеуметтік-саяси, экономикалық, экологиялық өзгерістерге қатысы бар. «НұрОтан» халықтық демократиялық партиясының «Жас Отан» Жастар қанаты Елбасының тапсырмасына орай тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай құрылған бірыңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық қоғамдық бірлестігі жұмыс жасауда. Жаңа ұйымның негізгі міндеті білім беру мекемелерінде қоғамдық бірлестіктер құру және балалар қозғалысының жұмысын қалыптастыруға жұмылдыру.

Республикалық қоғамдық бірлестігі «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына мүшелікке қабылдану рәсімі мектебімізде өткізіліп,қазіргі таңда 104 оқушы осы ұйымның мүшесі болып отыр және «Жас Ұлан» мектепішілік кеңесі құрылып, мақсат міндеттері , атқаратын қызметі айқындалды. «Жас Ұлан» кеңесінде 10 оқушы,4 жетекші бар. Кеңестің жылдық жұмыс жасау жоспары,мүшелерінің міндеттері, жарғысы бар. Оқушыларға патриоттық тәрбие беруде өз Отанының шыншыл да адал, талапты да қайратты ұрпағын тәрбиелеу оған жол көрсету аға- буынның еншісінде болса, қоғамда оны жүзеге асыру біздің міндетіміз болып саналады.

Баланы ұжымда, ұжым арқылы тәрбиелеу - тәрбие жұмысындағы жетекші принциптердің бірі. Мұны екі түрлі көзқарас тұрғысынан қарау керек. Бірі - ұжымдық тәрбие қоғамның негізгі қаруы. Бала берік ұйымдасқан, ынтымақты, әлеуметті, рухани таза ұжымда болуы қажет. Тәрбие процесінде мұғалім, мектеп, отбасы және қоғамдық ұйымдардың күш-қуаты үйлесімді педагогикалық бірізділікке бағытталады.Тәрбие беру жүйесінде жас ұрпаққа патироттық тәрбиемен қатар рухани-адамгершілік,құқықтық және полимәдениеттік және құқықтық білім беру басты назарда болуы керек.Әр оқушы, әр ата-ана өз құқығын біліп, құқықтық сауаттылығын үнемі арттырып, ата Заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға ,құрметтеуге міндетті. Қазіргі жағдайда тәрбиеленушілердің құқықтық санасын жетілдіру, балалар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықты болдырмау және алдын алу шараларын қалыптастыру аса маңызды мәселе деп атап көрсетілген.

Осы бағытта мектебімізде оқушылармен, ата-аналармен, қоғамдық ұйымдармен біріккен түрде «Заң балалықты қорғайды» тақырыбында кездесу, бриффинг өткізілді



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет