Төреқұлов оқуларының Үшінші халықаралық конференциясын өткізуді жоспарлап отыр



жүктеу 49.99 Kb.
Дата26.01.2019
өлшемі49.99 Kb.









Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті




Халықаралық қатынастар факультеті





Ақпараттық хат
Құрметті әріптестер!
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультеті 2018 жылдың 29 қараша күні тұңғыш қазақ дипломаты Нәзір Төреқұлұлының мерейтойына арналған Төреқұлов оқуларының Үшінші халықаралық конференциясын өткізуді жоспарлап отыр.

Конференцияның мақсаты дипломат, мемлекеттік және қоғамдық қайраткер әрі ғалым-шығыстанушы Нәзір Төреқұлов мұраларын тереңірек зерттеп зерделеу, сондай-ақ қазіргі заманғы халықаралық қатынастар мен Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының өзекті мәселелерін талқылау болып табылады.

Конференция жұмысына мемлекет және қоғам қайраткерлері, шетелдік дипломатиялық миссиялардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, ғалымдар, зерттеушілер, профессор-оқытушылар құрамы және білім алушылар қатысады.

Конференция келесі секциялар бойынша жұмыс жасамақ:



  1. Нәзір Төреқұловтың Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің қалыптасуына қосқан үлесі және қазіргі заманғы дипломатия;

  2. XXI ғ. халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері;

  3. Жаһандану дәуірінде сандық дипломатиясының рөлі;

  4. Халықаралық қатынастардың заманауи жүйесіндегі экономикалық дипломатия.

Конференцияның жұмыс тілі: қазақ, орыс, ағылшын.
Баяндамаларды конференция материалдары жинағына жария ету үшін 2018 жылдың 1 қарашасына дейін ұйымдастыру комитетінің электронды поштасына төмендегі құжаттарды қоса жіберу қажет:

  1. Үлгі бойынша толтырылған өтініш (үлгі қосымшада);

  2. Электронды нұсқада баяндама мәтіні (талаптар мен үлгі қосымшада);

  3. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ есеп-шотына 4 000 теңге көлемінде ұйымдастыру жарнасын аударғандығын куәландыратын төлем құжатының көшірмесі. Төлем құжатында «Үшінші халықаралық Төреқұлов оқулары конференциясына қатысу үшін» деп көрсетілуі қажет.



Банк реквизиттері


«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК

Кбе 16


БИН 010140003594

РНН 031400075610

Есеп шоты KZ91998BTB0000003104

БИК TSES KZ KA

«Цеснабанк» АҚ Бенефициар банкі    
Ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша іріктеліп алынған материалдар конференция жинағында жарияланады. Баяндамаларда ешқандай грамматикалық және стилистикалық қателіктер кездеспеу керек. Баяндамалар редакция тарапынан түзетілмейді.

Конференцияға қатысу шығындарын (келіп-кету, қонақ үй, тамақтану) қатысушы өзі төлейді.

Ұйымдастыру жарнасына конференция жұмысына қатысу, материалдың жинақта жариялануы және кофе-брейк енеді.
Мекен-жайы: 010000, Қазақстан Республикасы,  Астана қаласы, Сатпаев көшесі 2-үй, ЕҰУ оқу-әкімшілік (бас) ғимараты, 208 аудитория (Тұңғыш Президент аудиториясы)
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: 010000, Қазақстан Республикасы,  Астана қаласы, Сатпаев көшесі 2-үй, ЕҰУ оқу-әкімшілік (бас) ғимараты, Халықаралық қатынастар факультеті, 401 кабинет
Анықтама телефоны: 8 701 571 38 38 Сания Нурдавлетова

Халықаралық қатынастар кафедрасы – 31-447

email: saniyanm83@mail.ru

Конференция ұйымдастыру комитеті

Конференцияға қатысу өтініші

(барлық жолдар толтырылуы қажет; байланыс мәліметтерін толтыруда мұқият болыңыз)




Баяндамашының (қатысушы) аты-жөні




Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы




Жұмыс орны, қызметі




Баяндама формасы (тікелей қатысу)




Жұмыс орнының мекен-жайы




Байланыс телефондары




E-mail




Баяндама тақырыбы




Секция атауы




Қажетті техникалық құрал-жабдықтар




Қонақ үйде орын брондау қажеттілігі ИӘ/ЖОҚ




Қосымша ақпараттар






Баяндаманы рәсімдеуге қатысты техникалық талаптар


  • Материал кем дегенде 3 бет, көп дегенде 5 беттен аспауы керек. Сондай-ақ MS Word мәтіндік редакторында терілуі қажет;

  • Мақалада үш тілде (қазақ / орыс, ағылшын) кілт сөздер мен аңдатпа болуы қажет;

  • Суреттер jpg немесе gif форматында болу керек;

  • Парақ өлшемдері: сол жағы, оң жағы, жоғарғы және төменгі жағы – 2 см;

  • Шрифт: Times New Roman, кегль 12;

  • Интервал – 1;

  • Қызыл жол - 1,25 см;

  • Бет нөмірленбеу керек;

  • Мақала авторларының саны үштен аспауы қажет;

  • Келесі жолға ортасынан мақала тақырыбы бас әріптермен қалып шрифтімен жазылуы қажет;

  • Бір жол төмен мақала авторының (авторлар) аты-жөні жазылады;

  • Бір жол төмен ЖОО, мекеме және қала аты мен e-mail жазылады;

  • Бір жол тастап барып қызыл жолдан кілт сөздер жазылады (5-тен көп емес);

  • Бір жол тастап барып қызыл жолдан екі тілде аңдатпа жазылады (3-5 жол);

  • Бір жол тастап барып қызыл жолдан мақала мәтіні басталады;

  • Мақала соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі көрсетіледі.

Материалдар ұйымдастыру комитетінің электронды мекен-жайына қатысушының аты-жөні және файл атауы жазылып жіберілуі қажет.



Мақаланы немесе баяндаманы рәсімдеу үлгісі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Оразбаев А.О, Петрова Ю.Д.

( Л.Н. Гумилева атындағы ЕҰУ)
Кілт сөздер: сыртқы саясат, қазақстандық дипломатия, халықаралық лаңкестік
Түйін: Бұл мақалада… / Аннотация: В данной статье …

Abstract: Author considers…
Мақаланың негізгі мәтіні....
Әдебиеттер:

  1. Қалиев С., Молдабеков Ж.Ж., Иманбекова Б.І. Этнопедагогика. – Астана: Фолиант, 2007. – 400 б.

  2. Хантингтон С. Столкновение цивилизаций. – М.: ООО «Издательство АСТ», 2003. – 603 с.

  3. Шапиро И. Состояние демократической теории // Теория и практика демократии. Избранные тексты / пер. с англ. под ред. В.Л. Иноземцева, Б.Г. Капустина. – М.: Ладомир, 2006. – С. 129–131.

  4. Calfee, R. C., & Valencia, R. R. (1991). APA guide to preparing manuscripts for journal publication. Washington, DC: American Psychological Association.

  5. Jacoby, W. G. (1994). Public attitudes toward government spending. American Journal of Political Science, 38(2), 336-361.

Каталог: downloads -> materials2
downloads -> Хайдаров есқайрат ерболатұлы XX ғасырдың басындағы қазақ ұлттық-демократиялық жастар қозғалысы: тарих және тағылым
downloads -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты АҚпараттық хат павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
downloads -> Хабарландыру
downloads -> Ақпараттық хат құрметті әріптестер!
downloads -> akp_den_kz.doc [VІІ қысқы Азия ойындары]
materials2 -> Атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді. Конференция жұмысының негізгі бағыттары
materials2 -> Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция Құрметті әріптестер!
materials2 -> Өтінімдерді соңғы қабылдау уақыты – 2018 жылдың 25 қарашасы. «Студенттердің 100 үздік идеясы»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет