Германияның құқық қорғау органдары шығыстағы Саксония штатында құны 2 миллиард еуроға жуық биткоинді тәркіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Reuters

Полицияның хабарлауынша, тергеу жалғасуда және ешқандай айып тағылмады.

Саксонияның мемлекеттік қылмыстық полиция басқармасы 50 мың биткоиннің тәркіленуі Германиядағы шулы оқиғаға айналуы мүмкін екенін айтты. Қазіргі бағам бойынша бұл 2,17 миллиард долларға немесе 972,5 миллиард теңгеге тең.

Полиция 2013 жылдың соңына дейін қарақшылық веб-сайтты жүргізді деген күдікке ілінген 40 және 37 жастағы екі ер адамды тергеп жатқанын айтты. Билік олардың биткоинді порталда тапқан ақшасына сатып алғанын айтады.

  • "Алаяқтар биткоин мен криптовалюта есебінен табыс табады": Маман электронды ақшаға абай болуға шақырды
  • Биткоин бағасы көтерілді

“Олардың тергеуі авторлық құқықпен қорғалған туындыларды рұқсатсыз сату және ақшаны жылыстату күдігімен байланысты .

Тәркілеу жұмысы "айыпталушы биткоиндерді Федералдық қылмыстық полиция басқармасының ресми әмиянына өз еркімен аударғаннан кейін басталды", — делінген полиция хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін Биткоин құны – бір монета үшін 18 мың долларға жуықтағанын жазған едік. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.