Тоқмұратова Гүлжанар Серікқызы Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді орта мектебінің



жүктеу 48.78 Kb.
Дата27.04.2019
өлшемі48.78 Kb.
түріСабақ


Тоқмұратова Гүлжанар Серікқызы
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы,

Қарауылкелді орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

Пәні: Тіл дамыту

Класы: 3

Тақырыбы: Жыл құстары.

«Қ» дыбысын дұрыс айтуға машықтандыру

Мақсатары:

Білімділік: Құстар туралы мағлұмат беру (дене мүшелерін,тіршілігін,немен қореқтенетінін), түр-түсті ажырату арқылы балалардың танымдық қабілеттерін арттыру.Сұрақты тыңдай білуге

Түзетушілік: Білімдерін дамыту, зейін,есту қабілеттерін қалыптастыру.Сөздік қорын молайту, «Қ» дыбысын қайталау.

Дамытушылық: Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Слайд,суреттер (қарлығаш,көкек, қаз,тоқылдақ,аққу,сауысқан,қарға) карточкалар, дене мүшелері (қағаздан),дамытушы ойындар.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі. Психотренинг.

Армысың көк аспан!

Армысың жер ана!

Армысың алтын күн!

Армысың жан досым!

Жылуыңа жылу қос

Міне,менің қолым.

Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?

Көктем мезгілінде ауа-райы қандай болады?

Құстар туралы не айтуға болады?

Ал,құстар туралы не білеміз?

Қандай құстарды білесіңдер?

Шешуі құстар болатын жұмбақтар жасырамын,сіздер шешуін табыңдар

1) Көкте жүріп,

Тамағын асырайды.

Қарлығаш

2) Балапанын басатын басқа құс,

Бар сондай қасқа құс

Көкек

3) Мойны ұзын, аяғы қысқа,



Бұл өзі аң ба, құс па?

Аққу


4) Жасыл орман желекті,

Оның күтіп, баққаны.

Тоқылдатса теректі

Құртын тауып жатқаны

Тоқылдақ

5) Итпен бірге таласып,

Табаққа қонып қоймайды.

Білесің кәне, айта ғой,

Танисың ба ...

6) Ұшқаны қызық жалпылдап,

Өзі сондай қарқылдақ

Қарға


7) Өзі сақ,өзі ұсақ.

Шықылықтап тұрмайды.

Өсекшіге ұқсап,

Құйрығы ұзын, ала.

Бұл қандай құс бала.

Сауысқан.

Жұмбақтарды шешкен соң әрбір құс туралы не білетінін сұрау.

ІІ.Жаңа сабақ.

-Мынау қандай құс? (торғай – тор-ғай)

-Торғайдың түсі қандай? (қоңыр-қо-ңыр)

-Мынау қандай құс? (қарға-қар-ға)

-Қарғаның түсі қандай? (қара-қа-ра)

-Аққудың түсі қандай?

-Сауысқанның түсі қандай?

-Қарлығаш қандай құс?

- Торғай мен қарғаның басқа құстардан айырмашылығы неде? (Торғай мен қарғаның басқа құстардан айырмашылығы,олар қыстап қалатын құстар).Сонымен қатар қаз, үйрек, тырна, көкек, тоқылдақ, қарлығаш - жыл құстары.

Осы аталған құстар күз басталысымен жылы жаққа ұшып кетеді, өйткені олар қыста аш қалып қоюдан қорқады. Күз түсе қоректері азаяды, өйткені тауып жейтін қоректері қардың астында қалады. Құстар құрт-құмырысқалармен, тамақтың қалдықтарымен қоректенеді. Ал, қарлығаш ұшып жүріп өз жемін ауада қағып жейді.



ІІІ.«Сана».Дидактикалық ойын.

Балаларға құстардың суреттерін беру,санап,санын айту.

Балалар,сендер ертегі тыңдағыларың келе ме?

Ендеше балалар,ертегі тыңдай отырып,артикуляциялық жаттығуларды жасап отырамыз.

Ерте,ерте,ертеде,жер бетінде бір қарға өмір сүріпті.

Қарғаның өте үлкен үйі болыпты(ауыз кең ашылады).

Үйдің шарбақтары болыпты(ауыз кең ашылады).

Бір күні қарға ұйқысынан тұрып,(есінеу)сыртқа шығады.

Аспанға қараса күн шығып тұр екен.

Есік алдындағы шарбаққа қараса, «хат» тұр екен.Хатта былай деп жазылыпты:

«Құрметті қарға.Сені қарлығаштың туылған күніне шақырамыз» деп жазылыпты.Сөйтіп,қарға қарлығаштың туылған күніне дайындала бастайды.

Бетін жуады (бет жуу)

Қолын жуады (қол жуу)

Шашын тарайды (тарақ)

Қарға «қарлығашқа не сыйласам болады» деп ойланады.Сөйтіп,қарға қарлығашқа түрлі-түсті моншақ жасап бермекші болады.

Балалар,қарлығашқа моншақ жасауға көмектесеміз бе?!

Ол үшін балалар,басымызға қарғаның бас киімін киіп алайық(қарғаның атрибуттары).

Балалар,моншақты жасамас бұрын,түстерді ажыратып еске түсіріп,алайық.

Мынау қандай түс? (қызыл)

Неше қызыл түс моншақ түс бар екен?

Мынау қандай түс? (сары)

Жарайсыңдар,балалар.Енді осы түрлі-түсті моншақты жапсырайық (саусақ қимыл жаттығуы).



ІҮ.Сергіту сәті

Сөйтіп,әдемі моншақты жасайды.Балалар,жасаған сыйлығымызды алып,қарлығаштың үйіне барайық.

Қанатымды жазамын,

Көкке ұшып аламын.

Сол қанатымды бір қағып,

Оң қанатымды бір қағып,

Қанатымды қатайтып,

Ұшып-ұшып аламын.

Қарға қарлығаштың үйіне келеді.

Моншақты сыйлады.Қарлығаш үстел үстіне торт әкелді.Торттың үстіндегі майшамды барлығымыз үрлейік (тыныс жаттығуы).

І тәсіл: мұрынмен терең тыныс алып,тыныс таусылғанша үрлеу.

ІІ тәсіл: мұрынмен терең тыныс алып,тыныс таусылғанша үзіп-үзіп үрлеу.

ІІІ тәсіл: мұрынмен терең тыныс алып,тыныс таусылғанша жылдам үрлеу.

Ү.Есту қабілеттерін дамыту:

Мен сендерге сөз айтамын,егер құстар болса қағып аласындар,болмаса- қағып алмайсындар.



ҮІ.Ойын: «Құстардың денесі»

Кім дұрыс құстардың дене мүшелерін атайды екен?



ҮІІ.Сабақ қорытындысы:

Балалар,біз қандай құстар туралы әңгімеледік?

Қарға қарлығашқа не сыйлады?

Құстар туралы қандай тиым сөздерді білесіңдер?

Сендерге сабақ ұнады ма?

Не істеген ұнады? Маған да сабақ ұнады,сендердің жауап бергендерін, бірақта келесі сабақта толық жауап береміз.

Бүгін сабаққа жақсы қатыстыңдар.

ҮІІІ.Оқушыларды бағалау.

ІХ.Үйге тапсырма: Құстардың суреттерін бояу,жұмбақтарды жаттау.
Қарауылкелді орта мектебі

Тақырыбы:


«Қ» дыбысын дұрыс айтуға машықтандыру.

Өткізген: Г.Тоқмұратова



2014-2015 оқу жылы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет