Тұлғаның ақыл ойын қалыптастыру әдістері Кіріспе



жүктеу 178.45 Kb.
Дата25.03.2019
өлшемі178.45 Kb.

Тұлғаның ақыл ойын қалыптастыру әдістері

Кіріспе

Ақыл-ой тәрбиесі — адамның таным қабілетін дамытып, білім қорын игеруіне жол ашатын тәлім-тәрбиенің негізгі бір саласы. Ақыл-ой тәрбиесі арқылы оқушылардың оқып білім алуына іс-әрекетін бағыттау — сана-сезімінің дамуына, ғылыми негіздерін меңгеруіне бағыт-бағдар бере отырьш жеке тұлғаны қоғамның өркениетті даму бағытына сай жан-жақты тәрбиелеудің құрамды бөліктерінің бірі. Ақыл-ой қызметінің тәсілі — ол белгілі бір топтағы мәселелерді шешу үшін ұйымдастырылған қисынды операция немесе операциялар жиынтығы.

А.С. Макаренко сөзімен айтқандай, “Тәлім - тәрбие, кең түрде алғанда әлеуметтік процесс”. Адамдар да, заттар да тәрбиеленеді. Дегенмен, адамдардың үлес салмағы басым. Солардың ішінде ата-аналар мен педагогтар бірінші орынға шығады деген екен. Олай болса, ақыл-ой тәрбиесін нәтижелі ұйымдастыру үшін, отбасы жағдайын жан- жақты танып білу қажет. Бүгінгі таңда бұл жұмыс табысы жүргізіледі деп айту қиын. Соның нәтижесінде балалардың мінезіндегі кейбір ауытқулары мұғалімдер тарапынан дер кезінде байқалмауы, түбінде орны толмас үлкен өкініштерге әкеліп тірейтіні даусыз мәселе.

К.Д.Ушинский айтқандай. ”Ақыл-ой дегеннің өзі жақсы ұйымдастырылған білім жүйесі” екенін ескерсек, баланың өз тәжірибесі қаншалықты бай, сан- алуан дегенмен, ақыл-ой дамуының қайнар көзі бола алмайды. Сондықтан музыка пәні мұғалімі тарапынан ұйымдастырылып, түсіндірімеген, баланың өзінің тікелей өмір тәжірибесі арқылы меңгерген мәліметтері мен дағдылары өмір құбылыстарының нақты есептерін дәл анықтауға кедергі жасайды да нәтижесінде жалған түсініктерінің тууына негіз болады. Ақыл- ой тәрбиесі тек ойдың ғана емес, оның дамуы ойлау процесінің құбыслытарымен сипатталады. Даму- баланың сандық және сапалық жағынан жетілуі,психиканың , ой- сананың өсуі.

И.П.Павлов адамның сөзі барлық нақты тітіркендіргіштің орнына жүреді де, ол ми қабығында сан алуан тежеулер мен қозу тудырады. Сөз жеке зат туралы, толып жатқан біртектес заттар туралы мәліметтер беріп, сол арқылы ойлауға, ой қорытындысын жасауға, түрлі ұғымдар қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сөз адамды тәрбиелеу, ғасырлар бойы жинақталған тәжірибені сақтау, білімді ұрпақтан- ұрпаққа жеткізу құралы болып табылатындығын айтқан болатын. Сөз өнерін дәріптеген халқымыз жастардың ақыл- ойын дамытуда ауыз әдебиетінің айтыс жанрын, музыкасының өнер жарысын (өлең жырмен айтысу, өнер сайыстыру, ән айту, би билеу, күй тарту,) пайдаланылған. Айтысарда ақындар қарсыласына – өнер, білім, өнер, еңбек, кәсіпкерлік туралы өлеңмен сұрақтар қойып, оған өлеңмен жауап алып, бір- бірін сынаған, сөйтіп ой- өрісін, білімін сарапқа салған. Көп оқу, білу керек екенін жастарға танытып, өнер- ғылымға бағыттап, сөз шеберлігіне тәрбиелеп отырған. Бұлар халықтың салт- дәстүріне байланысты мерекелерде ұйымдастырылатын, ойын- сауық кештерінде іске асырылып, жастардың ой- өрісін жетілдіріп, тапқырлыққа, шешендікке, өткірлікке , ой- қиялын дамытуға мүкіндік беретін. Халқымыз “Өнер алды- қызыл тіл”, “Шешеннің сөзі - мерген, шебердің көзі- мерген”, “Қаһарлы сөз- қамал бұзар”,- деп жастарға сөз құдіретін , оның мәнін түсіндіріп келген.

Н.Менчинская өз еңбегінде "Жақсы дағдыланған және нық бекітілген тәсілдерді қалыптастыру оқушылардың ақыл-ой дамуына елеулі әсер береді" деп, оның дамытушылық функциясының жоғарылауын, оқыту тәсілдерінің рөлін анықтайды. Тасымалдауға қабілеттілік те ақыл-ойдың дамуыңда өте маңызды болып табылады. Тасымалдау немесе генерализациялау ғылымы ақпарат қауырт есіп отырған қазіргі кезде ерекше маңызға ие, себебі, жаңа білімдерді неғұрлым тез де үнемді игеру үшін негізгі құрал бола алады.

Құбылыстардың түпкі нәтижелерін немесе келіп жетуін алдын ала көре білу қабілеті, ой мен қорытынды шығару негізінде, ең алдымен, табиғат пен ғылымдағы заңдылықтардың рөлі мен маңызы туралы жалпы ұғымдарды игеруге негізделеді, әрі бақылау, талдау, салыстыру, құбылыстар арасындағы ерекшеліктерді табу, ұқсастықтарына қарай ой қорытындыларын жасауды, сондай-ақ индуктивтік және дедуктивтік ойлау әдістерін игере білуді қамтиды.

Абай Құнанбаев ақыл-тәрбиесі туралы. Үш- ақ нәрсе адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. Әр түрлі құбылыстардың, сан алуан көріністердің себептерін, мәнісін дұрыс түсіну үшін, олардың ақыл таразысына салып, әбден өлшеу керек, - деген.

«Ақыл енбей сенбеңіз,

Бір іске кез келсеңіз...

Ақыл-мизам, өлшеу қыл», - дей келе, Ақыл адамға ғана тән жоғарғы қасиет деп сипаттайды

Халқымыз.«Ақылдылар шымыр келер, ақымақтар қыңыр келер», «Саналы адам сағыңды сындырмас, санасыз адам жағыңды тындырмас», «Ақымақтың ақылы білегінде, ақылдының ақылы жүрегінде», «Ақылды адам баптан – ақ, ақылсыз адам – сасқалақ» деп баға берген. Ақыл ерен еңбектің жемісі. Ақылды адам болу үшін көп үйреніп, көп білу керек. «Ақыл – дария, алсаң да таусылмас», « Есті ірілік көрсетпес» – деп ақылды, есті адамдарды халыққа үлгі етіп көрсетіп отырған.

Әл – Фараби. Әл–Фараби еңбектерінен ақыл – ой тәрбиесі туралы көптеген құнды пікірлерді кездестіруге болады. Оның мына бір ойын алып қаралық. «Әлемдегі жаман мен жақсыны адамның ақылы ғана ажыратады. Ақылды болу үшін ғылым меңгеру, өнерге жетілу қажет. Осы жолда өмір бойы еңбектеніп әрекеттенген абзал, мұның өзі адамға зор бақыт» деп тұжырымдаған.

В.В.Радлов: «Қазақтың ақыл – ой қабілетінің зор екенділігі соншалық, айтқысы келгеннің бәрін дәл түсіндіріп, тіпті қарсыласының да сөзіне шебер тойтарыс бере біледі. Балаларының ақыл – есі де адам таңғаларлық өте тез жетіледі» – деп баға берген.

Ұлы ойшылдардың ақыл-ой тәрбиесі жайлы ұлағатты сөздері

1. Педагог ұқыпты, шын мәніндегі өнегелі ұстаз-тәрбиеші болуға тиіс. Ақылды, парасатты, қажырлы, әрқашанда шындықты қолдайтын, қолайсыз іске бармайтын, өз нәпсісін тиып ұстайтын адал да, ақылды, шыншыл болуға тиіс.

В.Н.Татищев

2. Тәрбие басы – Тіл.

М.Қашқари

3. Тәрбие - ұлы іс: онымен адам тағдыры шешіледі.

В.Белинский

4. Бүкіл халықтың тұрмыс-тіршілігі балаларды дұрыс тәрбиелеуге байланысты.

Джон Локк

5. Тәрбиедегі басты мәселе тәрбиешінің кім екендігінде.

Д. Писарев

6. Тәрбиешінің әрбір қимылы, жүрыс тұрысының өзі балаларға өнеге, тәлім-тәрбие берерліктей болуға тиіс. Өзінің не істейтіні біліп, не істеуге тиісті емес екендігін аңғарған адам ғана тәрбиеші бола алады.

А.С.Макаренко

7. Ақырын жүріп, анық бас.

Еңбегін кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға.

Абай Құнанбаев



Негізгі бөлім

Ақыл-ой тәрбиесінің мақсаты — балалардың ақыл-ой күштерін және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту. Жеке тұлғаның адамзат мәдениетіне ену процессінде білімнің ролі, ақыл-ой мәдениетінің құрамды бөлігі ретінде қарастырылатын тұлғаның ғылыми көзқарасы өте өзекті. Ақыл-ой тәрбиесі барысында балалардың танымдық қызығушылықтары, логикалық ойлау, есте сақтау, зейін қою, елестету қабілеттері, икевділіктері мен дарындылықтары дамиды.

Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері:

— танымдық қызығушьшықты дамьпу;

— танымдық белсенділікті қалыптастыру;

— белгілі білім көлемін меңгеру;

— ғылыми көзқарасты қалыптастыру;

— ақыл-ой күштерін, қабілеттерін дамыту;

— ғьшыми ақпараттар ағысында өз бетінше білім алуға ынталандыру.

Ақыл-ой тәрбиесі ғылымдар негіздерін, өндірістің ғылыми принциптерін зерттеуді қарастырады. Ақыл-ой тәрбиесі білімді тереңдетуге, бекітуге, оның тәжірибелік мәнін түсінуге септігін тигізеді.

Ақыл-ой тәрбиесін жүргізу барысында мұғалімдер оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеріп отырулары тиіс. Кейбір балаларда дарындылықтары бір салада жақсы байқалса, басқаларыныкі — басқа салада байқалады. Жас ерекшеліктері бірдей болсада балалар арасында тез немесе өте баяу жұмыс жасайтын, ойлау, есте сақтау мүмкіндіктері және меңгерген теориялық материалды қайта айтып беру кабілеттері әр-түрлі оқушылар кездеседі.

Ақыл-ой тәрбиесіиің тағы да бір маңызды міндеті оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру болып табылады. Мұның негізінде әлем танымдылығын түсіну, табиғат пен қоғам дамуының заңдарын ұғыну. Жннақты етіп айтсақ, оқушылар барлық пәндерді оқу процесінде негізгі дүииетанымдық жұмыстарды бекітеді, баянды етуге талаптанады.

Жасөспірім тәлім-тәрбиені, адамгершілік қасиеттерді үлкендерден, тәрбиешілерден насихат жолымен емес, тек шынайы көру, сезім қатынасында ғана алады.

Жеке тұлғаның бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтардың қалыптасуы осы бағытта жүзеге асады, сөйтіп оның өзі-өзі тануына, өзіндік бағдарын анықтауына мүмкіндік туғызатындай тәлім-тәрбие берілуі керек. Жақсы адамгершілік қасиеттердің түп негізі отбасында қалыптасатыны белгілі. Адамгершілік қасиеттер ізгілікпен ұштастырады. Әсіресе еңбекке деген тұрақты ықыласы бар және еңбектене білуде өзін көрсететін балаларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу басты міндет болып табылады.

Өз халқының мәдениетін, тарихын, өнерін сүю арқылы басқа халықтардың да тілі мен мәдениетіне, салт-дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті азамат қалыптасады.

Қазақ халқының әлеуметтік өмірінде үлкенді сыйлау ұлттық дәстүрге айналған. Отбасында, балабақшада , қоғамдық орындарда үлкенді сыйлау дәстүрін бұзбау және оны қастерлеу әрбір адамнан талап етіледі. Халқымыздың тәлім- тәрбиелік мұрасына үңілсек, ол адамгершілікті, қайрымдылықты, мейірбандықты дәріптейді.

Ата-бабаларымыздың баланы бесігінен жақсы әдеттерге баулыған. «Үлкенді сыйла», «Сәлем бер, жолын кесіп өтпе» деген секілді ұлағатты сөздердің мәні өте зор. Адамгершілікті, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі иманжүзді, жарқын, биязы, өзі парасатты болады. Ондай адамды халық «Иман жүзді кісі» деп құрметтеп сыйлаған.

Балаларымызды имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар-ұятын, намысын оятып, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық көрсету, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Баланы үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке баулу адамгершілік тәрбиесінің жемісі.

Балалардың ақыл-ойын тәрбиелеуде ұлттық педагогика қашанда халық тәрбиесін үлгі ұстайды. Ал, ақыл-ойын тәрбиелеудің бірден-бір жолы осы іске көзін жеткізу, сенімін арттыру. Осы қасиеттерді балаға жасынан бойына сіңіре білсек, адамгершілік қасиеттердің берік ірге тасын қалағанымыз.

Ақыл-ой - адамның рухани арқауы, өйткені адам баласы қоғамда өзінің жақсы ақыл-ойымен, адамдығымен, қайырымдылығымен ардақталады. Адам баласының мінез құлқына тәрбие мен тәлім арқылы тек біліммен ақылды ұштастыра білгенде ғана сіңетін, құдіретті, қасиеті мол адамшылық атаулының көрініс болып табылады.

Халық педагогикасы-нәрестенің сезімін ананың әуенімен оятатын бесік жырлары, даналыққа толы мақал-мәтелдер, жұмбақ-жаңылтпаштар, қиял- ғажайып ертегілері, ойындары, тәрбиелеп өсіру негіздері адамгершілік ниеттерге баулиды. Олай болса, ақыл-ой тәрбиесін беру кілті — халық педагогикасында деуге болады.

Тәрбиелеудің алға қойған мақсаты, баланың бойына ұлттық саналық қалыптасқан, халқының әдет-ғұрпын салт-дәстүрлерін көңіліне тоқыған дені сау, шымыр да шыныққан, сымбатты, халықтың тілін білетін, рухани байлығы мол, жан-жақты азамат тәрбиелеп өсіру.

Ақыл (араб.: عقل‎ ақл) — адамды басқа тіршілік иелерінен ерекшелейтін аса маңызды қасиет. Ежелгі ойшылдар еңбектерінде ақылдың екі деңгейі болатыны айтылады. Ол — пайым және парасат.

Пайым — ақылдың табиғи күші, ол әрбір адамға тән. Есі дұрыс әрбір адамның тіршілік дағдыларын қай дәрежеде меңгергендігіне байланысты ойлау жүйесінің ең төменгі буыны.

Парасат— ойдың мүлдем жаңа таным-білімдерді қорыта алатын және шындықтың аса терең мәнін танып біле алатын жоғары жасампаздық қабілеті.

Философияның тарихында ақылдың осы екі деңгейін зерттеуге неміс философы Кант зор үлес қосты. Ол ойлау жүйесінің үш қасиетін бөліп атайды:



  • жалпыны тану қабілеті (тіршілік ережелерін белгілеуі немесе ұғып алуы) — пайымдылығы;

  • ерекшені жалпымен байланыстыруы (яғни жеке жағдайларды жалпының ерекшелігіне ендіруі) — тұжырымдау қабілеті;

  • ерекшені жалпы арқылы анықтау қабілеті (яғни принциптерді шығару қабілеті) — парасаттылығы.

Интеллектуалдық таным қабілеті әр адамда әртүрлі, тіпті бір адамның өзінің түрлі өмір кезеңдерінде ол бірдей болмайды. Ойлау қабілетін дамыту, тәрбиелеу керек. Адам танымының табиғи прогресі туралы айта келіп Кант алдымен ақыл дамитынын: тәжірибенің негізінде ой айқын тұжырымдарға, сонан соң тұжырымдар көмегімен ұғымдарға жететінін, содан кейін бұл ұғымдардың негіздері және себеп-салдарлары ақылмен танылып, ең соңында ғылыми жүйеге келтірілетінін дәлелдейді. Сондықтан ақыл беру де (жас жеткіншектерге) дәл сол жолмен жүруге тиіс. Оқытушы да өз тыңдаушысынан алдымен пайымдай алуды, сонан соң ақылдылықты, ең ақырында ғалымдық қасиеттерді күтуі керек.

Ақыл-ой дамуының ең жоғарғы дәрежесі — даналық (өмірлік тәжірибеге сүйенетін терең ақыл). Адамның кейбір интеллектуалдық қызметтерін “жасанды интеллектіге” беру — компьютерлерді кеңінен қолдану да ақыл-ой қабілеттерін ары қарай жетілдіреді.

В.М. Сухомлинский «Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанған оты. Ойынсыз, музыкасыз, шығармашылықсыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды».

Ақыл ойды дамытуда халқымыздың ұлттық ойындары, салт дәстүрлері, әдеби шығармалары, аңыз әңгімелері және ұлы ойшылдардың ақыл-өсиеттері зор үлесін қосып келеді. Соның ішінде ойын арқылы ақыл-ойды дамыту зор нәтижесін берген. Ойын - адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Ал шахмат ойындарында логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, оқушылар ойын арқылы өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін желтілдіреді. Шахмат-бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет іспетті. Ол міндетті түрде екі адамның қатынасуымен іске асады. Қай жеңгені жеңімпаз болса, біреуі жеңіліс табуы тиіс. Шахматтың ережелерін оқушылар сақтай отырып, ойнаушылар арасындағы қиынды ой қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық қажеттіліктерімен саналуы әр ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды. Шахматтың басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен саналып, бір-біріне деген сенімдерін арттырады.

Ұлы Абай айтқандай: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?» дегендей, сол пікір бала өмірінде ойынның маңыздылығын шешуге көп әсерін береді. Төменгі сынып оқушыларының психикасының дамуына шахмат ойындарының әрекеті шешуші рөл атқаратындығы туралы белгілі ғалымдар: Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Сұлтанмахмұт Торайғыровтар өз еңбектерінде көрсете білген. Сол кісілердің тәлім – тәрбиесі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуда. Ал ертедегі ұлы ғалым-ойшылдар Жан Жак Руссо мен Песталоции ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген. Үйірме жұмысындағы ойынның теориясы мен маңыздылығы туралы К.Д.Ушинский мен П.Ф.Лесгафт, тәрбиеде және оқыту барысында ойынның алатын орны туралы С.П.Шацкий және Н.К.Крупская да өз пікірлерін білдірген.

Ақыл-ойды дамыту бір бөлек, математикадан бастап басқа да күрделі ғылым саласын игеруде шахмат ойынының пайдасы бір бөлек. Ғалымдар шахматтың қашан, қайда, не үшін пайда болған ойын екенін баяғыда-ақ зерттеп, дәлелдеп, оның адам өміріне қажеттігін анықтап қойған. Дегенмен, санамыз спорттың бір түрі ретінде қабылдайтын бұл интеллектуалдық шахмат ойынының адамның жан-жақты болып қалыптасуына, өмірінде қандай жағдайға тап болса да мәселені ойланып шешуіне, белгілі бір жүйе құруына дағдыландыратын, бала тәрбиесінде өте маңызды екенін тағы бір айта кеткім келеді. Осы негізде қазіргі таңда аудан, облыс, республика бойынша шахмат ойыны кең таралуда. Осы орайда әр баланың жақсы оқуына, олардың ойлау қабілетінің дамуына және сана сезімінің артуы мақсатында мектептің ата-аналары соңғы кездері шахмат ойынымен кәсіби айналысуына көңіл бөліп, оң көзқарастарын қалыптастырып келеді. Осы орайда баланың өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Орыс ғалымы, дәрігер, педагог К.А.Покровский «ойын-күнделікті бала еңбегі, болашақ өмірінің бастамасы. Ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеті байқалады»-деген. Олар ойын ойнау барысында өздерін еркін сезінеді. Іздемпаздық, тапқырлық әрекеті (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы) байқалады

Сөзімді қорыта келгенде, біздің ойымызша, бала тәрбиесіндегі ойынның түрлері, соның ішінде логикалық ойлау қабілеттерін дамытатын шахмат ойыны – бұл адамның мінез-құлқын, өзі басқару мен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдайлар негіздегі іс- әрекеттің бір түрі болып саналады. Сондықтан, адам баласының дүние танымы кеңейеді, сөздік қоры, ойлау қабілеті дамиды, білім сауаттылығы математика, физика, химия сияқты пәндеріне көп септігін тигізері хақ.

Ұлттық ойындар. Қазақ халқының өмір кешкен тарихында ұлттық ойындардың көптеген түрлері балалық, жеткіншектік, жасөспірімдік сияқтағы балалар тәрбиесінде пайдаланылады. Ойын тек көңіл көтеру, шаттандыру ғана емес, ол өзінше ерекше қазақ халықының әлеуметтік өміріне байланысты тәрбиелік мағынасы зор жеке адамның дамуына, жетілуіне әсер етуші фактор. Жиі қолданылып келген бірнеше ойын түрлерін атап өтуге болады. Олар: «Ақ серек- көк серек», «Айгөлек», «Жаяу жарыс», «Соқыр теке», «Ақ боран», «Төбетей», «Бәйге», «Орамал тастау» т.б

Мақал-мәтелдер – халықтың ауызша ақындық шығармашылығының көп тараған ескерткіштері. Ғасырлар бойы халықтың әлеуметтік тарихи тәжірибесі туралы нақыл сөздер арқылы халықтың ой-пікірі, арманы, көзқарасы баяндалған. Қасиетті сөздерді қазақ халқы қастерлеп өнеге етіп, адамдардың өлең өрнектерімен ойластырып мақал-мәтелдерді үнемі пайдаланып келген. Мақал-мәтелдер халық өмірінің барлық жағынан қамтылған.

Жұмбақтар. Халық арасында жылдам айтылып келе жатқан жұмбақтардың саны көптеп саналады. Жұмбақ балалардың қиялын, танымдық іс-әрекетін, қабілетін дамытады. Оның жауабын табу үшін мазмұнын талдап ой елегінен өткізеді. Жұмбақтың тәрбиелік мәні өте зор.

Ұлт салт-дәстүрлердің тәлімдік мәні.Салт-дәстүр дегеніміз – халықтардың кәсібіне, сенім-нанымына, тіршілігіне байланысты қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын қоғамдық құбылыс. Ол отбасылық тәрбиеде қалыптасады. Жеке адам жаңа салтты ойлап шығара алмайды немесе бұрынғы қалыптасқан салтты жоғалта алмайды. Бүкіл халық, ел-жұрт уақыт озған сайын салт-дәстүрге жаналық енгізіп, оны қоғамдық болмыс көріністеріне бейімдеп, өзгертіп отырады. Ал жаңа қоғамдық қатынастарға қайшы келетіндері жойылып, өмірге қажеттілері жаңа жағдайда ілгері дамиды. Мәселен, қазақтың жаугершілік заманында құрдас батыр жігіттердің ұлы жорыққа аттанар алдында ақ қой сойып, қанына найзаларын малып, «өлсек бірге өлеміз, опасызды ант атсын» деп төс түйістіріп анттау немесе әке-шешенің асырап алған баласы мен туған балаларының саусақтарын ақ қойдың бауыздау қанына малғызып, «қаны бір бауырмыз» деп ант ішкізіп, құшақтастырып сүйістіру ырымдары бүгінде ұмыт болған. Ал бұрын болмаған ақ шашты қариялардың алтын-күміс неке тойларын жасау бүгінгі салт-дәстүрден тұрақты орын алды. Халық: « Дәстүрдің озығы бар, дәурені өткен тоғызы бар», «Әдет-әдет емес, жөн әдет» деп заман талабына сай дәстүрлерді дәріптеп, тәлім-тәрбиенің пәрменді құралы ретінде пайдаланып келген.

Ақыл-ой тәрбиесінің өзіне тән ерекшеліктері оның халықтық педагогика мұраларының мазмұны мен түрлерінде бейнеленген. Көне заманнан-ақ қазақ халқында жазбаша педагогикалық еңбек жазып қалдырмаса да білгір педагогтар, тәрбиешілер, ұстаздар болған. Олар өз көзқарастары мен әрекеттерінде белгілі бір дәстүрлі дүниетанымды ұстанып, халықтың мұраттары мен арман тілектеріне сүйеніп отырған. Халықтық педагогикада дене, еңбек, ақыл-ой, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, құқықтық, сұлулық тәрбиелері жүргізілген. Халықтық педагогикада аталған тәрбие түрлерін жүзеге асырудың мақсаты жан-жақты жетілген азамат тәрбиелеу болдыХалықтық педагогика мыңдаған жылдар бұрын пайда болып, қазіргі кезеңнің өзінде педагогика ғылымының басты мәселелерінің бірі болып табылады. Халық педагогикасындағы озық идеялар қай халықтың болсын тіршілік тынысымен, ұлттық тәрбие дәстүрімен тығыз байланысты туып, өсіп-өркендеп, дамып және ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жетіп отырған. Бірде-бір адамзат қоғамы өзінен бұрынғы аға буынның ақыл-ойын, тәрбиелік тәжірибесін пайдаланбай өмір сүрген емес.

Ғасырлар бойы әдет-ғұрып дәстүрге айналып, ұрпаққа ақыл-сана беретін, атадан–балаға тұрмыс-тіршілігіне өнеге болып, ауызша жалғасып келе жатқан қазақтың қанына сіңген тәрбиелік қағидасын халықтық педагогика дейміз. Халықтық педагогика жас ұрпаққа өмір тәжірибесінен халықтың сенім, наным-танымынан жинақтап, әдеп пен өнеге беру үшін атадан-балаға ауызша жалғасып келе жатқан қағида, оны жасаушы – халық. Қазақ халқының тәлімдік мәні зор ой-толғаныстары бесік жыры мен батырлық эпостарда, ертегілер мен мақал-мәтелдерде, аңыздарда, шешендік сөздер мен айтыс термелерде көптеп кездеседі. Мұндағы ұрпақ тәрбиесінің негізгі түйіні – адамгершілік – имандылық, ақыл-ой, еңбек, эстетика, дене, отбасы тәрбиесіне байланысты мәселелерге келіп тіреледі.

Ақыл-ой тәрбиесінің негізгі ерекшеліктері:

1. Жетілген адам, яғни «Сегіз қырлы, бір сырлы адам» тәрбиелеу.

2. Отанды, халқын, жерін, елін сүю «Атаның ұлы емес, халықтың ұлын» тәрбиелеу.

3. Адал, арлы азамат тәрбиелеу, яғни «Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы».

4. Жеті атасын білуге тәрбиелеу. «Жеті атасын білмеген жетесіз».

5. Отбасы шежіресі мен мұрагерлік (туыстық қарым-қатынас, үш жұрт,). Ата-баба дәстүрін жалғастыру.Ақыл-ой тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктер қатарына жататын әдіс-тәсілдердің бірі бұл-тұспалдап айту арқылы шешендікке баулу. Сонымен қатар тұспалдап сөйлеуді – сыйластықтың керемет бір үлгісі деуге болады, өйткені ол белгілі біреуге қадап, айыбын бетіне басып айтылмайды. Бала алғаш өзіне еркелетіп, тұспалдап айтылған мазақтамалар арқылы зеректікке, тапқырлыққа жаттықса, өсе келе өзіндік шығармашылық танытатын болған. Ол үшін қазақ отбасында даярлық ерте жастан жүргізілген. Мәселен, үйге қонақ келгенде алдымен қонаққа арнап балаларға өлең, тақпақ, жұмбақ, жаңылтпаш айтқызатын болған.

Сондай-ақ қазақ отбасы тәрбиесінде ғасырлар бойы қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан отбасы мүшелерінің қатынасының маңызы зор. Қазақ халқының ақыл-ой тәрбиесіндегі өзіне тән жарасымдылықтын бір ұшы олардың жасы кішісінің үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде деп есептемейміз. Және ақыл-ой тәрбиесін ұл тәрбиесі, қыз тәрбиесі деп жеке- жеке мән беріп қарастыруда оның өзіндік ерекшеліктерінің ішіндегі маңыздысының бірі.

Үлкенді құрметтеу, жауапкершілік, борыштылық, адамгершілік сезімдерін туғызған.

Халық мұрасының танымдық мәні – ұлан-ғайыр дүние. Ол тұтастай алғанда жас ұрпақ үшін ғана емес, адам өмірінің барлық кезеңінде мәнді, адамзаттың рухани – эстетикалық қуатының қайнары. Оның ішінде тікелей бала тәрбиесіне байланысты, баланың жан-дүниесінің қалыптасуына негіз болатын дәстүрлер көп-ақ. Халық өз бойындағы ең жақсы қасиеттерін жеткіншек ұрпаққа күнделікті тұрмыста үйретіп, бала бойына сіңіріп отырған. Халықтың тілін, салтын, дәстүрін бойына дарытқан ұрпақ тәрбиелеу үшін халық педагогикасын оқу-тәрбие жұмысына негіз етіп алуға болады. Халық педагогикасын келер ұрпаққа айтар ақылы, ұсынар үлгісі, берер тәлім-тәрбиесі сол елдің күй, би, музыкасы, фольклорлық шығармалар арқылы ежелгі ойын-той думанында салт-саналық дәстүрлерінде насихатталған. Яғни, әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіне тән дәстүрі ұлттық мұра арқылы көрініс береді.

Тәрбиені қашанда құнды байлыққа балаған халқымыз бала тәрбиесіне ешқашан жүрдім-бардым қарамаған. Ал оған ұлттық сипат беру – ұлт болашағын ойлаудан туған даналық. Сондықтан да «Ұлт боламын десең, бесігіңді түзе», – деп айтты ұлы Мұхтар Әуезов.

Тәрбие адамдардың пайда болуымен бірге туындаған. мінез-құлық кемшіліктері – бұл тәрбиені дұрыс бермеу нәтижесі деп есептелген. Халық баланың жас ерекшеліктерін және психологиясы туралы білімді ғасырлар бойы зерттеп жинаған. Баланың болашақта қалыптасуы біріншіден үлкендермен қарым-қатынасына байланысты болады. Зерттеуші ғалым-педагогтар және психологтар жылдар бойы бақылаған баланың ойын іс-әрекетіне байланысты бірнеше қорытынды жасады. Ата-ананың тәрбиелеу әсеріндегі маңызды ерекшелігі, баланың дидактикалық ойындар ойнауы, рухани және ақыл-ой тәрбиесіндегі маңызы көп және сол үрдісте баланың еңбек құралдары, мамандықтары туралы түрлі заттардың ерекшеліктері туралы біліп, білімде, жұмбақта және жаңылтпашта жарысады. Халық педагогикасы өзіне баланың өмірінің түрлі жақтарын қосып алды, соған қоса олардың денсаулығы, мінез-құлқы, мінез ерекшеліктері және т.б. Көптеген халықтар қыздың тәрбиесіне көп көңіл бөлген және оны жоғары бағалаған. Өйткені, қыз балаға ертеңгі ұрпақтың анасы, тәрбиешісі деп қараған. Халық педагогикасы тәрбиенің көптеген әдістерін қолданған. Ғасырлық тәжірибеде балаға тәрбиенің әсер ету әдістері мынадай: түсіндіру, оқыту, мадақтау, қолдау, көндіру, жеке үлгі, жаттығуды көрсету, ымдау, тұспалдау, жазалау т.б.

Қара сөздер – жанұя педагогикасында кең тараған тәсіл. Халық педагогикасында қара сөз кодекстері кездеседі үлкеннің-кішіге, ұстаздың-оқушысына, халық кемеңгерінің-жастарға, әкенің-балаға арналған. Халық педагогика тәрбиесінде түрлі афоризмдер бар, оны педагогикалық категорияға қосады: бағыттаушы, алдын ала айту, сынау т.б.

Халық педагогикасында кең тараған тағы бір әдіс – үйрету. «Затты сумен жуады, баланы үйрету арқылы тәрбиелейді». Балаға үйрету арқылы үлкендер оларға тапсырма береді, оның орындалуын тексереді, мысалдар, мінез-құлық және әрекет үлгісін көрсетеді.



Сендіру– бұл тәрбие әдісін өзіне түсіндіру және дәлелдеу, яғни нақты үлгілерді көрсету жатады. Бала белгілі түсініктерден, әрекеттен күдіктенбеуі тиіс. Алдымен рухани тәжірибе жинап, кейін оны басқаруға қолданады.

Мадақтау және қолдау – бұл тәрбие әдісі жанұя тәрбиесінің тәжірибесінде кең қолданылады. Бала әрқашанда өзінің мінез-құлқына, ойына, жұмысына баға бергенді қажетсінеді. Жанұядағы ең бірінші мадақтау-ауызша мақтау және ата-ананың қолдауы. Мадақтау және қолдау балаға стимул болатын үлкен әсер береді. Халықта баланы жақсы әрекет жасауға тырысуы үшін мақтайды. Бұл жағдай балаға емес, ата-аналарына ризашылық білдіріп, мақтау берген.

Тұспалдап айту – тікелей немесе жанама, тәрбие әдісі ретінде әсер ету үшін бүкіл шығыс елдерінде қолданылады. «Қызым саған айтам, келінім сен де тыңда», – дегенге саяды.

Жеке өнеге (әсіресе, ата-аналардың) – бұл халық педагогикасында ең радикалды, ең әрекетті әдіс болып табылады. Ата-ананың рухани бейнесі, олардың еңбегі, қоғамдық әрекеті, жанұядағы өзара қарым-қатынасы, заттарға қарым-қатынасы, өнерге – бұның барлығы балаға үлгі болып табылады және олардың тұлғалық дамуына, қалыптасуына үлкен әсерін тигізеді. Халық кемеңгері бала тәрбиесінде жағымды үлгіні айтады.



Ата-ананың бата беруі – халық педагогикасында ақындық форманы алатын тәрбиенің бір түрі. Жастарға ата-ананың бата беруі, олардың болашақ өмірлік позициясына үлкен әсер етеді.

Ойнау, еңбек ету және оқу барысында ақыл-ой, адамгершілік, физикалық және көркем тәрбие, даму процесі қатар жүреді. Бала осы кезде белгілі дәрежеде білім алады, іскерлікке үйренеді, өзін қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға, қоғамдық өмірдің әдет дағдыларын игеруге бейімделеді.

Ойын, еңбек, оқу арқылы біз балаларға белгілі бір тұрғыда ықпал жасай аламыз. Ойын, еңбек, оқытуды өзара ұштастырған жағдайда ғана баланың жеке басын дамытуда толық нәтижеге жете аламыз. Көптеген жазушылар бала ойынының психологиялық мәнін көркем бейнелер арқылы ашқан. Бала ойын арқылы өзінің қуанышын, ренішін, арманын бейнелесе, ертеңгі күні, яғни болашақта сол арманын жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Бүлдіршіндердің білімді, білікті, саналы болуында ойынның алатын орны ерекше. Жалпы ойынның қандай түрі болса да атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа жетіп отырады. Ұлттық ойындардың негізгі мақсаты – бала бойына өнердің нұрын себу. Ұлттық ойындардың заман талабына сай өзгертіліп, жаңартылып отырғандары жөн.
Қорытынды

Ақыл-ой тәрбиесі әр заманда жастарға білім берудің негізгі құралы болып келеді. Білім алуға және ғылымға ұмтылыс халық санасының тереңінен әрдайым орын алды. Халық табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтары бейнеленген ғылымның деректерін, түсініктерін және заңдарын мақсатты игерудің нәтижесі деп білді. Тек ақылды адам ғана терең білімдерді меңгере алатынын түсінді. Білімнің мәнін "Ақылдан қымбат байлық жоқ", "Ақылды сатып ала алмайсың", "Ақыл — тозбас киім, білім — сарқылмас булақ" деген халықтың даналық сөздерінен-ақ байқауға болады.







Каталог: uploads -> doc -> 0f07
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0f07 -> Аралас сандарды ќосу
0f07 -> Сабақтың тақырыбы: Әдепті болам десең, арлы бол


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет