Жұмыс іздеу бойынша Қазақстанда және ТМД елдеріндегі жетекші орын алатын HeadHunter (hh.kz) платформасы Қазақстанның еңбек нарығы бойынша 2023 жылдың қорытындысын шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

HeadHunter таратқан ақпаратқа сүйенсек, 2023 жылы жұмыс берушілер әртүрлі салалар бойынша hh.kz сайтында жарты миллионнан астам бос жұмыс орнын жариялаған. Өткен жылмен салыстырғанда ұсыныстар саны +28% артқан.
Ұсыныстардың көпшілігі (94%) толық уақытты жұмыс күнін қамтиды ал қашықтан жұмыс істеу туралы ұсыныстар бос жұмыс орындарының тек 3%-ында айтылған.

“Ең көп бос орындарды мына саладағы компаниялар орналастырған: бөлшек сауда (14%) бос жұмыс орындарының жалпы саны), тұтыну тауарлары (азық-түлік емес) (9%), құрылыс және жылжымайтын мүлік (8%), азық-түлік (6%) және қаржы секторы(5,5%)”, –делінген мәліметте.

Ұсыныстар ең көп шоғырланған қалалар мыналар: Алматы (42%), Астана (21%), Қарағанды ​​(5%), Шымкент (4%) және Өскемен (2,5%) қалалары.

Сонымен қоса бос жұмыс орындарының 2%-да (шамамен 10 мың ұсыныс) жұмыс берушілер мүмкіндігі шектеулі адамдарға жұмыс ұсынған.

Компания 2023 жылы ұсынылған орташа жалақы 223 792 теңгені құрағанын атап өтеді. 1 миллион теңгеден басталатын жалақысы бар жұмыс орындар 3,5%-ын құраған.

2023 жылдың ең қымбат жұмыс орындары:

— Алматы қаласы бойынша кадр және стратегиялық даму департаментінің директоры. Ұсынылған жалақы мөлшері 3 миллион теңгеден 5 миллион теңгеге дейін (салықтан бөлек).

  • Қазақстанда әрбір үшінші азамат жалақысын алғанға дейін күнелту үшін несие алады
  • Қазақстанда ең көп жалақы алатын маман иелері белгілі болды

— Астанада орналасқанTeam Lead Backend Developer. Ұсынылған жалақы мөлшері 10 000 доллар немесе шамамен 4,5 млн теңге (таза қолға тиетіні).

— Астанадағы басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасар. Ұсынылған жалақы мөлшері  8 750 доллар немесе шамамен 4 миллион теңге (салықтан бөлек).

— Алматыдағы ірі зауыттың директоры. Ұсынылған жалақы мөлшері 4 000 доллардан 8 000 долларға дейін (салықтан бөлек).

— Астанадағы Lead AI Data Scientist. Ұсынылған жалақы мөлшері 8 000 доллар немесе шамамен 3,5 миллион теңге (салықтан бөлек).

2023 жылы бір жарым миллионға жуық қазақстандық hh.kz сайтынан жұмыс іздеген. Компания бұл көрсеткіштің өткен жылмен салыстырғанда 53%-ға өскенін атап өтеді.

Қай мамандар көп жұмыс іздеген?

Түйіндемелер санының өсу қарқыны бойынша кәсіптік бағыттарда бөлшек сауда, туризм және мейрамхана өкілдері көп жұмыс іздеген. Ал шикізат өндіру, дайындау және сақтандыру саласының өкілдері аз белсенділік танытқан.

2023 жылы ең көп сұранысқа ие болған мамандар

— Сату менеджері, тұтынушыларға қызмет көрсету жөніндегі менеджер (барлық бос орындардың 10% тең)

— Бухгалтер (7%)

— Сату бойынша кеңесші, сатушы кассир (5%)

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда қандай мамандарға айына 1 миллион теңгеге жуық жалақы берілетіні белгілі болған.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.