Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң-ұйғыр автономиялық ауданында жел сілкінісі салдарынан 47 үй қирандының астында қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Синьцзян жибао" газетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Шыңжаң-ұйғыр автономиялық ауданы, Ақсу округіне қарасты Уши (Учтурфан) уезінде болған 7,1 балдық жер сілкінісінен алты адам зардап шекті.

  • Министр 4 облыста жер сілкінісі неше балдан болғанын айтты

  • Жер сілкінісі кезінде "дабыл сөмкесіне" не салу керек?

"Сейсмологтар магнитудасы 3-тен 5,3-ке дейінгі 43 афтершокты тіркеді. Жер сілкінісінен кейін жергілікті билік өрт, медициналық және коммуникациялық қызметтерді зардап шеккен аудандарға жіберу арқылы төтенше жағдайлар жоспарын жүзеге асыруға кірісті. Соңғы мәліметтер бойынша, екі адам ауыр жарақаттанса, тағы төртеуі жеңіл жарақат алды, 47 үй толығымен қирады, 78-і зақымданды", – деп жазылған газетте.

Еске сала кетейік, қырғыз-қытай сейсмология институтының мәліметтері бойынша Қырғызстан-Қытай шекарасында 23 қаңтарда түнде және таңертең 5,5-тен 8 балға дейінгі 6 жер сілкінісі тіркелген. Ал Алматыда 44 адам зардап шекті, оның ішінде 10-ы бала.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.