Тґлем карточкасы электронды терминалдар немесе ґзге ќўрылєылар арќылы аќшаєа ќол жеткiзу ќўралы, онда мўндай карточканы ўстаушыєа тґлемдердi жїзеге асыруєа, ќолма-ќол аќша алуєа



жүктеу 20.78 Kb.
Дата14.03.2018
өлшемі20.78 Kb.

Төлем карточкасы - электронды терминалдар немесе өзге құрылғылар арқылы ақшаға қол жеткiзу құралы, онда мұндай карточканы ұстаушыға төлемдердi жүзеге асыруға, қолма-қол ақша алуға, валюта айырбастауға және төлем карточкасының эмитентi белгiлеген әрi соның шарттары бойынша басқа операцияларды жүргiзуге мүмкiндiк беретiн ақпарат болады;

Төлем карточкасын беру кезінде шарт жасалады, онда мынадай міндетті шарттар болуы тиіс:



  • төлем карточкасын беру талаптары;

  • төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді жүзеге асыру талаптары;

  • қосымша картокалар берілетін адамдардың тізімі немесе адамдардың тізіміне сілтеме (төлем карточкаларын беру туралы шарт негізінде түрлі ұстаушыларға бірнеше төлем карточкаларын беру кезінде);

  • төлем карточкасын алу тастау және оқшаулау талаптары;

  • төлем карточкасының және/немесе төлем карточкаларын беру туралы шарттың қолданылу мерзімі;

  • тараптардың құқықтары мен міндеттері;

  • тараптардың жауапкершілігі.

Бірінші көпшілік төлем карточкаларын пайда болу тарихы жарты ғасырдан астам болып саналады. Соған қарамастан Қазақстанның тұрғындары күні бүгін олардың күнделікті өміріне сеніммен кірген төлем құралының осы түрінің ыңғайлы екендігін өткен он жылдың ортасында ғана бағалай алды.

Қазақстандық нарықтағы карточалық бизнестің пионерлері «БТА Банк» АҚ және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ болды. 90-жылдардың аяғында екінші деңгейдегі банктердің барлығы төлем картокаларының нарығын белсенді түрде игерді. 2000 жылы екінші деңгейдегі 10 банкі меншікті карточкалық өнімдерін шығарды.

Төлем карточкаларын шығарумен қатар оларға қызмет көрсету инфрақұрылымы дамыды. Мәселен, 2000 жылдың аяғында Қазақстанда 400 банкомат, 2 500 POS-терминал және 1 500 импринтер жұмыс істеді.

Әлемдік карточка индустриясын дамытудағы маңызды кезең 2000 жылдардың бірінші жартысы - чиппен жабдықталған төлем карточкаларын тарату уақыты болды. Уақыт көшіне ілесе отырып, Қазақстандық банктер 2005 жылы магниттік жолағы бар карталарды біртіндеп ауыстыра отырып, «чиптік» карталар шығаруға кірісті.



Қазіргі уақытта төлем карточкаларының нарығында қызмет көрсетудің үлкен ассортименті көрсетілді және түрлі карточкалық бағдарламалардың елеулі саны ұсынылады. Мәселен, төлем карточкасының көмегімен дүкендер мен мейрамханаларда тауарлар мен қызмет көрсетулер үшін төлем жасауға, коммуналдық қызмет көрсетулерді, байланыс қызметін, салық және кеден төлемдерін төлеуге, кредиттерді өтеуге, карточкадан карточкаға ақша аударуға, Интернет немесе телефонды пайдалану арқылы тауарларға және қызмет көрсетуге тапсырыс беруге болады.

Бұл ретте Қазақстанның банктерінде мынадай халықаралық (VISA International, Europay International, American Express International және Diners Club International, China Union Pay), сондай-ақ жергілікті төлем жүйелерінің карточкаларын (Altyn Card, SmartAlemCard, TemirCard, сондай-ақ «Цеснабанк» АҚ және «Ситибанк Казахстан» АҚ карточкалары) карточкаларын алуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет