Тоқыма және жеңіл өнеркәсіп материалдары мен бұйымдары-ның технологиясы



жүктеу 83.56 Kb.
Дата07.11.2018
өлшемі83.56 Kb.



ТОҚЫМА ЖӘНЕ ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН БҰЙЫМДАРЫ-НЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ





ТЕХНОЛОГИЯ МАТЕРИАЛОВ И

ИЗДЕЛИЙ ТЕКСТИЛЬНОЙ И

ЛЕГКОЙ ПРОМЫШЛЕННОСТИ





ӘОЖ 629.764: 675-92.02
БЫЛҒАРЫНЫ СОЗУ КЕЗІНДЕГІ БЕРІКТІК

ДЕФАРМАЦИЯЛАРЫН ЗЕРТТЕУ.
А.К. Бектурсунова

Н.Е Ботабаев


Бұл жұмыста былғарыны сапасын сипаттайтын физикалық және физико-механикалық қасиеттерінің маңызды көрсеткіштері, меншікті салмақ, кеуектілік, тығыздық және кішіреу коэффициентті, дефармациясы анықталган.
Былғарының тұтыныстық қасиеттері физико-механикалық зерттеулер нәтижесінде алынатын сандық көрсеткіштермен сипатталынады. Былғары сапасы мен құндылығы эталондық үлгілермен, мемлекеттік стандарттар және техникалық жағдайлар талаптарымен салыстырумен анықталынады.

Төменде былғарыны сапасын сипаттайтын физикалық және физико-механикалық қасиеттерінің маңызды көрсеткіштері келтірілген.

Меншікті салмақ, кеуектілік, тығыздық және кішіреу коэффициентті.

Су мен ауа өткізбейтін аяқ киімнің аяққа ыңғайсыз екендігі түсінікті, резеңке аяқ киімді ұзақ киген адамдарға белгілі. Жануарлар денесінен бөлінген артық жылу буланған термен сыртқа шығады.

Адам аяғынан бөлінген тер сыртқа шыға алмаса, аяқ киім ішіндегі ылғалдық 100% жетіп шылқылдап су болып кетеді. Сондықтан да аяқ киімге арналған былғарылар ылғалдылығы жоғары ішкі қабаттан сыртқы ортаға шығарып тұратындай болуы қажет.

Аяқ киімге арналған жақсы былғары бұл міндетті өте дұрыс жүргізеді.

Былғарының меншікті салмағы оның кеуектілігі мен толықтыру деңгейін бағалауға мүмкіндік береді. Былғарының меншікті салмағы салыстырмалы (dc) және(dш) деп бөлінеді.

Салыстырмалы меншікті салмақ немесе меншікті салмақ дегеніміз – былғарының тығыздалған салмағы.

Былғары кеуектілігі (к) былғарының жалпы көлемінен кеуектерінің пайыздық көлемін көрсетеді.
К= V k/ Vб * 100 . ( 1)
Былғарының салыстырмалы меншікті тығыздығы мен шын меншікті тығыздық айырмашылығымен есептелінеді.
К= ( dс –dш ) / dс * 100 . (2)
Кеуектілікпен меншікті салмақтар арасындағы байланыс, мына теңдеулермен өрнектейді
dұ = dш (1- 0,01К) (3)
Ұқсас меншікті салмақ шын меншікті салмақ пен кеуектілік туындысы болып табылады.

Былғары кеуектігі талшық аралық кеңестіктер, қылшық және тер мен май бездерінің түтікшелері.

Кеуектердің бірнеше түрлері болады: тұйық, сыртқы ортамен қатынасыз; біржағы тұйық екінші жағы сыртқа шығатын тесігі бар, екі жағынан да тесігі бар және ілмек тәріздес алдыңғы үшеуінің де белгілері бар да жалпы кеуектіліктің негізін құрайды. Кеуектіліктің беткі қабаттарының ауданы өте үлкен , 1 грамм былғарыда 10 мың см² дейін жетеді. Көлденең қимасының өлшемі бойынща кеуектіліктер (қуыстар) және ультракеуектер болып бөлінеді. Микро қуыстардың саны, өлшемі және орналасуы былғарының ауа, ылғал, жылу және бу өткізгіштік ылғалсиымдылық, ылғалсіңіргіштік сияқты қасиеттеріне көп әсері бар. Ұқсас меншікті салмақ бұл қасиеттердің қосалқы сипаттамасының көрсеткіші.

Түрлі илеу тәсілмен алынған былғарылардың кеуектілігі мен салыстырмалы және шын меншікті салмағының шамалары 1 кестеде келтірілген.

Кесте 1-Әртүрлі тәсілдермен иленген былғарылардың салмағы



Былғары түрі

Меншікті салмақ

Кеуектілік%




ұқсас

шын




Мүйізді ірі қара, жылқы,қой, ешкі терілерінен өсімдік илегіштерімен иленген аяқ киімнің үстіңгі қабатына арналған былғары

0,6-1,00

1,28-1,46

22-68

Мүйізді ірі қара, қой, ешкі терілерден хром илегішімен иленген аяқ киімнің үстіңгі қабатына арналған былғары

0,42-0,72

1,26-1,42

47-56

Күдері (маймен иленген)

0,23-0,42

1,3-1,4

67-77

Былғарының шын меншікті салмағы, оның химиялық құрамына, негізінен өңдеу тәсіліне, өндірістік процестердің сипатына байланысты.

Былғарының кеуектілігі тірі шикізатының тығыздығына оның құрылымдық элементтерінің орналасуына және талшықты құрылымдық элементтерге әсер ету үшін жүргізілген өндірістік процесстерге байланысты. Сондықтан былғарының салыстырмалы меншікті салмағы микроқұрылым сипатымен және оларды өңдеу тәсілімен анықталады.

Өнімнің шығымы R 100 кг көндік заттан шапқан былғары мөлшерін (кг) көрсетеді


R= 100*100 / K 3. (4)
мұндағы: К3 –былғарыдағы көндік зат мөлшері, %

Өнім шығымы R = 100+Ы+К+МЗ+ШЗ+И;

Барлық көрсеткіштер қосындысы 100 кг көндік заттарды құрайды. Теориялық тұрғыдан қарағанда былғарының көлемі , оның барлық құрамдас бөлшектерінің, тығыздығын ескере отырып , көлемін қосқанға тең болады.

Жүргізген ғылыми зерттеулер негізіне сүйене отырып былғарының құрамдас бөлшектерінің меншікті салмағы шамамен алғанда төмендегідей мөлшерде алуға болады, г/см ³

Көндік зат ( абсолютті құрғақ күйдегі ) 1,43;

Ылғалдылық, Ы 1,00;

Күл, К 2,50;

Майлы заттар, М3 0,90;

Шайылатын органикалық заттар, ШОЗ 1,60;

Илегіштер, И 1,60.


Егер былғарының үлгісінің теориялық көлемін Vт, салмағы Р деп өрнектесе, оның теориялық шын меншікті салмағы г/см ³ мына түрде болады:
d = P/ Vm. (5)
Бірақ бұл әдіспен табылған шын тығыздық тура болмайды, себебі өндіріс барысында былғары құрамына енетін заттар тығыздалады.

Мысалы, былғарыдағы гидротациялық ылғал тығыздығы 1 емес 1,1- 1,2 г/см³ , сол сияқты сіңіру процесі майлы заттар мен илегіш тығыздығына да әсер етуі мүмкін.

Сондықтан, тығыз былғарының шын көлемі
Vш = K1 * Vm. (6)
Мұндағы; К1 –тығыздық коэффициентті.

Онда былғарының шын меншікті салмағы:


d ш = R / K1 Vm. (7)
Н.В.Чернов енгізген тығыздық коэффицентті (K1) төмендегі теңдеумен өрнектеледі:
K1 = R / d ш * Vm (8)
мұндағы : d ш – былғарының шын тығыздығы ,

R - өнім шығымы (химиялық талдау нәтижесімен алынады);

Vm – теориялық көлем (аддитив ережесімен есептелінеді).

Тығыздық коэффициенті ( K1 ) былғарыны өңдеудегі өзгерістер сипаттамасының мәні болып табылады да, оның сапасымен және ылғалсіңіргіштігіне байланысты. Аяқ киімнің төменгі бөлігі үшін K1 =0,77 – 0,88. хром және хром мен өсімдік илегіштерімен қысқа мерзімді иленген былғарылар үшін бірге жақын болады K1 = 0,98, ал өсімдік илегіштерімен 72 тәулік иленген былғарының K1 =0,957. Илеу ұзақтығына сәйкес алынған көрсеткіштер айырмашылығы шамалы болғандықтан былғарының физико-механикалық қасиеттері мен тығыздық коэффициенті арасындағы байланысты анықтау қиын.

Тек өте ұзақ мерзімді илеудің әсері болуы мүмкін. Былғарының салыстырмалы меншікті салмағының , кеуектілігінің дәрежесіне байланыстылығынан, ауытқу тегі өте үлкен. Бос құрылымды тері шикізатынан өңделген былғарының салыстырмалы меншікті салмағы , тығыз терілерден алынғаннан төмен. Күлдеу, босаңсыту, пикелдеу, жұмсарту процестері меншікті салмақты төмендетуге әсер етеді. Салыстырмалы меншікті салмақ дәрежесінің артуы былғарының көлем дәрежесінің төмендеуімен анықталады. Ол өз кезегінде жартылай фабрикатты илеуге дайындық, илеу процестерінің сипаттарынан болатын талшықтардын серпімдік қасиеттеріне байланысты.

Профессор Н.В. Чернов былғары кеуектілігіне әсер ететін өндіріс процестерін 100 грамм көндік заты болатын жартылай фабрикат көлемі жартылай фабрикаттың көлемдік шығымы деп аталады да V деп жанына белгі қояды.

Vк – күлдеуден соңғы көлемдік шығым;

V и- илеуден соңғы көлемдік шығым,

Vм – майлаудан соңғы көлемдік шығым, т.с.с.

Былғарының кеуектілік мәніне әсер ететін факторларды анықтау үшін, профессор Н.В. Чернов бастапқы көрсеткіш ретінде, одан кейінгі жүргізілетін процестердің әсері шамалы деп есептеп, Vм - майлаудан соңғы көлемдік шығымды алған.

Теориялық кеуектілік:
Vкеу = Vм – К1V1 (9)
Былғарының толық көлемі:
Vкеу + Vтығыз = K2 (Vм -К1 Vт ) +К1Vт (10)

мұндағы : Vтығыз - тығыз заттар көлемі.


Кеуектілік :
К = К2 (Vм - К1 Vт ) / К2(Vм - К1 Vт ) + К1 Vт * 100 (11)
Сонымен кеуектілік былғарының 100 грамм көндік затты құрайтын тығыз затының көлемінен кішіреюі және майлаудан кейінгі жартылай фабрикаттың көлемдік шығымының туындысы болып г

Салыстырмалы және шын меншікті салмақ арасындағы байланыс төмендегі формуламен өрнектеледі:


dс = dш ( 1- 0,01Р) (12)
( 1- 0,01Р) мәнін жоғарыдағы өрнекке қойғанда:
К 44 (13)
Соңғы формула салыстырмалы меншікті салмақтың былғары құрамы мен өндірістік факторларға тығыз байланыстылығын көрсетеді, себебі Vм өндірістік фактор көрсеткіші болса, ал К2-

Vм, R, dш , dс белгілі мәндерінде, соңғы формула бойынша К2 мәнін табуға болады. Тәжірибе жүзінде К1 мәнін 1тең деп алуға болады. Жартылай фабрикаттағы және басқа жағдайларындағы тығыздық коэффициентін есептейді.

Н.В. Чернов пен З.В.Сафонова былғарының физико-механикалық қасиеттері мен кішірию коэффициентті арасындағы байланысты анықтаған.

Хроммен иленген былғары үлгісінің кішірею коэффициентті (К2 ) 0,586 –ге тең, хромтаннидпен иленгенде 0,474. Егер VRa мәніне бастапқы тері шикізатының көлемдік шығымын алатын болсақ, (К2) кішірею коэффициентімен барлық өндірістік процестерді сипаттауға болады. Неміс ғалымы А. Кюнцелдің келтірген мәліметтерімен, профессор Н.В. Чернов ұлтандық былғарының кішіреюкоэффициентті (К2) 0,40 тан 0,89 –ға дйін болатындығын есептеп шығарған.

Кішірею коэффициентті (К2) өндіріс процесстеріндегі өзінің ішкі құрылымындағы өзгерістерді көрсетеді.

Оның мәні құрылымдық элементтердің ішкі тартылыс күштерінен каппилярлық қысымға және сыртқы күштер әсеріне байланысты.

Э.В. Сафанова /1/ кішірею коэффициенттінің артуы былғарының үйкеліске төзімділігінің күшейтетіндігін анықтаған; корреляция коэффициентінің r = - 0,99F0,01 бұл екі көрсеткіштің тығыз байланыстылығын көрсетеді. Әртүрлі былғарылар үшін (r = - 0,991F0,09). Кейбір илеу түрлерінде кішірею коэффицентінің артуына байланысты керілгендігі беріктік шегінің артуы былғарының құрылымдық талшықтарының орнығу қабілетінің артуымен түсіндіруге болады.

Кішірею коэффицентті артқанда, құрғақ былғарылардың салыстырмалы ұзаруы артады (r = - 0,89F0,10), былғарының су сіңіргіштігі артады ((r = 0,84F0,15).

Былғарылар кеуектілік дәрежесі бойынша орналасуы: өсімдік илегіштерімен иленген, хром өсімдік илегіштерімен иленген және хром илегішімен иленген. Кеуектілік көрсеткішінің өсуі сусіңіргіштікті артырады, себебі кішіреюі коэффициенттінен артуы кеуектіліктің өсуін білдіреді.
Әдебиет


  1. К.Бейсеуов, Д.Т. Досхожаев, Д.С. Ділдабек. Теері мен мех шикізатының және оның өнімдерінің қасиеттерін сараптау. Алматы, Тауар, 1997ж.

  2. Страхов И.П., Шестакова И.С., Куциди Д.А. Химия и технология кожи и меха.-М.Легкая индустрия,1985.

  3. К.М.Зурабян., Б.Я. Краснов., М.М.Бернштейн. Материаловедение изделий из кожи. -М.: Легпромбытиздат, 1988г.



ИССЛЕДОВАНИЕ ПРОЧНОСТИ ДЕФОРМАЦИИ

ПРИ РАСТЯЖЕНИИ КОЖИ.
А. К.Бектурсунова

Н. Е. Ботабаев.


В данной статье рассматривается физико-механические свойства кожи, определение деформации и прочности кож при растяжении,

SKIN DURABILITY IN TIME TO HEAVE UP

TO INVESTIGATE DEFARMAZIE.
A. K. Bektursunova

N. E. Botabayev


In given article definition of deformation and durabilitu of skin is considered at a stretching.





Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет