Тобы: Пәні: Конституциялық құқық Тақырыбы



жүктеу 149.61 Kb.
Дата20.12.2018
өлшемі149.61 Kb.
түріСабақ

Тобы:

Пәні: Конституциялық құқық

Тақырыбы: Сайлау жүйесі туралы ұғым

Мақсаты

Білімділік: Сайлау жүйесі, сайлау құқығы қағидаттары, сайлау органдары, сайлау күні дауыс берудің рәсімдері, дауысты санау құқықтары туралы білім беру. Сайлау туралы заң негіздері туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық : Студенттердің ой-өрісін дамыту, ойлау қабілетін арттыру, теориялық білімін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік: шапшандыққа, ізденімпаздыққа, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа баулу, ұжымдық ауыз біршілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Слайд, интерактивті тақта, құжат үлгілері (сайлау бюллетеньдері), сайлау кабиналары, бюллетеньдерге арналған жәшік

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақ құрылымы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі

а) Сәлемдесу.
ә) Студенттерді түгендеу.
б) Сабаққа бағдар беру.

  1. Үй тапсырмасын тексеру

1. «Сиқырлы сандықша» ойыны арқылы сұрақтар беру:



  1. ҚР Конституциясы қашан қабылданды?

  2. Президенттің салтанатты түрде ант беруі

  3. ҚР Заң шығарушы органы

  4. ҚР ең қымбат қазынасы

  5. Неке, отбасы, әке, ана, бала кімнің қарауында

  6. ҚР атқарушы органы

  7. Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі, ... жол берілмейді

  8. ҚР өзін ..., зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады

  9. Депутаттардың ұйымдасқан тобы, жиналысы

2. «Кім жылдам?» ойыны арқылы студенттердің білім деңгейін, шапшаңдығын, алғырлығын анықтау. Ортаға бап жазылған карточкалар тасталады, студенттер берілген баптарды жатқа айтуы тиіс.

1. 8 бап 3. 48 бап

2. 24 бап 4. 27 бап

5. 43 бап 6. 1 бап



Суретті сөзжұмбақ

1. 2.
3. 4.
5. 6.




К

І

С

Е

Н







М

А

Н

Т

И

Я

Ұ

Л

Ғ

А

Й

Т

Қ

Ы

Ш




Ә

Й

Н

Е

К







Б

А

Л

Ғ

А










Қ

А

Р

У







Т

У










С

О

О

Жауабы: САЙЛАУ



  1. Жаңа сабақ

Ендігі біздің жаңа тақырыбымыз «Сайлау жүйесі туралы ұғым». ҚР «Сайлау туралы» заңымен танысып, ондағы жаңа мәліметтерді баяндайтын боламыз.

Жаңа тақырып жоспары



  1. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі ұғымы, қағидалары

  2. Қазақстан Республикасының  сайлау органдары 

  3. Сайлау учаскелері

  4. Сайлау бюллетендері

     1.  Сайлау жүйесі - дегеніміз сайлау органдарын құрудың, сайлауды ұйымдастырудың тәртібінің қағидаларын қамтитын, сайланбалы мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарын қалыптастырудың тәртібі.

Қазақстан Республикасы сайлау жүйесі деп Конституция мен сайлау туралы зандарда көрсетілгеңдей республика Президентін, Мәжліс пен Сенат депуттаттарын, ауылдық әкімдерді, төте не жанама сайлау тәртібін айтамыз.

Сайлау жүйесінің тепе-тең және мажоритарлы сияқты екі түрі бар. Тепе-тең сайлау жүйесі дегеніміз сайлау барысында берілген дауыс пен жеңіп алынған мандат арасындағы тепе-тендік қағидасына негізделеді. Тепе-тең сайлау жүйесінің әрекет етуі үшін бірнеше ірі аумақтық округтер және екіден кем емес қалыптасқан саяси партиялар болуы қажет.

Мажоритарлы сайлау жүйесі артық басымдылық және салыстырмалы басымдылық деген екі түрге бөлінеді. Артық басымдылық мажоритарлы жүйе тұсында бірінші және екінші қайта да­уыс беру кезінде, сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 50 пайыздан астамы сайлауға қатынасса, сайлау өтті деп, дауыс берушілердің 50 пайыздан артық дауысын жинаған кандидат сайланды деп есептеледі.

Салыстырмалы басымдылық мажоритарлы жүйе тұсында егер кандидат сайлау тізіміне енген сайлаушылардың 25 пайызының дауысына ие болса, дауыс берген сайлаушылардың санына қарамастан, сайланды және сайлау өтті деп есептеледі.

Қазақстан Республикасында Президентті және Парламент депутаттарын сайлау кезінде, дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (тандаушылардың) елу пайызынан астамының дауысын алған және қайта дауыс беру кезінде басқа кандидатқа қараған­да дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (тандаушылардың) дауыс санының көпшілігін алған кандидат сайланып, сайлау өтті деп саналады.

Мәслихаттар депутаттарын сайлау кезінде басқа кандидаттарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың дауыс санының көпшілігін алған кандидат сайланған болып саналады.

Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сай­лау кезінде басқа кандидаттарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көпшілігі жақтап дауыс берген кандидаттар сайланған болып саналады.

Сайлау құқығы қағидалары:

а. Жалпыға бірдей белсенді сайлау құқығы қағидаты. Бұл қағида бойынша Қазақстанның он сегіз жасқа жеткен азаматтарының тегіне, әлеуметтік, лауазымдык және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез-келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауға дауыс беруге қатысу құқығы бар. Жалпыға бірдей белсенді сайлау құқығы белсенді сайлау құқығы және бәсең сайлау құқығы болып екі түрге бөлінеді.



Белсенді сайлау құқығы -18 жасқа толған Қазақстан азаматтарының сайлауда дауыс беру құқығы.

Бәсең сайлау құқығы — Қазақстан Республикасы азаматтарының  Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Рес­публикасы Парламентінің, мәслихатының депутаты немесе жергілікті өзін-өзі басқару органына мүше болып сайлану құқығы. Сайлауға сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар қатыспайды. Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің, соның ішінде партиялық тізімдер бойынша, мәслихаттардың депутатығына кандидат ретінде, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидат болып тіркелу уақытына қарай сотталғандығы занда белгіленген тәртіппен өтелмеген не­месе алып тасталмаған адам тіркеуге жатпайды.

ә. Тең сайлау құқығы. Сайлаушылар Республика Президенті, Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттары сайлауына тең негіздерде қатысады әрі олардың әрқайсысының бір сайлау бюллетеніне тиісінше бір дауысы болады. Сайлаушылар Республиканың жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауға тең негіздерде қатысады әрі олардың әрқайсысының тең дауыс саны болады. Кандидаттардың сайлауға тең құқьқтармен және шарттармен қатысуына кепілдік беріледі.

б. Төте сайлау құқығы. Республика Президентін, Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін азаматтар тікелей сайлайды.

в. Жанама сайлау құқығы. Парламент Сенатының депутатта­рын сайлауға тандаушылар — мәслихаттардың депутаты болып табылатын Республика азаматтары қатысады. Тандаушылар Се­нат депутаттарын сайлауға тең негіздерде қатысады әрі олардың әрқайсысының Сенат депутатын сайлаған кезде бір дауысы бо­лады.

г. Жасырын дауыс беру. Республика Президентін Парламентінің және мәслихаттарыньң депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауда жасырын дауыс беріледі әрі сайлаушылардың еркін білдіруіне қандай да болсын бақылау жасау мүмкіндігіне жол берілмейді.

д. Сайлау бостандығы. Республикадағы сайлау Республика азаматының сайлау және сайлану құқығын еркін жүзеге асыруына негізделеді. Республика азаматтарының сайлауға қатысуы ерікті болып табылады. Азаматты сайлауға қатысуға мәжбүрлеуге, сондай-ақ оның еркін білдіруді шектеуге ешкімнің де құқығы жоқ. Сайлаушылардың, сайлаудан, дауыс беруден өз еріктерімен бас тартуы абсентеизм деп аталады.

2.      Қазақстан Республикасының  сайлау органдары 

     Еліміздегі  сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік органдар, сайлау комиссиялары болып табылады.

Олардың біртұтас жүйесін мыналар құрайды:


  • республикалық Орталық сайлау комиссиясы;

  • аумақтық сайлау комиссиялары;

  • округтік сайлау комиссиялары;

  • учаскелік сайлау комиссиялары.

    Сайлау  комиссиясының өкілеттілік мерзімі  — бес жыл.

ҚР-ның Орталық сайлау комиссиясы сайлау комиссиясының бірыңғай жүйесіне басшылық етеді. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелерін Республика Президентінің ұсынуы бойынша Парламент Мәжілісі қызметке сайлайды және қызметтен босатады. Орталық сайлау комиссиясы тұрақты жұмыс істейтін және еліміздің барлық аумағында сайлау туралы заңнамалардың орындалуына басшылық етуді жүзеге асыратын орган болып табылады.

ҚР-ның Орталық сайлау комиссиясы мынадай міндеттер атқарады:


  • Президент және Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізуді ұйымдастырады

  • Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізуге басшылық жасайды

  • Президент және Парламент сайлауының еліміздегі қорытындыларын шығарады

  • сайланған Президентті және Парламент депутаттарын тіркейді

  • заңда керсетілген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

Саяси партиялардың ұсынысы негізінде жергілікті мәслихаттар құратын, облыстық, аудандык, калалық, каладағы аудандық сайлау комиссиялары аумақтық сайлау комиссиялары деп аталады. Олар Президентті, Парламенттің және мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауды әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз етеді. Округтік сайлау комиссиялары саяси партиялардың ұсынысы негізінде жергілікті мәслихаттар сайлайтын орган, ол сайлау округтерінде Парламент Мәжілісінің және мәслихат депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізуді камтамасыз етеді, сайлау округтерінде Мәжіліс депутаттары мен мәслихат депутаттары сайлауын өткізуді тікелей ұйымдастырады. Учаскелік сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастырып, үйлестіріп отырады, учаскелік сайлау комиссияларынан дауыс берудің нәтижелері туралы хаттамаларды алады, солардың негізінде округ бойынша сайлау нәтижелерін аныктайды, бұл туралы БАҚ хабар жариялайды. Учаскелік сайлау комиссияларын аудандық мәслихаттар саяси партияларды ұсынысы негізінде сайлайды. Олар сайлау учаскелерінде Президент, Парламент Мәжілісінің, мәслихаттарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөніндегі шараларды жүргізеді (сайлау учаскелерінде сайлаушылардың тізімін анықтайды, сайлау күні сайлау учаскесінде дауыс беруді ұйымдастырады).

3. Сайлау учаскелері

Аудандар  мен қалаларда дауыс беруді өткізу және дауыстарды санау үшін тиісті өкімдердің сайлау комиссияларымен келісілген шешімдеріне сай сайлау учаскелері құрылады. Олар сайлаушыларға барынша қолайлы жағдайлар туғызу мақсатында, жергілікті және өзге де мән-жайларды ескере отырып құрылады (әскери бөлімшелерде, емханаларда, емдеу-сауықтыру орындарында, соттарда, тергеу изоляторларында, ҚР-ның шетелдердегі өкілдіктерінде (елшіліктерде), т.б. Сонымен, еліміздегі сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік органдар — сайлау комиссиялары болып табылады. Олар біртұтас жүйе құрайды. Бірыңғай сайлау комиссиясының жүйесіне ҚР-ның Орталық сайлау комиссиясы басшылық етеді. Парламент Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау кезінде ОСК және аумақтық сайлау комиссиясы сайлау округтерін құрады. Сайлау округтерінің: бір мандатты, көп мандатты, біртұтас жалпыұлттық сайлау округі деп аталатын үш түрі болады. Аудандар мен қалаларда дауыс беруді өткізу және дауыстарды санау үшін тиісті өкімдердің сайлау комиссияларымен келісілген шешімдерге сай сайлау учаскелері құрылады.  

Дауыс беруге арналған үй-жайда мынадай талаптар сақталуы тиіс:


1. Осы Сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беру пунктін жарақтандыру жөніндегі нұсқаулық «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциялық заңына сәйкес әзірленді және сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайларды, дауыс беру пунктін жарақтандыруды нақтылайды.

2. Учаскелік (аумақтық) сайлау комиссиясы (бұдан әрі – сайлау комиссиясы) орналасатын ғимаратта сайлау учаскесінің, дауыс беру пунктінің орналасқан жері, нөмірі және сайлау комиссиясы жұмысының кестесі көрсетілген көрсеткіштер ілінеді. Егер бір ғимаратта бірнеше сайлау учаскесі орналасқан болса, барлық сайлау учаскелерінің нөмірлері көрсетілген маңдайшалар ілінеді.

3. Дауыс беруге арналған үй-жайда (пунктте) арнайы бөлінген көрнекі орында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы орналастырылады, оның сол жағынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы тігіледі (орналастырылады). 4. Дауыс беруге арналған үй-жайда (пунктте): 1) сайлау комиссиясының мүшелеріне арналған столдар мен орындықтар; 2) байқаушыларға, сенім білдірілген адамдарға және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған орындықтар; 3) телефон аппараты; 4) столүсті шамы, сағат; 5) сейф немесе металл шкаф; 6) калькулятор; 7) көшіру аппараты; 8) столмен немесе тұғырлықпен, қаламдармен жабдықталған, жасырын дауыс беруге арналған кабиналар; 9) сайлау комиссиясының құрамы; жоғары тұрған сайлау комиссияларының, соттардың, прокуратура органдарының, құқық қорғау органдарының мекен-жайлары мен телефондарының нөмірлері; дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерінің үлгілері; 10) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы белгілеген бірыңғай форматтағы кандидаттар мен партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар туралы ақпарат; тиісті сайлау комиссиясы белгілеген дауыс беруге арналған үйжайдағы (пункттегі) тәртіп ережелері; сайлау комиссиясының дауыс беру нәтижелері туралы хаттамасының көшірмесі ілінетін ақпараттық стендтер орналастырылады.

5. Дауыс беруге арналған үй-жайда (пунктте) жасырын дауыс беруге арналған кабиналар жеткiлiктi мөлшерде жабдықталады, сайлау бюллетеньдерiн беретiн орындар айқындалады және дауыс беруге арналған тұрақты жәшiк дауыс беретiн адамдар оған жасырын дауыс беруге арналған кабиналар арқылы өтiп келетiндей етіп, ал сайлау комиссиясының мүшелеріне, байқаушыларға, сенім білдірілген адамдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерiне сайлау жәшігін, жасырын дауыс беру кабиналарына кіру мен шығуды байқау мүмкіндігі қамтамасыз етілетіндей етіп қойылады. Дауыс беруге арналған үй-жайдағы (пункттегі) дауыстарды санау жүргiзiлетiн столдар сайлау комиссиясы мүшелерiнiң iс-әрекетiн дауыстарды санау кезінде қатысушы барлық адамдардың толығымен көрiп отыруы қамтамасыз етiлетіндей етiп орналастырылады.

6. Столдарда «Учаскелік (аумақтық) сайлау комиссиясының төрағасы», «Учаскелік (аумақтық) сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары», «Учаскелік (аумақтық) сайлау комиссиясының хатшысы» деген жазулары, сондай-ақ әліпби әріптері немесе көше атаулары мен үйлердің нөмірлері бар көрсеткіштер, куверткалар орналастырылады.

7. Үй-жайларда төмендегі нысандарға сәйкес келетін, дауыс беруге арналған бір тұрақты және екі тасымалданатын сайлау жәшіктері орналастырылады: 1) тұрақты (үй-жайда (пунктте) дауыс беруге арналған) жәшік – қалыңдығы кемінде 0,5 см, биіктігі 90 см, ені 50х50 см мөлдір материалдан (оргшыныдан), қаңқасы – алюминий профильден (күміс түсті), ұштастырушы бұрышы пластиктен (сұр түсті) жасалады, бет жағында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының диаметрі 23 см бейнесі орналастырылады, жоғарғы қақпағы жылжымалы, онда (ортасында) ұзындығы 15 см, ені 0,5 см дауыс беруге арналған бюллетеньдерді салатын ойығы болады, жәшік пен қақпақта мөрлеуге немесе пломба салуға арналған металл құлақшалары болады; 2) тасымалданатын (үй-жайдан тыс дауыс беруге арналған) жәшік – қалыңдығы кемінде 0,5 см, биіктігі 40 см, ені 30х30 см мөлдір материалдан (оргшыныдан), қаңқасы – алюминий профильден (күміс түсті), ұштастырушы бұрышы пластиктен (сұр түсті) жасалады, бет жағында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының диаметрі 23 см бейнесі орналастырылады, жоғарғы қақпағы жылжымалы, онда (ортасында) ұзындығы 15 см, ені 0,5 см дауыс беруге арналған бюллетеньдерді салатын ойығы болады, жәшік пен қақпақта мөрлеу 8 немесе пломба салуға арналған металл құлақшалары, тасымалдауға арналған тұтқасы болады;

8. Дауыс беруге арналған үй-жайда (пунктте): 1) сайлау комиссиясының мөрі; 2) дауыс беруге арналған жәшіктерді, сайлау құжаттамасын мөрлеуге немесе пломбалауға арналған құралдар; 3) кеңселік керек-жарақтар (пакеттер, конверттер, қаптар, кеңселік желім, қайшы, буып-түюге арналған қағаз, жазуға арналған қағаз, сызғыштар, көк сиялы қаламдар, қарындаштар, шпагат, қағаз тескіш құрал, степлер, антистеплер, степлердің тоғындары және өзге де керекжарақтар); 4) кіріс және шығыс хат-хабарларын тіркеу журналы, байқаушыларды және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тіркеу журналы болуы тиіс.

9. Дауыс беруге арналған үй-жайларда (пункттерде) сайлау құжаттамасының, жабдықтардың және өзге де материалдардың сақталуы қамтамасыз етіледі.

4. Сайлау бюллетендері

Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдері сайлауға кемінде бір күн қалғанда учаскелік сайлау комиссияларына жеткізіледі. Астана және Алматы қалаларының учаскелік сайлау комиссияларына екі түрлі сайлау бюллетеньдері жеткізіледі:

1) саяси партиялар үшін дауыс беруге арналған

2) қалалық мәслихат депутатын сайлау бойынша дауыс беруге арналған Учаскелік сайлау комиссияларына үш түрлі сайлау бюллетеньдері жеткізіледі:


  • саяси партиялар үшін дауыс беруге арналған

  • облыстық мәслихат депутатын сайлау бойынша дауыс беруге арналған

  • аудандық не қалалық мәслихат депутатын сайлау бойынша дауыс беруге арналған.

Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерi орналасқан үй жайға жеткізу мөрлеп бекiтiлiп, iшкi iстер органдарының күзетуiне тапсырылады. Дауыс беру уақыты және орны Учаскелік сайлау комиссиясы сайлау өтетін күнге кемінде 10 күн қалғанда БАҚ арқылы, сондай ақ өзге де тәсілдермен сайлаушыларды дауыс беру күнi, уақыты және орны туралы хабарландырады. Дауыс беру сайлау күні жергілікті уақытпен сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өткізіледі. Аумақтық сайлау комиссиялары тиісті әкімнің, учаскелік сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша дауыс берудi бастайтын және аяқтайтын басқа уақыт белгiлеуге хақылы. Бұл орайда дауыс берудi сағат 06:00-ден ерте бастап, сағат 22:00-ден кеш аяқтауға болмайды. Дауыс берудi бастау және аяқтау уақытын өзгерту туралы аумақтық сайлау комиссияларының шешiмi сайлауға кемінде 7 күн қалғанда сайлаушылардың назарына жеткізілуге тиіс. Егер тiзiмге енгiзiлген сайлаушылардың бәрi төменде аталған жерлерде құрылған сайлау учаскелерінде дауыс берсе, учаскелiк сайлау комиссиясы дауыс берудi кез келген уақытта аяқталды деп жариялай алады: Қазақстан Республикасының иелiгiндегi және сайлау күнi жүзуде жүрген кемелерде, демалыс үйлерiнде, әскер бөлiмдерiнде, шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарда, алыстағы мал шаруашылығы учаскелерiнде, санаторийлерде, тұрақты емдеу профилактикалық мекемелерiнде, тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларында, шет мемлекеттердегi Қазақстан Республикасының өкiлдiктерi жанынан Мұндай учаскелердiң тiзбесiн тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы сайлауға дейiн 7 күннен кешiктiрмей бекітеді.

Қазақстан Республикасы сайлаушысының жеке басын куәландыратын құжаттар мыналар болып табылады:



  • Жеке куәлік

  • Уақытша жеке куәлік

  • Әскери қызметін шақыру бойынша өткеріп жатқандар үшін әскери билет

  • Қазақстан Республикасы азаматының паспорты

Дауыс беруді ашу. Сайлау күні учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы дауыс беру басталардан бір сағат бұрын дауыс беруге арналған сайлау учаскесінің ашылғаны туралы хабарлап, учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерін таныстырады.

Бүлінген сайлау бюллетеньдері

Егер сайлаушы сайлау бюллетенін толтыру кезінде қате жіберген болып есептелсе, ол өзіне сайлау бюллетенін берген учаскелік сайлау комиссиясының мүшесіне бүлінген бюллетень орнына жаңасын беру туралы өтінішпен жүгінуге құқылы. Учаскелік комиссия мүшесі бүлінген сайлау бюллетенін алып, сайлаушыға жаңа сайлау бюллетенін береді, оған өзінің қолын қойып, сайлаушылар тізімінде қате жіберген сайлаушы тегінің тұсына «Бүлінген бюллетень орнына берілді» деген белгі қояды. Бүлінген сайлау бюллетеньдері пайдаланылмаған болып есептеледі және сайлау жәшіктерін ашар алдында пайдаланылмаған сайлау бюллетеньдерімен бірге жеке қаттамаға қойылады.

Бүлінген бюллентеньдер




ІV. Бекіту

Сайлауды ұйымдастыру мен өткізу (тәжірибелік жұмыс).



  1. Үй тапсырмасы

ҚР-ң «Сайлау туралы» заңының 1-30 баптар аралығын талдау, түсінік айту.

Бағалау

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалаймыз.

«5» -

«4» -


«3» -

«2» -


Сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар!
Каталог: uploads -> doc -> 1208
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
1208 -> Сабақтың тақырыбы: Қарсы мәндес сын есім


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет