Түйінді туынды



жүктеу 201.7 Kb.
Дата02.11.2017
өлшемі201.7 Kb.




ТҮЙІНДІ ТУЫНДЫ
Кез-келге ғылым атаулының, оның ішінде қоғамтану саласындағы таннымдық ілімдердің ұлттық идея мен мүдде, таным аясы тұрғысынан тұжырымдалып, тұғырлы ілімге айналуы өте күрделі үрдіс. Өйткені іргелі ілім - сол қоғамның барлық болмысын қамтиды және сол ұлттың рухани тарихаты дүние жүзілік мәдениет мағрифаитында мойындалуы тиіс. Бұл – нақты заттай және көркем ойлау қабілеті арқылы шешім қабылдауға жетелейтін тәуелсіз сана, тәуелсіз ойлау жүйесі, тәуелсіз таным, тәуелсіз идея, тәуелсіз тарихат, тәуелсіз руханият, тәуелсіз пікір, тәуелсіз қорытынды, тәуелсіз тұжырым сияқты алғышарттарды талап ететін жалпыұлттық өркениетті анықтайтын парасат деңгейі. Көшпелілер әлемімен, түркі дүниесімен тікелей тамыр тартып жатқан қазақ елі үшін сондай түбірлі ілімннің бірі – түркология. Біздің тәуелсіздігіміздің тұғыры мен тарихының өзі осы түркі руханиятымен қатпарласып, астасып, аркаласып жатыр. Қазақ елінің тектік, танымдық, ұлттық тарихын суыртпақтағымыз келсе ең алдымен жүгінетін жөргеміз, жэатқызатын тігісіміз, сөгетін көбеміз осы. Онсыз әдебиеттану, тілтану, мәдениеттану, дінтану, тарихтану, қоғамтану, пәлсафа, аймақтану, жағырафиятану, саясаттану, заңтану сияқты іргелі ғылымдардың іргетасын қалай алмаймыз. Бүгінгі таңдағы аталған ғылымдардың жаттанды, яғни, сақ, скиф тайпалары ирантілдес, ғұн тайпасы –монғол-шүршіт тілдес деп Қазақста тарихында баса айтылмиас еді. Мұның себеп-салдары неде, неге осынша өзімізді өзіміз тексіздендіруге жол бердік, таным тамырымызды неге таяздан іздедік? Көрнекті түрколог, қырық жылдан бері түркі тарихын археологиямен, тарихпен, тілмен, әдеби жазба үлгілермен, көркемөнермен, жазу тарихымен байланыстыра зерттеп келе жатқан Қаржаубай Сартқожаұлының «Байырғы түрік жазуының генезисі» атты «Арыс» баспасынанн шыққан көлемді монографиясын оқып шыққан соң осы сұрақтар ойыма оралды және түйткілді түйіндердің себебіне көзім жеткендей болды.

Танымдық түйткілдің басты себебі, бізде қазақстандық түркологияның тұжырымдамасын былай қойғанда, бұл ілімнің тұғыры негізделе қаланбапты. Өздерін түкітанушы ретінде танытатындар бар және көп, бірақ нағыз түркітанушы жоқтың қасы. Көне түркі жазба ескерткіштерін түпнұсқадан оқып, тілтану тұрғысынан зерттеп, тікелей аударма жасаған С.Аманжолов, А.Аманжолов, А.Құрысжанов, Ғ.Айдаров сияқты тұлғаларымыздың еңбектерімен түркітану ілімі тоқырап қалғандай екен. Өйткені, әлемде 18 мыңнан аса көне түркі жазба ескерткіштері мен таңбаларының 5-6 мәтіні ғана, оның өзінде Томсен, Радлов, Малов, Рамстед, Самойлович, Айдаров аударған нұсқаларды ғана малданып, соны жаңғыртумен ғана шектеліп келеді екен. Яғни, белгілі мәтіннің оқылуы мен тоқылуына шолу жасап, тиірменнен өткен кебекті (иә, кебекті! Өйткені дәні ғылыми айналымға түсіп кеткен) қайтадан араластырып, өзінше електен өткізгенсіп, баяндап беруді машық етіп алыпты. Бұл - біздегі түркология ілімінің тарихы басқа ұлт өкілдерінің көзімен жазылған, солардың пікірінің пайдаланып қана тәуелді тұжырым жасап келеміз деген сөз. Өзге-өзге, түркітанудың тәуелсіз де іргелі, тұғырлы тұжырымдамасы қазақ қоғамтану ғылымы үшін аса мүдделі ілім саласы болып табылуы тиіс еді. Басқаны былай қойғанда, осы уақытқа дейін неміс, француз, орыс, қытай, монғол, түрік, қырғыз (!) ғалымдары түпнұсқадан аударған 300-ге тарта мәтіннің өзі қазақ жұртшылығы үшін беймәлім қалпында. Сол аудармаларды көшіріп басып, ғылыми түсініктеме жасап, тым құрығанда «кебегін қалқып» беру де ойымызға оралмапты кітапханасы» ғылыми орталығының ғылыми жобасы бойынша Қаржаубай қанаттаса жүргізген «Қазақ жазуы тарихы» туралы зерттеуді жүргізу және «Жазу тарихы мұражайы» оқу-әдістемелік мұрағатын жасақтау барысында көзім анық жетті. Әлмисақтан осы заманға дейін түркі, оның ішінде қазақ елі де пайдаланған 16 әріпте жазылған, Тұрфаннан, Дунхуаңнан, Ши-аньнан, Енесей аңғарынан, Пенжикенттен табылған мұралар - әфсаналар, драмалық дастандар, жоқтаулар, тәңірлік тәпсірлер, азасөздер мен аманат сөздер Қытайда 300 том етіп жариялану үстінде. Түркі әлемінің тұғыры саналатын қазақ мемлекеті мұндай мұрадан қалай тыс қалады? Әлгі түркітаушыларымыз қайда? Қытайдағы ғылыми сапармен жүрген жеті айдың ішінде және ондағы түркітанушы тарихшы, тілші, әдебиетші ғалымдармен тереңдеп ашық әңгімелескен кезде ойға түйгенім жоғарыдағы 300 том еңбек тек қана ұйғыртану ме моңғолтану тұрғысынан түсіндіріледі. Түркітану деген сөз астарлап та айтылмайды. Қытайдың маңдайалды түркітанушысы, түркология саласы бойынша Бас силықтың иесі, қазақ тілін мақалдап, тектеп, түбірлеп сөйлейтін Гың-шы мин ғұламаның маған күйіне әрі аманат ете отырып текті дегдар:: «Менің бір қазақ ғалымдарына таң қалатын бір жайым бар. Қазіргі түрік, әзірбайжа, өзбек, түрікме, ұйғыр, монғол, татар сияқты халықтардың түркі мұралары боп табылатын жазба ескерткіштеріде тікелей қазақ халқының мұрагерлік құқы бар. Қай жағынан алып қарасаң да тарихи дерек те, мәтін де, тілі де соған негіз қалайды. Туыстас тұқымдарың оларды мешіктеп алды. Меің осындай пікіріме ұйғыр шәкірттерім қарсы шығып, мақала жазып та жатады.Егерде мына тәуелсіздік тұсында негіздеп, құқықтық тектеріңді дәлелдей алмасаңдар, онда ол мұралардан мүлдем айырылғадарың. Еуропа ғалымдарының пікір-тұжырымдары қалыптасып қалады. Оны өзгерту меншіктеуде де қиыға соғады. Көшпелі қазақ дегеннен құтыла алмайсыңдар. Қазақтардың жариялаған түркология туралы зерттеулерінен тұрақты мағлұмат алып тұрамын. Ондай еңбекті көре алмадым. Жалқаусыңдар ма, паңсыңдар ма, жоқ, шынымен сауттарың жетіспей ме?- деген сөзінің мәнін енді түсінгендеймін. Шындығында да бізде түркологияда өзіндік жаңалық ашқан ғалым жоқтың қасы екен-ау. Қаржаубайдың кітабынан Алтайдың Ресей қапталынан 60, монғол Алтайына 20 жазу табылғаны, олардың оқылғаны туралы мағлұмат алғанда, Алтайдың Қытайдағы аңғары мен Қазақстандағы төскейі тұсынан бір жазудың табылмағаы таңғалдырды. Енді табыла қоюы қиын. Өйткені күнгейі мен төскейін су қоймасы басып қалған. Ол үлкен арман болсын, ал жаңағы 80 жазудың мәтіні неге бізге осы күге дейін бейтаныс? Осындайда Гың шы-мин дегдердың сөзі есіме түсіп: «Біріңе түсіңде аян беріп, біріңе әулие жол көрсетіп, біріңе «ассисенттің» көмектесіп «көсем болған ғұламалар» сендер қайдасыңдар.Жорта жорысаңдар да жолда қалмасаңдаршы?»- дегім келеді.

Міне, Қаржаубайдың зерттеу монографиясын оқи отырып өзіммен-өзім таласып, өзіме-өзім сұрақ қойып, жауабын таба алмаған алғашқы үстірт әсерім осындай ойға жетеледі. Тауыса оқып, қайталай парақтап, тереңіне таман байырқалағанда байқағаным, жоғарыдағы түйткілді жайлардың біреуіне, түркі жазуының шығу тегіне, оның тарихи жолына, қалыптасу кезеңдеріне, пайда болған тарихи шарттарына, түркінің ойлау жүйесінің тұрақтануына, әр қаріптің дыбысталуы мен тұлғалануына, тұрлаулануына, бәдізделуіне қатысты пікірлер «Байырғы түрік жазуыың генезисі» атты монографиясында барынша жан-жақты қамтылып, тұжырым дәрежесіде зерттеліпті.



Дүние тарихы төңкеріліп түскен ХХ ғасырда империялық және ұлттық мүдделердің қақтығысы әлем жағырафиясынан баста ұлттар мен ұлыстардың, жеке адамдардың тағдырына түбегейлі өзгерістер әкелді. Түсіндіріп болмайтын «түсінікті мүдделер» бүтін елді бүтарлап, бұтарлы жұртты бунақтап, тек тік, діндік, тілдік негіздері мүлдем қабыспайтын ұлттардың басы біріктірілді. Империялық «бөліп ал да билей бер» деген өктемдіктің кесірінен бүйрегі бүтін қазақ елі үшке бөлініп кетті. Тәуелсіздік алғанға дейін өз тарихынан өзі жеріген қазақ тарихнамасының ұлттық тұтастық пен ұлттық ыдыраудың тарихи, саяси, рухани және териториялық түйткілдері мүлдем зерттелмеді. Бүгінгі териториясы тиянақталған тұста да бұл оқиғалар ғылыми зерделеуден өткен жоқ. Ал мұнсыз ұлттық мемлекеттің тарихы мен ұлттық мүддесі, танымы мен тағдыры толық тұжырымдалмайды.

Қазақстан үшін сон дай мүдделі әрі ділгір, құпия да күрделі мәселе - әлмисақтан бергі ата қонысында отырған Шығыс Түркістандағы қазақтардың тарихи тағдыры. Империялық мүдделердің қақпақылына түскен Шығыс Түркістан Республикасының құрылуы мен таратылуы - Екінші дүниежүзілік соғыстың соңғы нүктесінің бірі болып табылатындығы – қазақ тарихшылары үшін бимағлұм күйде қалып келген тақырып. Милллиондаған адамның тағдырын тезге салған бұл оқиға туралы қарама-қарсы мүдделер мен пікірлерді зейін қойып зерделеу – қазақ, орыс, қытай, қырғыз тарихшыларының міндеті.

Осы реттен алғанда тарихшы Тұрсынхан Қайыркенұлының «Синьцзиян (Шығыс Түркістан) қазақтарының ұлт-азаттық қозғалысы (1940 - 1949)» атты монографиясы бұл бағыттағы діттеген ділгір еңбек.

Тамырлы тақырып


Қазақ әдебиетiнiң түп тамыры мен бастау көздерiн көне қолжазбалар мен тарихи деректерге негiздей отырып жүйелеу – бүгiнгi әдебиеттану ғылымының алдына тұрған мүдделi мiндеттiң бiрi. Бұл бағытта жекелеген еңбектер мен бағдарламалар жарияланғанымен де, арнайы тақырып ретiнде саралана зерттелген жоқ.

Л.Н.Гумилев атындағы еуразия ұлттық университетiнiң жанындағы «отырар кiтапханасы» ғылыми оралығының жоспары бойынша орындалған бұл монография көне қытай, түркi, соғды, ұйғыр, қадым жазуларында қатталып қалған ескерткiштер мен тарихаттардағы, қолжазбалардағы әдеби нұсқалардың негiзiнде жазылып, сол мұралардағы көркем ой үлгiлерi iрiктеле зерттелдi. Ежелгi дәуiрден бастап ХҮIII ғасырға, яғни, ұлыстық дәуiрден ұлттық дәуiрге дейiнгi аралықтағы әдебиет нұсқалары шоғырландыра топтастырылып, жүйелене қарастырылды.

Көне жазбалардағы тарихи деректермен дәйектеле талданған зерттеу еңбегiнiң ерекшелiгi де осында. Қр дәуiрдегi көркем ойдың ұшығын аңғартатын нұсқаларды таза әдебиеттiк үлгi ретiнде талдау – түйткiлдi мәселе. Бiрақ руханиятымыздың қайнары содан бастау алғаны ақиқат. Бұл еңбек өзiнiң тиянақты және сергек ойлы iзденiсiмен де назар аударады деп ойлаймын. Көтерiлген мәселелер мен жасалған тұжырымдардың тосын пiкiрлермен дәлелденуi де тақырыптың өз iшiндегi ой өзегiнен туындап отыр.

Алдағы уақытта ғылыми орталық осы еңбектiң заңды жалғасы болып табылатын әдеби нұсқалардың хрестоматиялық түзбесiн жасауды жоспарлап отыр. Сондықтан да зерттеушiге табыс тiлеймiн.
Т.жұртбай, филология ғылымдарының докторы, профессор.

ПІКІР


Әр адамның жан сыры қасиетті де қадірлі құбылыс. Ол қағаз бетіне түскенде ерекше сипатқа ие болады. Бірақ қандай көркем жазылса да оның барлығы көпшіліктің еншісіне айналуға құқы бола бермейді.

Ал жазушыны жан сыры – мідетті түрде ел игілігіне айналуы қажет. Сөз үшін туып, сөздің құпиясын жүрегіне ұялатқан, сөздің астарын әдіптеп, ойды серілендіріп жіберетін ақынның бірі Аманжан Жақыпов. Көркем сөзге Әуезовтен бата алып, әдебиеттің табалдырығын аттаған ақынның «Жасырын жазбаларында» оның жылдар бойғы үнсіздігінің есесі қайтқан сияқты. Бұл жинақ тек қана өзінің көркемдігімен ғана емес, деректік тұрғыдын да маңызды екеніне қолжазбаны оқу барысында анық көзім жетті. М.Әуезов туралы естелік пен «Жазушы және қымызшы» әңгіменің астарында ұлы қаламгердің жан сыры мен психологиясы сондай өрнекті жазылған. Сөзді дәл, маржандай таза, нық қолдана отырып, ойын жеткізген.

Қазақтың рухани тарихына қатысты тұлғалардың өмірінен мағлұмат беретін мақалалар мен шет ел сапарлары жөніндегі жазбалары адамның тағдары мен мінезіне құрылған. Ал хат формасында берілген ой-түйіндер мен пікірлерде шығармашылық психологияға қатысты пайымдаулар қамтылыпты. Жалпы Аманжан ағамыздың қазақ позиясы мен сөз өнеріне қатысты пікілерінде ойға азық болатын тамызық мол екен.

Бұл жинақ негізінен зиялы ақыл иесінің туған тілі мен әдебиетінің тағдыры туралы парасатты пайымдауларының басын құрапты. Сондықтан да дербес жинақ болып шығуға толық қақылы деп есептеймін.

Менің ойымша осы қолжазбадағы өлеңдерді жеке ұсынған дұрыс сияқты. Хаттарды да екшеп, бір жүйеге түсірсе кітаптың мазмұнын байыпты етіп көрсете ме деген тілек бар.

(Т.Жұртбай)


ҰСЫНЫС
Ұсыныс беруші - Т±рсын Ќ±дакелді±лы Ж±ртбай, 1984 жылдан Ќазаќстан Жазушылар одаѓыныњ м‰шесі, билет № 330 (СССР Жазушылар одаѓыныњ билет № 14057).


Мен аќын Сєруєр Аплашќызы Ќамаеваныњ шыѓармашылыќ жолымен жиырма жылдан бері жаќсы таныспын. Оныњ алѓашќы µлењдері мен баспасµздегі пікірлері сексенінші жылдардыњ ортасынан бастап республикалыќ басылымдарда жариялана бастады. Ол кезде Аќмола µњірінен шыќќан жања есімдерге елењдей ќарап ж‰ргендіктен де есімі есте бірден ќалды. Єсіресе, осы аймаќтаѓы ±лттыќ мєселелерге ‰н ќосќан пікірлері салмаќты да µжет еді. Єр таќырыпќа арнаѓан µлењдері де жарияланып, µз дењгейінде назар аударды. Ал Сєруєрдыњ “Жыр ж±лдызын тањдадым” (Астана, 2003) атты жинаѓын оќыѓаннан кейін оныњ аќындыќ ќуатымен толыќ танысып, жаќсы єсерде ќалдым. Маѓан Сєруєрдіњ табиѓат лирикалары ±нады. Онда ќыздыњ нєзік жаны мен сезімі астаса жырланады. Туѓан жерге деген саѓыныш пен с‰йіспеншілік ќыздыњ жасырын махаббатымен т‰рленіп, адамды аќ сезімге бµлейді.

Сєруєрдіњ аќындыѓымен ќоса еліне деген патриоттыќ рухы да жоѓары. Ол сексенінші жылдары солт‰стік µњірдегі елдік м‰ддені жоќтаѓан кµптеген ±лттыќ шараларѓа белсене ат салысты. Халыќ ќамын ойлаѓан µжет пікірлері ќазір де баспасµз беттерінде жарияланып ж‰р. Єсіресе мєдени-рухани µмірге ерекше ынталы ыќыласпен араласады. Єдебиеттіњ жаќсы жанашыры.

Сондыќтан да С.Ќамаеваныњ Жазушылар одаѓына µтуіне ±сыныс жасай отырып, б±л ќадам оныњ ќаламгерлік ќуатын ныѓайтады, ќаламына сенім береді, єдебиет пен мєдениет таѓы бір рухани жанашырымен молаяды деп сенемін.

Ќазаќстан жазушылар одаѓыныњ

1984 жылдан бергі м‰шесі, № 330

билеттіњ иесі Т.Ќ.Ж±ртбай


1 аќпан. 2006 жыл.

Алматы қаласындағы Қожа Ахмет Иасауи атындағы № 123 көпсалалы мектеп-гимназияның 10 «Ә» сынып оқушысы Ермұхамбетов Ернұр Қалдыбайұлы дайындаған «Ер қанаты – ат» атты баяндамаға



ПІКІР

Бұл баяндама - талапты да табанды шәкірт Ернұр Қалдыбайұлының жүрек қалауымен және мақсатты ізденісінің нәтижесінде дүниеге келген ғылыми зерттеу. Жас ойшылдың алғашқы тілегінен бастап еңбегінің соңына дейінгі аралықты жіті қадағалағандықтан да, бұл жұмысты шәкірттің байсалды ғылыми зерттеуі деп толық айта аламын. Көне түркі қағанаты тұсындағы күліктердің (тұлпарлардың) түркі ұлысын ұлт ретінде ұйытуға қосқан үлесін шабыттана әңгімелеуден өрбіген бұл тақырыпты Ернұр өз бетінше дамытып, оған ғылыми сипат берді. Тарихи шолулар мен деректерді жалаң іріктеп қана қойған жоқ, ол рухани тұрғыдан да өзінше ізденді. Жылқы жануарының рухы мен қазақ рухының арасындағы киелі сезімді өзі де жан-тәнімен түсінуге ұмтылды. Бәйге атаулының басы-қасында жүрді, сәйгүліктердің сынына ғана емес, сырына да үңілді. Шындығын айтқанда, жас өркеннің рухына сәйгүлік бейнесі мен оның тағдыры осыншама дәрежеде әсер етіп, ғылыми және өмірлік құлшынысқа жетелейді деп ойлағамын жоқ. Бұл Әлкей Марғұлан сияқты таза ойлы ғалымдардың бойынан байқалған табиғи мінездің бір ұшқыны сияқты көрінді маған.

Еңбек кең көлемде зерттелінді. Адам мен тұлпар арасындағы психологиялық байланыс – бұрын арнайы зерттелмеген тақырып еді. Осы бағытта өте сәтті салыстырулар жасалынды. Алайда шәкірттің жеке талабы бойынша тарихи, археологиялық, этнографиялық, этнологиялық, фольклорлық, әдеби материалдар жарыстырыла пайымдалып, бұл құбылыс ұлттық тарихи және көркем ойлау жүйесі тұрғысынан сараланды. Баяндамаларға қойылатын талаптарға сәйкес кең көлемде жүргізілген еңбектің көптеген діттемелі деректері қысқартылып ұсынылып отыр. Әсіресе көркем талдаулар ықшамдалды. Шәкірттің ізденіс аясы толық көрінуі үшін тарихи шолулдарды мәтінде қалдырған жөн деп есептедік. Өйткені, сарашылар алқасы талап еткен жағдайда ол жырларды Ернұрдың жырау ретінде жатқа да айтып беретін қабілеті ескерілді.

Бұл баяндама – Ернұрдың өмірлік мақсатына айналатын қазақ руханиятындағы жаңа тақырыптың бастамасы деп білемін. Сондықтан да сарашылар алқасынан дара ойлау жүйесі қалыптасып, өз бетінше дербес ой қорытуға қабілеті ашылған жас өркеннің еңбегін көшірме немесе жаттанды жазбалардың қатарына қоспай, барынша ықтиятты қарап, әділ бағасын беруді өтінемін. Және бұл – жас қанаттың топшысын бекітудің бір кепілі деп ойлаймын.

Жұмыстың кеңесшісі, ф.ғ.д.,

профессор, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия

Ұлттық университетінің жанындағы

«Отырар кітапханасы» ғылыми

орталығының директоры (Т.Жұртбай)

Астана қаласындағы № 7 орта мектептiң 10 сынып қушысы

Айнұр Жағыпарованың ғылыми –тәжiрибелiк конференцияға дайындаған «ҰЛЫТАУ - ҚАЗАҚ ТАРИХЫНЫҢ КIНДIК МЕКЕНI» атты баяндамасына

ПIКIР


Туған жерiнiң тарихы мен тағдырына деген құштарлықты ояту – ұрпақ тәрбиесiндегi ең басты қасиеттi парыздың бiрi. Мен ғылым докторлары ғылыми жетекшiлiк еткен мектеп оқушыларының шығармаларына қандай талап қойылатынын бiлмеймiн, алайда Айнұр Жағыпарованың осы шығармасын оқып шығып, бұл шәкiрттiң бойынан жоғарыда айтылған қасиеттi сезiмнiң ұшығын анық байқадым. Ең бастысы, шығармада туған жерге деген киелi сезiм тебiренiсi анық байқалады.

Бұл кез-келген ғылыми жаңалықпен орынын толтыра алмайтын ұлы тағзым.

Екiншiден, тақырыпқа байланысты барынша ыждахатты түрде iзденген. Әсiресе Ұлытауды қоныстанған ел-жұрттың тарихы мен тағдырына жасаған шолулары назар аударарлық. Шәкiрт бала арнайы әдебиеттердi оқыған және сол оқығанын тоқи да бiлген, тоқығанын iрiктей отырып пiкiр де айтқан. Мысалы, «Ұлы тауға бардың ба, ұлар етiн жедiң бе?» – деген мәтелдiң шығу себебiн өте дәл түсiндiрген. Шынын айтсам, осынау қанатты сөздiң астарында қазақтың ұлттық бiрлiгi туралы ант сөзiнiң жатқанын Айнұрдың шығармасы арқылы бiлдiм. Бiлген шығармыз, бiрақ ұмытылған. Сол сөздiң астарын дәл осы күнде өмiр сүрiп жатқан екi қазақтың бiрiнiң бiлетiнiне күмәнiм бар.

Демек, Айнұрдың басты жаңалығының бiрi де осы түйсiктi пайымында жатыр.

Ал жалпы тақырыпты меңгеру үшiн Ұлытауға қатысты мағлұмат беретiн барлық ғылымның саласын қарастырып, мағлұмат жинапты. Оны өзiнше баяндап та бередi. Менiң назарымды аударғаны – шәкiрттiң туған жерiне деген адал ықыласы, соны өз сөзiмен, жастық аңғалдықпен қанық баяндап бергенi.

Ғылыми еңбектерге қойылатын талаптарды да сақтаған.

Ғылыми-тәжiрибелiк конференцияның саралау алқасына айтарым: А.Жағыпарова өзiнiң және ғылыми жетекшiсiнiң алдыға қойған мақсатына толық жеткен. Сөз қолданыстары, ойын жеткiзуi, пiкiрдi дамытуы оның өзiндiк ойлау қабiлетiнiң қалыптаса бастағанын аңғартады. Шығарманы өзгенiң еңбегiне сүйене отырып көшiрмеген, өзiнiң қолтаңбасы екенi анық байқалады. Сондықтан да бұл шығарманы мектеп оқушысына қойылатын ең жоғарғы талапқа сай жауап бередi – деп толық сенiммен айта аламын.

Тұрсын Жұртбай,



Филология ғылымдарының докторы, ЕҰУ-нiң профессоры.
АННОТАЦИЯ

Жас өркен Ернұр Қалдыбайұлы Ермұхамбетовтің талабы мен таланты мені ерекше қуантады. Оның тиянақты ізденісі менің оған деген құрмет сезімімді оятты. Ол соңғы үш жылдан бері тұрақты түрде ғылыми пайымдауларға ұмтылып, үш үлкен баяндама дайынады. Бірнеше республикалық байқауларға қатысып, жеңімпаз атанды. Жыл сайын жазғы демалысында Еуразия университетіне келіп, маған үнемі өзі ойластырып жүрген жаңа тақырыптарды ұсынып, тиісті ақыл-кеңес алып отырды.

«Ер қанаты – ат» атты мына шығармасы оның бір жылдық ғылыми ізденісінің жемісі болып табылады. Ернұр осы тақырыпқа барардың алдына аса ынталы талапкер ретінде көрінді. Жалпы жылқының шығу тарихы мен оның тағдырына байланысты кітапханалардағы еңбектердің көпшілігімен танысып шығып, конспектілер жасады. Ғалымдардың пікірлерін жинақтады. Эпостық шығармаларды оқыды. Ел ауызындағы мағлұматтарды іздестірді. Соның нәтижесінде салмақты ғылыми тұжырымдар жасауға негіз қалады.

«Ер қанаты – ат» атты бұл еңбектің негізгі ерекшеліктері мынадай:


  1. Жалпы бұл тақырып қазақ әдебиеттану ілімінде арнайы зерттелген жоқ. Кейбір оқулықтарда ғана тек қосымша пікірлер ретінде талданып келді. Шәкірт Е.Ермұхамбетов өзінің алдына осы мәселені мақсатты түрде шешуге дара талпыныс білдіріп отыр.

  2. Көшпелілер әлеміндегі аттың алатын рухани және тарихи орыны тарих, археология, этнография, этнология, әдебиет ғылымдарымен сабақтастырыла қарастырады және өзіндік түсінігімен пайымдайды.

  3. Тұлпар мен адам арасындағы көркем психологиялық желілер тағдыр арқылы салыстыра талданған. Батырдың қиналысты немесе қайғылы жағдайында оның тұлпары көмекке келіп, қолдап-жебеуі – мүлдем тосын тұжырым. Бұл өзі арнайы ғылыми зерттеуді қажет ететін тақырып. Жеткіншек шәкірт алдағы уақытта осы бағыттағы ізденісін тереңдете береді деген сенімдемін. Мектеп шәкіртінің мұндай шетін мәселеге мән беруі қуанарлық құбылыс әрі ғылыми жаңалық болып табылады.

  4. Ең бастысы – Е.Ермұхамбетовтің өзіндік ойлау қабілеті қалыптасып келеді. Өзінше ғылыми тұжырым жасауға ұмтылысы мен ынтасы ерекше. Бұл үлкен жетістік деп ойлаймын.

Шығарманың тың тақырыпқа арналғанын баса көрсете отырып, алқа мүшелерінен барынша қолдау көрсетуді өтінемін.


Жұмыстың кеңесшісі,

филология ғылымдарының докторы,

профессор. (Т.Жұртбай)

Мұқағали - Желтоқсан”. Поэма.



Бүркеншiк аты – “Ереуiл”

Тәуелсiздiкке арналған жабық бәйгеге келiп түскен шығармалардың iшiндегi ең үздiк көркем дүниенiң бiр де бiрегйi осы дастан екенiне оны оқу барысында анық көзiм жеттi.

Тақырыбы, орындалуы, көркемдiк кестесi, бейнелеу құралдары мен тәсiлдердi шебер пайдалана бiлуi – шығарма иесiнiң шабытты ақындық қуатын танытады. Ақын қазақ рухының шамырқануын - желтоқсан оқиғасын Мұқағали ақынның әруағы аспаннан қырандай шүйiле қадағалап, әдiлетсiздiкке қарсы оның тебiрене сiлкiнуiнен бастайды.

Алып рух намыстан оянып, бостандықты аңсаған, азаттық жолында шаһит болған арыстардың рухын шақырып, солармен үндеседi. Сол ұлы рухтардың төбе құйқасын шымырлатқан көрiнiстердi:



Жендеттiң қолында жүр бұратылып,

Бүлдiршiн қыздарының бұрымдары-,

ал оларды жазалаушыларды:



Қарап тұр империя терезеден,

Колбиннiң көзiменен тамашаға,-


деп суреттейдi.

Алатаудың асқарына көтерiлген ақын рухы:



Қозғалып түгел аруақ қолдамасақ,

Алатау теңселiп тұр құлайын деп,- барша әруақтарға атой салады.

Осыдан кейiн барып ақын жалпы ұлттық тәуелiздiк жолындағы қилы-қилы қиянаттарды, тағдырлар тоғысын, шаынулар мен бұдқынстарды поэзия тiлiмен, көркемдiк қуатпен шабытты жырлайды. Философиялық ойлар қозғап:



Молайып мұң мен зардың дариясы,

Өкiнiп отыр Жамбыл қариясы.

Кiм үшiн өлгенiне жiп таға алмай,

Боздайды Мәншүк пенен Әлиясы,- немесе:

Сойылып Құлагердiң құлындары,

Ақсуың атып жатыр қанды көбiк,- деп ой толғауы шығарманың жалпы пафосын шырқау биiкке шығарып әкетедi.

Шабытты дастанның соңында аспаннан көк ту желбiреп түсiп, бостандықтың нұры құйылады. Сонда ғана Мұқағали ақынның рухани желтоқсаны да тыныштық табады.

. Бұл дастан бiз оқыған шығармалардың iшiндегi ең көркемi әрi үздiгi.Қазақ поэзиясының жаңа бi құбылыс.

Қояр баға – 5.

(Т.Жұртбай).

Сүзге сұлу”, бүркеншiк аты – “Үмiткер”.

Бәйгеге ұсынылған шығармалардың iшiндегi тақырыбы жағынан тың туындының бiрi осы туынды. Осы уақытқа дейiн Көшiм хан туралы Олжас пен Мағауиннен өзге жазушы қалам тартпап едi. Сондықтан да атқырыбы бәйге шартына сай келедi. Көркемдiгi де талап деңгейiнде. Алайда дәл осы оқиғаны кезектi бiр туындының емес, тарихи-трагедиялық, қазақ әдебиетiнде iзi қаларлық, татарлардың Сүйiмбикесi сияқты халықтық бейнеге көтеретiн шығарманың өзегiне айналдырса құба-құп болар едi. Менiң өз пайымдауымша негiзгi оқиғаны Сүзгенiң тағдыры мен танымына құрып, психологиялық тартыстар мен тебiренiстеррге барса, осы әйелдiң қасiретi арқылы бүкiл қазақ ұлтының қасiретiн берсе – ұтымды шығар едi. Жанама оқиғалар мен Сүзге өлiмiнiң сырт көз арқылы берiлуi оқиғаның көркемдiк шешiмiн жеңiлдетiп жiбергендей әсер қалдырды. Шығармның орындалуы мен оқиғалардың өзара байланысынан асығыстықтың табы аңғарылады.

Бағасы - 4.

(Т.Жұртбай).

Тұлпарлар тағдыры”, бүркеншiк аты-“Ақмылтық”.


“Жыр-роман” деген жанрмен ұсынылған бұл шығарманың бойындағы басты кемшiлiгi – автор өзiнiң көркемдiк баяндау тәсiлiне қазiр ұмытылуға айналған ескi сүрлеудi таңдап алғандығы. Тақырыбын игеруi де, баяндауы да, оқиға өрiмi де “Бақтиярдың қырық бұтағын” еске түсiредi. Ақсақал қарияның тұлпарлар туралы аңызын бiрiнен кейiн бiрiн жалғастырып баяндау арқылы әр оқиғаға көркемдiк шешiм берместен келесi тарауға тез ауысып отырады. Мұның өзi тұлпарлар туралы бiтпейтiн бiр әңгiменi қайталай бергендей әсер қалдырады. Бiздiң ойымызша мәселенi бiр оқиғаның төңiрегiнде құрып, соны шиеленiстiре әсерлi баяндап бергенде, автордың ақындық қуаты шашырамай, барынша жинақы шыққан болар едi Аса көп тер төгiлген үлкен еңбектiң өтеуi “3” деген баға лайық деп ойлаймын.

Бағасы – 3.


(Т.Жұртбай).

«ШӘКӘРІМ»

Мақала тізбелері, құрылымы, талаптар, жазылу үлгілері өте сауатты құрылған. Білімділікпен жасалған. Мақтауы жетерлік еңбек. Тек аз-маз қатысым болғандықтан да өзімнің ескертпелеріме тоқталайын.

Шәкәрім аты аталғанда:

1. 1858 жылдан бері 1931 жылға дейінгі Абай айналасы толық қамтылуы тиісті. Әкелі-балалы, ағайынды Құтжановтар (Кейбірі Құлжанов болып жүр), Қатпа, Кәрімқұл, Тұрағұлдың ұл-қыздары, Төгісовтер, Фатима Ғабитова,Барақ сұлтан айналасы, Қалқаман-Мамыр, Еңлік-Кебек, Айсұлу –Нартайлақ оқиғаларына қатысты адамдар ұмыт қалған.

2. Ислам философиясына қатымты терминдердің дені ұмыт қалмауфы тиісті. Әсіресе Абай мени Шәкәрімнің көзқарасын тікелей қалыптастыруға әсері бар, бағдарламалы ғұламалар (мысалы;Мағри, Мүтәннәби, Руми, Ғазали, Атымтай, Бақырғани,Насыри, Ауғани, Ғабдуку, Гаспаралы т.б) Жадидизм бағыты мүлдем қарастырылмаған. Мұнсыз Шәкәрім философиясын түсіну және түсіндіру мүмкін емес.

3. «Жаңа мектеп», «Сана», КазИнпрос –дегендер де кездеспейді. Мұнда ақын шығармалары жарияланған. «Шәкәрімнің тошаласы», «Қоңыр ат», Шақпақ, Жыланды, Қодардың қаражартасы, Кебектің қара жартасы, Қоңыр әулие, Машан, «Қоңыр» (М.Әуезовтің бүркеншік аты, Шәкәрәм туралы пікір білдірген мақаласында пайдаланған), қажылық, Станбол, Тарбағатай деген сөздер кіру керек.

4. «Алаш» партиясы, «Алаш» үкіметі, алаш елі, «Алашорда» сөздері нақты жазылу және соған орай түсініктемелер де жеке берілуі тиіс.

5. Мына сөздердің түсініктерін нақтылау берсе: «Абыз» (14) сөзі – (Құранды жатқа білетін адамды хафиз дейді, ал Еңлік-Кебектегі абыз – дуана, бақсы, көне түркілік түсінікті берген лайық). Айғыздың (50) туған-өлген жылы белгілі. Қинаят )1120) – Шаяқметов дегенге түсуі керек. «Алқа» үйірмесі 1925 жылы құрылған (1922 жылы емес).

Мен өз басым тиісті шартқа отырып, ақысы нақты төленсе төмендегі көрсетілген мақалаларды 1 жыл көлемінде жазып бере аламын. 1,9,10,14,59,61,63,84,127,129,177,216,279,331,336,334,337,338,340,353,378,417,439,453,463,476,485,523,530,548,595,632,653,708,1459,911,913,942,952,1089,1158,1241,1243,1310,1372,1400,1426,1462,1463,1786,1898.

Сәттілік тілеймін. Сәлеммен (Т.Жұртбай)

25.11.2003.

Тағдырлы жырлар

Жан жарасының дауасы – жыр. Жыр емдей алмаған дерттiң дауасы табылмайды. Әр пенденiң өнердi өз өзегiнен өткiзiп, өзiнiң тылсым әлемi ретiнде қабылдауға ұмтылатыны сондықтан. Ақын мен оқырманның көңiл-күйi, жан-сезiмi, көркем танымы, iшкi ырғағы жарасым тапқанда ғана жыр жүрекке жол таппақ. Бұл - көзге көрiнбейтiн тағдырлардың тылсым тоғысы. Бұрын өлең өлкесiнде аты белгiсiз, бiрақта тағдырдың талқысынан өткен Бекқожа Жылқыбекұлының «Жалғыз төбе – жан-тәнiм» атты жинағының қолжазбасын оқып шығып, оның өлеңдерiнiң лирикалық «менiмен» өзiмнiң iшкi таным-түйсiгiмнiң тағдырлас екенiн сезiндiм. Тосын теңеу, тосын ырғақ, тосын ұйқас, тосын көркемдiк әлем, тiптi кей тұстардағы мұнарлы сағымдар да жатсындырған жоқ. Тағдырлы пенденiң күйiнiш-сүйiнiшi, қуаныш-жұбанышымен қатар сусыған құмдай өтпелi, күндiзгi құмдай ыстық, түнгi құмдай суық мынау мың құбылған дүниенiң құбылмалы көңiл ауаны мен бояуының табы жанымды қарығанын анық сезiндiм. Демек, Бекқожа атты ақын қазақтың жыр жайлауына бiр бүйiрден тосын келiп «Жалғыз төбеге» отауын тiккен екен. «Жалғыздың» жырларынан оның жан дауысын сезiндiм. Ендеше, ақынның ақындық сезiмi шынайы болғаны.

Мен Бекқожаның жыр жинағымен танысқаннан кейiн одан алған әсерiмдi екшеп бiраз ойға қалдым. Сонда тiлiмнiң ұшына «Қасын керген кер өлең» деген сөз орала бердi. «Ай нұрымен арбасып, күннiң өлдi шуағы» деген тосын теңеулерден мен оның мынау әлемдi өзгеше бiр тосындау көркем көңiлмен – «керлiкпен» қабылдайтынын аңғардым. Өзi көп қолданған «кер» сөзiнiң бiздiң санамызда ұмытылған, көмескi тартқан, бiрақ кезiнде тұщынған: керi өмiр, керi кеткен, керiм сұлу, керi құлан, кер кезең, кер өлең, керiм сырбаз, керi ағыс, кер қырат, кер қайқаң, керi ой, керi түсiнiк деген ұғымдардың поэзиялық астарын түсiндiм. Мұндай ойға жетелейтiн жырларды жиi оқымағандықтан ба осының бәрi маған соны әсер силады. Келешектегi жыр керуенi сапарында Бекқожаның ақындық жолы қалай қалыптасып, өмiр мен өнер ағысы оны қандай қақпақылға салатынын бiлмеймiн, алайда қазақтың өлең өлкесiндегi мына «Жалғыз төбенiң» түбiнен бiр тұманың көзi ашылғаны анық. Тұманың мөлдiрi лайланбасын, тұнығы шайқалмасын, көзi суалмасын деп тiлеймiн.



Тұрсын Жұртбай
Каталог: repository -> history
history -> Кµркемдік шындыќ жєне тарихи т±лѓа
history -> Қазақстан Республикасындағы ұлттық идеяның қалыптасуының негізі” атты Жобасына сәйкес дайындалып, Университеттің ғылыми кеңесінде бекітілген. Рецензенттер: С.Қирабаев, ҚР ҰҒА-ның академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор
history -> Тәуелсіз ел мәңгілік ел // Егемен Қазақстан. 001. 18 мамыр (№99). б
history -> Аяз би кім? // Егемен Қазақстан. 2001. 29 тамыз (№190-193). 11 б
history -> Қазақ Ұлт-азаттық ҚОЗҒалысы
history -> Тұрсын Құдакелдіұлы ЖҰртбай, Жоба жетекшісі, филология ғылымдарының докторы
history -> Жүректің қылын тербеген
history -> Жетпіс жыл жұртын сүйіндірген сұлу сөЗ
history -> Т±рсын Ж±ртбай
history -> Файл: Абай жолы «Абай жолына» 70 жыл


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет