Түйінді сөздер: Құзыреттілік, Проблемалардың шешімін табу құзыреттілігі, Ақпараттық құзыреттілік, Коммуникативтік құзыреттілік, «Merits» бағдарламасы



жүктеу 65.96 Kb.
Дата03.05.2019
өлшемі65.96 Kb.
түріБағдарламасы

Түйінді сөздер: Құзыреттілік, Проблемалардың шешімін табу құзыреттілігі, Ақпараттық құзыреттілік, Коммуникативтік құзыреттілік, «Merits» бағдарламасы.
АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ОҚУШЫНЫҢ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУДАҒЫ РӨЛІ

Әрбір күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалып қоймай уақыт талабына сай ертеңгі болашақ жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапкершілікті жүктейді. Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді, өз білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. Өйткені еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында.

Әрине, біз жаңа технологиялық тасқынның куәгері болып отырмыз. Қазір ғылыми-техниканың, өркениеттің даму заманы, компьютерлендіру заманы. Компьютер мен интернет, жаңа байланыс құралдары, ғылыми жаңалықтар, осының бәрі оқушылардың ой-өрісіне әсерін тигізеді. Ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін қолдану оқушылардың қазіргі заман талабына сай білім алуына, білім сапасын көтеруге тікелей әсер етеді. Ал білім сапасын жоғарылату, құзыретті оқушы тәрбиелеу - барлық мұғалімдерді толғандыратын маңызды мәселе.

Қазіргі кездегі білім берудегі мұғалімнің мақсаты білім мазмұнын игеруге және оны өзінің жеке білімдік капиталына енгізуге арналған ақпараттық ортадағы берілген мүмкіндіктерді қолдану болып саналады.

Мына заманда біздің оқушылардың да алдына қойылатын талаптар да күннен - күнге, жылдан - жылға өсуде.

Қазіргі заман талабы оқушылардың бойында түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады.

Құзыреттілік - Оқу мен өмір жағдаяттарын шешу кезінде білім алушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны және қызметтің әмбебап тәсілдерін меңгеруі көрінетін білім берудің нәтижесі.

Біз негізге алып отырған түйінді құзыреттіліктер:

Проблемалардың шешімін табу құзыреттілігі


  • Түрлі жағдайларда проблемаларды анықтауға, жауапты шешім қабылдауға, өз шешімінің нәтижесін бағалауға;

  • Өз іс-әрекетіне мақсат қоя алуға,оны асыруға қажетті жағдайларды анықтауға, оған жету үдерістерін жоспарлы түрде ұйымдастыруға;

  • Өзін-өзі бағалауға және өзінің іс-әрекеті мен оның нәтижелеріне баға беруге;

  • Түрлі жағдайларда өзі үшін қызмет және мінез-құлық нормаларын таңдауына;

  • Қойылған міндетке сәйкес технологияларды таңдауына мүмкіндік береді.

Ақпараттық құзыреттілік

  • Сыни тұрғыдан ұғынылған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға;

  • Өз бетінше мақсат қоюға және оны негіздеуге, мақсатқа жету танымдық қызметті жоспарлауға және жүзеге асыруға;

  • Ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, іріктеу жасауға, қайта құруға, сақтауға, түрлендіруге және тасымалдауға, оның ішінде қазіргі заманғы ақпарттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыруға;

  • Логикалық операцияларды қолдана отырып, ақпарттарды өңдеуге;

  • Өзінің оқу қызметін жоспарлау және жүзеге асыру үшін ақпарттарды қолдануға мүмкіндік береді.

Коммуникативтік құзыреттілік

  • Нақты өмір жағдайында өзінің міндеттерін шешу үшін қазақ және басқа тілдерде ауызша және жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын қолдануға;

  • Коммуникативтік міндеттерді шешуге сәйкес келетін стильдер мен жанрларды таңдауға және қолдануға;

  • Жалпы нәтижеге қол жеткізу үшін түрлі көзқарастағы адамдар тобында қатынас құруға мүмкіндік береді.

Білім беру жүйесінде ақпараттық – коммуникативтік технологияның оқушының бойында коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастырудағы рөлі ерекше.

Бүгінгі күні оқушының коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда сабақты мектебімізде ашылған мультимедиялық кабинетте жүргізу өте тиімді. Мультимедиялық кабинеттегі соңғы үлгідегі компьютерлік құралдар оқушылардың терең білім алуына қолайлы жағдай туғыза отырып, оқу-танымдық белсенділіктерін, пәнге деген қызығушылығын арттыруға зор үлесін қосады.

С
1-сурет

2-сурет
онымен қатар, сабақ өткізуге арналған электрондық оқулықтар, бейне материалдар мұғалімге сабақты жаңаша ұйымдастыруға үлкен мүмкіндік туғызады. Оқушыларды бақылауға, бағалауға арналған «Merits» бағдарламалық жүйесі мұғалімнің уақытын үнемдеуіне, әр түрлі үлгідегі сабақтарды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.


3-сурет





  1. жұмыс жүргізетін компьютерлерді ерекшелеп, «компьтерді қосу» батырмасын шертеміз.

бұл батырманы шерту арқылы әр оқушы өз компьютеріне атын енгізе алады.

Оқушы компьютерін бақылау үшін қажет компьютерді ерекшелеп, :

«бақылау» батырмасын басып, мұғалім оқушы компьютерін бақылау жүргізе алады және оқушы компьютерін басқара алады.

Сонымен қатар мұғалім оқушы жұмысына өзгеріс енгізе алады, оқушының жұмысын тоқтата алады.


«экранды көрсету» батырмасы арқылы мұғалім өз компьютерін оқушыларға экран арқылы көрсете алады.
Оқушы компьютерін бақылағанда бірнеше компьютерді немесе біреуін ғана кезекпен бақылауға болады.

  • мұғалім компьютерін оқушыға көрсетуге болады.

  • кез-келген компьютер жұмысын тоқтатуға болады.

  • қайта қосуға болады.

Қажет компьютерді ерекшелеп, «файлдарды тарату»→ «қосу»→ жұмыс үстелінен қажет файлды таңдап, оқушы компьютеріне жіберуге болады.

Орындалған тапсырмаларды қайта жинап алу үшін «файлдарды тарату»→ «файлдарды жинау».

Оқушыға көмек қажет болған жағдайда тапсырмалар тақтасының оң жақ бұрышындағы батырмасын шертіп, ашылған терезеде оқушы мұғаліммен тікелей байланысқа шыға алады.

Ал мұғалім оқушымен тікелей байланысқа шығу үшін қажетті

компьютерді ерекшелеп,

«хабарлама» батырмасын шертіп, ашылған терезеге хабарды жазып «жіберу» батырмасын шертеді.

«Merits» бағдарламасы арқылы жұмыс істеу барысында мұғалім оқушылармен компьютердің көмегі арқылы қарым-қатынас жасай алады, әрі оқушылар тапсырмаларды қызығушылықпен орындайды.

11 - сынып оқушыларын ҰБТ дайындау барысында өткізілген қайталау сабағында күрделі тақырыптардың бірі – Салалас құрмалас сөйлем тақырыбы қарастырылды.

Әр топқа салалас құрмаластың түрлерін ажыратуға арналған тапсырмалар «файлдарды тарату» батырмасы арқылы әр оқушыға таратылды.


Ыңғайлас

салалас


Себеп-салдар

салалас


Қарсылықты

салалас


Түсіндірмелі

салалас


Талғаулы

салалас


Кезектес салалас







Мен үндемедім, бірақ өз пікірімде қалдым.










Еңбек адамды көрікті етеді және ойды тазартады. Мен ол күні келмедім, себебі көлік жоқ еді. Марат шахтадан шығып еді, денесі сергіп сала берді. Өмірдегі көп күннің бәрі бірдей емес: бір күні елеусіз өте шыға келеді де, кейбір күн өлгенше есіңде қалады. Бас болмақ оңай, - бастамақ қиын. Мұхит келіп еді, Арай шыға жөнелді. Өзен біресе төмен ағып жатқандай, біресе сай-салаға бұрылып ағып жатқандай. Ән басылып қалды, дегенмен гитара сазы тоқтаған жоқ. Келген екеу еді: бірі – агроном, екіншісі – инженер. Мейлің өзің бар, мейлің баланы жібер, әйтеуір олармен қалай да хабарласу керек. Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер. Олар қыстаудан шықпайды, өйткені жас төлді қорада ұстау керек. Ақылды көп жасағаннан сұрама, көп көргеннен сұра. Оның шаршағаны соншалық – бірден ұйқыға кетті. Бірде ол ақтарыла салатындай сондайлық жақын көрінеді, бірде салқын тартып алыстап кетеді.

Оқушылар тапсырманы компьютерде орындайды. Сөйлемдерді әр бағанаға қиып апарып орналастырады. Мұғалім оқушылардың әрекеттерін бас компьютер арқылы бақылап отыра алады, түзету енгізе алады. Соңында орындалған тапсырмалар бас компьютерге жинап алынады. Яғни, бұл бағдарлама мұғалімге үлкен көмекші қызмет атқарады. Келесі кезекте оқушылар электрондық оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Қажетті шылауларды, тыныс белгілерін қойып, сөйлемдерді аяқтап жазады.


4-сурет

Әр сыныптарға арналған электрондық оқулықтар


Бекіту кезеңінде электрондық тест алуға болады. Электрондық тестің нәтижесі бірден шығарылып, оқушылар сол мезетте өз білімдерін тексере алады.

Ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдану оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін, және жұмыс істеу шеберлігі мен қабілеттерін арттырады. Бағдарламаны жақсы меңгеруге, өз жұмысын жоспарлауға, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді.















1-сызба


Сапалы білім алған, танымдылығы жоғары, құзыретті, бәсекелестіктің қайсібір мықты тегеурініне төтеп бере алатын оқушылар ғана ақпараттанған болашақтың кілтін аша алады. Еліміздің жаһандық дүниеде даралануы, білімді, жігерлі, ұлттық санасы рухани бай жас ұрпақ тәрбиелеу тәрбиелеу басты мақсат.
ӘДЕБИЕТТЕР


  1. «Білімдегі жаңалықтар». Ақпараттық-әдістемелік журнал. Астана, 2009 ж.

  2. «Әдіскер мұғалім». Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журнал.

  3. ҚР 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы 2006 жыл.

  4. Қазақ тілі. 8 – сынып Алматы «Мектеп», 2004ж.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет