Тізбектелген сабақтар топтамасына Үшінші деңгей бағдарламасының бір модулді қалай және неге енгізілгені туралы есеп



жүктеу 104.09 Kb.
Дата05.12.2018
өлшемі104.09 Kb.
түріСабақ

Каратаев Адхам Ташланбекович Мұғалім портфолиосы А есебі

2-топ ІІІ деңгей



Шымкент қаласы 09.11.2015 жыл

Тізбектелген сабақтар топтамасына Үшінші деңгей бағдарламасының бір модулді қалай және неге енгізілгені туралы есеп
Аудиторияға кірген ұстаздың барлығы ұстаз емес, оқушы жүрегіне білім дәнін еге білген адам ғана ұстаз болып табылады.

М.Әуезов
Мен осы Үшінші деңгей бағдарламасында бірінші бетпе - бет кезеңінде "мұғалім оқушылардың оқуына мүмкіндік тудырып оқу материалы және өзге де қажетті құралдар мен қамтамасыз етеді, ал оқушылар өз кезегінде пән бойынша өз түсініктерін арттыруға ынталы болғаны абзал" /МАН, 6 бет/ екендігіне көз жеткіздім. Осы арқылы жеті модулмен танысып және әр модулдің сабаққа қалай кіріктірілетіндігін білдім. Оқу барысында жеті модулдің ішінен мен үшін "Оқытуды басқару және Көшбасшылық" модулін ерекше назарға алдым. Себебі, мұғалім қазіргі заман талабына сай оқушыларға сабақты дұрыс ұйымдастыру үшін бағыт-бағдар беретін көшбасшы бола білуі керек. Бұл оқу бағдарламасының мақсаты мұғалім бағыт-бағдар беруші, ал оқушы өздігінен ізденуші. Осы бағдарлама аясында біз оқушыға қолдау көрсету арқылы оның жан дүниесін жақсы түсіне білсек, онда оқушы тақырып мәнін өз бетінше меңгере алады. Осыны назарға алуда нұсқаулықтағы "мұғалімдердің пайдаға асырылмаған зор әлеуеті бар, оны олардың кәсіби өсуіне, бірлескен кәсіби білім құруына көмектесетін қолдау көрсетілген жағдайда ғана көруге болады/МАН,80бет/ деген тұжырым мен таныстым. Мен осы бірінші бетпе -беттегі теориялық білімімді басшылыққа ала отырып, көшбасшылықты өз мектебімдегі әріптестеріммен кеңестім. Осы тәжрибе барысында мен оқу бағдарламасының мақсатын айтып, сол курста алған білімім жайында хабардар еттім. Жаңа технологиялардың түрлерімен яғни сындарлы оқытудың 7 модулімен таныстырдым. Оқудағы жаңа тәсілдерді әріптестерім қолдап, келешекте мектептегі басқада әріптестер өз сабақтарында қолданатын болса, нұр үстіне нұр болатынын айтты. Әріптестермен өткен кездесу маған жақсы әсер етті. Бұл әдіс-тәсілдермен барлық мұғалімдер жұмыс жасаса, болашақ ұрпақтың келешегі жарқын болмақ деген ой келді. Келесі кезекте мен өз сыныбымның ата-аналарымен кездесу өткіздім, курс жайында оқушыларымның ата-аналары бұл курстың біздің балаларға берер пайдасы қандай? деген сұрағына мен осы сындарлы оқытуға негізделген білім беру теориясы жайлы мәлімет бердім. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға, сабақ кезінде өз ойларын ашық, белгілі бір дәлелдер келтіру арқылы жауап беруге, өзін бағалау арқылы білім дәрежесін анықтап, сыныптағы өзге оқушылардың да біліміне баға беруге үйренетіндігін айтып өттім. Ата-аналар бұл курстың мән-жайын білгеннен кейін, бұл тәсілдердің тиімді екенін, жаңа әдіс тәсілдер мен оқыту балаларының білім алуына көп ықпал ететінін айтып өтті. Осының нәтижесінде әріптестеріммен ата-аналар менің іс-әрекетімме дұрыс көзқараста екеніне көзім жетті. "Адамгершілік мақсатты көздейтін мұғалімдер өздерінің әріптестері мен айналасындағыларға әсер ету үшін, көшбасшылық қасиеттерін көрсетеді. Олардың көңіліне үнемі талапқа сай оқыту тұрады/МАН,80бет/" деп Frost, 2011 жылы тұжырымдаған. Сонымен қатар, мұғалімнің көшбасшылығын дамытуға әсер етудің ерекше түрі жауапты қызметі бар немесе жоқ мұғалімдер: Мектеп тәжірибесі кезінде тізбектелген төрт сабағымды жоспарлауда әріптестерімен әдіс-тәсілдер алмастым. Осы жерде оқуытуды басқару және көшбасшылық модуліндегі терең кәсіби біліктік аспектісі іске асты. Себебі, педагогикалық дамуды қамтамасыз ету үшін кәсібилікті түсінудің нақты тәсілі талап етіледі (Хоил, 1974). Бізге таза жеке тұлға немесе сыныпқа бағытталған тәсілден босауымыз керек. Себебі, бұл кезде белгілі бір бекітілген стандартқа сәйкес әрекет етеміз. Оның орнына мұғалім оқу қоғамдастығының бір бөлігі болып табылатын, кәсібилікке бағытталған "ұжымдық" және кешенді тәсіл қажет /МАН 80 бет/.

Мұндағы тізбектелген төрт сабағымның тақырыбы:



  1. Ішкі, сыртқы және аралас секреция бездері. Эндокриндік жүйе. Гормондардың қасиеттері, мүшелер жұмысын реттеудегі маңызы. Гипофиз.

  2. Қалқанша без, оның гормондарының қызметі. Қалқанша бездің қызметі бұзылуының аурулары. Қазақстан Республикасында қалқанша без ауруларының алдын алу шаралары.

  3. Ұйқы безі. Бүйрек үсті бездеріжәне жыныс бездері. Гормондарының жыныстық жетілуді реттеудегі рөлі.

  4. Ішкі секреция бездері. Эндокриндік жүйе бөлімін қорытындылау.

Тізбектелген сабақтарымның мақсатын мен оқушы атынан қою арқылы оқушыларды сыныптағы бірлескен жұмыс ортасын құруға, пәннің мазмұнын  берумен шектеліп қана қоймай, сонымен қатар сынып мұғалімнің аймағы еместігіне жағдай жасау арқылы ынтымақтастық  ахуалын ұйымдастырдым. Оқушыларға ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда "жүректен-жүрекке", "шаңырақ" шаттық шеңбері, "Күннің нұры" әдістерін қолданғанда, олар сабақта көңілді, белсенді, еркін әрі өз ойын ашық жеткізе білді. Себебі оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін айтты. Мысалы: "Сабақта белсенді қатысуыңа тілектеспін, әр уақытта жүзіңізден күлкі кетпесін, сабақты үздік бағамен оқуыңа тілектеспін". Осы әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланғанның арқасында барлық оқушыларым, оның ішінде бір-бірімен аз араласатын оқушылар өзара дұрыс қарым - қатынаста болғандығынан "Мұғалім ретінде, біз кейде өзіміздің әрекет ету мүмкіндігіміз бен күш-қайратымызды жоғалтып жатқанымызды сеземіз. Бірақ, тәжірибе көрсеткендей, жоғары лауазымы жоқ жақсы мұғалімдер кәсіби шеберліктері мен адамгершілік сенімдерін қолданып, адамға әсер ете алады. Біз өзіміздің тактикалық дағдыларымызды жетілдіріп, стратегиялық тұрғыдан ойлануды үйрене аламыз"/МАН,80бет/ көз жеткіздім. Тізбектелген сабақтарымдағы топтарға біріктіруді қима қағаздар, түрлі - түсті конфеттер, түрлі - түсті жапырақ қималар, термин сөздер арқылы өткіздім. Бұлай топқа біріктірудегі мақсатым: оқушылардың ой- пікірін бір жерге шоғырландырып, ынтымақтастықта жұмыс істеу арқылы пәнді терең түсінулеріне жағдай туғызу, алған білімді кез-келген жерде қолдана білуге үйрету, сабақты тиімді өткізу. Сындарлылық теориясына негізделген оқытудың мақсаты-оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерлерде , кез-келген жағдайда қолдана білуін қамтамасыз ету(МАН ,4 бет) деген сөздер дәлел бола алады.

Тізбектелген сабақтарымның кіріспе бөлімінде "Ыстық орындық", "Миға шабуыл" әдістерін қолдандым. Мақсатым: Оқушылардың өткен материалдар бойынша алған білімдерін тексеру, жаңа сабақтың тақырыбы мен мазмұнын ашу, олардың тақырыпты өз бетінше ойлауға мүмкіндік жасау.

Осы әдістерден мысал келтіретін болсам: "Миға шабуыл" әдісінде оқушыларға интербелсенді тақтада қалқанша бездің суреті көрсетіледі, оқушылар осы суреттің не екендігін топта талқылып анықтап және түсінік береді. Интербелсенді тақтадан суретті ашқанымда оқушылар жылдам суретті оқулықпен салыстыра отырып, Б есімді оқушым бұл суретте берілген без қалқанша безі деп аталады. Ол адамның кеңірдегінің ұшында, өңештің алдыңғы жағында орналасады,-деп жауап берді. Осындай жауаптан соң біз сабақтың тақырыбын ашып алдық. Мұнда оқушыларға тапсырманы беруде, олардың суреттерге қарап, ол туралы білімдерін жинақтауларына мен мүмкіндік бердім яғни оқытуды басқару және көшбасшылық модуліндегі мұғалім жүргізетін даму жұмысы аспектісі менің тарапымнан іске асты.

іс-тәжірибе жұмыстарын өз қолына алуға; өзгеріс енгізу үшін әріптестерімен стратегиялық шешімдер қабылдауға; бірігіп жұмыс істеуде фактілерді жинауға және қолдануға /МАН, 80 бет/.

Тізбектелген төрт сабақтың негізгі бөлімінде жаңа әдіс- тәсілдердің бірнеше түрлерін қолдандым. "Мәтінмен жұмыс" "Артығын тап" ойыны, "Фиш боун" әдісі, "Сәйкестік сынақ" деп аталады. Бұл әдістерді қолданудағы мақсат: Жаңа тақырыптың мазмұнын оқушының өзіне түсінуіне жағдай жасау, бірлесіп жұмыс жасауға, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білуге дағдыландыру.

Мысалға алатын болсам: "Артығын тап" ойынында оқушыларға асқазан, тік ішек, жыныс безі, қалқанша безі, гипофиз, эпифиз, сүт безі, май безі,тері безі, тироксин, адреналин, самототропин терінің суреттерін интербелсенді тақта арқылы көрсеттім. Оқушылар жылдамдықпен өзара ишара арқылы суреттердің ішінен бүгінгі сабаққа қатысы жоқ суреттерді алып тастайды. Осы тапсырма арқылы суреттерді мұқият есте сақтап қалу керек. Тапсырмадағы суреттерді Б есімді оқушым бақылап жатқан кезінде ол суреттерді салыстыру арқылы есте сақтады. Осы жерде мен оқушылардың білім алуларына мүмкіндік беру арқылы өзімнің көшбасшылығымды іске асырдым. Мен, көшбасшылық әрекетті іске асыра отырып, оқушыларымды сын тұғысынан ойлануларына жағдай туғыздым. Себебі, олар берілген суреттерді бір-бірімен салыстыра отырып, есте сақтау қажеттігін өздері түсінді. Міне осындай көшбасшылықтың арқасында оқушыларда сын тұрғысынан ойлау қабілеті дамыды және есте сақтау қабілеті механикалық есте сақтау емес керісінше оқушыларда ұзақ мерзімді жадының үш түрі қалыптасты. Семантикалық, эпизодтық, рәсімдік. Сын тұрғысынан ойлата алғаныма дәлел ретінде: Сын тұрғысынан ойлау мәнмәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешімдер қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырады. Сондықтан оқушыларға бақылау, талдау, қорытынды жасау және интерпретациялау дағдыларын дамытуға мүмкіндік жасау керек. Мысалы, суреттер, фотосуреттер, естелік жазбалар сияқты дәлелдерді жинақтау және топтастыруға /МАН, 80 бет/ Осы ретте менің іс- әрекетімде оқуды басқару және көшбасшылық модуліндегі тәжірибенің өзгеруі және білімнің жинақталуы аспектісі іске асты. Себебі, мұғалім жүргізетін дамыту жұмысының әсері жоба аяқталған соң емес, оның барысында сезілу керек (МАН 81 бет).

Үшінші тізбектелген сабақтың негізгі бөлімінде мен оқушылардың дарындылығын айқындау мақсатында оқушыларға "Фиш боун" әдісі арқылы тапсырма бердім. Сіздің бір жақыныңыз гуморалдық реттелу барысында йод жетіспегендіктен бұғақ ауруына шалдықты. Егерде сіз ................. болғаныңызда бұл мәселені қалай шешкен болар едіңіз?-оларға деген ортақ проблема тастадым. Осы тапсырмаға сай Д есімді оқушым өзінің топ мүшелерін ұйымдастыруға кірісіп кетті. Ол біріншіден топ мүшелерімен ақылдасып, біздер осы проблеманы халық емшісі болып қарастырамыз деген ортақ шешімге келді. Содан кейін Д есімді оқушым дереу топ мүшелерінің әрқайсысына орындайтын тапсырмаларын бөліп берді. С есімді оқушыға уақытты бақылап отыруды, А есімді оқушыға ұялы телефон арқылы интернет желісінен қосымша ақпарат қарастыруды, Э есімді оқушыға оқулықтан мәліметттер айтуды, М есімді оқушыға топ мүшелері айтқан мәліметтерді флипчартқа түсіріп отыруға оның қасындағы Д есімді оқушыға көмек беруін айтып, тапсырмаларды бөліп тастады. Ал, өзі сол жұмысты тақтаға шығып баяндайтынын айтып, өзіде іске кірісіп кетті. М және Д есімді оқушылар флипчартқа балықтың қаңқасының суретін түсіріп жатқанда Э есімді оқушы оларға мәтіннен ақпараттар берді. Адам ағзасына йод жетіспесе, қалқанша безі қабынып, бұғақ (зоб) ауруына шалдығады. Йод теңіз балдырының, құрманың, жаңғақтың құрамында болады. Олар егерде біздің бір жақынымыз йод тапшылығы аурумен ауырса біздер мәселені халықтық емі арқылы былай қарастырып, шешкен болар едік. Алдымен бұғақ ауруна ол адам қайдан тап болғанын анықтап, содан соң ауруды емдеу жолдарын қарастырдық. Ауруды емдеу жолдарына біздер түрлі халықтық шипаны пайдаланар еді. Халықтық шипаны былай қолданар едік. Ерте көктем айында грек жаңғағының жас түйнекшелерін жинап оны екі аптаға таза спирттке салып, күннің көзі түспейтін қараңғы бөлмеге апарып екі апта бойында оны артық қозғамай тұнба дайындайтын едік. Спиртке салынған грек жаңғағы екі апта бойында өзінің құрамындағы иодты бөліп шығарады. Соның әсерінен спирт қара түске боялады. Дайын болған тұнбаны күніне 1 шай қасықтан 1 рет тамақ алдында ішкізер едік. Сөйтіп біз жақынымызды осы аурудан жазылдырған болар едік деген жұмыстарын Д есімді оқушы қорғап берді. Бұл жерде мен ең бірінші Д есімді оқушымның мен берген тапсырманы өз бетінше топ мүшелеріне бөліп тастағандығына қарай дарындылық іс- әрекет көрінгендігін көрдім. Осы арқылы оқушыда құндылықтарды анықтау, атқарылатын жұмыстардың жоспарын құру, атқарылатын жұмыстың жоспарын құру үшін келісім мен кеңестер, зерттеуге негізделген дамыту жұмысындағы көшбасшылық сияқты әрекеттер менің тарапымнан іске асқан /МАН, 81 бет/ байқадым.

Ал, бұл оқушының дарындылығы менің жасаған көшбасшылығымның арқасында байқалып отыр. Себебі, сапалы даму жұмысына жаңа әдіс - тәсілдерді сынап көру, эвалюация, рефлексия және тексеру жатады. Олардың барлығының өзгертушілік әсері болады. нәтижелері әрдайым тәжірибелік бағытта болады /МАН, 81 бет/.

Тізбектелген сабақтар топтамасы бойынша төртінші сабақтың қорытынды бөлімінде оқушылардың білімдерін жинақтау, мақсатта "Ой қорытынды", "Сұрақтар плакаты" әдісін, қолдандым. Оқушыларға осы әдіс-тәсілдердің ішінен бір мысал ретінде, "Сұрақтар плакаты" тәсілін келтірсем. Бұл тәсілдәр топқа жеке плакаттар беріп шықтым. Ол палакаттарға оқушылар ақылдасқан түрде қарсылас топтарға сұрақтарды өз идеяларымен құрастырып береді. 3-топ оқушыларына бос плакатты орталарына тастағанымда оқушылар жылдамдықпен қарсылас топтарға тапсырманы қалай беру керектігін ұйымдастырып кетті. Олар плакатқа мындай сұрақтар легін түсірді. Гипофиз безі мен эпифиздің арасындағы айырмашылықтарды көрсет.

Эндокриндік жүйе дегеніміз не? Өзге жүйелермен байланысын және айырмашылықтарын көрсет. Гормондардың аттарын атап оларға сипаттама бер. Үйқы безі мен жыныс безін неліктен аралас бездерге жатады, дәлелдеңіз? 1-топ мүшелері тапсырманы алып, шешуге кірісті. Олар бұл сұрақтарды кестеге, венн диаграммасына салып қарастырды. Осы жерде оқушылардың Гипофиз бен эпифиздің айырмашылығын венн диаграммасын салып қарастыруда бағыт-бағдар беріп өттім. Оқушылардың мұндай әрекетінен мен оқушылардың өзара ауызбіршілікті, бір адамның берген бағытына қарай отырып, жұмыс жасағанын, менің бағдарымды да әрі қарай дамытып, алып шыққандықтарына көз жеткіздім. Осы жерде оқуды басқару және көшбасшылық модуліндегі мұғалім жүргізетін даыту жұмысы (МДЖД) аспектісі орын алды. Дамыту жұмыстарын зерттеумен шатастыруға болмайды. МДЖД бағдарламасы "мұғалім-зерттеуші" түсінігіне емес, "мұғалім-оқыту мен оқу тәжірибесін жетілдіру жұмысының көшбасшысы " түсінігіне негізделе құралған. Біз, "академиялық империализм" деп аталатын мақсаттан -мектептерде оқыту мен оқуды жаұсарту мақсатынан алшақтамауымызды қадағалап отыруымыз керек. (Elliot, 1991) Осындай жаңа әдіс-тәсілдер арқылы мен оқушылардың көшбасшылыө қабілеттерін ашып, оны қай кезде тиімді қолдана білу қажет екендігін түсіндірдім. Оқушылардың арасында сабақты жақсы оқымасада, берілген тапсырманы өте жақсы ұйымдастыратын оқушылар бар. Бұл жерде менің көздегенім, оқушының жақсы немсес жаман оқитындығына емес керісінше, олардың ұйымдастыруға деген қабілеттілігін байқау еді. Жақсы оқитын оқушы өзінің білімін тиімді қолдана алса бұл оқу үшін тиімді, бірақ, оқу үлгерімі төмен оқушының ұйымдастырушылық жасау қабілеті мүлдем болмайды деп айта алмаймыз. Ондай оқушылардың қабілетін ашу мұғалімнің тікелей көшбасшылығына байланысты. Себебі, адамдар тек білім арқылы ізгілікті бола алады; білім беру -адамдардың зерделеп үйрену үшін көрсетілетін көмектер жиынтығы; жалпы алғанда, тек мұғалімдер ғана педагогикалық тәжірибені жақсарту түріндегі шараларды қабылдай алады деген дәлелдерге келіп саяды. Бұл, әрине, оптимистік көзқарас, бірақ оптимизмге ынталандыру-мұғалім көшбасшылығының міндетті қыры болып табылады /МАН, 82 бет/.



Қорытынды: Дәстүрлі оқытуда мен тек қана оқуды қамтамасыз ететін тұлға мұғалім деуші едім, осы бағдарламадан соң, мұғалім сабақта оқушының оқуына жағдай жасаушы тұлға екендігіне көз жеткіздім.

Оқушылар бұрын сабақта ұйымдастырушылық, дарындылық қабілеттерін көрсете алмайтын, себебі, мен оларға мұндай мүмкіндікті аз беретінімді түсіндім. Сындарлы оқытуда өзімнің көшбасшылығым мен қатар оқушының да тапсырмаларды орындаудағы шеберлік қабілетін көрсетулеріне көбірек мүмкіндік беру керектігіне көз жеткіздім. Сындарлы оқытудың негізінде оқушылар өздерінің алған білімдерін осы дарындылық қабілеттері арқылы нақты көрсете алатындықтарына көз жеткіздім. Сонымен қатар, оқушылар алған білімдеріне нақты баға бере алуға үйренді. Ал, оқушы өзіне және өзгеге нақты баға берулері үшін мұғалім алдымен кері байланысты ұтымды іске асыру керек. Себебі, Дұрыс кері байланыс алынған жағдайда ғана баға тиімді іске асады. Ал, мұндай кері байланыс мұғалім көшбасшылығы тарапынан іске асатынын нақты көз жеткіздім.


Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Мұғалімге арналға нұсқаулық. 2015 ж

  2. 8-сыныпқа арналған биология пәні оқулығы.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет