Еркін күрестен тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан Қырғызстанда өтетін Азия чемпионатында сынға түседі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Олимпиада комитеті

Ризабек Айтмұхан Қырғызстандағы лицензиялық турнирмен тұспа-тұс өтетін Азия чемпионатында бақ сынайды. 92 келі салмақта әлем чемпионы атанған балуан биыл жаңа салмаққа ауысып, ел біріншілігінде 97 келіде күміс жүлдегер атанған. Сөйтіп лицензиялық турнирге жолдама ала алмаған Ризабек Айтмұхан енді 11-16 сәуір аралығында өтетін құрлықтық додада белдеседі. 

Айта кетейік, Ризабек Айтмұқан жаңа салмақтағы алғашқы халықаралық турнирін Түркиядағы Яшар Догу және Вехби Эмре халықаралық турнирінде өткізіп, қола жүлдегер атанған болатын. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.