Топ № аж-10 Өндірістік оқудың аты



жүктеу 97.23 Kb.
Дата27.06.2018
өлшемі97.23 Kb.
түріСабақ

БЕКІТЕМІН

Директордың ӨОЖЖ орынбасары А.Джуманиязов

2018 жылғы « » қыркүйек
ӨНДІРІСТІК ОҚУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
Мамандығы 15040000 «Фермер шаруашылығы (бейіндері бойынша)»__

Курс_3_топ № АЖ-10 Өндірістік оқудың аты: ___ Жөндеу жұмыстары____

1.Сабақтың тақырыбы _Беріліс қорабын бөлшектеу. Газ-53 автокөлігінің 4_____ сатылы, Зил-130 автокөлігінің 5 сатылы беріліс қораптарының жұмысы. Беріліс__ қорабының ақауы. ТК-1-2 МТК._________________________________________ ___

2.Сабақтың мақсаттары __ Беріліс қорабы жөнінде толық ақпарат беру, теориялық білімді жетілдіру _________________________________________________________

3. Өткізетін орны __ Автокөлік шеберханасы___ ____________________________

4. Сабақтың өткізу уақыты _______6_______ сағат

5. Сабақтың өткізілетін күні 8-10,15 2015 жыл

6. Оқу-өндірістік жұмыстар Беріліс қорабын бөлшектеу, беріліс қорабын жинау, беріліс қорабының ақауларын табу, беріліс қорабы бөлшектерін ауыстыру оған ТҚК

7. Сабақтың материалдық-техникалық жабдықталуы _компьютер, проектор,__ слайд, электр., материалдар, Газ-53 автокөлігінің 4_сатылы, Зил-130 автокөлігінің 5 сатылы беріліс қораптары, қосалқы_бөлшектер, кілт-құралдар__________________
Сабақтың жүрісі

І. Ұйымдастыру бөлімі-оқушыларды журнал бойынша тексеріп, түгендеу, олардың сыртқы келбеті мен жұмыс киімдерін бақылау, сабаққа қажетті құрал-саймандарын тексеру.

ІІ. Кіріспе нұсқау сабақты түсіндіру-оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау: Беріліс қорабы, тарту қорабы, қуат алу қорабы.

Беріліс қорабы

Беріліс қорабының негізгі қызметі — трактор жүмысына қарай оның жылдамдығын өзгертіп оты-ру болып табылады. Тракторға түсетін күш көп бол-ған кезде жылдамдықты азайтады да, соның есесінен оның күшін арттырады. Ол үшін беріліс қорабының көмегімен двигатель мен жүргізгіш дөңгелек аралы-ғындағы беріліс қатынасын өзгертеді. Осы беріліс қатынасы көп болса, жүргізгіш дөңгелектің айналы-сы азаяды да, оның есесіне айналдырғыш моменті арттырылады.

Ауыл шаруашылығы тракторларында осындай беріліс қатынасын өзгерту үшін механикалық саты-лы беріліс қорабы пайдаланылады. Ол қораптың ме-ханикалық деп аталатын себебі, онда механикалық берілістер (көбінесе шестернялы берілістер) қолданы-лады, ал сатылы болу себебі — жыддамдықты бірте-бірте емес, бір сатыдан екінші сатыға бірақ өзгертеді.

Тракторларда қолданылатын осындай механика-лық сатылы беріліс қорабының бірнеше түрлері бо-лады. Тісті берілістің түріне қарай осьтерін қозғал-майтын беріліс қорабында ілініске түсетін екі шес-терня тәрізді беріліс колданылады, ал осьтері айнала-тын беріліс қорабывда — планетарлық беріліс қолда-нылады.

Беріліс қорабындағы шестернялардың ілінісу тосіліне қарай жылжымалы шестернялы немесе түрақ-ты ілініскен шестернялы қораптар болып екіге бөлінеді. Жылжымалы шестернялы беріліс қорабындажылдам-дықты өзгерту үшін жылжымалы шестерняны бір іліністен шығарып алады да, екінші басқа шестерня-мен іліністіреді. Осы кезде ол берілістің қатынасы өзгереді. Осындай беріліс қорабы тракторлардың көптеген түрінде қолданылады. Олардың жүмыс принципі автомобильдегімен бірдей (3.1.4-тақырып). Ал түрақты ілініскен шестернялы беріліс қорабында жоғарыдағыдай жылжымалы шестерня болмайды. Бар-лык шестерня бір-бірімен өзара ілінісіп түрады. Бірақ олар өздері қуат беретін білікте бос айланады, себебі онымен арнаулы муфта арқылы жалғасады. Жылдам-дықты өзгерту үшін орбір іліністе түрған шестерня-лар қосағының муфтасы іске қосады. Осы кезде қоз-ғалыс қорап білігі арқылы трансмиссияға беріледі.

Түрақты ілініскен шестернялы беріліс қорабы (3.13-сурет) кейінгі шығарылған тракторларда жиі қолданылады (К-701, Т-150К, Т-150). Себебі, оның алғашқы түріне қарағанда артықшылығы бар. Жыл-жымалы шестернялы беріліс қорабымен жылдамдық-ты өзгерту үшін тракторды тоқтату керек те, жыл-жымалы шестерня басқа шестернямен іліністіру ке-рек. Жүріп келе жатқанда екі шестерняны бір-бірімен іліністіре алмайды. Түрақты іліністі шестернялы тоқ-татудың қажеті болмайды. Себебі, тиісті шестернялар іліністе түрғандықтан тек олардың муфтасын ғана іске қосу керек, ал оны іске қосуға тракторды тоқта-тудың қажеті болмайды.

Осы жоғарыда айтылған беріліс қорабының түрлерін жылдамдықты алмастыру тәсіліне қарай тракторды тоқтатып немесе жүріп келе жатып берілісті алмастыратын қораптар деп екі түрге бөледі.

Беріліс қораптарын олардағы жылдамдықты алма-стыратын механизм түріне қарай да бөледі, яғни ме-ханикалық, гидравликалық және автоматтық меха-низмдермен алмастырылатын қораптар. Жылжыма-лы шестернялары бар қораптарда механикалық, ал

3.13-сурет. Шестернялары үнемі тістесіп түратын беріліс қорабының жүмыс схемасы (К-701);

1,2,4,6,9-берілістердің гидравликалык. кысатын муфталары; 3-насос; 5-сүзгі; 7-тежегіш гидроцилиндрі; 8-гидроаккумулятор; 10-қысым көрсеткіші; 11,12,14,15,16,17-золотниктер; 13-төгетін педаль; 18-ради-атор; 19-төгетін клапан; 20-қысым реттегіш клапан; 21-қайта жіберетін клапан; 20-қысым реттегіш клапан; 21-қайта жіберітін клапан; 22-сүзгі.

түрақты ілініскен шестернялы қораптарда гидравли-калық механизм қолданылады. Ал автоматты түрде жылдамдық алмастырылатын қораптар тракторларда қолданылмайды.

Беріліс қорабы біліктерінің саны мен олардың ор-наласу жағдайына қарай ор түрлі қораптар кездеседі. Білік санына қарай - екі, үш, төрт білікті қораптар болады. Ол оның кинематикалық схемасына байла-нысты. Ал сол біліктердің орналасуына қарай көлде-нең немесе үзындық бойымен қойылған қораптар болып бөлінеді. Көлденең бағытты білігі бар қорап-тар көбінесе қуаты аз (Т-25, Т-40) тракторларда қол-данылады, ал басқа тракторлар қорабында біліктер үзындық бойымен орналасады.

Бүгінгі танда тракторлардың алуан түрлі жүмыс-тар атқаруына байланысты олардың беріліс қорабына қойылатын талаптар да алуан түрлі. Олардың ең негізгісі - жылдамдықтың өзгеру мөлшері трактор-дың атқаратын жүмысына сойкес келуі болып табы-лады. Сондықтан беріліс қорабының беріліс сатысы өте көп болады. Осы кездегі тракторлардың беріліс қорабындағы жылдамдық сатысының саны 5-тен 22-ге дейін жетеді, ал қозғалыс жылдамдығы 0,02-тен 9,5 м/сек (0,1-34 км/сағ) дейін өзгереді. Жылдам-дықтың осындай кең мөлшерде өзгеруі тракторды жүмыс түріне қарай тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды.

Тракторларда қодданылатын беріліс сатысын үш топқа бөлуге болады: негізгі, транспорттық жоне қосымша берілістер тобы. Негізгі беріліс тобы трак-торлардың ауыл шаруашылығы дақылдарын күтіп-баптау кезіндегі негізгі жүмыстарды (жер жырту, тыр-малау, себу, т.с.с.) атқаруына арналған. Мүндай негізгі беріліс тобында көбінесе 4-тен 7-ге дейінгі жылдам-дық сатысы қолданылады, ал жылдамдық 1,4-тен 4,2 м/сек (5-15 км/сағ) дейін өзгереді.

Транспорттық беріліс тобы трактордың транспор ттық жүмыс атқару кезінде қолданылады. Бүл кезде оған түсетін тарту күші онша көп болмағандықтан оның жылдамдығы жоғары болады. Транспорттық беріліс тобын тек тасымалдау ғана емес, бір жерден екінші жерге трактормен жүксіз жол жүрген кезде де қолданылады. Дөңгелекті тракторларда транспорт-тық беріліс саны 3-тен 5-ке дейін, ал шынжыр та-банды тракторларда 1-2 ғана болады. Себебі, жү-ріс жылдамдығы дөңгелекті тракторларда 15-тен 34 км/сағ., ал шынжыр табанды тракторлардікі 15 км/сағ дейін жетеді.

Ауыл шаруашылығында өте баяу жылдамдықпен атқарылатын көптеген жүмыстар кездеседі. Атап айт-қанда көшет пен ағаш отырғызатын машиналар, та-мыр-түйнек жинайтын комбайндар, жаңа жер өңдейтін мелиоративтік машиналар, жылжи жүріп тиейтін машиналар жүмыс істеу кезінде жылдамдық-тарын 0,1 км/сағаттан 5 км/сағатқа дейін өзгертеді. Олардың жыддамдықтарының өте баяу болуы атқа-ратын жүмыс технологиясына байланысты. Ауыл шаруашылығы тракторлары осылай машиналармен жүмыс істеуі үшін оларды қосалқы беріліс тобымен жабдықтайды.

Тракторлардың беріліс қорабының қүрылысы екі бөліктен түрады деуге болады: біріншісі — негізгі қуат беретін бөлік те, екіншісі — жылдамдықты ал-мастыратын қосалқы механизмдер бөлігі. Негізгі бөлік біліктерден, шестернялардан, муфталардан жоне подшипниктерден қүралады. Қосалқы бөлікке жылдамдық алмастыратын, яғни шестерняны жыл-жытатын түтка, білік және ашалар жатады.






Бүларды беріліс алмастыратын механизм деп атайды. Осылар-ға қосымша қүлыптағыш механизм де қойылады. Ол механизм, муфтаны толық ажыратпайынша берілісті алмастыруға мүмкіндік бермейді, корап бір берілісте қосулы түрғанда екінші берілісті қосқыз-байды. Сөйтіп, бір мезгілде екі беріліс қосылып кетіп, беріліс қорабының істен шығып қалмауына жағдай туғызады.

Береліс қорабының жүмысын реттеу, олардың қүрылысының ерекшеліктеріне байланысты, яғни оларда қандай шестернялар мен подшипниктер қол-данатындығына байланысты жүргізіледі. Бүл меха-низмдердің негізгі реттелетін шамаларына олардың өзара ораналасу аралықтарындағы саңылаулар жата-ды. Осы саңылауларды беріліс қорабын қүрастыр-ғанда немесе күрделі жөндеу кезінде тексеріп, калы-пқа келтіреді. Саңылау мөлшері шестернялардың, біліктердің, подшипниктердің тозуына байланысты өзгеріп отырады.

Беріліс қорабындағы бөлшектер аралығындағы са-ңылауларды, олар тозған сайын, қайтадан қалпына келтіру үшін арнаулы реттеуіш аралық төсемдер қол-данылады. Аралық төсемдердің қалыңдығын азайтып немесе көбейту арқылы саңылаулардың шамасын тиісті мөлшерге дейін жеткізеді. Осындай реттеу жү-мыстары барлық тиісті берілістерге бірдей тәртіппен жүргізілетіндіктен бүл кітапта оларға түсінік беріл-мейді.

Жылжымалы шестернялары бар беріліс қорабын-дағы қүлыптаушы механизмнің жүмысы реттеледі. Бүл механизмнің жүмысы бүзылғанда беріліс қора-бындағы жылдамдықты алмастыру қиындайды не-месе мүлде мүмкін болмайды. Мүндай жағдайда сол механизмді, ажыратқыш муфтаның басқару механизмімен жалғастыратын тізгіннің үзындығын өзгерту қажет болады. Ол үшін сол тізгіннің басын-дағы бүрандалы айырды жалғасқан жерінен ажыра-тады да, муфтаны толық ажыраған калпына келтіреді. Енді қүлыптаушы механизмнің рычагын, беріліс қорабындағы жылдамдықты алмастыру жеңіл іске ас-қанға дейін бүрады. Содан кейін рычаг пен муфта-ның жағдайын өзгертпей түрып, оларды өзара жалға-стырады. Жалғастыру кезінде тізгінді тиісті үзын дыққа, бүрандалы ашасын бүрау арқылы келтіреді. Жалғастырып болғаннан кейін беріліс қорабындағы жылдамдықты алмастырып, ол жүмыстың жеңіл орындалуын тексереді.

Шестернялары түрақты іліністе болатын беріліс қораптарында, оларға қосымша таратқыш қорап қой-ылады. Таратқыш қораптың негізгі жүмысы берілетін қуатты алдыңғы жоне артқы жетекші осьтерге бөліп жіберу болып табылады. Осыған қосымша таратқыш қораптың көмегімен трактордын, жүмыс режимін таң-дап алады. Жоғарыда айтылғандай, онда тракторға қажетті жылдамдық топтарының түріне қарай үш режим жоне қосымша жылдамдығы өте аз жүмыс режимі. Бүл көрсетілген режимдермен тек алға жүретін, ал осыларға қосымша артқа жүретін тағы да бір режим болады. Трактордың атқаратын жүмысына қарай, оны орнынан қозғалмас бүрын осы тиісті режимді іске қосады. Содан кейін жүмыс кезінде трак-тор жылдамдығын жүріп келе жатып-ақ беріліс қора-бының көмегімен іске асыра береді.

Шестернялы түрақты іліністе болатын беріліс қораптарында жылдамдықты ауыстыру гидравлика-лық жүйесінің көмегімен іске асады. Сондықтан мүндағы таратқыш золотниктің қалпын реттеу қажет. Ол үшін оның бүратын түтқасын горизон-таль бағытқа келтіреді, яғни оның бүратын түтқа-сының шкаласындағы "екі" деген сан стрелкаға дол келуге тиіс. Өзгешелік болса, оларды өзара жал-ғастыратын тізгіннің үзындығын жоғарыда көр-сетілгендей тосілмен қалыпқа келтіреді. Тарат-қыш золотниктің қалпын реттегеннен кейін, онын. түрақтандырғыш механизмін тексереді, яғни золот-ник жеңіл қозғалып, бір беріліс қосылған кезде, "сырт" еткен дыбыс шығарып тоқтатуға тиіс. Егер олай болмаса, онда түрақтандырғыш механизмдегі гайканы реттейді, яғни қақпақты бүрап шығарады да, оның ішіндегі винтін тиісті жағына бүрайды. Зо лотник ауыр қозғалатын болса, винтті шығара бүрай-ды немесе керісінше.

Осы айтылып отырған беріліс қорабында өзінің дербес гидро жүйемен жабдықталуына байланысты, сол жүйенің де жүмысын тексеріп, қажет болғанда ретгеп отырады. Бүл жүйедегі негізгі тексерілетін шама сол жүйедегі сүйықтың қысым мөлшері. Қысым мөлшері арнаулы манометрмен көрсетіліп түрады. Двигатель қалыпты жылдамдықпен (2100 айн/мин, Т-150К тракторында) айналып түрғанда қысым 0,9 МПа (9 кгс/см2) мөлшерінде болуға тиіс. Егер қысым осы көрсетілген мөлшерден артық болса, онда жүйені тексеру қажет. Ол үшін алдымен манометрдің дүрыс көрсететіндігіне көз жеткізіп, яғни оны стенд-пен тексереді немесе басқамен алмастырады.

Манометрдің жүмысы дүрыс болған жағдайда жүйедегі қайта жіберетін клапанның жүмысын рет-теу қажет. Ол үшін беріліс қорабындағы майдың тем-пературасын 70 градусқа дейін жеткізе жылытады. Содан кейін клапанның гайкалы қақпағын, пломба-сын бүзып, шығарады. Оның астындағы реттеуіш винтті, қосалқы гайкасын босатып алып, тиісті ба-ғытта бүрайды. Двигатель қалыпты жылдамдықпен айналып түрған кезде қысым қалыпты мөлшерден төмен болса, онда винтті кіргізе бүрайды, ал жоғары болса, керісінше істейді.

Қайта жіберетін клапанның жүмысы заводта реттеліп, оның қақпағы пломбаланып қойылады. Сондықтан оның жүмысын тексеріп алып, олардың дүрыс жүмыс істейтіндігіне толық көз жеткізгеннен кейін ғана клапанды реттейді.

Шестернялы түрақты іліністе болатын беріліс қораптарында жоғарыда айтылған қондырғылармен қосымша гидроаккумулятор қойылады. Ол қораптағы жылдамдықты алмастыру кезінде іске қосылады. Оның жүмысын ретке келтіру үшін беріліс қорабы-нан бөлек шығарып алу керек. Оны бөлшектеуге өте мұқият қарау керек. Себебі оның серіппелері 600 кгс күшпен қысылып бекітілген. Егер дүрыс бөлшектел-месе, онда серіппе босап кетіп, адамды жарақаттауы мүмкін.

Гидроаккумуляторды беріліс қорабынан шығар-ғаңда, оны бекітіп түрған алты болтын шығарады, ал бастары қызыл түске боялған үш болтты шығаруға болмайды. Ол үш болтты шығару үшін гидроаккуму-ляторды преспен қысып түру керек. Содан кейін престі біртіндеп босатады. Осы көрсетілгендегідей жағдай болмаса, гидроаккумуляторды бөлшектеуге рүқсат етілмейді.



ІІІ. Негізгі бөлім оқушылардың өзбетімен жұмысы __________________________

_Оқушыларды звеноларга бөліп,әр звеноға тапсырма беру.Булгі салу кезінде,белгі сызықтарын жүргізу тәртібін үйрету.

-1 звено – Газ-53 автокөлігінің беріліс қорабын бөлшектеу.

-2 звено – Зил-130 автокөлігінің беріліс қорабын бөлшектеу. ________________________________________________________________________________________________________________________________________________

IV. Ағымдағы нұсқау оқушылардың өз бетімен жұмысы кезінде жүргізіледі

__Әр звеноны ауыстыру, тапсырманы тексеру, қателерін түзеу, әрмен қарай_______ жұмыстануына мүмкіндік беру, қадағалау.________ ___________________________ ________________________________________________________________________

V. Ақтық нұсқау сабақты қорытындылау ________________________________

___Звенолардың жұмыстарын бағалап ең жақсы звено оқушыларын атап кету, _____ кемшілік жібереген оқушыларды ескерту, әр звено оқушыларын бағалау.__________

Бақылау сурақтары мен тапсырмалар:

1. Беріліс қорабы қандай қызмет атқарады?

2. Беріліс қорабының қандай түрлерін білесіз?

3. Қуат агынын ажыратып беретін қораптардың жүмыс принципін түсіндіріңіз!

4. Шестернялары үнемі тістесіп туратын беріліс қораптарында жылдамдықты қалай алмастырады?

5. Беріліс қорабтарының ор түрлеріне салыстырма-лы бага беріңіз!
Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. П.Ж.Жүнісбеков, М.Т.Жетпейісов «Автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету, Астана 2007ж



Өндірістік оқу шебері ___________________ _А.Амиров

(қолы) (аты-жөні)
Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Қалалық көркемсурет лицейі – юнеско клубы «Графика және оның түрлері»
lessons -> Сабақтың тақырыбы : Кинотеатрға барамыз. Сабақтың мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Түбінде адам болатын бала "Менің атым Қожа"
lessons -> Сабақ№ Сыныбы Күні
lessons -> Сабаќ жоспары бекітемі
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару. Сабақтың мақсаты: Білімділігі
lessons -> Ќайырбек Оразов атындаѓы
lessons -> «Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту теориясы мен әдістемесі» кафедрасы
lessons -> Диктант 5 сынып


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет