Жамбыл облысындағы Шу станциясы аумағында екі теміржол қызметкерін пойыз қағып кетті. Олар алған жарақаттан оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқиға 21 қаңтарда Шу-Шығанақ пен Жиделі-Бірлік 1488 киллометр аралығында болған. Шу станциясы аумағында 4 қызметкер вагондардан түсіп қалған пойыз жабдықтарын іздеуге шыққан. Сол мезетте №71 пойыз екі қызметкерді қағып кеткен. Екі қызметкер де алған жарақаттарынан көз жұмған.

Желідегі деректерге сай, ер адамның бірі 62, екіншісі 57 жаста болған. Екеуі де теміржол қызметінде 20-30 жылға жуық қызмет атқарған. 

Оқиғаға байланысты Қазақстан темір жолы пікір білдірді. 

  • "Жалғыз жұмыс істемеуі керек еді": Қарағанды облысында пойыз басып кеткен қызметкердің әйелі мән-жайды айтты

  • Астана вокзалында жолаушылар кептеліп, бір-бірін таптай жаздады (видео)

"Шығанақ-Шу учаскесінің маңында теміржол көлігінің екі қызметкерімен жазатайым оқиға болды. Пойыз жүргізушісі тежегішті басқанымен апаттан құтылу мүмкін болмады. Барлық мән-жайларды анықтау үшін оқиға орнына ҚТЖ комиссиясы барды. Тергеу басталды", — деп хабарлады ҚТЖ.

Компания қызметкерлердің отбасыларына көңіл айтып, оларға қажетті көмек көрсететінін жеткізді.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.