Топырақтану Оқушылардың оқытушымен өзіндік жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар В080100 Агрономия, 5В060800 Экология мамандықтар бағытында оқитын студенттеріне арналған Қостанай, 2015 ббк 40. (26,3) б 63



жүктеу 303.38 Kb.
Дата29.11.2017
өлшемі303.38 Kb.
түріНұсқаулар


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Экология кафедрасы

Т.М. Блисов


Топырақтану
Оқушылардың оқытушымен өзіндік жұмыстарын орындауға арналған

әдістемелік нұсқаулар


5В080100 - Агрономия, 5В060800 - Экология мамандықтар бағытында оқитын студенттеріне арналған

Қостанай, 2015


ББК 40.3 (26,3)

Б 63



Автор:

Блисов Тілеубай Матайұлы, экология кафедрасының доценті, а.ш.-ғ.к.


Пікір білдірушілер:

Хасанова А.И., экология кафедрасының аға оқытушысы

Ахмет А.З., агрономия кафедрасының профессоры, а.ш.-ғ.к.
Блисов Т.М.

Б 69 Топырақтану: Әдістемелік ңұсқаулар. - Қостанай: А.Байтурсынов атындағы ҚМУ, 2015. – 20 б.


Әдістемелік нұсқауларда ООӨЖтоп сабақтары тақырыптарын орындау реті, бақылау сұрақтары және ұсынылған әдебиеттер тізімі келтірілген.
5В080100 - Агрономия, 5В060800 - Экология мамандықтар бағытында оқитын студенттеріне арналған

ББК 40.3 (26,3)

Аграрлы-биологиялық факультетінің әдістемелік кеңесімен, ___ ___2015 ж. мақұлданған № хаттамасы

Қостанай мемлекеттік университеті, 2015
Мазмұны
Тақырыбы Топырақтану ғылымының даму тарихы……………..4

1 Топырақтану ғылымының даму тарихы....................................4

2 Қазақстан топырақтарын зерттеу тарихына қысқаша шолу....8

Тақырыбы Дүние жүзі топырақтары және оларға қысқаша

сипаттама................................................................................................10

1 Тропикалық белдеудің топырақ жамылғысы.........................10

2 Тропикалық ксерофитті-орман және саванна

аймақтарының топырақтары................................................................12

3 Субтропика белдеуінің топырақтары......................................14

4 Суббореалды белдеулердің топырақтары...............................16

5 Бореалдық белдеудің топырақтары.........................................17

6 Полярлық белдеуінің топырақтары.........................................18

Ұсынылған әдебиеттер тізімі........................................................20
Тақырыбы Топырақтану ғылымының даму тарихы
Мақсаты: топырақтану ғылымының тарихына қысқаша шолу

Жоспар:

1 Топырақтану ғылымының даму тарихы

2 Қазақстан топырақтарын зерттеу тарихына қысқаша шолу
1 Топырақ туралы алғашқы білімнің дами бастауы өте ерте заманнан, жер бетінде адамдардың егіншілікпен шұғылдана бастаған уакытымен сәйкес басталып, одан кейін егіншілік туралы білімнің әрі карай дами түсуімен байланысты болып отырды. Бірақ ертеде көптеген уақыт бойы адамдар топырақ туралы тек қана жекелеген мағлұматтар жинап, оның қасиеттеріне бақылау ғана жүргізіп отырды.

Антикалық ежелгі кезендерде-ақ топырақ туралы алғашқы ілімдерді егіншілер айта бастаған. Ежелгі грек философтары Аристотель, Теофраст жердің суреттемелерін берген, таңғажайып, жақсы, құнарлы, құнарсыз, кедей, өте жақсы деп айтқан. Бірақ топырақтану ғылым ретінде одан біраз уақыттан кейін дамыды. ХҮШ-ХІХ ғ. бірінші жартысында Батыс Европада топырақ туралы 2 бағыт болды:агрогеологиядық және агрокультурхимиялық.

Бірінші бағыттың өкілдері (Фаллу, Берендт, Рихтгофен және т.б.) топырақты қопсытылған тау жынысы ретінде қарастырған, оны қатты тау жыныстарынын үгілуі нәтижесінде түзіледі деп айтты, өсімдіктерге тек пассивті рөль берілді, олар тек қоректі элементтерді пассивті жолмен ұстап алушылар деп қарастырылды.

Агрокультурхимиялық бағыт өкілдері А. Тэер, Ю. Либих еңбектерімен байланысты. А.Тэер өсімдіктер топырақтың органикалық заттарымен қоректенеді деген гипотеза шығарды (гумус теориясы). 1840 жылы Ю.Либих өзінің «Химия в приложении к земледелию и физиологии растений» еңбегінде өсімдіктер топырақтан минералды коректі қосылыстарды сіңіреді дейді. Ю.Либих топырақты табиғи құрылым сияқты емес, тек қарапайым масса ретінде қарастырады, оны шығу тегімен және дамуымен байланыстырмайды.

Сонымен, агрогеологиялық және агрокультурхимиялық бағыттар топырақтану негізін құра алмады, өйткені топырақтың табиғи және тарихи калыптасқан дене ретінде пайда болғанын дәлелдемеді.

Ресейде де топырақтану ғылым ретінде пайда болды, осында топырақтанудың ғылыми негіздері мен зерттеу тәсілдері қаланды. Топырақтың алуантүрлілігі мен байлығы, егіншіліктің кең орын алуы топырақ зерттелуіне үлкен жол ашты.

1725 жылы Ресейде Ғылым Академиясы ашылды, осыдан кейін орыс ғалымдары Паллас, Гюльденштед және М.В.Ло­моносов өздерінің зерттеулерін бастады. М.В.Ломоносов топырақтың шығу тегі мен қасиеттері туралы маңызды пікір айтты: « Тас тауларда жас мүктер кездеседі, содан кейін олар қарайып, жер болады, жер ұзақ уақыт қалыптасып, басқа өсімдіктер мен ірі мүктің өсуіне себеп болады». М.В.Ломоносов алғашқы рет топырақтың түзілуі тау жыныстарына уақыт және өсімдіктердің әсері болатыны тұжырымдаған.

Топырақ зерттеулері «Бос экономикалық коғам» (1765) ұйымы ашылғаннан кейін одан сайын күшейді.1765 жылы ашылып, осы қоғам Ресейде ауыл шаруашылығын зерттеуді мақсат етті. Пайдалынылатын жерлерді бағалау үшін топырақты зерттей бастады.

XIX ғ екінші жартысында Ресейдің Европалық бөлігінің алғашқы топырақ карталары шықты. XIXғ. екінші жартысында орыс ғылымының басты өкілдері профессор В.В.Докучаев, П.А. Костычев, Н.М, Сибирцевтің арқасында топырақтану ғылым ретінде дамыды.

В.В. Докучаев (1846-1903) топырақтану ғылымының негізін қалады, жаратылыс тарихы немесе генетикалық топырақтанудың жаратушысы болды. Көп жылдар бойы В.В.Докучаев егіс танабында кара топырақты зерттеді, осының нәтижесінде оның классикалық еңбегі «Орыс қара топырағы» (1883ж) шықты. Онда қара топырақтың шығу тегі теориясы, оның касиеттері, анализдердің нәтижесі, морфологиялық сипаттамасы, географиялық таралу ерекшеліктері, кұнарлылығын көбейту жолдары қарастырылды.

Қара топырақ мысалында В.В.Докучаев негізінде басқа да топырақтардың пайда болуы туралы түсінік берді, арнайы тарихи - жаратылыс кұрылым екенін көрсетті.

Топырақ - жеке табиғи дене, жануар, өсімдік, минерал секілді, ол да үздіксіз уақыт пен кеңістікте өзгеріп отырады. В.В.Докучаев топыраққа алғаш рет дәл анықтама берді. Топырақтың қалыптасуы күрделі процесс, онда 5 табиғи фактор қатысады: жер бедері, өсімдік және жануар әлемі, топырақ түзуші жыныстар, елдің жасы (уақыты).

В.В.Докучаевтің айтуы бойынша топырақтың түзілуінде тірі және өлі табиғат қатысады. Осы анықтамалардан табиғат аймақтары туралы ілімі де шығады, яғни тірі және өлі табиғаттың өзара қатысатын ортасы туралы ілім. Табиғат аймақтары туралы ілім топырақтанудан да басқа ғылымдарға терең әсерін тигізді: геоботаника, физикалық география, ормантану, геохимия.

В.В.Докучаев солтүстік жер шарының топырақтарының классификациясын ұсынды. Оларда бұлардың әрқайсысы өзіне тән топырақтың дамуына, желденуіне, климаттық жағдайларға, өсімдіктер түрлеріне, флора мен фаунаға, бедерлерге әсер етеді деп көрсетті.

В.В. Докучаевке топырақтанудың қалаушысы ретінде осы зерттеу тәсілдерінің нұсқауларының әзірлемешісі болды, топырақтану заңдылықтарын және негіздерін белгіледі, құнарлылықты тиімді көтерудін практикалық шараларын әзірледі. В.В.Докучаевтің топырақ туралы ілімі геология, геохимия, минералогия, геоботаника. ормантану, өсімдіктану, география дамуына айтарлықтай әсерін тигізді.

В.В.Докучаев Ресейдің табиғи жағдайларын, ауыл шаруашылығын терең білді, осының бәрі оған топырақтануды ғылым ретінде жоғары деңгейге коюына ықпал етті.

В.В.Докучаев елдің дала аймақтарындағы құрғақшылыққа назар аударып, дала аймақтарының су режимін жаксарту және кұрғакшылықтан зардап шекпейтін шараларды ұсынды, яғни дала аймактарын егін аймақтарына ауыстыруды қарастырды. В.В.Докучаев үлкен әдеби мұра калдырды. Оның 225 тіркелген және басылған жұмыстары бар. Оның ең басты еңбектері: «Орыс қара топырағы» (1883), «Табиғи аймақтар туралы ілім» (1899ж), «Нижегород губерниясының жерлерін бағалау туралы» (14 жұмыс,1884-1886жж.), «Полтава губерниясының жерлері туралы материалдар» ( 18 жұмыс, 1889-1894жж), «Орман департаментінің шығарған экспедициясының еңбектері» ( 18 жұмыс, 1884-1898), «Орыс топырақтарын зерттеу туралы материалдар» (10 жұмыс, 1885-1886жж), «Біздің дала бұрын және қазір»(1889ж).

1899 жылы В.В.Докучаев «Топырақтану» журналын шығара бастайды, ол казіргі кезде де шығады.

В.В.Докучаев жаратылыстану мен агрономияның қалаушысы. Оның еңбектері орыс және Кеңес Одағының топырақтануының деңгейін барлық әлемге паш етті.

Н.М.Сибирцев (1860-1900) В.В.Докучаевтің оқушысы және ізбасары. Өзінің еңбектерінде ол В.В.Докучаевтің топырақтанудағы ілімдерін әрі карай жалғастырып, П.А.Костычевтің да топырақ-ауылшаруашылық дақылдарының өсу ортасы деген ілімдерін жалғастырды. Н.М.Сибирцевтің негізгі зерттеулері топырақтың жіктелуіне, топырақты зерттеу тәсілдеріне, құрғақшылықпеп күреске және топырақты бағалауға байланысты болды. Ол В.В.Докучаевтің көмекшісі болды, Нижегород губерниясына топырақты зерттеуге онымен бірге экспедицияға (1882ж) шықты, орман департаментінің ұйымдастырған экспедициясында болды.

Н.М.Сибирцев топырақ абиотикалық және биотикалық факторлардың тау жыныстарына әсерінен пайда болады деген. Н.М.Сибирцев 1894 жылы Ново-Александрийск ауыл шаруашылық институтының топырақтану кафедрасының бірінші басқарушысы болды, 1899 жылы Н.М.Сибирцев топырақтану оқулығын шығарды.

П.А. Костычев (1845-1895) Сибирцевтің айтуы бойынша «Топырақтанудың» екінші қалаушысы болды. Оның жұмыстары агрономиялық топырақтанудың негізін салды. Оның ауылшаруашылығын жақсы білуі топырақ пен өсімдіктерді бір-бірімен байланысын зсрттеп, топырақтану мен жертануда бірқатар маңызды теорияларын ұсынды.

П.А. Костычев топырақты жердің үстіңгі қабаты деп білді, оның терең қабатында өсімдіктердің тамырлары жинақталған, олар топырақ түзуде үлкен роль аткарады деп тұжырымдаған. Ол алғашқы рет топырақтың қарашірігінің түзілуі микроағзалардың тіршілігімен байланысты екендігі туралы кағиданы шығарды.

П.А. Костычев өсімдік қалдықтарының ыдырау жылдамдығына температура, ылғалдылық, топырақтың физикалық қасиеттері, әктің әсері бар екенін дәлелдеді. П.А.Костычев топырақтың өнімділігіне судың үлкен маңызы бар екеніне назар аударды. Ол агротехника тәсілдерін топырақтың қасиетімен байланыстыруды, климаттық жағдайларды ескере отырып, өңдеу жолдарын өзгерту қажет екенін, тіпті бір территория болса да, онда бірнеше ауа-райының болуы мүмкіндігіне назар аударды.

1886 жылы «Ресейдің кара топырақ аймақтары» жұмысында ол қарашіріктің пайда болу негіздерін қарастырып, өнімділікті көбейтудегі шараларды хабарлады. П.А.Костычевтің жұмыстарында топырақтану мен жер егістерінің арасындағы байланыстарды жариялау болды.

XIX ғасырдың соңғы онжылдығында және XX ғасырдың басында топырақтану тарихында топырақты генетикалық ілімнің негізінде зерттей бастады. Жалпы жаратылыстану пәндерінің- химия, физика, биологияның дамуы топырақтануға да өз әсерін тигізді. Осы кезде топырақ химиясы, физикасы, биологиясы деген салалар пайда болды.

Топырақтың шығу тегі мен классификациясын зерттеуде К.Д.Глинки, С.С.Неуструева, Л. И. Прасолова деген ғалымдар көп еңбек сіңірді.

К.Д.Глинка (1867-1927) I академик-топырақтанушы. Оның басшылығымен бірнеше топырақ зерттеу экспедициялары құрылды, әсіресе Ресейдің азия бөлігі зерттелді (1908-1915жж).

К. Д. Глинка 1908 жылы топырақтанудың фундаменталды оқулығын шығарды, ол 6 басылымда шықты. К.Д.Глинканың тау жыныстарының үгілуі және топырақтың шығу тегі мен жіктемесі туралы көптеген еңбектері жарық көрді.

1900 жылдан бастап К.Д.Глинка Новоалександрийск, Воронеж, Ленинград ауыл шаруашылық институттарында кафедра басқарушысы болды, ол топырақ комитеті және В.В.Докучаев атындағы топырақ институтының ұйымдастырушысы болды.

П.С.Коссович (1862-1915ж) топырақтың физикалық, химиялық, агрохимиялық қасиеттерін эксперимент жүзінде зерттеушісі болды. Өзінің «Топырақ туралы ілім»(1911), «Топырақтану курсы» (1903), «Генетикалық топырақ жіктемесіндегі топырақ түзуші процестердің маңызы» (1910) еңбектерінде ол топырақтар туралы ақпаратты жітілдіріп қана коймай, топырақ жіктемесі, эволюциясы, топырақ түзушілік туралы көзқарастарын қосты.

С.С.Неуструев (1874-1928) ең үлкен үлесі Докучаевтің топырақ түзушілік туралы түсініктерін терең зерттеу болды. Ол алғашқы рет топырақ географиясы курсында топырақ түзілуі ел ландшафтының ерекшеліктермен байланыстырды, топырақты «қандай болса да табиғи ландшафт топырақтың ерекше касиеттеріне байланысты» деді.

Л. И. Прасолов (1875—1954) өз елінің топырақтарының географиясы туралы бірқатар классикалық жұмыстар жазды, әсіресе Поволжье, Приазовье, Забайкалье аймақтарының, топырақ картографиясының негізін қалады, әлем және өз елінің топырақ карталарын басып шығарды.

В.Р.Вильямс (1863-1939) - белгілі Кеңес Одағының ғалымы, академик, топырақтанушы, агроном. Ол топырақтанудың жаңа биологиялық бағытын қалыптастырды, ол В.В.Докучаевтің генетикалық топырақтануы мен Костычевтің агрономиялық топырақтануын бір-бірімен байланыстырды.

В.Р.Вильямс заттардың үлкен және кіші биологиялық айналымдары, топырақтың өнімділігі, гумус, құрылымы жөнінде маңызды концепцияларды түсіндірді.

Б.Б.Полынов (1877-1952) - ірі кеңес одағының топырақтанушысы, академик. Үгілу және топырақ түзушілікте биогеохимиялық жағдайлары туралы маңызды түсінік енгізді.

Кеңес Одағы кезінде топырақтың географиясы, картографиясы, физикасы, химиясы, биологиясы, минералогия және мелиорациясы сияқты жеке бөлімдері қалыптасты. Бұл жағдайларға өз үлесін К.К.Гедройц, А.Н.Соколовский, И.Н.Антипов-Каратаев қосты.

К.К.Гедройц (1872-1932) - белгілі ғалым, академик. Ол топырақ сіңіргіш қасиеттерін зерттеді, кейіннен ол химиялық анализдің көп тәсілдерін ашты, оның «Топырактың химиялық анализі», «Топырақтың сіңіргіш қасиеті туралы ілім», «Сортаң жер және олардың шығу тегі» сияқты ғылыми еңбектері бар.

И.В.Тюрин (1892-1962) - академик, экспериментатор, топырақтың географиясы мен химиясын, сондай-ақ топырақтың химиялық анализ әдістерін тауып шығарған автор ретінде белгілі. Оның монографияларында қарашірік туралы концепциялар берілді. И.В.Тюрин ұсынған қарашірікті және топырақтың органикалық заттарының топтық құрамын анықтау әдістемесі баршаға мәлім. И.В.Тюрин топырақтануды халықаралық жолға койып, өз елінің топырақтану ғылымын әлемге паш етті.

Қазіргі кезде топырақтану ғылымының барлық бөлімдерінде теоретикалық зерттеулермен қатар, топырақты есепке алу, бағалау, картография жұмыстарының үлкен масштабымен ерекшеленеді. Топырақтанушылар жер өнімділігін көбейту мен жоғары деңгейде пайдалануға үлкен үлесін қосып отыр. Қазіргі таңда топырақ процестерін және тәртіптерін зерттеу үшін стационарлы қондырғылар үлкен рөль аткарады.


2 Қазакстанның географиялық жағдайы туралы мағлұматтар көне дәуірден жинақтала басталған. Кейіннен еліміздің табиғи қоры туралы қытайдың және арабтардың жиһанкездерімен елшілері сипаттап жазған. Біздің дәуірге шейінгі II ғасырда кытай елшісі Чан-Цун: «Жетісу өңірінің тегіс жерінде шөптесін есімдіктер бар, ал тау ішінде ағашы көп, орнықты халқы егіншілікпен айналысады»,- деп жазған. ХVIII-ХІХ ғасырлар аралығында Қазақстанның табиғатымен топырақ жамылғысын атақты ғалымдар И. И.Лепихин (1795), С.Г.Гмелин (1806), Э.А.Эверсман (1840), Ш.Ш.Уалиханов (1855ж), П.П.Семенов-Тяньшанский (1856,1857), Ф.Рупрехт (1866), Г.И.Танфильев (1902) өз еңбектерінде сипаттап жазды. Ш.Ш. Уалиханов (1855) қолжазбаларында Балхаш көлі маңындағы сор топырактарды, Семей өңірінің кебір топырақты құрғақ даласын сипаттап өткен. Тянь-Шань тауы бөктерінде казақ дихандарының өзендерден арықтар арқылы егіс танаптарына су көтеріп тары, бидай себетіндерін сөз еткен.

1903 жылы жарық көрген «Ресей. Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» атты көп томдық еңбектің 18 томында Қазақстанның ғеографиялык жағдайы, соның ішінде топырақ жамылғысы туралы мағлұмат жарияланды.

Ресейдің Азия бөлігінін әсімдіктерін және топырактарын зерттеуді 1907-1916 жылдары К.Д.Глинка ұйымдастьірып, басқарды Осы жылдары Қазақстан топырағын зерттеуге С.С.Неуструев, А.И.Бессонов, Р.И.Аболик, Л.И.Прасолов, И.В.Ларин және т.б катысты. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесі негізінде К.Д.Глинканың (1909, 1926), Л.И.Прасоловтың (1926), А.И.Безсоновтын (1910) бірнеше кітаптары басылып шығып, оларда еліміздің топырақтары туралы мәнді мағлұматтар жарияланды.

1939 жылы Кеңестер Одағынын Ғылым академиясының қазақ филиалы құрамында топырақ зерттеу бөлімі ашылып, оның негізінде 1945 жылы Қазакстан Ғылым академиясының топырақтану институты құрылды. Осы топырақтану институтын 1945-1968 жылдары аралығында белгілі топырақ танушы Өмірбек Оспан/ұлы Оспанов басқарды. Ө.О. Оспанов (1906-1993ж.ж.) Қазақстанда топырактану ғылымының негізін қалаушы ұлтымыздың алғашқы топырақтанушы маманы. Ол 1932 жылы Мәскеудегі К.А.Тимирязов атындағы ауыл шаруашылығы академиясын топырақтану және агрохимия мамандығы бойынша бітіріп, ҚСРО Ғылым академиясының В.В. Докучаев атындағы топырақтану институтының аспирантурасында білімін жалғастырды.

Қазақ Ғылым академиясының президенті Қ.И.Сатпаевтің орынбасары ретінде қызмет аткара жүріп ол еліміздің топырактану ғылыми зерттеу институтының ашылуына, Қазақстан топырақтарын тың игеру жылдары ұтымды зерттеуге, топырақтанушы ғалымдарымыздың ғылыми жұмыстарының әлемдік деңгейге сай жүргізуіне аса зор үлес қосқан ғалым.

Сол кездерде онымен бірге жұмыс істеген топырақтанушы ғалымдар К.Ш.Фаизов, И.В.Матыщук, П.И. Тимошин, Ш.А.Шолақов, А.М.Дурасов, Н.П.Панов.

Кейінгі жылдары елімізде топырактану ғылымы одан әрі алға басып дамып келеді.
Бақылау сұрақтары:

1 Топырақтанудың негізгі даму сатыларын атаңыз.

2 Топырақтану ғылымының дамуына В. В. Докучаев үлесі қандай?

3 Топырақтану қандай ғылыми және тәжірибелік міндеттерді атқарады?

4 Қазақстан топырақтарын зерттеу тарихына қысқаша сипаттама беріңіз.
Әдебиет:

1, б. 87-93; 2, с. 10-22; 3, с. 6-13; 4, с. 26-34; 5, с. 5-11.


Тақырыбы Дүние жүзі топырақтары және оларға қысқаша сипаттама

Мақсаты: Дүние жүзі топырақтарымен студеттерді таныстыру.

Жоспар:

1 Тропикалық белдеудің топырақ жамылғысы

2 Тропикалық ксерофитті-орман және саванна аймақтарының топырақтары

3 Субтропика белдеуінің топырақтары

4 Суббореалды белдеулердің топырақтары

5 Бореалдық белдеудің топырақтары

6 Полярлық белдеуінің топырақтары
1 Жер жүзінде құрлық 13414 млн га құрайды, соның 10290 млн гектары немесе 76,7% жазықтық, 3127 млн гектары немесе 23,3% таулы жерлер.

Құрлықтың жазықтық аумағын топырақ-климат белдеулер тұрғысынан қарастырсақ тропикалық белдеу 47,7%, субтропикалық -17,7%, суббориалды-14,9%, бореалды-15,2%, ал полярлық (материктің мұздарынсыз)- 4,5% құрайды.

Құрлықтың жазықтықтағы топырақ жамылғысының ең көбі ылғалды жерлерде-4512 млн га, содан кейін субгумидтік және субаридтік облыстарды біріктіретін көшпелі- 3199 млн га, құрғақ жерлер-шөлдер 2579 млн га.

Тропикалық белдеудің топырақ жамылғысы. Тропикалық топырақ-климат белдеуі егіншілікпен шамалы игерілген, дегенмен егіншілік ауданы әлем егіншілігінің 20% құрайды. Бұл жерлерде өніп-өсірілетін көп дақылдар басқа жерлерде өспейді немесе таралмаған, сонымен қатар бір жылда дақылдардан үш өнім алуға болады.

Тропикалық ылғалды-орман белдеуі үшке бөлінеді:

- Америкалық бөлігі – Орталық Американы және Оңтүстік Американың көп бөлігін қамтиды;

- Африкалық бөлігіне Конго өзенінің су алқабы және Гвиней шығанағы жағалауы жатады;

- Австралия-Азиялық бөлігіне Азияның оңтүстік түбектерімен, Австралияның Солтүстік жағалаулары және солардың арасында орналасқан аралдар жатады.

Тропикалық ылғалды-орман жерлердің жалпы ауданы 2230 млн га құрайды. Топырақ жамылғысында екі топырақ аймағын ажыратады: біріншісі қызыл-сары ферраллит топырақтар аймағы (жауынды тропикалық ормандар), екіншісі қызыл топырақтар (муссондық, тропикалық оромандар және биік шөпті саванналар).

Қызыл-сары ферралиттік топырақтар жылы және ылғалды жағдайларда қалыптасады. Күн мен түн температурасы айтарлықтай өзгермей 25-270 құрайды.Жауын-шашын – 1800-2500 мм, жылдық ылғалдық коэффициент әр қашанда бірден жоғары, жайын-шашынның 20% нөсер түрінде болып су эрозиясы байқалады.

Тропикалық ормандар жоғары өнімді өсімдіктер қауымдастықтарына жатады, орманның жылдық органикалық қалдықтары (түсу-опад) 250-400ц/га құрайды, күлдігі жоғары – 5,6 %, ал азот мөлшері – 1,0% шамасында.

Қалдықтардың ыдырауы келесі шарттарға байланысты жүреді: гидротермикалық режим, топырақ фаунасының белсенділігі, күл құрамында сілті негіздердің аздығы, органикалық қалдықтардың құрамында азот пен күкірттің қарқынды тотығуы, осыған байланысты топырақ қышқылдығының арттуы және ферралиттік процестің қарқынды дамуы.

Ферралиттік процес бұл тау жыныстарының үгілу нәтижесінде бастапқы минералдардың ыдырау барысында туынды минералдардың жартылай тотықтар тобының, сонымен қатар кейде балшықты минералдардың каолинит топтарының қалыптасуы және жиналуы.

Темір гидрототықтары топырақтардың түсін ашық қызылдан сарыға дейін бояйды.

Қызыл-сары топырақтардың А гумус қабатының қалыңдығы 12-17 см, түсі қоңыр-сұр, құрылымы ұсақ кесекті, гумус мөлшері үстіңгі 5-7 см қабатында 4-5%, ал гумус қабатының басқа бөлігінде 1-2%. Одан төмен АВ көшпелі қабаты. Жалпы қалыңдығы 25-50см. Көшпелі қабат астында В қабаты, ол бірте-бірте топырақ түзуші жынысқа-ферралиттік үгілу қыртысына ауысады, оның қалықдығы ондаған метрге жетуі мүмкін. Топырақ және үгілу қыртысының реакциясы қышқыл – рН 4,0-5,5, сіңіру сиымдылығы 100г топырақта 3-6 м.-экв., негіздермен қанығуы 50%-төмен.

Қызыл ферралиттік топырақтардың терикалық шарртары қызыл-сары топырақтарға ұқсас, бірақ бұл аймақта жауын-шашын мөлшері шамалы кемірек-1300-1800мм, ал құрғақ кезеңі 3-4 айға созылады.

Биік шөпті саваналарда шөптер бойы 4м-ге дейін болуы мүмкім Қызыл ферраллиттік топырақтардың ерекшеліктері: 1) жыл бойы су режімінің өзгеруі-құрғақшылық кезеңінде топырақтардың терең құрғап кетуі; 2) температураның әсерінен темір тотығы ыдырап кетеді соның нәтижесінде топырақтың жоғарғы қабаттары кызыл түсті болып қалады. 3) гумус қабаты күңгірт-құба түсті, калыңдығы 30-40см, мөлшері жоғарғы қабатында 4%, құрамы фульваттық; 4) темір гидрототыктарының конкрекций пішінде тұнба қатпарлар пайда болу ықтималдығы (латеритизация прпоцесі) көп.

Латеритизация лат (Іаtег) - топырак ерітінділерімен бүйір козғалысында темір коспаларынын алып келінуі.

Қызыл ферраллиттық топырақтарда темір тотықтардың әсерінен топырақтар құрылымы ұсақ кесекті болып жақсарады. Темір конкрециялар кейбір жерлерде тұтас цементтелген темір конкрецилер (пизолитті латеритті қабат) қабаттары байқалады.

Тереңде жатқан латеритті қабаттар ылғалды күйінде жеңіл кесіледі, бірак жер бетіне шығып кеуіп калған жағдайда аса қатты латериттік тас қабықка (кирасқа) айналады. Бұндай топырақтар егіншілікте көп қиыншылықтар тудырады.

Күңгірт қызыл және күңгірт ормандық тропикалық топырақтар. Бұл топырақтар негізгі жыныстар мен әктастарда қалыптасады. Оларды маргалитті немесе ферралитгі - маргалитті топырактар деп атайды. Қызыл-сары қызыл топырақтардын гранулометриялық құрамы саз, сіңіру сыйымы жоғары, 100г топыракта 3Ом-экв болады. Гумус мөлшері көп емес, бірақ реңі қүңгірттеу, кышкылдығы әлсіз. Құрамындағы каолинит, монтмориллонит минерал топтарының маңызы зор. Бұл топырақтар егіншілікке кең қолданылады. Күңгірт-қызыл және күңгірт топырақтардың ауданы 40млн. га. Олар Оңтүстік Азия, Индонезия, Оңтүстік Америка және Африкада таралған.

Амозонка, Конго өзендері ойпат алкаптарында орман ферраллитті құпалы топырақтары қальштасқан. Ауданы 220млн. га құрайды. Бұл гопырақтарды игеру үшш құрғату мелиоративтік шараларды қолдау кажет. Тропикалық аллювиалды топырақтар 120млн.га иелейді. Су көтерілу аймағында тропикалық батпак және мангролы сортаңданғап топырактар қалыптасады. Ылғалды-орманды тропикалық аймақта егіншілікте пайдаланатын жерлер 5% (120 млн.га) құрайды. Бұл жерлерде күріш, қант қамысы, батат, маниок, кофе, какао, майлы пальма, каучук ағаштары, банан, ананас дақылдары егіледі.



Топырақтардың құнарлылығын арттыру, бір жылда бірнеше өнім алу үшін арнайы минералдық тыңайытқыштар кешенін колдау және топырақ қышқылдығын төмендету қажет. Эрозияға, латериттік қабататар болмауына қарсы күрес шараларын қолдану бұл топырактарда өте маңызды болып табылады.

Жалпы осы аймақтарда дұрыс мелиоративтік шараларды қолданса егіншілік ауданыны 5-6 рет арттыру мүмкіншілігі бар.



2 Тропикалық ксерофитті-орман және саванна аймақтары топырақтары 1460 млн. га аумақта тараған. Олар көбінесе шығыс жарты шарында таралған. Индо-Африка Конго су алқабы, Индонезия аралы және Австралия. Батыс жарты шарында-Орталық Америкада (Сан-Франциско өзенінін су алкабы, Анд таулары етектері, солтүстік-шығыс, онтүстік-батыс Бразилия, Парагвай).

Бұл аймақтарда топырақтың екі типі кездеседі: қоңыр-кызыл және қызыл-қүба топырақтар басымырақ, жауын-шашын жылына 1000-1300 мм, қысқа құрғақ кезеңі 4-5 айды құрайтын жағдайларда калыптасады. Олар көбінесе ферраллитті кұрамға ие болады. Гумус мөлшері 2%, қалыңдығы 25-30см, құрамы гумат-фульватты, рН-5-6, негіздермен қанығуы 50%-дан асады.

Минералдардан каолинит тобы басым келеді, гранулометриялық құрамы балшықты, сіңіру көлемі аз (100 г топырақта 4-6м-экв.)

Кызыл - құба топырақтар. Бұл аймакта жылына 800-1000мм, жауын-шашын болады, ал құрғак мерзім 6 айдан көп созылуы мүмкін.

Құрғақ саваннада шөп жамылғылар арасында сирек өсетін биік ағаштар (баобабтар т.б.) ұшырайды. Жаз кездерінде, әсіресе жылдық жауын-шашыннын 75% мөлшері түскенде, құрғақ саваннада көгерген шөптердің бойы жоғары болады. Ал қыста, алты ай құрғакшылық мезгілінде, ағаштар жапырақтарын тастап, шөптер қурап калады, органикалық заттар топырақ үстінде шіриді. Топырақ құрылымын жақсартуда құмырсқалар мен термиттердің тіршілігі аса маңызды іс атқарады.

Қызыл-құба топырақтардың құрамы ферриалитті (каолинит-илмитмонтмориллонитті). Гумус мөлшері 1%, гумусты кабат қалындығы 20-25 см, реакциясы әлсіз қышқылдан әлсіз сілтіліге дейін, гумус типі гуматты -фульватты. Топырақ кескіннің төменгі жағында иллювиальды карбонатты қабат орналаскан, сіңіру кешені иегіздермен қаныққан. Микроқұрылымды түзетін жылжымалы темір мөлшері көп болады.

Тротшкалық кара топырақтар габбро, базальт, трапп, шөгінді кварцсыз саз жыныстарда және әктастарда қалыптасады. Құрғақ, саваннадағы кара топырақ тропикалык егіншілігінде ең құнарлы болып есептеледі.

Гумус қабатының қалықдығы Ім-ден асады, бірақ гумус мөлшері аз - 1,0-1,5%. Бұндай құбылысты гуминді заттардың топырақтың минералды бөлігіндегі көп мөлшерде монтмориллонитпен байланысымен түсіндіруге болады. Әдетте бұл топырақтың гранулометриялық құрамы ауыр, сіңіру көлемі жоғары-100 г топырақта 40-60 м-экв, кальций, магнийге қаныққан болады.

Құрғақ саваннадағы қара топырақтар ауданы 200млн. га. Үндістанда (қара мақта топырағы), Африкада және Асвтралияда таралған.

Саваннаның шабынды топырактары Африкада және Оңтүстік Америкада кездеседі. Бұл топырақтар ыза суы биік орналаскан жерлерде тропикалық батпақтар шекарасында қалыптасқан. Жалпы ауданы 100 млн. га.

Бұл аймактарда аллювиалды топырактар және тропикалык кебірлермен кермекті топырактар ұшырайды.

Тропикалык ксерофитті-орман және саванна аймактарында егіншілікте 80 млн.га (5%) жер пайдалануда (Үндістан, Оңтүстік Африка). Бірінші кезекте кара топырақтар (40млн.га) қолданылады. Жер пайдалану коэффициент! 20%. Дақылдардан күріш, жүгері қант қамысы т.б. өсіріледі, Бұл аймақтарды келешекте егіншілікке жарайтыи жерлер ауданы 200-3ООмлн. гектарды құрайды.

Тропикалық шөлейттермен шөлдердің әлемдегі ауданы 1220 млн. га Төрт аймаққа бөлінеді. Ең ірісі Африка-Азиалық аймағы. Бұл аймақ Сахараның онтүстігін және Арабия түбегінің онтүстік аумағын қамтиды. Одан кейін Австралия аймағы. Бұл аймақ көбінесе материкте орналасқан. Келесі аймақ Оңтүстік Африкадағы Калахари шөлі жәна төртінші аймақ Солтүстік Чилида орналасқан.

Тропикалық шөлейтте дамыған қызғыш-құба топырақтар шөлденген саваннаның аласа шөптерінің астында қалыптасады, құрамы сиаллитті. Кызыл-құба топырақтардан ферраллиттік деңгейі төмендігімен, гумус мөлшері аздығымен және кескіні бойынша ылайдың мөлшерінің әр түрлі болмауымен ерекшеленеді.

Тропикалық шөл топырақтарыда, ферраллиттік процестерге байланысты, кызғыш түсті болады. Тұздар шоғырлануы, субтропикалық шөлдерге қараганда, аз таралған. Суармалы егіншілік су аңғарларында және жазираларда дамыған.

3 Субтропика белдеуінде ылғалды- орман аймағы 20%, ксерофит орман және бұталык дала аймағы 30%, шөлейт және шөл аймағы 50% құрайды. Субтропикалық ылғалды-орман аймағы 370 млн.га аумақты алады.

Жаз және күз кезендерінде 2000 мм-ден артық жауын-шашын болуы мүмкін. Құрлықта топырақ жамылғысы төрт аймаққа бөлінеді. Оның екеуі солтүстік жарты шарда - Солтүстік Америкалық және Шығыс Азиялық - Қытай, Тайвань аралы, Жапония, ТМД елдерінде.

Оңтүстік жарты шарда да екі аймақ орналасқан. Оңтүстік Америкалық Бразилияның оңтүстігі, Парагвай, Урунвайлардың бюір бөлігі және Австралиялық—Тынық мұүхиттың жағалауы және Жаңа Зеландия Солтүстік аралы.

Субтропикалық ылғалды-орман аймағында сары және қызыл топырақтар кең таралған. Олар жауын-шашын мөлшері 1000-2500мм, І0°С жоғары температура жиынтығы 4000-8000° құрайтың жағдайларда қалыптасқаи. Бұл топырақтарға ферраллитті, сиаллитті-ферраллитті құрам тән, су режімі-шайылатын, реакциясы кышкыл рН-4,5-5,5 төменгі қабаттарында кышқылдығы азайған,сіңіру сыйьмдылығы көп емес (туынды минералдар-каолинит, иллит т.б. байланысты), негіздермен қанығуы 80-85%, сіңіру кешенінде сутегімен бірге, көп мөлшерде алмаса сіңген аллюминиий болады. Топырақ үстіне мол органикалық заттар түскеніне қарамастан, гумус қабаты жақсы дамымаған, себебі органикалық заттар қысқа мерзімде ыдырап кетеді.

Сары және қызыл топырақтардың жоғарғы қабаттарында төменгі қабаттарына қарағанда лай аз мөлшерде болады, сондықтан олардың түсі ақшыл көрінеді. Бұл көрініс әсіресе уақытша аса ылғалды жоғарғы кабаттарға тән.

Әлемде сары және кызыл топырақтар 200млн. гектар жерді қамтиды.

Құрғақ субтропикаға жақын, жылдық жауын-шашын мөлшері 800-1000 мм болған жерлерде субтропикалық прерийдің қызғыщ-қара топырақтары қалыптаскан. Топырақтардың жоғарғы қабаттарында гумус мөлшері 10%-ға дейін болады, қалындығы 50-60см-ге жетеді. Әдетте гранулометриялық, құрамы ауыр келеді, В-қабатында балшықтың процесі байқалады. Топырақ ортасының реакциясы қышкыл-рН 4,2-4,8.

Қызғыш-қара топырақтардың жалпы ауданы 50млн. га-ға жуық. Бразилия және Уругвайда кең таралған. АҚШ-да (Оклахома, Техас) және Австралия да кездеседі.

Ылғалды субтропикаларда сарғыш-қопа, субтропикалық шабынды батпақ (40млн. га) және аллювиалды (70млн.га) топырақтар таралған.

Ылғалды-орман субтропика аймағында егіншілікте пайдаланылатын жер ауданы 80 млн. гектарды құрайды. Егілетін дақылдар күріш, бидай, жүгері, шай, цитрус дақылдары, жүзім, тунг т.б.

Субтропикалық, ксерофитті-орман және бұта далалы аймақтары алтыға бөлінеді, соның үшеуі оңтүстік, үшеуі солтүстік жарты шарда орналасқан.

Солтүстік жартышарда бұлар Жерорта теңізі аймағы – Жерорта теңізі маңайындағы мемлекеттер, Кіші және Алдыңғы Азия. Шығыс Азия аймағы-Үндістан, Пакистан, Бирма, Қытай. Солтүстік Америка аймағы – Техас, Нью-Мексика, Аризона, Калифорния штаттары, Мексиканың үлкен бөлігі.

Оңтүстік жартышарда орналасқан Австариялық аймағы, Оңтүстік Африка-Калахари және Онтүстік Америка аймағы-Парагвай, Уругвай ылғалды субтропикалар жәке Анд таулар етегіндегі шөлейттер арасы.

Бұл аймақтарда қоңыр және сұр-қоңыр топырақтар таралған.

Олардың арасында субтропикалық қоңыр топырақтар аыспалы ылғалды, жиі құрғақ жаз және ылғалды қыс, шайылмайтын су режимі субтропикалық ауа-райы жағдайында қалыптасады. Өсімдіктерден аласа бойлы ксерофитті ормандарда емен, арша, пістілерден субтропикалық түрлері өседі.

Қоңыр топырақтардың гумус мөлшері 4-7%, қалықдығы 40-45 см болады. Гумус құрамында гумат қоспалары басымкеледі, механикалық құрамы ауыр саздақ, топырақ кескінінде лай біркелкі бөлінген. Жазықта қоңыр топырақтар 160 млн га алады, ал тауларда одан да көп таралған.

Сұр-қоңыр топырақтар. Бұл топырақтарда ауыспалы-ылғалды бірақ, алдыңғы аймаққақ қарағанда құрғақты ауа-райында қалыптасады. Өсімдіктер жамылғысы бұталы субтропикалық далаларға тән, қыста жауын-шашын мол болады соның нәтижесінде жеңіл еритін тұздар төменгі қабаттарға шайылып кетеді. Кальций және магний карбонаттары топырақтардың барлық қабаттарында байқалады. Гумус мөлшері 2-4%, қалыңдығы 30-40см. Жазықта сұр-қоңыр топырақтарауданы 270 млн га-ға тең.

Бұл аймақтарда жылына дақылдардан екі өнім алуға мүмкіншілік бар.

Субтропикалық қара топырақтардың атауы әр елде өзгеше. Мысалы, Балканда «черноземы»-смольницы, Мароккада «тирсы», Оңтүстік Америкада «терра негра». Жалпы ауданы 50 млн га.

Гумустың шоғырлануы, шайылмайтын су режимі, иллювиальды-карбонатты қабаты барлығы бұл топырақтың қара топырақтармен ұқсастығын білдіреді. Субтропикалық тығыздалған (слитые) қара топырақтьар құрғақ кезде тығызданып терең жарылып кетеді, ал ылғалды кезеңде күшті ісінеді.

Егіншілікте қара топырақтан кейін қоңыр, одан соң сұр-қоңыр топырақтар көп қолданылады, бірақ бұл топырақтардың жиі тасты болуы егіншілікке тосқауыл болуы ықтимал.

Бұл аймақтарда аллювиалды (60 млн га) шалғынды-қоңыр және шалғынды сұр-қоңыр топырақтар таралған.

Субтропикалық шөлейттер және шөлдер субтопикалық белдеуде 890 млн гектар жерде кездеседі және бірнеше аумаққа бөлінген.

Ең үлкені Афро-азиаттық аумақ. Бұл аумаққа Сахараның солтүстік бөлігі, Арабия түбегінің солтүстігі және Алдыңғы Азияның шөлдері кіреді. Австралия аумағы материктің оңтүстігін қамтыған. Оңтүстік Америкалық аумақ Чилидің орталық бөлігінде орналасқан. Осылармен бірге онша үлкен емес Солтүстік Америкалық (Калифорния) және Оңтүстік Африка (Калахаридің оңтүстігі) аумақтары бар.

Бұл аймақтарда толық дамымаған және қарапайым субтропикалық шөлдер топырақтармен (75%) боз топырақтар (25%) таралған.

Жалпы жазықтағы боз топырақтар ауданы 180млн гектарды құрайды. Олардан басқа шалғынды-боз топырақтар (10млн га) мен тақырлар кездеседі.

Ең көп ауданды (440 млн га) тасты және тасты-саз шөл топырақтар алады. Бұл топырақтардың бетінде күңгірт немесе қара түсті қабыршақ (0,5-5 мм) болады, онда темір және марганец тотықтары шоғырланған.

Топырақ қалыңдығы бойынша жылжыған жарғақ суы тұз қабығы пайда болуына себепші болады. Массивті және борпылдақ жыныстардың жарықтары және қуыстары тұздармен толады. Ең көп тұздар жер бетінде шоғырланып бірнеше сантиметрден жарты метр қалыңдықты тұз қабығын қалыптастырады. Бұндай жағдай әсіресе субтропикалық шөлдерге тән.

Құмды субтропикалық шөл 180 млн гектар жерді қамтиды. Ыза сулары жақын орналасқан жерлерде субтропикалық сорлар қалыптасады. Нил, Тигр, Евфрат, Инд өзендерінің аңғарларында қалыптасқан. Аллювиалды топырақтар егіншілікте өте маңызды болып табылады. Шөлейт және шөл аймақтарында егіншілікте 30 млн гектар қолданылады. Өсіретін негізгі дақылдар-мақта, жылу сүйгіш дақылдар, бидай және т.б. Жазираларда күшті сортаңданған топырақтарда тұзға төзімді құрмалар өсіріледі.
4 Суббореалды белдеулердің топырақтары солтүстік жартышарда, Еуразия және Солтүстік Америкада кең таралған, оңтүстік жарты шарда шағын аудандары кездесуі мүмкін.

Жазық жер аумағында жалпы ауданы 1530 млн гектар. Соның 45%-далада, 31% шөлейтте және шөлдерде, 24%-ормандарда орналасқан. Ауа-райы құрғақ. Бір жылда дақылдардан жалғыз өнім алынуы мүмкін.

Суббореалдық орман аймақтары Батыс Европалық (Батыс және Орталық Европа) және Солтүсиік Америка шығысы (Англияның солтүстік-шығыс штаттары) аймақтарында орналасқан. Таулы жерлерде Шығысазиялық құба-ормандық (Амур жағалауы, Теңіз жағалауы, Солтүстік Жапония, Солтүстік Шығыс-Қытай) және Солтүстік америкалық батыс аймақтары орналасқан.

Оңтүстік жартышарда Оңтүстік америкалық суббореалды ылғалды- ормандық (Чилидің оңтүстігі) және Австралиялық (Жаңа Зеландияның оңтүстік аралы) аймақтары жатыр.

Суббореалдық орман аймақтары ауданы 362 млн га. Топырақ жамылғысында құба орман топырақтары 248 млн гектарды құрайды. Сонымен бірге құба орман қопа топырақтары ұшырасады. Бұл топырақта гумус қабат астында бірден қопа-күлгінді қабат басталады. Құба орман қопа топырақтар ауданы 35 млн гектар.

Солтүстік америкалық-шығыс аймағында кара топырақ сияқты прерий топырақтары қалыптасқан. Гумус қабаттары қара топырақтарға ұқсаған. Бірақ олардың су режімі шайылатын, реакциясы қышкыл, гумус типі фульватты, сіңіру кешенінің канығуы аз, иллювиалды-карбонатты қабаты жоқ болып келеді. Жалпы ауданы 55 млн. га. Осы аймақтарда кездесетін аллювиалды топырақтардың ауданы 20 млн. га.

Суббореалды аймақтардың жазық аумақтықтары әлемде ең игерілген және егіншілігі жоғары мәдениетті, дамығандарға жатады.

Суббореалды дала аймақтары. Әлемде қара және қара-коңыр топырақты үш суббореалды дала аймақтары бар. Соның ішінде ең, үлкені Еуроазиялық-ТМД елдерінде таралған. Екінші орында Солтүстік америкалық-АҚШ- ның орта батысы, Канаданын оңтүстігі. Үшінші орында оңтүстік америкалық суббореалды дала аймағы.

Жалпы суббореалды дала аймақтарының ауданы 704 млн.га, соның ішінде қара топырақтар-240 млн.га қара-коңыр топырақтар-258 млн.га. шалғынды -қара-топырақтар және шалғынды-қара-қоныр топырақтар-40млн.га., кебірлер және кермекті топырақтар -28 млн.га, аллювиалды топырақтар-30млн.га жуық.

Топырақ кескінінің түзелуі және қасиеттері бойынша Америкалык қара топырақтар ТМД елдердің топырақтарына ұқсас. Қара топырақтары сілтісізденген кәдімгі және оңтүстіктілерге бөлінеді. Америкалық қара топырақтар Украинаның қара топырақтарындай калың болмайды.

Қара-коңыр топырақтары күңгірт және ашық кара-қоңырларға бөлінеді.

Бұл аймақтарда көбінесе астық дақылдары егіледі.

Әлемде қара топырақтардан 260млн. га, қара-қоныр топырақтардан 110 млн. га егіншілікке қолданылады.

Суббореалдық шөлейттермен шөлдер. Орталық Азия шөлейттерімен шөлдері ТМД, Монгол және Қытайдың бір бөлігін қамтиды. Топырақ жамлығысы: құба шөлейт, сұр-құба шөл топырақтары, құмдар және сорлар. Осыған ұксас топырақтар Солтүстік Америкадағы Кордильер таулары арасында кездеседі. Бұл аймақтарда мал шаруашылығы дамыған.


5 Бореалдық белдеудің топырақтары. Бореалдық белдеудің жалпы ауданы 1560 млн га. Бұл белдеуде жауын-шашын мол болады, бірақ жылуы жеткілікті емес. Соның ішінде белдеуде агротопырақты аймақтар жалғыз ылғалдықпен емес топырақтардың жылу режімінде де байланысты ерекшеленеді.

Бұл аймақгарда ауыл шаруашылық дақылдардан көбінесе қара бидай, сұлы, арпа, көкөністер, картоп және шөптер өсірілелі.

Бореалдық табиғи-орман аймақтары. Жалпы ауданы 1150 млн.га. Ең үлкен Еуразиялык аймақ - Батыс Еуропаның солтүстік және ТМД елдердің солтүстігін қамтиды. Одан кейін Солтүстік америкалык аймақ-Канада және Алясканың жартысынан көбін алады. Үшінші аймақ Огненная Земля аралында орналасқан.

Тайга-орман аймақтарының топырақ жамылғысында күлгінді және шым-күлгінді топырактар (790млн. га) типі басымды келеді. Олардын ішінде қара-күлгінді және иллювиалды – гумусты топырақтар 88млн.га, күлгінділер-357 млн. га, шымды күлгінді-318 млн. га және шымды күлгінді, батпақты 109 млн.г, шым-қопалы және шым карбонатты топырақтар күлгінді топырақтар аймағын құрайды.

Осы аймақтың оңтүстік тарапында сұр ормандык (76 млн.га) және ормандық сұр қопа (18 млн.га) топырақтар орналасқан.

Солтүстік тайга-орман аймақтарында шымды күлгінді топырақтар жақсы дамыған. Олар үш фацияға бөлінеді: Атлантика маңайындағы шымды-күлгінді және Кордильер таулары етегіндегі фациялар.

Атлантика маңайындағы фацияда Gгеу Вrown Роdzdіс топырактар дамыған. Олар Батыс Еуропа және ТМД елдеріндегі сарғыш-күлгінді топырақтарға ұқсас. Шымды-күлгінді фацияда шымды-күлгінді гопырақтар дамыған. Кордильер тауларының етегіндегі фацияда Gгеу Woded топырақтар дамыған. Басқаларға қарағанда оның А қабатында гумус мөлшері көп және күлгінділік дәрежесі кем.

Бореалды тоң-тайға аймақтары. Жалпы ауданы 410 млн.га. Ең ірі Шығыс-Сібір тоң тайга аймағы-ТМД аумағында орналасқан. Екіншісі Солтүстік америкалық тоң-тайга аймағы.

Шығыс Сібір-тоң тайга аймағы екіге бөлінеді: Солтүстік және орталық тайгаға. Өз кезегінде әр кайсысы екі фацияға бөлінеді: континенталдык және экстраконтиненталдықү Экстраконтиненталдыққа Орталык Якутия және тау аралык ойпаттар-Оймякон, Верхоянск-бұл жерлерде солтүстік жартышарларындағы ең төмен температура байқалады,

Солтүстік америкалық тоң-тайга аймағы кішірек. ұүл аймақта экстраконтинентальды фация Аляскада орналасқан.

Америкалык топырақтанушылар бұл аймақта терең тоңазыған кышқыл құба күлгінді белгісі жоқ топырақтарды ерекше бөледі.

Бұл аймақтарда егіншілік тұрғын жерлердін маңайында дамыған -көкөніс, картоп, шөптер өсіріледі. Қара бидай, арпа және сұлыныда өндіру мүмкін. Бірақ негізгі шаруашылықтар-орман шаруашылығы, бұғы шаруашылығы, аңшылық және хайуан шаруашылығы.


6 Жалпы ауданы (материкті мұзсыз) 466 млн га. Антарктида, Гренландия және баска аралдардң мұз қалқаны 210 млн га құрайды.

Солтүстік жартышарында екі полярлық аймақ орналасқан: Евразиялық және Солтүстік Америкалық. Оңтүстік жартышарында Антарктида мұзбен қапталмаған бірнеше шағын аудандар бар.

Солтүстік америкалық аймағында Гренландияның оңтүстіктігінде және Алеут аралдарында қышқыл шымды-гумусты-қопа тоырақтары дамыған. Өсімдіктерден өлеңшөп, астық тұқымдас шөптер таралған. Батпақтар өсімдіктерінің астында шымтезек қоры байқалады.

Гренландияның солтүстігінде және маңайындағы аралдарда құрғақ арктикалық шөл ландшафтарында карбонаттар және басқа да тұздар шоғырланған толық дамымаған топырақт ар қалыптасқан. Осыған ұқсас ландшафт бірақ бұданда құрғақ және суық жағдай Антарктидада таралған.

Бұл аймақтарда бұғы шаруашылығы және аңшылық дамыған. Әлемнің жер қорын пайдалану және оны қорғау аса өзекті мәселелердің қатарына жатады. Орташа есеппен әд адам басына қажет азық-түлікеті өндіру үшін 0,3-0,5 гектер жер қажет.

Барлық әлем жер ресурстарының 4055 млн гектері (30,2%) ауыл шаруашылығы жерлері болып саналады. Оның 1,5 млд гектары (11,2%) жыртылған, егіншікте пайдалынады, ал қалаған жерлер шабындықтармен жал жайы\лымдары ретінде қолданылады. Қазіргі заманда дүние жүзі бойынша егіншілік жерлер ауданының 2,4-3,2 млд гектарға дейін көбейтуге мүмкіншілік бар болып есептелінеді.


Бақылау сұрақтары:

1 Дүние жүзіндегі жазық аумақ қандай белдеулерге бөлінеді?

2 Т роапикалық белдеуде қанда топырақтар таралған?

3 Субтропикалық белдеуде ең көп таралған топырақ типтерін атаңыз?

4 Суббореал белдеуде қандай топырақ таралған?

5 Суббореал белдеуінде егілетін негізгі дақыфлдарды атаңыз?


Әэебиет:

1, б. 319-331; 2,с. 670-701; 6, с.411-433; 7, с. 262-272.



Ұсынылған әдебиеттер тізімі
1 Тайжанов Ш.Т., Амралин А.О., Қошқаров Н.Б. Топырақтану және геология негіздері. Оқулық. – Астана: 2008. – 352б.

2 Почвоведение. Под ред. И.С. Кауричева. – М.: Агропроимиздат, 1989. - 719с.

3 Почвоведение с основами геологии. Под ред. В.П.Ковриго. – М.: КолосС,

4 Почвоведение. В 2 частях/Под ред. В.А.Ковды, Б.Г. Розанова. Часть 1. - М.: В.школа, 1988. – 400с.

5 Муха В.Д. и др. Агропочвоведение. – М.: Колос С, 2003. – 528с.

6 Добровольский Г. В., Урусевская И.С. География почв: Учебник. – Изд-во МГУ, Изд-во КолосС, 2004. – 460с.



7 Почвоведение. В 2 частях/Под ред. В.А.Ковды, Б.Г. Розанова. Часть 2. - М.: В.школа, 1988. – 368 с.



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет