Титульный лист Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі



жүктеу 1.04 Mb.
бет6/10
Дата04.03.2018
өлшемі1.04 Mb.
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

2.3 Қазақстан Республикасының консулдық қызметі мен құқықтық реттелуі


Қазақстан Республикасының консулдық қызметі - дипломатиялық қызметтің халықаралық құқық жол беретiн шектерде мемлекеттің, Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен достық қарым-қатынастарын дамытуға, экономикалық, сауда-саттық, ғылыми-техникалық, ізгілік-мәдени байланыстарды және туризмді кеңейтуге жәрдемдесетін бір бөлігі. [8]

Консулдық қызметтің құқықтық реттелуі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің 2000 жылғы 21 - қарашадағы Консулдық заңдастыру Ережелерiн бекіту туралы N 264 бұйрығы, Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болуын құқықтық реттеудiң жекелеген мәселелерi Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 28 - қаңтардағы № 136 қаулысы, қазақстандық визаларды алу ережелері, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 - сәуірдегі № 545 «Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын Конвенция ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» ҚР Үкіметі Қаулысы бойынша іске асырылады.

Консулдық заңдастыру дегеніміз құжаттардың болу елінің қолданыстағы заңдарына сәйкестiгiн тексеру және мұндай құжаттарды басқа мемлекетте пайдалану мақсатымен оларға лауазым иесiнiѕ қойған қолы мен басқан мөрiнiң түпнұсқалылығын анықтау мен куәландыру болып табылады.

Консулдық заңдастыру функцияларын мыналар атқарады: [15]


  • шетелде - Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерi;

  • Қазақстан Республикасында - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Консулдық қызмет департаментi.

Шетелдегi Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерiнде құжаттар мен актiлердi заңдастыру бойынша функциялар Қазақстан Республикасының консулдарына жүктеледi. Консулдың тапсырмасы бойынша консулдық заңдастыруды басқа да консулдық лауазымды адамдар жүзеге асыра алады. Консул консулдық аймақтың билiк орындарының қатысуымен әзiрленген, олар растаған және олар шығаран құжаттар мен актiлердi консулдық заңдастыру үшiн қабылдайды. Егер Қазақстан Республикасының заңдары бойынша немесе Қазақстан Республикасы және құжаттар мен актілердi ұйымдары мен мекемелері шығарған мемлекет қатысушысы болып табылатын халықаралық шарт бойынша ґзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары шетелдiк мемлекеттiң ұйымдарынан және мекемелерiнен шығатын құжаттар мен актiлердi қарауына қабылдайды.

Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетiн немесе өзiнiѕ мазмұны бойынша Қазақстан Республикасыныѕ мүдделерiне нұқсан келтiруi мүмкiн, немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының ар-ожданы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн мәлiметтер жазылған құжаттар мен актiлер заңдастыруға жатпайды.

Консулдық қызмет департаментi Қазақстан Республикасының ұйымдары мен мекемелерiнен шығатын және шетелде ұсынылатын құжаттар мен актiлердi де заңдастырады. Құжаттыѕ немесе актiнiң осы талаптарға сәйкес заңдастыра алынатындығына лауазымды адам көз жеткiзгеннен кейiн, оған белгiленген үлгiдегi жазба жасалады. Жазба нұсқасы 2-қосымшада көрсетілген. Консулдық мекемелер құжаттар мен актiлердi заңдастыру жөнiндегi реестрлердi 3-қосымшада көрсетілгендей, нысанға сәйкес жүргiзедi.

Консулдық қызметтің негізгі бағыты Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған. Сондықтан шетелге уақытша кеткен азаматтар да консулдық қызмет департаментінің қарамағында болады.

Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнің мекемелерi арқылы Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге қатысты құжаттарды талап ету Ережесi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 24 наурыздағы N 229 "Қазақстан Республикасынан шет елдерге Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың жеке бастық құжаттарын әкету, салып жiберу және талап ету тәртiбi туралы" қаулысының негiзiнде және оны орындау үшiн әзiрленген және Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiк азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге қатысты құжаттарды шет елдердегi Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдiктерi, консулдық мекемелерi мен Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi арқылы талап ету тәртiбiн айқындайды. [16]

Қазақстан Республикасының шетелдердегi дипломатиялық өкілдіктерiнен, консулдық мекемелерiнен келiп түсiп жататын сұрау салуларды, Қазақстан Республикасынан құжаттарды талап ету және Қазақстан Республикасында анықтама жүргiзудi орындау Консулдық қызмет департаментi арқылы, оның ішінде :

1) Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы куәлiктi талап ету бойынша - Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әдiлет басқармаларының АХАТ бөлiмдерi, сондай-ақ Мұрағаттар мен құжаттамаларды басқару жөнiндегi комитет;

2) Әлеуметтiк-құқықтық сипаттасы (еңбек стаждары, жалақылары, зейнетақылары, бiлiмдерi мен бiлiктiлiктерi, мемлекеттiк және ведомстволық марапаттаулары, негiзсiз қуәын-сүргiнге ұшырау фактiлерi, азаматтардың және олардың мүлiктерiнiң тәркiленуi, әскери қызметi, еңбек армиясына қатысқаны туралы) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк және арнайы мемлекеттiк мұрағаттарында, ақпарат пен құқықтық статистика орталықтарында жатқан құжаттар бойынша мәлiметтер талап етудi Мәдениет, ақпарат және келiсiм министрлiгiнің Мұрағаттар мен құжаттамаларды басқару жөнiндегi комитетi, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика мен ақпарат орталығы (Департаментi);

3) Ұйымдарда ведомстволық сақтауда жатқан құжаттар бойынша әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы мәлiметтердi талап ету бойынша - тиiстi мемлекеттiк органдар мен олардың жүйесiндегi мекемелер;

4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң құзыретiне кiретiн құжаттар бойынша әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы құжаттарды талап ету бойынша - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi;

5) Бiлiмi туралы құжаттарды, сондай-ақ жоғары бiлiм деңгейiн растайтын құжаттарды талап ету бойынша - Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi;

6) Саяси оқиғалардың, әскери қимылдардың немесе табиғат апаттарының салдарынан олармен байланыс үзiлген, оның iшiнде бұрынғы әскери тұтқындар мен еркiнен айырылғандар Қазақстан Республикасының аумағында және шет елдерде Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiк азаматтардың, азаматтығы жоқ тұлғалардың жақын туыстарын iздестiру бойынша, сондай-ақ бұрынғы Кеңестiк Социалистiк Республикалар Одағы аумағында және одан тыс жерлерде әскери iс-қимыл кезеңдерiнде жерленген жауынгерлер мен азаматтық тұлғалар қабiрлерiнiң сақталғандығы туралы анықтама жүргiзу бойынша - Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты ай мен Қызыл Крест қазақ қоғамы;

7) Емделуде болғаны, кәсiби аурулары мен қайғылы оқиғалар туралы мәлiметтердi талап ету бойынша - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi, Мұрағаттар мен құжаттамаларды басқару жөнiндегi комитет жүзеге асырады.

Мәлiметтер (мұрағаттық анықтамалар) азаматтарға олардың өздерi туралы және олардың асырауындағы немесе олардың қамқорлығындағы адамдар туралы берiлуi мүмкiн.

Қазақстан Республикасы дипломатиялық қарым-қатынастар орнатпаған және оның мүдделерi басқа мемлекеттер арқылы көрсетiлмеген елдерде құжаттарды талап ету iргелес жатқан мемлекеттердiң бiрiнде орналасқан Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiгi немесе консулдық мекемесi арқылы жүзеге асырылады.

Сондай-ақ қазіргі таңдағы консулдық қызмет саласындағы мәселелердің бірі «Туризм» пилоттық кластерін дамыту жөніндегі Үкіметтің жоспарына сәйкес туристік визалар (рұқсатнамалар) үшін тарифтерді төмендету бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Туризмнің (Дүниежүзілік туристік ұйымның жіктеуі бойынша азаматтардың өзінің тұрақты тұратын елінен тыс жасайтын кез келген жүріс-тұрыстары туризмге жатады) экономиканың табыстар деңгейі бойынша үшінші орындағы саласы болып табылтынын атап өту қажет. Тайланд мысалынан туындайтыны, кіру туризмінен түсетін пайда жалпы ішкі өнімнің 10 %-ын құрайды. Кіру туризміне ондаған жылдар бойы маманданған елдердің (Түркия, Таиланд, Малайзия, Сингапур және т.б.) тарихы көрсеткендей, заңға бағынатын елдер азаматтарының қысқа уақыт осы елдерде болуының себебі бойынша өзінің ұлттық қауіпсіздігіне қайсыбір нұқсан келтірмеген. Туризм жұмыссыздықпен күресуге көмектеседі, қонақүй және мейрамхана бизнесін, көлік және басқа да салаларды дамытады. Туризм жалпы алғанда шағын және орта бизнеске септігін тигізеді, ол сондай-ақ халықтың жұмыспен қамтылуын ұлғайтады.

Рұқсатнамалар алу ережелерін жеңілдету де туризмді дамытудың бірден-бір жолы болып табылады.

Шетел азаматтары Қазақстанға келу үшін рұқсатнамалар (визалар) алуда белгілі бір жеңілдіктерді пайдаланатын 28 мемлекеттің қатарына Шығыс Еуропадағы, Таяу Шығыстағы және Латын Америкасындағы заңсыз көші-қон қаупін төндірмейтін бірқатар елдерді қосу жоспарланып отыр. Осындай шаралар қабылдау туристер ағындарының өсуіне жағдай жасайды және экономиканы әртараптандыруға септігін тигізеді. Мұнымен қатар, әуежайларда рұқсатнамалар беру практикасы кеңінен қолданылатын болады. Қазіргі кезде Жапония азаматтары үшін эксперимент ретінде бір ай мерзімге маусымдық рұқсатнамасыз режимді енгізу туралы мәселе пысықталып жатыр. Шетел азаматтарының рұқсатнама алуы Қазақстан Републикасында виза алу ережелері бойынша реттеліп отырады.

ҚР визаларын беру тәртібі «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрінің 2002 жылғы 24 желтоқсандағы № 08-1/77 бұйрығымен және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы № 806 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының визаларын беру тәртібі туралы нұсқаулықпен реттеледі.

ҚР визасы жарамды паспортқа немесе Қазақстан Республикасы танитын жеке басын куәландыратын басқа құжатқа жапсырылады, және Қазақстан Республикасының аумағына келуге, және онда болуға, сондай-ақ кетуге немесе транзитпен ҚР аумағын кесіп өтуге құқық береді. [17]

Қазақстан Республикасының визаларын беру және олардың қолданыс мерзімін ұзарту үшін қолданылып жүрген заңнамаларға сәйкес ресімделген халықаралық ұйымдардың, шет мемлекеттер өкілдіктерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік мекемелерінің Астанадағы ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментіне немесе Алматыдағы КҚД өкілдігіне тапсырылған жазбаша өтініштері негіз болып табылады.[18]

Туристер ретінде немесе іскерлік мақсатпен шетел азаматтарын шақыратын мемлекеттік емес ұйымдар облыстық деңгейдегі көші-қон полициясының жергілікті бөлімшелерімен (Астана мен Алматы қалаларының тұрғындары үшін Астана және Алматы қалаларының Ішкі істер бас басқармасы – Ішкі істер басқармасының көші-қон полициясы басқармасымен) келіскеннен кейін ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментіне жазбаша өтініштерді береді.

Австралия Одағының, Австрия Республикасының, Америка Құрама Штаттарының, Андорраның, Аргентина Республикасының, Бельгия Корольдігінің, Болгария Республикасының, Бразилия Федеративтік Республикасының, Ватиканның, Венгрия Республикасының, Германия Федеративтік Республикасының, Грек Республикасының, Дания Корольдігінің, Жаңа Зеландияның, Жапонияның, Израиль Мемлекетінің, Ирландия Республикасының, Исландия Республикасының, Италия Республикасының, Испания Корольдігінің, Канаданың, Кипр Республикасының, Корея Республикасының, Коста-Рика Республикасының, Куба Республикасының, Латыш Республикасының, Литва Республикасының, Лихтенштейн Княздігінің, Люксембург Ұлы Герцогтығының, Мальта Республикасының, Мексика Құрама Штаттарының Монаконың, Наурудың, Нидерланд Корольдігінің, Норвегия Корольдігінің, Оңтүстік Африка Республикасының, Польша Республикасының, Португалия Республикасының, Румыния Республикасының, Сан-Марино Республикасының, Сингапур Республикасының, Словакия Республикасының, Словения Республикасының, Түркия Республикасының, Уругвай Шығыс Республикасының, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің, Хорватияның, Чех Республикасының, Чили Республикасының, Швейцария Конфедерациясының, Швеция Корольдігінің, Финляндия Республикасының, Француз Республикасының, Эстон Республикасының, Ямайканың азаматтарын іскерлік немесе туристік мақсатпен шақыру үшін ішкі істер органдарының рұқсаты талап етілмейді, яғни қабылдайтын ұйымдардың шақырулары (Астана, Алматы қалаларындағы) ҚР СІМ КҚД-ға тікелей тапсырылады.

Дипломатиялық визалар дипломатиялық паспорттың иелеріне, халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне және олардың отбасы мүшелерiне, Қазақстан Республикасы таныған мемлекеттерде үкiметке, парламентке мүше, көрнекті қоғамдық және саяси қайраткерлерге консулдық алымдар алынбай беріледі.

Қызметтiк визалар шетелдiк дипломатиялық өкiлдiктердiң және консулдық мекемелердiң персоналына, Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдардың шақыруы бойынша қызметтiк iстермен Қазақстан Республикасына жол жүретін шетел азаматтарына, қызметтік паспорттың иелеріне беріледі.

Инвесторлық визалар Қазақстан экономикасын инвестициялауға қатысатын шетелдiк фирмалар мен компаниялардың басқару буындарының басшылары мен өкілдеріне, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне беріледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 - қаңтардағы № 46 қаулысына сәйкес инвесторлық виза тегін беріледі. [19]

Егер халықаралық шарттар мен келiсiмдерде өзгеше көзделмесе «жұмыс iстеуге арналған» санаттағы ҚР визаларын ресімдеу үшін басқа құжаттармен қоса шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат болуы қажет.

Iскерлiк визалар (iскерлiк келiссөздерге, кеңесулерге, түрлі форумдарға, конференцияларға қатысу, келісім-шарттар жасасу, бiрлескен кәсiпорындар құру, қазақстандық рынокты зерттеу, консультативтi және аудиторлық қызмет көрсету және т.б.) Қазақстан Республикасына iскерлiк мақсатпен келетін шетел азаматтарына Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қолдаухаттарының негізінде беріледі.

ҚР туристiк визалары шетел азаматтарына туристiк қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар Қазақстан Республикасының туристік ұйымдарының оларды қабылдау туралы растауы, сондай-ақ iшкi iстер органдарының рұқсаты және ҚР СIМ КҚД-нiң визалық қолдауы болған жағдайда беріледі.

Оқуға арналған визалар оқу орындарының қолдаухаттары негiзiнде ресімделетін, ҚР СІМ-нің визалық қолдауы болған жағдайда, Қазақстан Республикасына оқуға, оқу тәжiрибесінен өтуге, тағылымдамаға және осылар тәрізді себептермен келетiн, сондай-ақ ҚР аумағында жүрген шетел азаматтарына беріледi.

Емделуге арналған визаларды медициналық мекемелердің шақыру мақсатын растайтын құжаттары негізінде ресімделетін, ҚР СІМ-нің визалық қолдауы болған жағдайда, Қазақстан Республикасына емделуге, медициналық тексерiлуге, кеңес алуға және басқа да осыған ұқсас мақсаттармен келетін, сондай-ақ ҚР аумағында жүрген шетел азаматтарына беріледi.

Тұрақты тұруға арналған визаларды ҚР ҰҚК-нің және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон жөніндегі комитетінің келісімі бойынша ресімделетін, ҚР СIМ-нің визалық қолдауы болған жағдайда, шетел азаматтарының өтініштері негізінде Қазақстан Республикасының шетелдердегi мекемелерi Қазақстан Республикасына тұрақты тұру үшін келетін шетел азаматтарына бередi.

Транзиттік визалар үшiншi елге келуге жарамды құжаттары (визалары) бар, визасыз транзитке құқығы жоқ шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жол жүрулері үшiн беріледi.

Қазақстанның аумағы арқылы транзитпен өтетін шетел азаматтарының өзімен бірге Қазақстан Республикасының аумағына кірген күнін растайтын құжаттары (жол билеттері) болуы тиіс.

Консулдық қызметтің тағы бір маңызды бағыты екі жақты және көп жақты деңгейлерде азаматтардың өзара сапарларының құқықтық базасын әрі қарай дамыту болып табылады.

Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2008 жылєы 23 - желтоќсандаєы N 1212 ќаулысымен бекітілген Ќазаќстан Республикасы Сыртќы істер министрлігініѕ 2009-2011 жылдарєа арналєан стратегиялыќ жоспарында Шет елдерде Ќазаќстан Республикасыныѕ жеке жјне заѕдыќ тўлєаларыныѕ ќўќыќтары мен мїдделерін ќорєау жјне ќамтамасыз ету, сыртќы байланыстарды консулдыќ ќолдау бағыты қарастырылған. Осы стратегиялық бағыттың мақсатын, міндеттерін, жұмсалатын қаржы мөлшерін 1-кестеден көруге болады [11].

1-кесте. Шет елдерде Ќазаќстан Республикасыныѕ жеке жјне заѕдыќ тўлєаларыныѕ ќўќыќтары мен мїдделерін консулдық қорғау стратегиясы


Кґрсеткіштер атауы

Ґлшем бірлігі

Есепті кезеѕ

Жоспарлы кезеѕ

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

Стратегиялыќ баєыт

Шет елдерде Ќазаќстан Республикасыныѕ жеке жјне заѕды тўлєаларыныѕ ќўќыќтары мен мїдделерін ќорєау жјне ќамтамасыз ету, сыртќы байланыстарды консулдыќ ќолдау

Маќсат

1.Шет елдерде Ќазаќстан Республикасыныѕ жеке жјне заѕдыќ тўлєаларыныѕ мїдделерін ќолдау тиімділігін арттыру;

2. Шет мемлекеттерде (бірінші кезекте ЕО елдерінде) ЌР азаматтары їшін визалыќ режимді жеѕілдету;

3. Жеке басты кујландыратын ќўжаттардыѕ ќорєану деѕгейін кґтеру


Міндеттер

Шет елдерде консулдыќ ќатысуды арттыру. ЕО-єа мїше мемлекеттермен реадмиссия, заѕсыз кґші-ќон жјне ўйымдасќан ќылмысќа ќарсы кїрес саласындаєы, босќындарєа баќылау жїргізу, тґлќўжат деректерін ќорєауды кїшейту жјне шекаралыќ баќылауды басќару жґніндегі ынтымаќтастыќ орнату. Ќазаќстан Республикасыныѕ дипломатиялыќ жјне ќызметтік тґлќўжаттарыныѕ "жаѕа їлгісін" дайындау.

Баєдарламаны іске асыруєа арналєан шыєыстар




мыѕ теѕге

282700

282702

297825

297825

0

Ќазіргі уаќытта бірќатар елдердіѕ (АЌШ жјне ЕО), сондай-аќ Азаматтыќ авиацияныѕ халыќаралыќ ўйымыныѕ бастамасы бойынша јлемніѕ барлыќ мемлекеттерініѕ шетелдік паспорттарыныѕ ќорєаныш деректеріне талап ќатая тїсуде. Паспортта биометриялыќ деректердіѕ болуы - дамыєан елдердіѕ шекарасын кесіп ґткен кезде шекаралыќ баќылау рјсімін жеѕілдетеді. Осыєан байланысты ЌР-дыѕ тиісті органдары паспорттардыѕ жаѕа буынын јзірлеуді жоспарлауда.

ЌР ЎЌК Шекаралыќ ќызметініѕ деректері бойынша жыл сайын шетелге 4 миллионнан астам ЌР азаматтары сапар шегеді, бўл ел халќыныѕ 20 пайызы дерлік кґрсеткіш.

ЌР-дыѕ шетелдік мекемелерініѕ консулдыќ есебінде 50 мыѕєа жуыќ ЌР азаматтары тўрады (тўраќты тўрєын орнына жол жїретіндер, келісім-шарт бойынша жўмыс істейтіндер, студенттер, таєылымгерлер, туристерді есептемегенде). ЌР азаматтары сапарларыныѕ жаєрапиясы уаќыт озєан сайын кеѕеюде, ЌР Сыртќы істер министрлігіне Батыс Еуропа, Африка, Латын Америкасы, Оѕтїстік Шыєыс Азия жјне Австралия елдерінен консулдыќ жјрдем кґрсету туралы сўрау салулар келіп тїсуде.

ЌР-дыѕ шетелдердегі мекемелері јлемніѕ бар болєаны 58 мемлекетінде бар. Бўл ресурстар ЌР азаматтарыныѕ ќўќыќтарын толыќќанды ќорєау їшін, оныѕ ішінде шетелдіктер асырап алєан, ЌР азаматтары - 5,5 мыѕ баланыѕ жаєдайына мониторинг жїргізу їшін жеткіліксіз.

Осыєан байланысты Африка мен Оѕтїстік Шыєыс Азияны ќоса алєанда, јлемніѕ бірќатар ґѕірлерінде ЌР-дыѕ консулдыќ мекемелерініѕ санын ўлєайту ќажеттігі туындайды.

ЌР азаматтары Еуропа елдеріне сапар шеккен кезде Шенген визасын алуда ќиындыќтарєа душар болатынын атап айту керек (визаларды ресімдеуге ўзаќ мерзім кетеді). Осыны ескере отырып, Сыртќы істер министрлігі Еуропалыќ комиссиямен бірлесіп, ЌР азаматтары їшін ЕО елдерініѕ визалыќ режімін жеѕілдету мјселесін пысыќтауда.

Визалыќ рјсімдерді оѕайлату маќсатында заѕсыз кґші-ќон мен ўйымдасќан ќылмысќа ќарсы кїрес саласында, босќындар ісін тјртіпке келтіруде, паспорт деректерін ќорєауды кїшейтуде жјне шекаралыќ баќылауды басќаруда Еуропалыќ Одаќпен ынтымаќтастыќты жолєа ќою талап етіледі. 2011 жылы қазақстан Республикасы және Еуропалыќ Одақ арасында Визаларды ресімдеуді жеѕілдету туралы келісімге ќол ќою жоспарлануда.

Сонымен бірге дипломатиялыќ жјне ќызметтік паспорттары бар азаматтарды визадан босату туралы Еуропа елдерімен бірнеше халыќаралыќ келісімдер пысыќталу їстінде.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет