Түймекент орта мектебіндегі өткізілген жалпы ата-аналар жиналысы туралы мәлімет



жүктеу 15.35 Kb.
Дата14.02.2018
өлшемі15.35 Kb.

Түймекент орта мектебіндегі өткізілген жалпы ата-аналар жиналысы туралы мәлімет.

Жалпы ата-аналар жиналысына қатысқандар:

Түймекент ауылдық округі әкімінің орынбасары: Т.Мысықбаев

Түймекент орта мектебінің директоры: Ш.Қапарова

Директордың құқықтық-ісі жөніндегі орынбасары: Қ.Қожақов

Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары:Е.Бугумбаева

Байзақ аудандық Ішкі істер жөніндегі бөлімінің аға лейтенанты Қ.Оразбеков

Психолог-маман: А.Айтбаева

Педагог-ұйымдастырушы: С.Баймурзаева

Жиналыста өте ауқымды мәселелер көтерілді. Күн тәртібінде оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері қаралды. «Жастар және заң» тақырыбында баяндама жасалды. Сондай-ақ, қыз тәрбиесі туралы да әңгіме қозғалды. «Қыз тәрбиесі-қоғам тәрбиесі» тақырыбында баяндама жасалып, Е Бугумбаева айналамызда болып жатқан өзекті мәселелерге тоқталып кетті. Заң аясындағы бала құқығы бойынша Қ.Қожақов, мектепішілік инспектор Қ.Оразбековпен бірлескен жоспары бойынша қысқаша мәлімет беріп өтті.

Мектеп директоры Ш.М.Қапарова күн тәртібіндегі мәселелерге жалпы түсінік беріп,егжей-тегжейлі мағлұмат беріп өтті. Жиналыс барысында ата-аналар комитетінің мүшелері өздерінің бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі туралы толықтырып кетті. Ата-ана Б.Көбекова, өз сөзінде қазіргі таңдағы ата-ананың рөлінің төмендеуі, бала тәрбиесіне немқұрайлы қарайтын ата-ананың көбеюі туралы айтып өтті. Барлық қозғалған тақырыптар видео роликтермен жалғасып, мектеп оқушыларының жетістіктері де айтып өтіліп, М.Мақатаевтың өлеңдерін оқудан Республикалық байқауларға қатысқан Өскенова Мадина (ІІІ орын), Бугумбаев Әділет (ІІ орын) пен Қалыбаева Айсұлудың (І орын) дипломдары табысталды. Түркияның Анталия қаласында өткен Халықаралық байқауға қатысып, ІІ орын алған 10-сынып оқушысы Қойшыманов Нұрдаулет «Алға, Қазақстан!» әнін шырқады.

Жиналыс соңына қарай ата-аналардың бала тәрбиесіне, сондай-ақ баланың бос уақытында үйірмелерге қатыстырып, нәтижелі болуларына өз көмектерін тигізетіндіктеріне шешім қабылданды.



Дайындаған: Директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары:Е.Бугумбаева

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет