Титульный лист Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі



жүктеу 1.04 Mb.
бет1/10
Дата04.03.2018
өлшемі1.04 Mb.
түріДиплом
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


Титульный лист
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

Задание на дипломную работу


МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ 4

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ МЕН оның түсінігі 9

1.1 Сыртқы істер министрлігінің құрылу тарихы 9

1.2 Сыртқы істер министрлігінің түсінігі, міндеттері мен функциялары 19

2 Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің атқаратын қызметі мен құқықтық реттелуі 25

1.2 Сыртқы істер министрлігінің қызметін ұйымдастыру 25

2.2 Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық қызметі 28

2.3 Қазақстан Республикасының консулдық қызметі мен құқықтық реттелуі 36

3 Сыртқы істер министрлігінің сыртқы саясатының Өзекті мӘселелері 44

3.1 Мемлекеттік шекара мәселелері және оны шешу жолдары 44

3.2 Жаңа қауіп-қатерлердің алдын-алу саясаты 52

ҚОРЫТЫНДЫ 60

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР тізімі 65

Қосымша 1 68

Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер Министрлігінің құрылымы 68

қосымша 2 69

Қосымша 4 71

Ќазаќстан Республикасы Сыртќы Істер Министрлігі қызметініѕ кейбір Стратегиялыќ баєыттары, маќсаттары мен міндеттері 71





КІРІСПЕ

Бұғанағы қатпаған жас мемлекеттiң әлемдiк саясатта өзiне тиесiлi орынға иелiк ету үшiн ұстанған өткiр де тапқыр саясаты ерiксiз бойыңды елжіретіп, жан тебiрентер сезiмге бөлейтіні анық.

Елiмiздiң сыртқы саясатын қалыптастыру Қазақстан тәуелсiздiгiнiң негiзi болып табылғаны белгiлi. Осы тұста халықаралық дәрежеде Қазақстан деген елдiң бұрын-соңды танылмағаны анықталды. Елiмiздiң егемендiгiн таныту барысында сан қилы күрделi асулардан өткен тәуелсiздiгiмiздiң бейнесiн Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» атты кiтабынан да аңғаруға болады: «Бiзде сыртқы саясат қызмет дәстүрлерi бұрын-соңды болған жоқ. Қазақстанның Сыртқы iстер министрлiгi нағыз дипломатиялық мiндеттер орындаған жоқ. Өзiнiң алдында осындай күрделi проблемалар тұрған, бiрақ шетелде бiрде-бiр дипломатиялық өкiлдiгi жоқ, сыртқы саясат дәстүрлерiн айтпағанның өзiнде, сыртқы саяси мәселелер жөнiнде ең қарапайым әзiрлемелерi жоқ, бiлiктi кадрлары жоқ елдi көз алдыларыңызға елестетiп көрiңiзшi... Бiздiң сол кездегi жағдайымыз ешбiр сандырақ болмағанымен, соншалықты қайғылы жағдай болды. Жеткiлiктi кемелденген әулетi, пайдалы қазбаларының орасан зор қорлары бар, бiлiктi еңбек ресурстары, өз аумағында ядролық қаруы бар мемлекет – Қазақстанның бiр де бiр халықаралық шарты болған жоқ... Егер бiз шұғыл түрде өзiмiздiң сыртқы саясатымызды қалыптастыруды бастап кетпеген болсақ, бiздiң мүдделерiмiзге орасан зор нұқсан келерi де түсiнiктi», – дегенi бар.

Баршамызға белгілі кез-келген жеке мемлекет әлемдік қоғамнан бөлек өмір сүруі мүмкін емес, оған қоса айтарымыз қазіргі өркениетті дамыған әлемде жаһандану саясаты іске асырылуда. Осы себептерден әрбір мемлекет жалпы дүниежүзілік қоғамдық еңбек бөлісуде өзіне лайықты орын алуы тиіс. Халықаралық қатынастар өз тарихи даму барысында бірнеше қалыптасу кезеңдерінен өткен, ол ішке саяси ұстаным бағыттарына тәуелді болды.

Мемлекет жүргізетін сыртқы саясат көптеген салалардағы қатынастарды реттейді, олардың ішінде: экономикалық, қауыпсіздік, еңбек ресурстары, капитал қозғалысы және т.б.

Қазақстан Республикасы ұлттық сыртқы саясатының дамуын, тәуелсіздік жариялаған соң қалыптастыра бастады. Осы кезден бері барлық халықаралық ұйымдармен, қаржы-несиелік даму институтарымен, діни басқармаларымен тығыз қарым-қатынастар құрылды, яғни дипломатиялық қызметтердің алғашы тәжірибелері қалыптаса бастады. Жаңа қалыптасқан қатынастарды реттеу, сондай-ақ консулдық қызмет пен оның құқықтық реттелуі де - Сыртқы істер министрлігі органының құзіретіне берілді.

Сыртқы істер министрлігінің консулдық қызметіне шетелге шығатын азаматтарымыз бен сырттан келетін қонақтар міндетті түрде бір жолығады. Өйткені сыртқа шығу мен ішке кіргендерге виза беріп, тіркеп отыратын, қала берді азаматтарымыздың сырттағы құқығы мен мүддесін қорғайтын бірден-бір қызмет осы. Консулдық қызмет Елбасы мен Үкіметтің Қазақстан Республикасының 2030 жылдарға арналған даму стратагиясының негізінде алға қойған мақсаттары мен “Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы” заңның шеңберінде өз жұмыстарын жүргізеді. Осы негізгі құжаттардың ауқымында Қазақстан Республикасы мен оның азаматтарының мүддесін қорғауда сапалы деңгейге қол жеткізу және визалық саясатты тиімді жүргізу үшін Консулдық жарғы сияқты нормативті-құқылық құжаттар жасалған. Соңғы жылдарда күнделікті жұмысқа қажетті мұндай құжаттар саны арта түсуде.

Еліміздің консулдық қызметінің өкілдіктері көптеген шетелдерде ашылған. Бұл қызмет халық мұқтажына үнемі құлақ асып отыруды өзіне мақсат етіп қойған. Осы мақсатты іске асыратын шаралардың бірі ретінде кейбір қызмет түрлерін жасағанда консулдық төлемнен босату туралы Үкімет қаулысының жасалғанын айтуға болады. Бұл іс шетелде жүрген азаматтарымызға материалдық тұрғыдан үлкен көмек болғанын өмір көрсетіп отыр. Сонымен бірге консулдық төлемдерден босату елімізге экономикалық тұрғыдан дамыған әрі саяси жүйесі тұрақты елдердің азаматтарын көптеп келтіруге жағдай туғызды.

Қазақстан азаматтарының шетелдерге түрлі жолмен өз еріктерімен немесе еріксіз шығып, артынан қаңғып қалып, көмекке зар болатын кездері аз емес. Осындайды ескеріп республикалық бюджеттің арнаулы бабында Қазақстан азаматтарына көмек қаражаты қарастырылған. Консулдық қызмет департаменті оны қалай қолданудың Ережесін жасап, оны Үкіметке бекіттіріп алған еді. Соның негізінде талай азаматтарымыз материалдық көмек алып, елге аман-есен жетуге мүмкіндік алды.

Осы күні Қазақстан Республикасының консулдық қызмет мекемелері Ұлыбритания, Люксембург, Польша, ГФР (Гамбург пен Мюнхен), Чехия, Ресей (Санкт-Петербург), Венесуэла, Түркия (Измир, Бурса), Сауд Арабиясы, Иран, ОАР, Малайзия, Филип­пин, Жапония, Қытай, Гонконг, БАЭ т.б. мемлекеттерде ашылған. Олардың ұзын саны – 66. Соның ішінде 46-сы елшіліктер мен дипломатиялық миссиялардың консулдық бөлімі, 7-уі Бас консулдық, 12 консулдық және 1-уі паспортты-визалық қызмет. Осы соңғысы Қытайдың Үрімші қаласында. Бұлардан басқа 48 Құрметті консул бар. Ал Қазақстан аумағында консулдық пункттер Астана, Алматы, Атырау, Орал, Өскемен қалаларының әуежайларында да ашылған.

Консулдық қызметтің басты қызметтерінің бірі - Қазақстан азаматтарымен қатар шетелдегі қазақ диаспорасының құқықтары мен мүдделерін қорғау болып табылады. Диаспора өкілдері консулдық қызмет өкілдіктерінен үнемі түсіністік пен жанашырлық тауып отырады.

Еліміздің басқа елдермен сауда-экономикалық байланыстары артқан сайын шетелдерге шығатын азаматтар қатары да молая түсуде. Бұл консулдық қызметтің де жандана түсуін қажет етіп отыр. 1999 жылдан бері консулдық жұмыстарда Қазақстан Республикасының кейбір жетім балаларын шетелдіктердің асырап алуына байланысты жаңа бағыт туды. Олар кәмелет жасына толғанша Қазақстан азаматтығына жататындықтан консулдық қызмет асырауға берілген балалардың құқығы мен мүддесін қорғауға белсене араласады. Осы іс қазір өзекті проблемаға айналып, қоғам оған қатты көңіл бөліп отыр. Сондықтан да осы мәселеге тереңірек тоқталып көрелік.

Қазақстан Республикасының “Неке және отбасы туралы” заңына сәйкес шетелдік азаматтарға асырап алуға берілген балалардың тағдырын бақылау ісі дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелерге жүктелген. Еліміздің визалық және көші-қон саясатын, Қазақстанға келетін шетелдік азаматтардың ену, еліміздің аумағында болу мен шығу істерінің тәртіптерін жетілдіру де консулдық қызметтің басты міндеттерінің бірі болып табылады. Сонымен бірге визалық саясат еліміздің саяси және экономикалық мүдделері және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын есепке алып жүргізіледі. Бүгінгі таңда ол ТМД елдері, көші-қон тәуекелі жоғары елдер, дамыған елдер атты үш негізгі бағытта іске асырылады. Президенттің жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің ұсынысы­мен Қазақстанның негізгі экономикалық әріптес елдерінің азаматтарына жеңілдетілген визалық режім жасау ісі тұрақты түрде жүргізіліп тұрады. Соның ішінде Батыс Еуропаның, Солтүстік Американың, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азияның 33 дамыған мемлекеттерінің азаматтарына бір жолғы дипломаттық, қызметтік, іскерлік, жеке адамдық және туристік визаларды беру бір ай мерзімге біржақты түрде жеңілдетілді. Бұл азаматтар міндетті түрде шақыру немесе визалық қолдауды көрсетуден босатылады. Болашақта әлемдік саяси және экономикалық жағдайлар мен тенденцияларды талдау негізінде азаматтарына жеңілдетілген виза­лық режім қолданылатын мемлекеттер тізімін ұлғайту жөнінде консулдық қызмет департаменті тағы да ұсыныс түсіретін болады.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың “Дағдарыстан дамуға” атты халыққа жолдауында: “Бүгінде біз өз күштеріміз бен ресурстарымызды қайта топтастыруға мәжбүрміз және біз мұны сыртқы жағдайлардың ықпалымен істеудеміз. Алайда бұл біз өз бағытымызды өзгертті дегенді тіпті де білдірмейді. Ол бағыт 2030 жыла дейінгі елдің Даму стратегиясында анықталған. Өмір түзетулерін енгізуде. Бірақ та атап көрсеткім келеді, ол бұрынғысынша қалып отыр. Барша қазақстандықтардың өркендеуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының жақсаруы біздің мемлекетіміз үшін аса маңызды үштұғырлы міндет болып қала береді” - деп айтты.

Елбасымыз осы жолдауында Қазақстанның сыртқы қауіпсіздігін алдыңғы орынға қойып тұр. Сырттан келетін қауіп-қатерлердің алдын алу немесе оны болдырмау тікелей Сыртқы істер министрлігінің сыртқы саясатымен байланысты. Яғни Сыртқы істер министрлігі - сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметтерін реттейтін бірден-бір орган.

Әлемдегі өзгерістерді сипаттап оған баға беретін және сол құбылыстарға объективті жауап қайтаратын еліміздің саяси көзқарастарын жеткізетін де Сыртқы істер министрлігі. Еліміздің экономикалық тұрақтылығы болашақ тәулелсіз саяси өмір сүрудің кепілі, сондықтан бұл көрсеткіш мемлекеттің әлемдегі орнын сипаттайтын ең негізгі белгісі.

Соңғы кезде территориялық шекаралас мемлекеттермен делимитация және демаркациялау мәселесі қызу үстінде, бұл жер мәселелері одақ дәүрінен келе жатқан дау сұрақтары, оларды шешу жолында сыртқы істер министрлігі басшылығымен арнайы комиссия құрылып жұмыс жасауда.

Сондықтан да дипломдық жұмыстың өзектілігі бүгінгі таңдағы Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытты дұрыс таңдай білумен және халықаралық беделін нығайтумен байланысты.

Сыртқы істер министрлігі өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, халықаралық шарттарға, Қазақстан Республикасыны Президентінің актілеріне және тағы басқа нормативтік құқықтық актілерге байланысты жүргізеді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасының сыртқы істер минстрлігінің құрылуы тарихын, оның түсінігі мен міндеттерін анықтап, консулдық қызметі мен оның құқықтық реттелуін талдау.

Алға қойған мақсатқа жету үшін, келесі міндеттер атқарылды:


  • Сыртқы істер министрлігінің құрылу тарихы зерттеу;

  • Сыртқы істер министрлігінің функцияларын, міндеттерін ашып көрсету;

  • Сыртқы істер министрлігінің консулдық қызметі мен оның құқықтық реттелуіне талдау жасау.

  • Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық қызметінің басты бағыттарын ашып көрсету көрсету;

  • Сыртқы істер министрлігінің сыртқы саясатының өзекті мәселелері мен оларды шешу жолдарын көрсету.

Зерттеу пәні Қазақстанның шетел мемлекеттерімен қарым-қатынастарын реттеу, оның ішінде мәдени, экономикалық, саяси және т.б салалар бойынша.

Зерттеу объектісі болып Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Миинстрлігі іс-әрекеті табылады.

Зерттеу жұмысының теориялық негізі болып Қазақстан Республикасының нормативты-құқықтық актілері, шетел және отандық ғалымдардың еңбектері, интернет жаңалықтары, мерзімді басылымдар, Сыртқы істер министрлігінің сайты қаралды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Зерттеу барысында Сыртқы істер министрлігінің халықаралық қатынаста жаңадан қалыптасқан байланыстарға экономикалық тұрғыдан түсініктемесі берілген.

Ғылыми деңгейі. Бүгінгі күні нақты Сыртқы істер министрлігінің іс-әрекетін, қатынастарын реттейтін ғылыми тұрғыда түсініктемелері толық қалыптаспаған, сондықтан бұл бағытта зерттеу жұмыстары ғылыми тұрғыда қатынастарын негіздеуге мүкіндік береді. Сондықтан бұл зерттеу жұмысының нәтижелері Сыртқы істер министрлігіне басқа мемлекеттермен қатынастарын қалыптастыруда, реттеуде объективті баға береді және келешекте бұл іс-әрекеттерді ғылыми әдістерін пайдалану арқылы жүзеге асырады.

Қазақстанның, шетел ғалымдарының үлесі, сөздері. Зерттеу барысында отандық дипломаттардың, саясаткерлердің, атап айсақ, Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Беласу” атты дипломатиялық қызметке арналған еңбегі, , Қ Ж Рахметов, А Н Болатова, З Н. Исмағамбетова сынды ғалымдарымыздың “Саясаттану” оқу құралы, Әбдәкiмұлы Әбдiжапардың “Қазақстан тарихы” еңбектері пайдаланылды. Ал шетелдік ғалымдардың атап айтқанда, Р.Дж.Фельтхэмнің “Настольная книга дипломата” еңбегі, Р. Фишер, Д. Этель сынды ғалымдардың “Подготовка к переговорам” , В.А. Зориннің “Основы дипломатической службы” секілді еңбектері пайдаланылды. Бұдан басқа ғалымдардың зерттеген еңбектері жетерлік. Жоғарыда аталған дипломат, саясаткер ғалымдардың қосқан үлесі дипломдық жұмысты жазу барысында көмегі көп тиді.

Дипломдық жұмыс құрлымы бойынша кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан құрылған.

Кіріспеде дипломдық жұмыстың мақсатына, міндеттеріне, маңыздылығына, құрылымына, зерттеу объектісіне, жұмыстың теориялық негізіне тоқталдық. Ал бірінші бөлімде Сыртқы істер министрлігінің құрылу тарихын, міндеттері мен функцияларын айтып өттік. Екінші бөлімде Сыртқы істер министрлігінің атқаратын қызметі мен құқықтық реттелуіне тоқталдық, атап айтсақ дипломатиялық және консулдық қызметтері мен олардың құқықтық реттелуін ашып көрсеттік. Үшінші бөлімде Сыртқы істер министрлігінің сыртқы саясатының өзекті мәселелерін қарастырып, оларды шешу жолындағы СІМ-нің іс-шаралар жоспарын талдадық. Қорытындыда зерттеу жұмыстарын қысқаша түйіндедік.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет