Тґлем жїйелері



жүктеу 30.67 Kb.
Дата28.04.2019
өлшемі30.67 Kb.


Қазақстан Республикасының төлем жүйелеріндегі төлемдердің ағыны және көлемі
Тұтастай алғанда, Қазақстанның төлем жүйелері (Банкаралық ақша аударымдары жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі) арқылы 2008 жылғы ІІІ тоқсанда 39 947.3 млрд. теңге (немесе 332.9 млрд. АҚШ долл.) сомаға 6.1 млн. транзакция өткізілді. 2007 жылдың ІІІ тоқсанымен салыстырғанда төлем жүйелеріндегі төлемдер сомасы 3.5% (207.1 млрд. теңгеге) ұлғайып, төлемдер саны 13% (4 580.4 млрд. тенге) ұлғайды.
Банкаралық ақша аударымдары жүйесі (БААЖ)

Пайдаланушылардың саны 2008 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 511 болды, оның ішінде: екінші деңгейдегі 36 банк және «Қазақстан Даму Банкі» АҚ; ҚР Қаржыминінің Қазынашылық Комитеті; банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын 6 ұйым («Казпошта», «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» АҚ, «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ, «Қазақстан қор биржасы» АҚ, «Тимей» ҚӨК ЖШС, ҚБЕО Клиринг палатасы); Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық үшін 3 шот; Мемлекетаралық Банк және Еуразия Даму Банкі; ҚР Ұлттық Банкі және Мемлекеттік Жинақтаушы Зейнетақы Қорының Кастодиан Банкі (ҚҰБ МОЕБ).

2008 ж. ІІІ тоқсанда БААЖ арқылы 39 347.0 млрд.теңге (327.9 млрд. АҚШ долл.) сомаға 2.4 млн. транзакция жүргізілді.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда төлемдер саны 14.6% (310.3 мың транзакцияға) ұлғайды, ал төлемдер саны 13.3% (4 605.8 млрд. теңгеге) ұлғайды.




Орташа алғанда, 2008ж. ІІІ тоқсанда БААЖ арқылы күніне 614.8 млрд. теңге сомаға 38.2 мың транзакция жүргізілді, мұның өзі 2007 жылдың осы кезеңіндегі деңгейден саны бойынша 4.8 мың транзакция (14.6%) артық және сомасы бойынша 72.0 млрд. теңгеге (13.3%) көп. Бұл ретте БААЖ-дағы бір төлем құжатының орташа сомасы 2008 жылғы ІІІ тоқсанда 16.1 млн. теңгені құрап, 2007 жылдың ІІІ тоқсанымен салыстырғанда 1.1% (184.5 млн. теңге) төмендеді.

БААЖ-дың негізгі мақсатына сәйкес пайдаланушылар көрсетілген жүйеге қаржы секторының операциялары бойынша негізінен ірі және мерзімді төлемдерді жібереді. Мәселен, 2008 ж. ІІІ тоқсанда БААЖ арқылы негізінен шетел валютасымен және қымбат металдармен (БААЖ-дағы төлемдердің жалпы көлемінің 15.5%), Қазақстан резиденттерінің бағалы қағаздарымен (тиісінше 31.2%), сондай-ақ банктердің және олардың клиенттерінің банкаралық депозиттерімен және меншікті қаражат аударымдарымен (30.7%) операциялар бойынша төлемдер жүргізілді.

Бұл ретте елдің жүйелік маңызы бар төлем жүйесі БААЖ арқылы 2008ж.
ІІІ тоқсанда елдегі қолма-қол жасалмайтын төлемдердің жалпы көлемінің 98.5% және олардың жалпы санының 40.1% өңделді, мұның өзі неғұрлым ірі және басымдығы жоғары төлемдер жүргізуде БААЖ мақсатының орындалатынын көрсетеді.
Банкаралық клиринг жүйесі
Банкаралық клиринг жүйесінде 2008 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша қатысушылардың саны 36 болды, олардың 29-ы екінші деңгейдегі банк, ҚР Қаржыминінің Қазынашылық Комитеті, ҚР Ұлттық Банкі, Мемлекеттік Жинақтаушы Зейнетақы Қорының Кастодиан Банкі (ҚҰБ МОЕБ), Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық үшін 3 шот, «Қазпошта» АҚ.

Бөлшек төлемдер ағыны 2008 ж. ІІІ тоқсанда сомасы 600.3 млрд. теңге (5.0 млрд. АҚШ долл.) 3.7 млн. құжат болды. 2007 жылдың ІІІ тоқсанымен салыстырғанда клиринг жүйесіндегі құжаттар саны 2.7% (103.1 мың құжатқа) қысқарды, бұл ретте төлемдер сомасы 4.1% (25.4 млрд. теңгеге) қысқарды.



Орташа алғанда, 2008 ж. ІІІ тоқсанда клиринг жүйесі арқылы күніне 9.4 млрд. теңге сомаға 57.0 мың құжат өткізілді, мұның өзі 2007 жылдың осы кезеңіндегі деңгейден төлемдер саны бойынша 1.6 транзакцияға (2.7%), төлемдер сомасы бойынша 396.3 мың теңгеге (4.1%) аз. Бұл ретте Банкаралық клиринг жүйесіндегі бір төлемнің орташа сомасы 164.4 мың теңге болды, бұл 2007 жылдың ІІІ тоқсанымен салыстырғанда 1.3% (2.2 мың теңге) аз.

Клиринг жүйесінде төлемдердің ең көп үлесі 2008 жылғы ІІІ тоқсанда бюджетке (салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу) және бюджеттен төленетін (жүйедегі төлемдердің жалпы көлеміндегі үлесі 27.2% құрады) төлемдерге, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің тауарлар және материалдық емес активтер (үлесі – 29.3%), көрсетілген қызметтер (үлесі – 26.0%) үшін есеп айырысулар бойынша төлемдеріне тиесілі болды.



Сонымен бірге, басымдығы жоғары болып табылмайтын және сомасы бойынша 5 млн. теңгеден аспайтын төлемдерді жүргізуге арналған Банкаралық клиринг жүйесінде елдегі қолма-қол ақшамен жасалмайтын төлемдердің жалпы санының 59.9% және олардың жалпы көлемінің 1.5% жүзеге асырылды, бұл клиринг жүйесінің ұсақ сомадағы айтарлықтай төлемдер санын жүргізуде өз міндетін атқаратынын көрсетеді.


1 ҚБЕО сайтында 50 пайдаланушы + ҚБЕО КП көрсетілген.



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет