Торєай ќЎрылымдыќ – денудациялыќ їстелді жазыєындаєы ќазіргі бедер ќЎрушы процестер



жүктеу 79.48 Kb.
Дата11.07.2018
өлшемі79.48 Kb.

ӘОК 631.4(571.5)
ТОРҒАЙ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ – ДЕНУДАЦИЯЛЫҚ ҮСТЕЛДІ ЖАЗЫҒЫНДАҒЫ ҚАЗІРГІ БЕДЕР ҚҰРУШЫ ПРОЦЕСТЕР.
Қуандықова Э.Қ
ҚазМемҚызПУ. Алматы қаласы.
Торғай құрылымдық-денудациялық үстелді жазығы Торғай иінінің орталық және шығыс бөлігін алып жатыр. Батысында Орал Сырты ойпатымен, шығысында Қазақтың Ұсақ шоқысының беткейлерімен шектеседі. Ал, солтүстік шекарасы Солтүстік-Торғай жазығының жайпақ беткейлерінен және оңтүстік шекарасы Арал маңы жазықтарынан өтеді. Бұл аймақтың бедері мынадай генетикалық кешендерге бөлінеді – көлдік-аллювиальды, эолды, көлдік және эрозиялық-денудациялық, аңғарлық. /1/

Көлдік-аллювиальды бедер пішіні аймақтың 80-85%-ін алып жатыр және орта төрттік пен кейінгі төрттік уақыттарда бірінен соң бірі кезектесіп дамыған әртүрлі гипсометриялық деңгейлерде орналасқан екі генетикалық біртекті, әлсіз толқынды және көлдік-аллювиальды жазықтармен көрінеді. Әлсіз толқынды жазықтар едәуір биік жерлерді, ал екіншісі территорияның орталық бөліктерін алып жатыр. Олар көл тәрізді төмендеулермен, сорлармен, ежелгі гидрографиялық торлардың қалдықтары болып табылатын тар, сызықты пішіндермен күрделенген. Бұларға ұлы-Жыланшық өзенінің ежелгі кеуіп кеткен Тентексай, Ақбасты және т. б. құрғақ арналары жатады.

Эолдық бедер типіне Торғай өзенінің ежелгі аңғарлардағы жоғарғы төрттік аллювий жыныстарында дамыған дөңді-ұяшықты горизонтальды жазықтар кіреді.

Көлдік пішіндерге Ащыкөл, Соркөл, Қарасор, Ақкөл және Жаманкөл көлдерінің қазаншұңқырлары жатады. Эрозиялық-денудациялық бедер, тілімдену деңгейлері және генезисі мен жасы бойынша әртүрлі беткейлерді біріктіреді.

Аңғарлы бедер кешені қазіргі аңғарлардағы жайылмаларды, террасаларды біріктіреді. Торғай өзенінің қазіргі аңғарының ұзындығы 80-100 м-ге, тереңдігі 8-10 м-ге жетеді. Торғай өзені толығымен Торғай үстелді жазығының аймағына кіреді. Өзен Қараторғай және Жалдама өзендерінің қосылуынан пайда болады. Қараторғай өзені және олардың салалары Сарыторғай мен Сабасалды-Торғай, Ұлытау тауының батыс беткейлерінен басталып осы жерге тән қатты ағысты және 0,5-1,5 км-ге терең аңғарлармен тілімделген тау өзені болып табылады. /2/

Қарастырылып отырған аймақта климаттық, геологиялық-геоморфологиялық және антропогенді жағдайларына қарай келесі процестер белсенді жүріп отырады: эолды-аккумуклятивті, дефляциялық, суффозиялық, беттік шайылу, шөгу процестері. (№1кестені қараңыз)

Орталық Торғай қабатты жазықтарының суайрықтық бөліктерінде беттік шайылу процестері, шөгу және дефляция қарқынды өтеді. Беттік шайылу мен ұсақ ағынды шайылымдардың дамуына жер бетіне жақын орналасқан, суды аз өткізетін саздақтар мен саздар және грунттардың жоғарғы қабаттарындағы өзара байланыстылықты жоятын физикалық үгілу, сонымен қатар, өсімдік жамылғысының кедейлігі қолайлы жағдай жасайды. Бұл процестердің бедер құрудағы ролі, қар еру маусымында аз жаңбырлы уақыттарда артады. Тасымалданған ұсақ дәнді материалдар бедердің төмендеген жерлерінде аккумуляцияға ұшырайды.

№1 кесте







Аудан мен бедер типі

Экзогенді бедер құрушы процестер

Қолайлы табиғи және табиғи - антропогендік жағдай

Қарқынды

әлсіз

1

2

3

4

5

1

2
3


4

Орталық Торғай қабатты жазықтары

Орталық Торғай баспалдақты жазықтары

Оңтүстік Торғай аккумулятивті жазықтары

Торғай қолатының түбі мен Торғай өзенінің жайылмасы



Беттік шайылу, ұсақ ағынды шайылу, дефляция

Дефляция

Эолды-аккумулятивті, сорлы-дефляциялық, суффозиялық және дефляциялық

Батпақтану, тұздану және шөгу процестері


Шөгу, суффозия

Тақырлану, сызықтық эрозия, суқоймалардың батпақтануы және пролювиальды аккумуляция

Дефляция, беттік шайылу, сызықтық эрозия, эолды аккумуляция-

ның батпатануы.



Шөгу процестерінің жүруіне суайрықтық леесті, саздақты жерлер әсер етеді және суффозияның қалыптасуына карбонатталған саздақты қабат-тардың болуы және антропогендік жасанды дренаждардың әсері.

Беттік шөгінділердің шаңдылығы (майда саздақтардың басымдылығы) және өсімдік жамылғысының сиректілігі әсер етеді.

Жер асты суларының және шаған свитасының монт-мориллинитті саздарының деңгейлерінің жер бетіне жақын орналасуы
Құмды топырақтар жыл сайынғы жер жырту кезінде жалаңаш құмдарға айналды. Жыртылған беткейлерде, еріген ағын сулардың нәтижесінде алқап аралық атыздардың бойында сызықтық эрозия қарқынды дамыды.

Торғай ойпатының, суайрықтық жазықтарының беттік шөгінділерінің қалыптасуы, шөгу процестерімен және суффозиямен қатар жүреді. Шөгу процестері суайрықтық лессті саздақты жерлерге тән. Суффозия карбонатталған саздақты қабаттарда кездеседі /3/. Олар табиғи және жасанды дренаждарда белсенді жүреді. Нәтижесінде дала табақшалары мен тереңдігі 0,3-тен 2 м-ге дейін және диаметрі он немесе жүз метрге дейінгі шөкпе ойыстар, сондай-ақ жиі шұңқырлар түзіледі.

Орталық Торғай баспалдақты жазықтарындағы дефляциялық процестердің дамуына белсенді жел әрекеті (желдің жылы уақыттағы орташа айлық жылдамдығы 4-5 м/с, жылдамдығы 15 м/с болатын қатты желдер 30 күннің 10 күніне келеді), беттік шөгінділердің шаңдылығы және өсімдік жамылғысының сиректілігі әсер етеді. Бедерде теріс (табақ тәрізді төмендеулер, жайпақ беткейлі атыздар) және оң (табиғи бөгендерге жақын микропішіндер) пішіндер қалыптасады.

Оңтүстік Торғайдың аккумулятивті жазықтарындағы қазіргі басты бедер құрушы процестерге эолды-аккумулятивті, сорлы-дефляциялық, суффозиялық және дефляциялық процестер жатады. Даму жағдайлары мен қарқындылығына байланысты олар, суайрықтық жазықтардағы процестерге ұқсас болып келеді, айырмашылығы субстраттың өзгеруінде. Тұзды дефляциялық процестер, сорлы-дефляциялық (Тентексор және т.б.) және ірі сорлы-дефляциялық қазаншұңқырлар (Ащытастысор, Шалқартеңіз және т.б.) дамыған Торғай-Ұлы-Жыланшық өзенаралықтарында кездеседі. Дефляция процестерінен болатын тереңделулер салыстырмалы түрде жақын орналасқан грунтты сулардың немесе бұзылу процестері тоқтаған шаған свитасының монтмориллинитті саздарының деңгейлеріне жеткенше жалғаса береді. Көлдік-аллювиальды шөгінділердің өңделуіне байланысты эолды-аккумулятивті процестер кішігірім құмды алабтарды қалыптастырған. Сондай-ақ, Торғайдың аккумулятивтік және денудациялық жазықтарында тақырлану, сызықтық эрозия, суқоймалардың батпақтануы және пролювиальды аккумуляция процестері кеңінен дамыған.

Қабатты жазықтардың, көпқабатты бедерлерінің және аңғарлар мен қазаншұңқырлардың беткейлерінде, сонымен қатар, көлдер және өзендер террасаларының кемерлерінде сызықтық және беттік шайылымдық эрозиялық процестер, опырылмалар, сырғымалар қарқынды жүреді. /3/ Жыратүзілу басты қарқынды жүретін процесс болып табылады. Оның қарқынды дамуына біршама көтерілімдер мен еңістер, жанасып жатқан жыныстардың жақсы шайылымдығы және топырақ-өсімдік жамылғысының кедейлігі, сондай-ақ, көктемдегі қар ерулер мен жаздық жауын-шашынның молдығы әсер етеді. Жыралық эрозияға, көбіне төрттік делювиальды-пролювиальды жеңіл саздақтар мен құмдақтар, аллювиальды, аллювиальды-көлдік және аллювиальды-атыраулық, құмдар, құмдақтар, саздақтар, сонымен қатар, жоғарғы олигоценнің құмдары мен құмайттары және төртікке дейінгі кезеңдердің сазды тұнбалары ұшыраған (Позднышева Д.П.). Орталық Торғайда Е.В. Козлованың (1976) мәліметтері бойынша, жыралық эрозияның жылдамдығы 3-10 м/ж, ал Оңтүстік Торғайда ол 2-5 м/ж төмендейді. Жыратүзілу процесі жаңа көтерілімдерде (Үлқаяқ, Түлкісай және Жаманқарсақпайда) жоғарылайды, сонымен қатар, Ащытасты, Қабырға өзендерінің беткейлерінде анық көрінеді.

Жыралар, антропогендік факторлардың әсерінен бұзылған жерлерде, яғни, бөгеттер мен жолдардың бойында, суқоймалардың беткейлері мен жасанды мойнақтарында карьерлердің қабырғаларында және жыртылған жерлердегі атыздарда белсенді дамиды. Бірнеше жылдардың ішінде олар, терең, тарамдалған жүйелерге айналып, жарамды жерлердің біраз бөлігін құртады. Д.П. Позднышеаның мәліметтері бойынша, /4/ Ақшығанақ ауылында 12 жыл (1973-1985 жж) ішінде жыралардың ұзындығы 100-150 м-ден 500 м-ге дейін өсті, аумағы 2,5 шаршы шақырым жер жарамсыз болып қалды. Жабысай өзенінің аңғарында, жыралық эрозия, төселме жолдардың кюветтерінің бойымен ұзындығы 1800 м, ені 2,5-3 м жыра қалыптастырған. Жыралық эрозия жасанды, кішігірім селдерден (жыралық тілімденулер мен сырғымалар) ірі пішіндердің (мысалы, Торғай ауылының маңайындағы тереңдігі 17 м шұңқырлар) қалыптасуына жағдай жасайды.

Антропогендік әрекеттер дефляция, беттік шайылу, сызықтық эрозия, тұздану, эолды аккумуляцияның батпақтануы және т.б. процестердің дамуына қолайлы жағдай жасайды. Тың игеру жылдарында суайрықтық жазықтар мен беткейлердің көп бөлігін жырту кезіңде дефляциялық процестерді, әсіресе, жеңіл құмды және құмдақты топырақтардағы дефляцияны күшейтті.

Шаңды дауылдардың нәтижесінде егісті жерлер 3-5 м-ге тереңделіп, сондай-ақ, топырақтардың беткі құнарлы қабаты 10-18 см-ге желмен ұшып кетті. /4/ Құмды топырақтар жыл сайынғы жер жырту кезіңде 4-5 жылдың ішінде жалаңаш құмдарға айналды. Жер жырту технологиясының өзгеруіне және дұрыс ауыспалы егістің енгізілуіне байланысты дефляция процестерінің қарқындылығы азайды. Тыңайтқыштар себу мен қайтадан шөгу процестері, беттік шайылымдар арқылы бедерлердің төмен аймақтарын тұздануға және ластануға әкеліп соқты. Жыртылған беткейлерде, еріген ағын сулардың нәтижесінде, алқап аралық атыздардың бойында эрозияның сызықтық түрлері дамиды. Жыралық шайылымдарға, барлық беткей маңының бойында орналасқан Торғай, Шилі, Юбилейный, Ақшығанақ және т.б. елді-мекендер ұшыраған. Эрозия ауыл шаруашылығына жарамды жерлерді бұзып, транспорттық жолдарды және суқоймалардың бөгеттерін істен шығарады. Гидрогеологтардың мәліметтері бойынша жыралардың орташа жылдық өсімі Ақшығанақ ауылында 1,5-2 м-ге жетті. /4/



Сонымен, бұл территорияның басты бедер құрушы процестеріне эолды-аккумулятивті, суффозиялық, дефляциялық шөгу және беттік шайылу, жыра түзілу жатады.
Қолданылған әдебиеттер


  1. Рельеф Казахстана // Пояснительная записка к геоморфологической карте Казахской ССР масштаба 1:1 500 000. Часть 2. Алма-Ата, 1991 . -68-85 с.

  2. Воскресенский С.С. Геоморфология СССР. М.: МГУ, 1972. –176-179 с.

  3. Құсайынов С.А. Жалпы геоморфология. Алматы,2004. -106 б .

  4. Позднышева Д.П. Геологические и антропогенные факторы геоморфогенеза, результаты их взаимодействия и прогноз возбужденных процессов (на примере Арало-Тургайского региона) // Автореф. докт. дис. Алматы, 1994. –276c.

  5. Сваричевская З.А. Геоморфология Казахстана и Средней Азии. Л.: 1965. –234-240 c.



Резюме


Статье охарактеризовано влеяние рельефообразующих процессов и антропогенное воздействие на рельеф Тургайской столовой равнины.
Түйіндеме

Мақалада Торғай үстелді жазығындағы қазіргі бедер түзуші процестер мен антропогендік әрекеттердің бедерге әсер ету күші анықталған.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет