«Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол – құрылыс машиналары мен механизмдер



жүктеу 70.56 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі70.56 Kb.
түріРегламент

«Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол – құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті

Ақмола облысы әкімдігінің


2015 жылғы 23 қыркүйектегі
№ А-10/446 қаулысымен  
бекітілді       

«Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол – құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол – құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Ақмола облысының облыстық маңызы бар аудандардың және қалалардың ауыл шаруашылығы бөлімдерімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.


      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) «электрондық үкімет» веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі - Портал) арқылы жүргізіледі.
      2. Мемлекеттік қызметтің көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандарылған ) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – тракторлар және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдер, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмiрлiк белгi беру.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісінде қызмет берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) іс-әрекетінің тәртiбiн сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету рәсімнің (іс-қимылды) басталу үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-3/421 бұйрығымен бекітілген «Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол – құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде құжаттарды ұсынуы болып табылады.


      5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, оларды орындаудың ұзақтығы:
      1) кеңсе маманы тіркеуді жүзеге асырады және құжаттарды басшылыққа бұрыштама қоюға жолдайды – 30 минут;
      2) басшы құжаттарды қарайды және инженер-инспекторға орындау үшін жолдайды – 30 минут;
      3) инженер-инспектор:
      «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы» мемлекеттік ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ) ұсынылған құжаттарды тіркейді және өтініште көрсетілген мәліметтерге сәйкестілігіне ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, өтінішті әрі қарай қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды – 1 сағат;
      машинаны (зауттық нөмірлерін, нөмірлік агрегаттары мен нөмір белгілерін машинаға берілген құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкестілігін қарап тексереді – 14 күнтізбелік күні;
      машина туралы мәліметтерді электрондық тізбегіне енгізу – 30 минут;
      техникалық жөнді машиналарға тиісті түрдегі техникалық төлқұжаттары мен нөмір белгілері жазып беріледі, машиналарды тіркеу кітабына тиісті жазу енгізіледі және тиісті тіркеу бекетінің инженер – инспекторының қолы қойылып мөрі басылады – 30 минут;
      берілген рұқсаттама туралы мәліметті «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-не енгізеді – 30 минут;
      4) кеңсе маманы тракторлардын және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол – құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналардың тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмір белгісін береді – 30 минут.
      6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:
      1) құжаттарды қабылдау;
      2) бұрыштама қойып инженер-инспекторға жолдайды;
      3) «Е-лицензиялау» МДБ АЖ арқылы құжаттарды тіркеу және ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, өтінішті әрі қарай қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды;
      машинаны байқау;
      электрондық тізбекке мәлімет енгізу;
      тиісті түрдегі техникалық төлқұжаттары мен нөмір белгілері толтырылады, машиналарды тіркеу кітабына тиісті жазу енгізіледі қол қойылып мөр басылады;
      берілген мәліметті «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-не енгізеді;
      4) тіркеу құжаттары (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмір белгісі беріледі.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерінің) өзара әрекет ету тәртібінің сипаттамасы

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:


      1) кеңсе маманы;
      2) басшы;
      3) инженер-инспектор.
      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылдың кезеңділігін сипаттау:
      1) кеңсе маманы тіркеуді жүзеге асырады және құжаттарды басшылыққа бұрыштама қоюға жолдайды – 30 минут;
      2) басшы құжаттарды қарайды және инженер-инспекторға орындау үшін жолдайды – 30 минут;
      3) инженер-инспектор:
      «Е-лицензиялау» МДБ АЖ ұсынылған құжаттарды тіркейді және өтініште көрсетілген мәліметтерге сәйкестілігіне ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, өтінішті әрі қарай қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды – 1 сағат;
      машинаны (зауттық нөмірлерін, нөмірлік агрегаттары мен нөмір белгілерін машинаға берілген құжаттарда көрсетілген мәліметтерге сәйкестілігін қарап тексереді – 14 күнтізбелік күні;
      машина туралы мәліметтерді электрондық тізбегіне енгізу – 30 минут;
      техникалық жөнді машиналарға тиісті түрдегі техникалық төлқұжаттары мен нөмір белгілері жазып беріледі, машиналарды тіркеу кітабына тиісті жазу енгізіледі және тиісті тіркеу бекетінің инженер – инспекторының қолы қойылып мөрі басылады – 30 минут;
      берілген рұқсаттама туралы мәліметті «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-не енгізеді – 30 минут;
      4) кеңсе маманы тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол – құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналардың тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмір белгісін береді – 30 минут.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      9. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы рәсімдерінің (әрекеттерінің) кезеңділігін және өтініш білдіру тәртібін сипаттау:


      көрсетілетін қызметті алушы Порталда жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) және бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), сондай-ақ пароль арқылы тіркеуді іске асырады (Порталда тіркелмеген қызмет алушылар үшін іске асырылады);
      1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет алушының Порталда ЖСН/БСН және паролін енгізу үдерісі (авторизация үдерісі). 1-шарт – Порталда ЖСН/БСН және пароль арқылы тіркелген қызмет алушы туралы деректердің төлтумалылығын тексеру;
      2-процесс – Порталдың көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бар бұзушылықтармен байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыруы;
      3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдап алуы, қызмет көрсету үшін сауал түрін экранға шығару және құрылымдық пен форматтық талаптарын ескере отырып, сауал түріне электрондық түрдегі Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды бекітумен қызмет алушының үлгілерді толтыруы (деректерді енгізу), сондай-ақ сауалды куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық-цифрлық қолтаңбасының (бұдан әрі – ЭЦҚ) тіркеу куәлігін таңдап алуы. 2-шарт – Порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданыс мерзімін және қайта шақыртып алынған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқ екендігін, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің (сауалда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасында) сәйкестігін тексеру;
      4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ төлтумалылығының расталмауына байланысты сұратып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
      5-процесс – «электрондық үкіметтің» төлемдік шлюзінде (бұдан әрі – ЭТҮШ) көрсетілетін қызмет үшін төлеу және бұл ақпарат «Е-лицензиялау» МДБ АЖ жолдау немесе электрондық (сканерленген) түрде түбіртекті қосу. 3-шарт - «Е-лицензиялау» МДБ АЖ көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызмет үшін төлеуін тексеру;
      6-процесс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ көрсетілетін қызмет үшін төлімі болмағанына байланысты, сұратып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      7-процесс – көрсетілетін қызметті алушының сауалын көрсетілетін қызмет берушімен өңдеу үшін «электрондық үкіметтің» автоматтандырылған жұмыс орнында «Е-лицензиялау» МДБ арқылы қол қойылған электрондық құжатты (қызметті алушының сауалы) жолдау;
      8-процесс – осы регламенттің 5-тармағымен қарастырылған көрсетілетін қызметті берушінің әрекет ету (іс қимылдың) шарасы;
      9-процесс – көрсетілетін қызметті алушымен «Е-лицензиялау» МДБ қалыптастырған көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу. Электрондық құжат инженер-инспектордың ЭЦҚ-сын пайдаланумен қалыптастырылады.
      10. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара әрекет етуінің диаграммасы осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) рәсімдерінің (әрекеттерінің) кезеңділігін, сондай-ақ өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара әрекет етуінің тәртібін және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін нақтылы сипаттау осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілді.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет