Төтенше жағдайлар министрінің 013 жылғы мамырдағы №181

жүктеу 38.7 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі38.7 Kb.

«Төтенше жағдайлар саласындағы

басшы құрам мен мамандарды

даярлаудың үлгі бағдарламаларын

бекіту туралы» Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2013 жылғы 2 мамырдағы № 181

бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 7043 тапсырмасын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:

1. «Төтенше жағдайлар саласындағы басшы құрам мен мамандарды даярлаудың үлгі бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2013 жылғы 2 мамырдағы № 181бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8490 тіркелген; «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 23 қазандағы № 237 (28176) жарияланған) мына өзгерістер енгізілсін:

аталған бұйрыққа 1-қосымшада:

екінші тарауда:

елу үшінші абзац мына редакцияда жазылсын:

«Күнделікті әзірлік кезінде, бейбіт уақытта төтенше жағдай қатері туындаған кезде, азаматтық қорғанысты соғыс жағдайына көшірген кездегі басшы құрамның функционалдық міндеттері. ТЖК төрағасының міндеттері. Қысылтаяң жағдайлар туралы халық пен ұйымдарды хабардар етуді ұйымдастыру. Жағдайды бағалау, шешім қабылдау. Құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге тартылатын күштер мен құралдар топтамаларының құрамын, санын айқындау. Зілзалалар, апаттар, авариялар ауданында жұмыстарды орындауға тартылатын күштер мен құралдарды басқаруды ұйымдастыру. Халықты қауіпсіз орынға алып шығу (әкету) және оны орналастыру. Негізгі басшылыққа алынатын және нормативтік құжаттар.»;

алпысыншы абзац мына редакцияда жазылсын:

«Төтенше жағдайлар туралы түсінік, төтенше жағдайлар салдарын жою; Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мемлекеттік жүйесінің мақсаты; төтенше жағдайларды жоюдың уақытша кезеңдері және төтенше жағдайларды жою жөніндегі негізгі іс-шаралар; төтенше жағдайлар, төтенше жағдайларды жойған кездегі оның мәні мен рөлі. Төтенше жағдайлардың салдарын жоюға шешім қабылдаған кездегі басшы құрамның іс-әрекет алгоритмі.»;

жетпіс бесінші абзацы мына редакцияда жазылсын:

«Терроризмді айқындау («Терроризммен күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңынан – Қазақстан Республикасындағы күрес мақсаттары, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстің 232-бабынан үзінділер), жарылғыш құралға ұқсайтын затты тапқан кездегі іс-қимыл, күдікті пошталық (аудару) жіберу алған кездегі іс-әрекет, телефон арқылы қатер төндіргендегі іс-қимыл, террорлық актілерді өткізу тәсілдері, террорлық актілерді жасау объектілері, террорлық актілер кезінде пайдаланатын құралдар, террористер басып алған кезде кепілдікке алған адамдардың іс-әрекеті.»;

аталған бұйрыққа 2-қосымшада:

2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

       2) осы бұйрықты белгіленген тәртіпте ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының

Төтенше жағдайлар вице-министрі В.В. Петровқа жүктелсін.

  1. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Төтенше жағдайлар

министрі В. Божко

Каталог: images -> stories -> 2014 -> fevral
2014 -> Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шаралары көлемі мен мазмұны жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы «Азаматтық қорғау туралы»
2014 -> Ішкі қыздыру беттерінен және турбинаның ағу бөлігінен шөгінділерді химиялық талдау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар
2014 -> Азаматтық қорғаныс мүлкін сақтау, есепке алу, есептен шығару және кәдеге жарату қағидаларын бекіту туралы «Азаматтық қорғау туралы»
2014 -> Премии главы города получили
2014 -> Жару жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидалары Осы Жару жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы»

Достарыңызбен бөлісу:

©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет