Футболдан Қазақстан құрамасы Армения құрамасымен жолдастық ойын өткізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: kff.kz

Қазақстан футбол федерациясы мен Армения футбол федерациясы өзара жолдастық кездесу өткізу туралы келісімге келді. Қос құрама арасындағы ойын 7 маусым күні, Еревандағы "Вазген Саркисян" атындағы стадионда өтеді.

Қазақстан мен Армения құрамасы бұған дейін 7 рет кездесіп, 4 рет армяндар жеңіске жетсе, 2 рет Қазақстан жеңген еді. Ал бір ойын тең аяқталды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде 98-орында тұрса, Армения 93-орынға жайғасқан.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.