Титульный лист Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ МЕН оның түсінігі



жүктеу 1.04 Mb.
бет2/10
Дата04.03.2018
өлшемі1.04 Mb.
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ МЕН оның түсінігі




1.1 Сыртқы істер министрлігінің құрылу тарихы


Бұдан 17 жыл бұрын, 1992 жылдың 2 - шілдесінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев жас Қазақстан мемлекетінің сыртқы саясат ведомствосының мәртебесі мен өкілеттігін ресми рәсімдеген, “Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі туралы” Жарлыққа қол қойды. Осы күн жаңа дәуірдегі қазақстандық дипломатиялық корпустың қалыптасу мерзімі ретінде еліміздің тарихына енді [2].

Кәсіби дипломаттардың төл мерекесіне айналған оны Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің күні ретінде – Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратының, еліміздің шетелдердегі дипломатиялық өкілдіктерінің қызметкерлері, сыртқы саясат ведомствосының ардагерлері мен отандық дипломатияның жұмысына қатысы бар барша жұрт 2007 жылы шілденің 2-сі күні бірінші рет атап өтті.

Он жеті жыл тарих үшін тым қысқа мерзім екені рас. Бірақ, әлемдік қауымдастыққа жаңадан қосылған, өз тізгінін өз қолына алып, жарқын болашаққа қарай қадам басқан мүлде жаңа, жас мемлекеттің сыртқы саясат ведомствосы үшін артта қалған он жеті жыл абыроймен асқан бір белес екені анық. Бірақ бұған қарап, қазақ дипломатиясының тарихы 17 жылмен ғана шектеледі екен деп ойлауға әсте болмас.

Төл дипломатияның тарихы Қазақ хандықтарынан тамыр алады.

Отандық дипломатияның дәстүрлері ғасырлар тереңінен тамыр тартатыны баршамызға мәлім. Ол Ұлы даланың тарихымен, ұлан-ғайыр кеңістігіндегі біздің мемлекеттілігімізбен тікелей байланысты. Біздің бабаларымыз жүргізген сарабдал сыртқы саясат болмаса, бүгінгі Қазақстан көлемі жағынан әлемнің тоғызыншы мемлекеті бола алмас еді.

Қазақ дипломатиясының тарихы ең бір қиын-қыстау замандарда да ұлттық бірлікті, тәуелсіздік пен аумақтық тұтастықты сақтап қалу міндеті маңдайларына жазылған Керей мен Жәнібектен Әбілқайыр, Абылай хандарға, одан беріде Бөкей хандығы мен Алашорда қайраткерлеріне дейін үздіксіз созылып жатыр.

Кеңестік заманда қазақ елінің сыртқы саясаты бүгінгідей дербес жүргізілмесе де, дипломатиялық дәстүр сабақтастығы жекелеген тұлғалардың қызметімен жалғасып жатты. Мәселен, қазақтың дара ұлдарының бірі Нәзір Төреқұлов 30-шы жылдары КСРО-ның Арабиядағы елшісі қызметін атқарды. Өкінішке қарай, ол да еліміздің маңдайалды азаматтарын қынадай қырған сталиндік зұлматтың құрбаны болды.

1944 жылдың басында КСРО Жоғарғы Кеңесі одақтас республикаларға сыртқы байланыстарда өкілеттік беру туралы заң қабылдады. Осы заң іс жүзінде одақтас республикаларға сыртқы істерде сәл де болса, дербес іс-қимылдар жасауға жол ашқандай болды. Нәтижесінде, 1944 жылдың сәуір айының 13-інде Қазақ КСР-інің Сыртқы істер ұлттық комиссариаты құрылып, оны кейіннен КСРО-ның Үндістандағы елші-кеңесшісі болып істеген, талантты дипломат Төлеген Тәжібаев басқарды.

Қазақ КСР-інің Сыртқы істер ұлттық комиссариаты 1946 жылы Сыртқы істер министрлігі болып қайта құрылды. Соғыстан кейінгі жылдары Қазақ КСР Сыртқы істер министрі қызметінің жүгін Қайырғали Байғалиев (1953-1955), ғалым, Қазақ университетінің ректоры, Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары Асқар Закарин (1958-1961), танымал жазушы Әди Шәріпов (1963-1966), Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары Балжан Бөлтірікова (1966-1971) сынды саясат пен әдебиеттің көрнекті қайраткерлері алып жүруге тура келді. 1973 жылы Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігін кейіннен КСРО-ның Мали мен Мароккодағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарған Мәлік Фазылов басқарды. Оның орнын 1976 жылы әдебиетші – ғалым Мүслім Базарбаев басты.

Қазақ КСР Сыртқы істер министрі қызметіне 1981 жылы шілденің 30-ында талай жылдар партиялық органдар жүйесінде еңбек еткен Михаил Есенәлиев тағайындалды. Ал 1989 жылы министрлік тізгінін Ақмарал Арыстанбекова ұстады. Ол кейіннен Қазақстанның Франция мен Біріккен Ұлттар Ұйымындағы өкілі болды.

Егемен Қазақстанның дипломатиялық қызметінің басты қағидалары: белсенділік, теңгерімділік, прагматизм, сындарлы үнқатысу және көпжақты ынтымақтастық.

Тәуелсіздік алған тарихи кезеңге Қазақстан сарабдал саясаткер Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен қадам басты. Н.Назарбаев әу бастан-ақ Қазақстанның сыртқы саяси бағдары ашық қоғам, нарықтық экономика мен демократиялық саяси жүйеге, ішкі тұрақтылық пен ұлтаралық келісімге негізделеді деп айқындады. Біздің сыртқы саясатымыз жалпыға ортақ қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтып, өзара тиімді ықпалдастықты дамытуды көздейді. Қазақстандық дипломатияның негізгі қағидалары өзгеріссіз қала береді. Олар - белсенділік, теңгерімділік, прагматизм, сындарлы үнқатысу және көпжақты ынтымақтастық [3, 75-б.].

1991 жылы 16 - желтоқсанда тәуелсіздік алғаннан кейінгі Нұрсұлтан Назарбаевтың алғашқы шешімдерінің бірі Сыртқы істер министріне Төлеутай Сүлейменовті тағайындау туралы Жарлық болды. Ол кейіннен Қазақстанның АҚШ-тағы, Венгрия, Польша және Бельгиядағы елшіліктерін басқарды. Қазір ҚР Президенті жанындағы Басқару академиясының Дипломатиялық институтына басшылық етеді.

Бұл кезеңде Қазақстан әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшесі ретінде халықаралық құқық тұрғысынан мойындалып, дербес сыртқы саясатын жүзеге асыруды бастаған еді.

1994 жылдың сәуірінен қазан айына дейін сыртқы саясат ведомствосын кейіннен Қазақстанның Түркияда, АҚШ-та Төтенше және өкілетті елшісі қызметтерін атқарған, Үкімет Аппаратына жетекшілік еткен, ал бүгінде еліміздің Мемлекеттік хатшысы қызметіне тағайындалған Қанат Саудабаев басқарды.

Сол 1994 жылы Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосының басына қазақстандық дипломатияның дамуына баға жетпес үлес қосқан кәсіби дипломат Қасым-Жомарт Тоқаев келді. Сыртқы істер министрлігін ұзақ жылдар басқарған Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет басшысы, Мемлекеттік хатшы секілді жоғары лауазымдық сатылардан өткенін, бүгінде ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы болып отырғанын көзі қарақты жұрт жақсы біледі.

Елбасы қазіргі Қазақстанның жаңа тарихы деуге болатын кұнды енбегі «Қазақстан жолы» кітабында Қ.Тоқаевка бірнеше жолдар арнап, оны «белгілі дипломат» деп атайды. Мәскеудегі мәртебелі институт қабырғасында жүргенде-ақ ол келешегінен зор үміт күттіретін маман ретінде көзге түсті. Соның айқын белгісіндей, жас студент төртінші курсты тәмәмдаған соң тәжірибе жинақтау үшін Пекиндегі КСРО Елшілігіне, бұдан соң Сингапурдағы кеңестік елшілікке төрт жылдық қызметке жіберілді. Шет елдегі жұмысының қорытындысы бойынша КСРО СІМ Орталық Аппаратына ұсынылды. Осылайша зерделі де еңбекқор азамат өзіне үлкен дипломатияға жол салды. Елдің геосаяси жағдайына лайық, қандай да бір мемлекетпен жанжалдасудан аулақ болып, ұлттык мүдделерді қорғауды жүзеге асырып отырған Қазақстан дипломатиясы шетелдік мамандардың жоғары бағасына ие болды. Қысқа мерзім ішінде Қазақстан әлемнің 50-ден астам елінде дипломатиялық және консулдық мекемелерін ашты.

Қ.Тоқаев 1999 жылы Премьер-Министр болып тағайындалды. Қ.Токаев Кабинеті елдің әлемдік коғамдастыкта үстанымын нығайта отырып, ішкі прогреске алдымен коңіл болді. Азаматтардың әлеуметтік жағдайы айтарлықтай озгерді, экономиканың тұрақтану кезеңі басталды. Ол басқарған үкімет толымды нәтижелерге, қабырғалы табыстарға кол жеткізді. 2000 жылы экономикалық өсім 11 пайыздан асып, Қазақстан дамуының тарихындағы өзіндік рекордқа айналды. [4, 97-б.]

Бүгінде әлемдік ауқымдағы дипломат деңгейіне көтерілген Қ.Тоқаев ірі халықаралық форумдардың қалаулы қонағы, дүниежүзілік дипломатиялық қоғамдастықтың танымал өкілі. Оның есімі Қазақстан сыртқы саясатымен ғана сабақтастырылып айтылмайды, сондай-ақ жаһандық саясатта да әбден танымал. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынуымен Қасым-Жомарт Тоқаев 2007 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Торағасы лауазымына сайланды.

1999-2002 жылдар арасында Қазақстанның Сыртқы істер министрі қызметінде бүгінде Қазақстанның Ұлыбританиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Ерлан Ыдырысов жұмыс істеді.

2002 жылы сыртқы істер министрі болып қайта Қасым-Жомарт Тоқаев тағайындалады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтан кейінгі министр Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин 1960 жылы 8 сәуірде Ақтөбе қаласында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын және С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген. Әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор.

1992 жылға дейін ғылыми-оқытушылық қызметпен айналысты.

1992 жылдан бастап – Қазақстан Республикасы Президенті мен Министрлер Кабинетінің Аппаратында: Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары, осы бөлімнің меңгерушісі, ҚР Президенті Аппараты Басшысының орынбасары және Ақпараттық-талдау орталығының басшысығы қызметін атқарды, 1994-1995 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік кеңесшісі, 1995-1999 жылдары – Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары және Президент Әкімшілігі Талдау және стратегиялық зерттеу орталығының басшысы, 1999-2001 жылдары – Президенттің Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы, 2000 жылы – Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Мемлекеттік комиссиясының төрағасы міндетін атқарды, 2001 жылы – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарды, 2002 жылы – Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі Президенттің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы, 2002 жылғы тамыз айынан бастап – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының Бірінші орынбасары, 2006 жылғы сәуір айынан бастап – Президенттің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы, 2007 жылы 11 - қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.

Мемлекетіміздің әлемдік қауымдастық елдерімен байланыстарын орнату және оны тереңдету шетелдерде Қазақстанның елшіліктерін, бас консулдықтарын ашу секілді қажетті дипломатиялық инфрақұрылымдарды дамыту ісімен қатар жүрді. Қазіргі кезде әлемнің түрлі елдерінде Қазақстанның 71 дипломатиялық және консулдық өкілдіктері жұмыс істейді. Оның 49-ы дипломатиялық (41 елшілік және 8 дипөкілдік), 19-ы консулдық мекемелер (7 бас консулдық, 12 консулдық), 1-і елшіліктің бөлімшесі, 2-і халықаралық ұйымдардағы өкілдіктер. Қазақстанның 7 халықаралық ұйымда ресми өкілдері бар.

Сырқы істер министрлігінің құрылып, одан әрі дамуында сыртқы істер министрлерінің орны бөлек, сондықтан жоғарыда айтылған сыртқы істер миинстрлерінің атқарған еңбектері көп.

Қазақстан 17 жыл ішінде алға қойған осы тарихи мақсаттарды толық орындады деп айтуға негіз бар. Мемлекет басшысының қажымас ерік-жігері арқасында бүгінде Қазақстанды дүниежүзілік қауымдастық ерекше жетістіктерге қол жеткізген мемлекет ретінде таниды. Тәуелсіз мемлекетіміз халықаралық бағдарларда өзінің беделін мықтап бекітіп, өзінің күллі уағдаластық міндеттеріне толық жауапкершілікпен қарайтынын нақтылады және жаһандық, аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен интеграциялық үрдістерге белсенді және тұрақты түрде үлесін қосып келеді.

Осы жылдардағы жемісті дипломатиялық қызметтердің нәтижесінде Қазақстан халықаралық қатынастарда лайықты орынға ие. Біздің еліміздің сыртқы саясатын теңгермелі бағыты мен алға қойған міндеттерге бірте-бірте қол жеткізгені үшін бағалайды. Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің, яғни Қазақстан дипломатиясының тарихы сыртқы саясатпен тығыз байланысты. Сондықтан да бүгінгі күнге дейінгі Қазақстанның жүргізген сыртқы саясатының маңызды даталарына тоқталмай кетпеуге болмайды.

Бұрынғы Одақ кезінде Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі негізінен протоколдық қызметпен шектеліп, сыртқы саясат мәселелерін ол үшін орталық шешетін. Қазақстан Республикасы егеменді ел болып, өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін өзінің сыртқы саясатын ұлттық-мемлекеттік мүддесіне сай жүргізе бастады.

1991 жылғы 29 - тамызда мен ел аумағында ядролық қарудың кез келген сынағын жүргізуге тыйым салатын жарлыққа Президент қол қойды. Осылайша қуаты жағынан әлемде төртінші орынды иеленетін ядролық қару арсеналымыз бола тұрып, төрткүл дүниенің бейбітшілігі үшін жойқын қарудан өз еркімізбен бас тарттық. Біздің бұл қадамымыз әлемдік қауымдастық алдында ізгіліктің жарқын үлгісі болды. Ядролық қарудан бас тарта отырып, ел басшылығы мен дипломатиялық қызметі әлемдік державалар тарапынан мемлекетіміздің толыққанды қауіпсіздігіне кепілдік алды.

Демократиялық ашық қоғам мен нарықтық экономика құруға, бір сөзбен айтқанда, етек-жеңімізді қымтап, дамудың үздіксіз жолына түсу арқылы әлемдік қауымдастықта лайықты орнымызды алу үшін жарқын болашаққа қарай нық қадам басқан Қазақстан экономикалық тұрғыдан аса маңызды өңірлік ықпалдастық пен халықаралық қауіпсіздік мәселелеріне де бірінші болып үн қатты. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында идеялық тұрғыдан ортаға тасталып, қазіргі кезде нақты іс жүзіне асып жатқан Еуразиялық экономикалық қоғамдастығы мен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесі, заманауи қауіп-қатерлер – ұлтаралық, дінаралық араздық пен діни экстремизм және ядролық лаңкестік қауіп-қатерлерінің алдын алып, адамның ең басты құндылықтары – наным-сенім таңдауына парасатты түсіністікпен қарауды насихаттайтын Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің сьездері соның айқын дәлелі.

1992 ж. 30 - қаңтарда Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға мүше болды. 1992 ж. 2-мамырда Қазақстан Республикасынын Біріккен Ұлттар Ұйымының толық құқылы мүшесі болуы дүниежүзілік қауымдастыққа дербес субъект ретінде белсене кірісуін көрсетеді, 22 мамыр-да Қазақстан Республикасы ЮНЕСКО-ға мүше болып қабылданды. Қазіргі күнге дейін ЮНЕСКО-мен қайырымдылық және мәдени салаларда тығыз байланыс жасап отыр. Оның айғағы - ұлы Абайдың 150 жыддық мерейтойы көптеген елдерде ЮНЕСКО-ның демеуімен аталып өтуі. [5, 92-б.]

Сол жылдың 18-20 мамыр аралығында ҚР Президенті Н.Назарбаев АҚШ Президенті Джордж Буштың шақыруымен Америка Құрама Штаттарына алғашқы ресми сапар шекті. Бұл сапар қазақстан-америка қатынастарының негізін қалады, онда екі мемлекет басшылары «жаңа қатынастар» орнағанын жария етті. Сондай-ақ 1992 ж маусым-да Қазақстан Дүниежүзілік Кеден Ұйымына кірді. Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына мүше болды, 21 тамызда Қазақстан Республикасы Халықаралық Азаматтық авиация (ІСАО) ұйымына енді, 28 - қазанда ҚР Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясында АӨСШК шақыру идеясын жариялады

Қазақстанның сыртқы саясатының негізінде өзінің қауіпсіздігін, егемендігі мен территориялық тұтастығын қамтамасыз ететін, мемлекетіміздің дүниежүзілік қауымдастыққа енуіне, республика ішіндегі реформаларды жүзеге асыруға, оның тиімді және өсіңкі экономика, тұрақты демократиялық институттар жасауға, барлык республика халқының құқығы мен бостандықтарын қорғауға қолайлы жағдайлар жасау мүдделері жатыр. Ол өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери құралдарды емес, парасатты, салмақты дипломатияға сүйене отырып, саяси құралдарды пайдалануды мақсат етіп отыр. Ол халықаралық байланыстарынын негізінде таяу және алыс шетелдердің бәрімен өзара тиімді саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени қатынастарды орнатуға ұмтылуда.

Біздің елімізбен дәйекті байланыстарды дамытуға бірталай мемлекеттер ықылас білдіруде. Оған себеп болатын ең алдымен қыруар қазба байлықтарымыз. Тұтас алғанда жыл сайын Қазақстанда 1,5 млрд. тоннадан астам пайдалы қазбалар игеріледі. Республикамыз астық өнімдерімен өзін-өзі қамтамасыз етіп қана қоймай, біраз бөлегін әлемдік нарыққа экспортқа шығаруға мүмкіншілігі бар. ТМД елдерінің қой шаруашылығының 25%-і қазақ даласында өсіріледі. Мұның бәрі шетелдерді қызықтырмай қоймайды. Оған қоса республикамыздың демократияландыруға, экономиканы нарықтық жолмен реформалауға алған бағыты да себеп болуда. Сонымен қатар бұрынғы Кеңес империясының ыдырауының нәтижесінде мүлдем жаңа географиялық саяси жағдай пайда болды. Қазіргі Қазақстан жері Еуропаны Азия-Тынық мұхит аймағымен байланыстыратын сыртқы саяси жән стратегиялык тиімді кеңістікті алып жатыр. Бұл байланыстырушы буын мүмкіндігі де Республикамызға септігін тигізуге тиіс.

Біздін географиялық жағдайымыздың тиімсіз де жері бар. Ол ашық теңізге тікелей шығу мүмкіндігінің жоқтығы, қатынас жолдарынан қашықта орналасуымыз. Мұның бәрі халықаралық экономикалық байланыстарға қатынасуымызды қиындата түседі және сыртқы саясатты құруға да әсерін тигізуде. Сондықтан көршілес мемлекеттермен, оның ішінде ең алдымен Ресеймен өзара қатынастардың болуының мәні зор. Бұл ел, біріншіден, Батыспен қатынас жолының қақпасы болып тұр. Екіншіден, республикамызда тұратын орыстардың саны көп. Үшіншіден, Ресейде де бірталай қазақтар тұрады. Төртіншіден, Петр Біріншіден бастап Ресей Қазақстанға Азия елдерінің кілті мен қақпасы ретінде караған. Екі елдің арақатынасы дұрыс болса, ел де тыныш болады. Сондықтан 1992 жылғы 25- мамырда Н. Ә. Назарбаев пен Б. Н. Ельцин Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қойды. Онда мемлекеттік егемендік пен аумақтық тұтастықты өзара кұрметтеу, даулы мәселелерді бейбіт жолмен реттеу және күш қолданбау, ішкі істерге араласпау және т.б. қарастырылды. "Байкоңыр" ғарыш айлағын пайдаланудың реті туралы" келісімге қол қойды. Ресей Федерациясы "Байқоңыр" кешенін пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасына жылына 115 мың АҚШ доллары көлемінде жалға алу ақысы төлеп отырады. Ол 20 жылға жалға берілді, екі жақ өзара келіскенде жалға алу мерзімі содан кейінгі 10 жылға ұзартылады. Екі ел арасында әскери-саяси, мәдени-гуманитарлық салаларда шарттарға қол қойылды. 1998 жылдың 12 - қазанында Ресей Федерациясымен Қазақстан және Ресей арасындағы шекараны делимитациялау туралы хаттамаға қол қойылды. Мұнын бәрі екі ел арасындағы қарым-қатынастың өрбіп келе жатқанын кәрсетеді.

Көріп отырғанымыздай-ақ 1992 жылы тарихта Қазақстанның тәуелсіздік табалдырығын аттап, алға қарай серпімді қадам басып келе жатқанының айғағы.

1993 жылы 14 - ақпанда Қазақстан Республикасының Атом энергиясы бойынша Халықаралық Агентствоға (МАГАТЭ) кірді.

1994 жылғы сәуір айында Алматыда Қазақстан мен ҚХР арасындағы мемлекеттік шекараның өтуі туралы Шартқа қол қойылды. Бұл құжаттың маңызы өте зор екендігі айтпаса да түсінікті. Қазақстанның Қытай Халық Республикасымен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастықта, шекара бойындағы аудандарда еркін сауда аймақтарын ашу мәселелері жөнінде айтарлықтай жылжу бар. Қытай Қазақстанға қарсы ядролық қаруды қолданбауға, күш жұмсамауға немесе күшпен қорқытпауға, егемендік пен аумақтық тұтастықты құрметтеуге міндеттенді. Өз кезегінде, Қазақстан ҚХР-дың аумақтық тұтастығына қатысты осындай міндеттемелерді мойнына алды. 1994 жылы 18 - тамызда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Елшілігін ашу туралы жарлыққа қол қойды, 4 - желтоқсанда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының Швейцария конфедерациясындағы Елшілігін ашу туралы» және «Женева қаласындағы БҰҰ бөлімшесі мен халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Өкілдігін ашу туралы» жарлықтары шықты, 15 - желтоқсанда Жамбылда Президенттер Н.Ә.Назарбаевтың, А.А.Ақаевтың, И.А.Кәрімовтің қатысуымен Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының және Өзбекстан Республикасының Мемлекетаралық Кеңесінің отырысы өтті. Отырыс соңында Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан арасында БҰҰ қамқоршылығымен Үш елдің бітімгершілік батальонын құру және қалыптастыру туралы келісімге қол қойылды. Осы айтылған келісімдердің барлығы Қазақстанның Азиямен, Еуропа елдерімен, ынтымақтастықтың жалғасуы, бейбітшілік жолды жалғастыруы деуге болады.

Қазақстан үшін ЕҚЫҰ-ның 1994 жылғы желтоқсан айында Будапешт (Венгрия) қаласында өткен кезекті жиыны өте маңызды болды. Дәл осы жиын үстінде Қазақстан үшін маңызды келісімге қол қойылып, елдің мәртебесі көтерілген еді, ол– жер бетіндегі ядролық қарулы мемлекеттердің Қазақстанға берген қауіпсіздік кепілдігі туралы тарихи келісім болатын.

1995 жылы 19 - ақпанда ҚР Сыртқы істер министрінің бұйрығымен ҚР Сыртқы істер министрлігінің алқасы құрылды. ҚР СІМ Алқасы Сыртқы істер министрлігі жанындағы кеңестік орган болып табылады. [6, 87-б.]

Сол жылы 26 - сәуірде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Қытайға ресми сапармен барды. Қазақстан, Қырғызстан, ҚХР, Ресей және Тәжікстан басшылары Шекара аймағындағы әскери салалада сенімділікті нығайту туралы келісімге (Шанхайлық келісім) қол қойды, 11 - мамырда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Иран Ислам Республикасына ресми сапармен барды. Президенттер Каспий теңізі бойынша бірлескен мәлімдеме қабылдады, 23 - тамызда Алматыда Орта Азия Одағына қатысушы мемлекеттер басшыларының кездесуі болды. Кездесу барысында 1996–1998 жылдарға арналған Біртұтас экономикалық кеңістік құру бойынша іс-шара бағдарламасы бекітілді, қатысушы-мемлекеттер шекаралық аумақтарында арнайы экономикалық аймақ құру туралы шешім қабылданды, 30- қыркүйекте Қазақстан ядролық сынақтарға тегіс тыйым салу келісім шартына қол қойды

1995 жылы 10 - қыркүйекте ҚР Үкіметі қаулысымен ҚР Сыртқы істер министрлігінің Жоғарғы дипломатиялық мектебі (Диломатиялық Академия) құрылды.

1997 жылы 2 - желтоқсанда Ослода өткен ЕҚЫҰ қатысушы-мемлекеттер сыртқы істер министрлерінің кеңесі барысында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ЕҚҰЫ арасында Алматыда ЕҚЫҰ Орталығын ашу туралы меморандумға және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ЕҚЫҰ-ның Демократия және адам құқығы жөніндегі бюросы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

2002 жылы 7 - наурызда Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Осы Заң Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметi жұмысының құқықтық негіздерін, сондай-ақ ұйымдастырылу тәртібiн айқындайды.

2006 жылы 25 - қаңтарда Санкт-Петербургте өткен Еуразиялық Экономикалық Қауымдастықтың Мемлекетаралық Кеңесіне қатысу шеңберінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті В.Путин атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы қазақстандық-ресей ынтымақтастығын дамыту туралы бірлескен Мәлімдемені қабылдады.

Сонымен бірге мемлекет басшылары 1998 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы Су асты қорын пайдалануға дербес құқықтарды орындау мақсатында Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің түбін бөлу туралы Келісімнің 2002 жылғы 13 мамырдағы Хаттамасына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттамаға қол қойды. Сол жылы 17 - маусымда Алматыда Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесінің (АӨСШК) екінші саммиті өтті. Саммит барысында АӨСШК екінші саммитінің Декларациясы қабылданып, Азиядағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық мәселелеріне ортақ көзқарас білдірілді. Аталған шара шеңберінде АӨСШК хатшылығының құрылуы және оның Алматыда орналасуы туралы шешім қабылданды.

2006 жылы 8 - қыркүйекте Семей қаласында Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан мен Түрікменстанның Сыртқы істер министрлері деңгейінде «Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аумақ құру туралы» Шартқа қол қойылды. Қол қою рәсіміне БҰҰ, МАГАТЭ, халықаралық қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, Қазақстанда аккредитацияланған дипломатиялық миссиялардың басшылары қатысты.

Сыртқы істер министрлері кеңесінің 2007 жылғы қарашаның 29-30 Мадридте қабылдаған Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымында төрағалық етуі туралы шешімі біздің еліміздің халықаралық тұрғыдан танылуының, сапалық жаңа деңгейге көтерілуінің айқын айғағы болды.

Қазақстанның төрағалығы – бұл, бірінші кезекте, өзінің саяси тарихында тұңғыш рет салмақты халықаралық легитимизация мен өзінің ұмтылысына қолдау көрген барлық Қазақстан халқының жетістігі.

Қазақстан халқы іштегі және сырттағы сындарға қарамастан, таңдап алынған саяси және экономикалық даму бағытынан таймаған елімізге қолдау көрсетіп, өзінің ақылмандығын айғақтады.

Елімізді қазір дүние жүзінің 120 мемлекеті таныды, олардың 105-імен дипломатиялық қатынастар орнатылды. Шетелдерде 29 елшілік ашылып, Алматыда 40 елшілік пен миссия, халықаралық және ұлттык ұйымдардың 16 өкілдігі жұмыс істейді.

Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның дипломатиялық әлеуеті шын мәнінде қажет болғандығын уақыт айшықтап көрсетті. Қазақстандық дипломатиялық қызмет еліміздің халықаралық ұстанымын нығайтуға нақты үлесін қосты. Бүгінде Қазақстан әлемге негізді және ашық сыртқы саясаты бар мемлекет ретінде танылды.

Сонымен қатар, Қазақстан бүгінде ТМД, Біртұтас экономикалық кеңістік, Шанхай ынтымақтастығы ұйымы, Экономикалық ынтымақтастық ұйымы, сондай-ақ Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы секілді өңірлік ықпалдастық құрылымдардың аясында көп жақты ынтымақтастықты белсенді жүргізіп отырған белді мүшелердің қатарында.

Осының бәрі, яғни қазақ дипломатиясының белсенді қызметі, серіктестерімізбен тең құқылы және өзара тиімді қатынастар дамытуға мүдделілігіміз жаһандық және өңірлік саясаттың өзекті мәселелері бойынша сындарлы да табанды ұстанымдарымыз халықаралық аренада Қазақстан Республикасына құрмет пен сүйініш тудырды.

Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының тұжырымдамалық қырлары турасында сөз қозғағанда, Елбасы белгілеп, біздің дипломатия жүзеге асырып келе жатқан көпвекторлы бағдары дұрыстығын атап айту керек. Өзінің геосаяси орны мен экономикалық әлеуетіне байланысты Қазақстанға дәл осындай саясат жүргізу қажет болды. Қазақстанды екі құрлықта да мүддесі алысты көздеген, ірі еуразиялық мемлекет ретінде қарастыра отырып, орталықазиялық өңірдің ғана акцияларымен шектеліп, тар ауқымды географиямен тұйықталу жөн болмас еді. Мұндай ұстаным біздің елдің әлеуеті мен стратегиялық мүдделеріне кереғар келер еді. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстанның көпвекторлы саясаты түпкілікті жүйеге түсті және елдің өсіп-өркендеуі мен бақуаттылығына жұмыс істеп жатыр деп айтуға толық негіз бар.

Қазақстан Республикасының сындарлы сыртқы саясаты оның мақсаттарына жету үшін нысанасы мен мүмкіндіктерінің арасындағы қисынды теңгерімді сақтауға негізделуі тиіс. Саяси-дипломатиялық құралдарды сыртқы саяси міндеттерді шешуге шоғырландыру біздің еліміздің ұлттық мүдделерінің нақты маңызына бара-бар болуы қажет. Халықаралық проблемалардың көпқырлылығы мен күрделілігі, дағдарыстық жағдайлардың болуы олардың әрқайсысын да Қазақстанның сыртқы саяси қызметінде басымдылық жағынан дер уақытында бағалауды талап етеді. Жаһандану жағдайында Қазақстанның мемлекеттік егемендігі мен оның ұлттық экономикасын қорғаудың саяси, құқықтық, сыртқы экономикалық және басқа да құралдарының тиімділігін арттыру қажет. Осы міндеттердің бәрін қаншалық сәтті шешетіндігіміз белгілі бір деңгейде біздің дипломатиялық қызметті дамыту мен жетілдіруімізге байланысты болмақ. Бұл ретте, тұрақты экономикалық өсімнің арқасында еліміздің халықаралық орнын нығайтуға қажетті мүмкіндіктер мен ресурстардың да ұлғайып келе жатқанын ескеру керек.

Сонымен Сыртқы істер министрлігінің құрылуын зерттедік және қысқаша қорытындылайық:

Төл дипломатияның тарихы Қазақ хандықтарынан, дәлірек айтқанда тәуелсіздік пен аумақтық тұтастықты сақтап қалу міндеті маңдайларына жазылған Керей мен Жәнібектен Әбілқайыр, Абылай хандарға, одан беріде Бөкей хандығы мен Алашорда қайраткерлерінен тамыр алады.

1944 жылдың сәуір айының 13-інде Қазақ КСР-інің Сыртқы істер ұлттық комиссариаты құрылып, оны кейіннен КСРО-ның Үндістандағы елші-кеңесшісі болып істеген, талантты дипломат Төлеген Тәжібаев басқарды. Қазақ КСР-інің Сыртқы істер ұлттық комиссариаты 1946 жылы Сыртқы істер министрлігі болып қайта құрылды.

1992 жылдың 2 - шілдесінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев жас Қазақстан мемлекетінің сыртқы саясат ведомствосының мәртебесі мен өкілеттігін ресми рәсімдеген, “Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі туралы” Жарлыққа қол қойды.

1991 жылы желтоқсанның 16-сында тәуелсіздік алғаннан кейінгі Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Сыртқы істер министрі лауазымына Төлеутай Сүлейменов тағайындалды. Кейіннен министрлік басшылығына Қанат Саудабаев (1994 жылдың сәуір-қазан аралығы), Қасым-Жомарт Тоқаев (1994-1999, 2002-2007 жылдары), Ерлан Ыдырысов (1999-2002) сынды кәсіби дипломаттар тағайындалды, Март Тәжин (2007 – бүгінгі күнге дейін).

Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі үшін 17 жыл тарихи уақыт тұрғысынан өте қысқа екендігі сөзсіз. Жоғарыда Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері де аймақтық және халықаралық қатынастарды дамытудағы іс-әрекетін айтып өттік. Осының бәрі ел басшылығы мен сыртқы саясаттың өнімді жұмысын және дамудағы сапалы деңгейге жеткенімізді көрсететін болса керек. Сөз жоқ, оған еліміздің сыртқы саясат тұжырымдамасын айқындап, оны баянды етуге тікелей өзі ұйытқы болған мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерекше еңбегі әлемдік саясаттың дамуына да айтарлықтай ықпал етті.





Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №21 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №2 хаттама
2013 -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №6 хаттама
2013 -> Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан 010 000, г
2013 -> Тақырыптың өзектілігі
2013 -> «Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысы идеологиясының маңызд


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет