Топырақ ҚҰрылымының ТҮзілуіне қоршаған орта әсері



жүктеу 73.44 Kb.
Дата26.10.2018
өлшемі73.44 Kb.

ЖОК 631.95
ТОПЫРАҚ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ТҮЗІЛУІНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА ӘСЕРІ
Техн. ғыл. докт. Ә.С.Сейітқазиев

Техн. ғыл. канд. А.Қ.Жумадилова

Қ.М.Мұзбаева
Мақалада көп жылдық зерттеулер нәтижелерінің негізінде тұзданған, ластанған топырақтар құрылымының қалыптасуына қоршаған орта мен антропогендік күштердің әсерлері қарастырылады.

Тұзданған жерлердің жағдайын толық зерттеп, онда өсірілетін тұзға төзімді өсімдіктердің тіршілік жағдайы үшін қажетті жағдайлар: ауа, жарық, жылу, су және қоректік заттардың жеткілікті мөлшерде болуына мүмкіндік жасау керек. Өндірісте қолданылатын көп салалы экологиялық-мелиоративтік шаралар қуаншылық аймақтардағы топырақтың су, ауа, жылу көміртегі және қоректік заттардың алмасу күйін қанағаттандыра алатын көкейкесті мәселелерді шешуді талап етеді.

Көп жылдық өндірістік тәжірбиелерден байқағанымыз қуаңшылық аймақтардағы суғармалы жерлердің тұздануын белгілі бір деңгейге келтіріп, одан мүмкін болатын ауыл шаруашылық өнімін алу үшін ең алдымен тұздануға себеп болатын салдарды анықтаудан бастау қажет. Ендеше, тұзданған аймақтың табиғи жағдайы: әр түрлі аймақтардағы буланғыштық пен булануын ландшафтқа байланысты аймақтардағы – буланғыштығы мен булануын салыстыра отырып, олардың шамасы солтүстіктен оңтүстікке дейінгі шөлейтті аралықта 2000 мм жылына артатындығы белгілі /1/. Ал керісінше, булану жауын-шашын мөлшерімен өсімдік жамылғысына және ыза суының орналасу теңдігіне байланысты. Ауа-райының күйіне орай 550-100 мм-ге дейін оңтүстікке қарай төмендейтінін көрсетеді.

Ал, В.А.Ковданың анықтауы бойынша шөлейтті аймақтарда буланғыштық жылына 2000-2500 мм аралықта болатындығын мәлімдейді. Зерттеулерде көрсетілгеніндей – орташа ауаның жылдық температурасы шөлейттен орманды дала аралығында /15-180С тан 3-50С/, бұл аталған аймақтарда аяз болмайтын айлар ұзақтығы бірден ерекшеленуі, яғни 120-140 күн жылына және жауын-шашын мөлшері 80-500 мм аралығында өзгереді. Сонымен тұздану құбылысына жауын-шашынның жылдар аралығында таралуы әсер етеді. Қар жамылғысының қалыңдығы 20-30 см аралығында болады. Бұл топырақтағы судың шайылмай алмасу түріндегі әсерімен жыл сайын 0,5-2,0 м аралығына дейін сіңіріледі. Топырақтың үздіксіз /бірқалыпты/ сіңірілуі және дымқылдануы ыза суының капиллярдың бойымен қозғалысындағы ерітінді топырақ қабаттарындағы тұздардың үздіксіз көтерілуін тудырады. Сондай-ақ төменгі қабаттарды тұздандырады және топырақтың жер бетімен алғандағы қабаттрын сорттаңдайды.

Шөлейті аймақтарда жауын-шашын аз мөлшерде болады, сондықтан жыл мезгілдеріне біркелкі таралмайды. Ең көбі – қыс, көктем аралығында жаз және күз айлары қуаңдау болып келеді. Топыраққа таяздау сіңірілуі, ылғалданудың шаймайтын түріндегі алмасуында ашық білінеді, жер бетіне жақын орналасуында тұздардың жиналуын көбірек булану, ондағы топырақтағы тұздар құрамының тез жиналуына әсерін тигізеді.

Енді, тұздардың жиналуында жер геоморфологиялық және геологиялық құрылысы жағдайлары, алатын орны зерттелінеді.

Ең алғашқы тұздардың қалыптасуы – шөгінді жыныстардың, саз әктас, құмдар т.б. оған жер қыртысы үгінділерінің мүжілуінің қорлануынан пайда болады. Тұздардың көптілігі тегістік жерлердің генезисінде және шамалы бөлігі таулы да, тұзды жыныстар құрамында болып, қия беткейінен шайылып біртіндеп делювиалды және пролювиалды жыныстарға жуылудың нәтижесінде тұзды шөгіндіге айналады.

Тұздың толассыз ығысып орналасуы мен қалыптан тыс жиналуы жер беті мен ыза суларының ағысы арқылы келеді.

Тұздың араласуы мен биологиялық алмасудың нәтижесінде жиналуы – жер жамылғысындағы өсімдіктер, жануарлар және насекомдардың тіршілігіндегі құбылыстардың минералдық заттар мөлшеріне үлкен әсерін тигізеді. Органикалық қалдықтардың тұздардан минералды қосылыстардың топырақ құрамында жиналуы, ондағы құбылыстардың алмасып жылжуына қосымша ықпалын тигізеді. Кейбір суда еритін заттар топырақтан бөлініп шығады. Ал біраз бөлігі топыраққа бекіп, жай қозғалатын екінші минералдар болады. Олар топыраққа сіңіп біраз бөлігі келген ағзаларды қабылдайды және жаңа биологиялық алмасуға айналады. В.И. Вернадскийдің есептеуі бойынша біздің планетамызға келіп қоныстайтын масса қосындысы 1017-1018т. Немесе жер қабығы салмағының 0,1-0,01% алады және табиғатта тіршілік заттарында оттегінің үлесі 65-70%, ал сутегі-10%. Ал басқалары 20-25%. Әр түрлі қалдық элементтерден тұратындығы белгілі: C, Si, Al, Ca, Mg, S, Na, т.б./2/.

Орман өсімдігі құрамында 1010-1011 т. органикалық заттар бар, ал қалдықтар /күлінде/ 108-109т минералдық заттар қалыптасады. Ағаш тектес жынысты қалдығында /күлінде/ Ca, Si, СЕ ерекше орын алады. Әсіресе, Ca және К жапырағы мен қылқанында көп болады. Минералдық тұздарды топырақтағы өсімдік тамырынан алады, ал көпшілік бөлігі жылда топыраққа шіріндісі болып қайта түсіп отырады.

Жоғарыда айтылған көкейкесті мәселелер – ең алдымен тұзданған жерлердің табиғи орналасуының ондағы алқап сіліміндегі топырақтың жер бетімен және өсімдіктің тамыр жүйесімен буланғыштығын анықтау қажет. Қандай да алқап болсын, бәрібір, оның биологиялық өрісіне – жер бедері мен оның көрінісіндегі ландшафтындағы алқаптық табиғи қат-қабаттығы, сонымен қоса, мұндағы тіршіліктің осы аудандағы қалыптасу жағдайын білу өте қажет. Қазіргі ауыл шаруашылық ғылымдарының алға қойған негізгі әдістік қағидасы – топырақ, су, ауа, өсімдік, қоршаған орта тазалығын ескеретін өндіріске қажетті де, тиімді экологиялық-мелиоративтік шараларды қолдана отырып, жоғарғы өнім алуға болатын егіс алқаптарының танаптарын құрайтын ауыспалы еістіктерді жасау керек. Ол үшін қандай танап болсын – тұзды немесе жарамды, одан өнім алудың негізгі шараларын қоршаған ортаға әсеріне байланысты шешуді ұйымдастырып, дақылдың өсірілген ортасындағы антропогендік құбылыстарды толық анықтап, қай саладан көп әсер болғанын, оның өнімінің төмендеуге тигізген ықпалын зерттеу қажет.

Толпырақ құрамындағы заттардың, геологиялық және биологиялық айналымдардың, өндіріспен зерттеу жұмыстарында алатын орны өте зор.

Заттардың геологиялық айналымына жататындар: барлық заттар құрылымының – жер қыртысының магматикалық шөгінді тау жыныстары және минералдар, олардың орналасу қалыңдығы, желмен үгілу қыртыстары мен жер бедері пішіні жердің жалаңаштануы, су, қатты және химиялық ағынның туындауы, заттардың толысып қалыптасуы, жер үсті және астындағы сулармен келген заттардың жиынтығынан тұрады.

Ал биологиялық айналым болса, заттар алмасу процесінің айналып келу жиынтығы мен энергия аралығы, жануарлар және өсімдіктер ағзалар жиынтығын құрайды. Ауыл шаруашылығынан тұрақты өнім алудың кепілі болып, қоршаған орта жағдайларына бейімделген өсімдіктердің жануарлар мен микроорганизмдер жиынтығы – биоценозды қалыпты ұстауды ұйымдастыу болып отыр. Ал топырақ құнарлылығын арттырып, оны қалпында сақтау үшін – биогеоценоз құрамындағы топырақтардың топтасуын дұрыс жолға қойып, өндірісте тәжірибе танаптарында оның әдістемесін қолға алу керек. Анығырақ айтсақ, биогеоценоз құрамындағы топырақтың қалыптасуы үшін, ондағы ағзалардың тіршілік жағдайлары мен дамуын білуіміз керек. Тіршілік ететін орны, тұрағы, сақталу орны, механизмдердің қолданылуы, тұқымның өрістелу ылғалдылығы, қоректік элементтер көзі, топырақ құрылымындағы энергия мен қоректік заттар, ылғалдың қанығуы, жер асты ыза суларынан, атмосферадан келген микоорганизмдер, тартылыс заттардың қосылысындағы өзгерістер, басқа биологиялық және маусымдық даму құбылысының дыбыс беруі, биогеоценоздар механизміндегі берілісі, биогеоценозде болатын энергия, тасымалдау заттарының жиналуы, биогеоценозиялық қозғайтын және бағдарлайтын орган, осы жоғарыда аталған биогеоценоз құрамының қалыптасуы – топырақ құнарлығын береді. Ал оны іс жүзінде асыру, жоғары біліммен қатар, біліктілікті, тиімді технолгиялық әдіске негізделген әдістеме қажет.

Жақсартылған жерлерден төмен өнім алудың себебі, ондағы топырақта табиғаттың - гидротермиялық, биохимиялық, геохимиялық және әлеуметтік – экономикалық жағдайлары толық ескерілмейді.

Ауыл шаруашылығында пайдаланатын жерлерді жыртуда ондағы булану құбылысының көбейіп, табиғи жағдайда болатын топырақтағы жылу ағыны және ылғал қоры азаяды, сондықтан дақылдарды өсіру кезінде ылғал тапшылығы көбейеді. Топырақ құрамындағы органикалық тыңайтқыштарды жетіспеуі /4-6 т/га жылына/, топырақ құрамындағы органикалық қосылыстар теңдестігі мен қара шірік қорының төмендеуін тудырады.

Қазіргі кезде, қуаңшылық аймақтарда суғармалы жерлердің көпшілік бөлігі гидрморфты сумен /2-3 м/ алмасады, ал суландыру мөлшерінің шамасы, буланғышты 1,5-2 есеге дейін артып отыр. Мұндай жағдайда қарсы әдісті қолдануды талап етеді. Сонымен қатар, қазіргі кездерде су ағысының көлемі жылына 45 текше км, суғармалы жерлерге берілетін судың көлемі 90 текше км будан алынған өнім түсімі небәрі 50%. Керіз ағысының 25 текше км өзендерге түседі, бұл экологиялық-мелиоративтік жағдайлардың бірден төмендеуіне әсер етеді.

Сондықтан да топырақтың мелиоративтік-экологиялық жағдайын сақтап, оны қалпына келтіру шараларын жүзеге асыруда көп салалы су, тұз және қоректі заттардың алмасуын реттеп, өнім алудың өтімді технологиясын жергілікті кәсіпке айналдырғанда ғана мақсатқа жетуге болады.

Тұзданған топырақ құрмындағы тұздан түбегейлі арылудың ең қолайлы да, тиімді жолы биологиялық әдіс, әсіресе жер асты ыза сулары жақын орналасқан алқаптарға тұзға төзімді өсімдіктерді, жеміс-жидектерді егудің нәтижесінде, ыза су деңгейін төмендетуге мүмкіндік туады. Тіпті кейбір жағдайларда тиімділігі керіздеу әдістерінен де жоғары нәтиже береді. Мұндай тәжірибелер қарағаш, жиде, өрік, жүзім, шиелер отырғызылған суғармалы жерлерде жақсы өнім берген.

Ауыл шаруашылық дақылдарының тұзға төзімділігін сақтау өсімдіктің тіршілік ету қабілеттігі мен тұзданған топырақтағы қолайсыз жағдайдан шаруашылық өнімін алуды тудыру болып табылады. Тұздардың өсімдікке тигізетін қолайсыз жағдайларының әсерінен тууын үш топқа бөлуге болады. Барлық тұздар жиынтығымен әсер етуін осмотикалық қысым, бұл өсімдік қажетті топырақ ертіндісіндегі ылғалды тартып алу (адсорбтік күшпен) дамуы үшін, екінші тобы жекелеген топырақ ерітіндісіндегі иондардың тиімділігі олардың улылығын өсімдіктердің әр

түрлі физиологиялық процестерінің, әсіресе, натрий тұзының бөліну әсерін анықтау қажет. Натрий тұзының шектен тыс көбеюі, топырақтың құнарсыздануына жеткізіп, судың топыраққа сіңуін төмендетіп, бос кеңістікті тарылтады және тамырлардың өркен жаюына кедергі жасайды, үшіншісі өсімдіктердің тұзға төзімділігін, сезімталдығын ескеру. Бұл процесс, көбінесе, тұзданған егістіктерде оның даму кезеңдерінде анығырақ сезіледі. Мәселен, қант қызылшасы үшін, оның көктеу кезеңінде жақсы білінеді.
Әдебиет


  1. Ковда В.А. Основы учения о почвах. Москва, 1973. – 467 с.

  2. Добровольский Г.В., Никитин Е.Д. Экологические функции почвы. Москва, 1986. -136 с.

  3. Вальков В.Ф. Почвенная экология сельскохозяйственных растений. Москва, 1986. – 208 с.

  4. Сейітқазиев Ә.С. Тұзданған топырақтар салаларын экология тұрғыда негіздеу// Сб. научн. трудов ЖГМСИ, Тараз, 1997, С. 116-118.

  5. Сейітқазиев Ә.С. Суғармалы геоэкожүйелердегі тұзданған топырақтың су-тұз алмасуы. Тараз, 2010, - 294 б.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз



ВОЗДЕЙСТВИЕ ПРИРОДНОЙ СРЕДЫ НА ФОРМИРОВАНИЮ СТРУКТУРУ ПОЧВООБРАЗОВАНИЯ
Докт. техн. наук А.С.Сейтказиев

Канд.техн. наук А.К.Жумадилова

К.М.Музбаева
В статье рассматривается на основе полученных многолетних исследовании воздействия природной среды и антропогенных факторов на формирование структуру загрязенных и засоленных почв.

INFLUENCE of the NATURAL AMBIENCE ON SHAPING STRUCTURE POCHVOOBRAZOVANIYA
Doct. teсh. Sci. A.S.Seytkaziev

Cand.tech. sci. A.K.Zhumadilova



K.M.Muzbaeva
In article is considered on base got perennial study of the influence of the natural ambience factor on shaping structure ground.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет