Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы



жүктеу 224.36 Kb.
Дата30.04.2019
өлшемі224.36 Kb.

Источник: ИС ПАРАГРАФ, 12.07.2012 10:55:16
Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 қазандағы № 614 Бұйрығы

 

«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесі бекітілсін (бұдан әрі - Әдістеме).

2. Жергілікті атқарушы органдар жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтерін қалыптастыру кезінде Әдістеме ережелерін басшылыққа алсын.

3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль және су көлігі департаменті (Б.А.Жансүгіров) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.



4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ж.Дүйсебаевқа жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

Б. Камалиев

 

Қазақстан Республикасы Көлік



және коммуникация министрінің

2011 жылғы 13 қазандағы

614 бұйрығымен



бекітілген

 

 

Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу

әдістемесi

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 13-бабының 17) тармақшасына сәйкес әзірленген және жолаушыларды және багажды қалааралық облысішілік және облысаралық, қалалық, қала маңындағы және елді мекендерді (кенттерді, ауылдарды, селоларды) аудан немесе облыс орталықтарымен, республикалық маңызы бар қалалармен (астанамен) қосатын автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтерін есептеудің бірыңғай әдістемелік негізін қамтамасыз етуге арналған.

2. Әдістеме рұқсат құжаттарына сәйкес тұрақты республикаішілік автомобиль тасымалдарына (бұдан әрі - тасымалдаушылар) қызмет көрсететін барлық жеке және заңды тұлғалар үшін меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.

3. Жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық тұрақты тасымалдауға тарифтермен байланысты құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған Жолаушылар мен жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдау туралы 2000 жылғы 22 ақпандағы № 38 конвенциямен (бұдан әрі - Конвенция), сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен реттеледі.

Жолаушылар мен багажды автомобильмен халықаралық тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру кезінде Конвенцияға немесе халықаралық шарттарға қатысушы мемлекеттердің тасымалдаушылары арасында жасалатын бірлескен қызмет туралы шарт негіз болып табылады, онда мемлекеттердің автомобиль көлігі саласындағы тиісті уәкілетті органдарымен алдын-ала келісілген тарифтер және қозғалыс кестесі анықталады.

 

 

2. Тұрақты маршруттарда жолаушылардың жол жүру және багажды тасымалдау құнын белгілеу тәртібі



 

4. Жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауды ұйымдастыру шеңберінде жол жүрудің құнын мынадай жергілікті атқарушы органдар белгілейді:

1) жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты қалааралық облысаралық, ауданаралық (қалааралық облысішілік) маршруттар, ал республикалық маңызы бар қалаларда, астанада қалалық және қала маңындағы жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау маршруттары бойынша - облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары;

2) жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тасымалдау маршруттары бойынша - аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары.

5. Тасымалдаушылар осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтерін қалыптастырудың экономикалық-математикалық моделіне сәйкес қызмет көрсетілетін маршруттар бойынша жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыруға өздерінің есептік тарифтерін есептейді.

6. Тасымалдаушылардың есептік тарифтері мен олардың есептеулерін тексеруден кейін Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтерін қалыптастырудың экономикалық-математикалық моделіне сәйкес (жолаушылардың жекелеген санаттары үшін қолданыстағы жеңілдіктерді есепке алмай) ведомстволық бағыныстағы маршруттар шеңберінде олардың өңірлік бағдарлануын ескере отырып, орташаланған тарифтер белгіленеді.

7. Қалалық маршруттарда жолаушылардың жол жүру құны бес теңгеге еселік сомаға дейін математикалық дөңгелектеумен орташаланған тарифті негізге ала отырып, осы қаланың барлық маршруттары үшін бірыңғай және жолаушылардың жекелеген санаттары үшін қолданыстағы жеңілдіктерді ескерусіз белгіленеді.

8. Орташаланған тарифтер және қала маңындағы (жеке елді мекендерге бағдарлануына байланысты), облысаралық, облысішілік және ауданішілік маршруттарға арналған тиісті қозғалыс кестесі бойынша аялдау пункттерінің арасындағы арақашықтық негізінде ведомстволық бағынысты маршруттардың аялдау пункттерінің арасындағы, оның ішінде маршруттағы екінші кезектегі аялдау пункттерінің арасындағы жолаушылардың жол жүру құны белгіленеді (тарифтік кестені әзірлейді).

9. Тұрақты маршруттарда багажды тасымалдау құны тұрақты маршруттарда жолаушылардың жол жүру құнына багажда тасымалдау құнының еселік коэффициенттерін негізге ала отырып, осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес белгіленеді.

10. Тұрақты маршруттарда жолаушылардың жол жүру құны мынадай жағдайларда:

1) оларға байланыссыз баға факторлары бойынша (отын және жағармай материалдарының, автошиналардың, аккумуляторлар мен қосалқы бөлшектердің бөлшек бағасының қымбаттауы) тасымалдаушылардың нақты шығыны 10 %-дан артық өзгерген кезде;

2) тараптар келіскен маршрут сипаттамаларымен салыстырғанда кірістердің 15 %-дан артық төмендеуіне әкелген жол жамылғысының, ауа-райының нашарлауы сияқты тасымалдау шарттарының тасымалдаушылар үшін қолайсыз өзгерулері кезінде түзетіледі.

11. Жаңадан ашылған тұрақты маршруттарда жолаушылардың жол жүру және багажды тасымалдау құны тасымалдаушылармен тиісті Шартты жасасу күніндегі қолданыстағы орташаланған тарифті негізге ала отырып белгіленеді.



 

Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар



мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет

көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесіне

1-қосымша

 

 

Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифтерін қалыптастырудың экономикалық-математикалық моделі

 

 

1. Есептік және орташаланған тарифтерді белгілеу тәртібі

 

1. Тұрақты маршруттардың барлық түрлерінің автобустарында (шағын автобустарында) жол жүру тарифтерін негіздеу бойынша есептеу технологиясының әдістемелік біркелкілігін қамтамасыз ету мақсатында, бұл есептеулер біріздендірілген мынадай түрдегі экономикалық-математикалық модельдерді пайдалану арқылы орындалады:

 

            (1) формула

 

мұндағы: Тр - осы маршрут үшін есептік тариф;

ΣЗі - 5-тармақта белгіленген тәртіппен есептелінетін шығыстардың барлық і-баптары бойынша (Отын, Жағармай материалдары, Автобустарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету, Автошиналарды ауыстыру және жөндеу, Автобустардың амортизациясы, Жүргізушілер мен кондукторлардың еңбек ақысы, Үстеме шығыстар) осы маршрутқа қызмет көрсетуге арналған тасымалдаушының нормативтік (есептік) шығындарының жалпы жылдық сомасы;

КҚҚС - қосылған құн салығын (бұдан әрі - ҚҚС) төлеу үшін кірістің пайда болуын ескеретін коэффициент;

КР - осы маршрутқа қызмет көрсету бойынша тасымалдаушы шығындарына есептік рентабельділігі коэффициенті (1,25-тен 1,25-ке дейінгі шекте қолданылады, яғни, әдетте 15-25%);

КА - автовокзалдардың қызметін ескеретін коэффициенті (қалалық маршруттардың тасымалдаушылары автовокзалдардың қызметін қолданбайтындықтан, қалалық маршруттарға КА = 1,0);

L - маршрут сипаттамасының көрсеткіші мен автобустардың қозғалыс кестесіне сәйкес осы маршруттағы автобустардың жылдық жүрісі;

q - автобустың паспорттық жолаушылар сыйымдылығы (қалалық және қала маңындағы маршруттар үшін - жинақтаушы алаңының нормативтік толықтырылуын ескере отырып жалпы сыйымдылығы, ерекше кіші кластағы автобустар үшін (шағын автобустар) - отыруға арналған орындар бойынша сыйымдылығы, қалааралық маршруттар үшін - отыруға арналған орындар бойынша сыйымдылығы);

y - автобустың жолаушылар сыйымдылығын пайдаланудың орташа коэффиценті;

 Т - жолаушылардың жол жүруінің тарифтік арақашықтығы километрмен (бұдан әрі - км).

2. Тұрақты маршруттардың жекелеген санаттары бойынша орташаланған тариф осы маршруттар бойынша есептік тарифтердің орташа өлшенген мөлшері ретінде мынадай формула негізінде анықталады:

 

,      (2) формула

 

мұндағы: Ti - әрбір і маршруты бойынша формуланы (1) пайдаланумен белгілеген есептік тарифтер;

Qi - әрбір і маршруты бойынша жолаушылар айналымының жылдық есептік көлемі;

бұл ретте:

 

Qi = Ам х q х z, (3) формула

 

мұндағы: Ам - күндегі маршрутта график бойынша автобустардың  саны;

q - 1-ші рейс ішінде жолаушылардың ауыспалылық коэффициенті;

z - маршрутта әр автобуспен орындайтын рейстердің саны;

f - тұрақты маршруттардың санат жиілігі (кездесушілік) (маршруттардың ұзақтығы мен жолаушылар ағынында айырмашылықтар салдарынан, тұрақты маршруттарда f = 1,0).

3. Тұрақты маршрутқа есептік тарифтер негіздемесін тасымалдаушылар мынадай тәртіппен жүзеге асырады:

1) конкурсты ұйымдастырушының Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 767 қаулысымен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасының 5-қосымшасына сәйкес «______ жылғы «____» ___________ конкурсқа шығарылатын жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік тұрақты тасымалдау маршруттарының негізгі сипаттамалары» құжатының, сондай-ақ тасымалдаушының өзінің есепке алу ақпараты негізінде тиісті маршрут бойынша мынадай негізгі деректер нақтыланады:



маршруттың жүрудің бастапқы және соңғы пункті бойынша нөмірі мен атауы;

маршруттардағы тікелей (алымындағы) және кері (бөліміндегі) бағыттардағы маршрутаралық пункттердің саны;

маршруттың тікелей және кері бағыттардағы ұзақтығы, ал қала маңындағы және облысішілік, оның ішінде қала және басқа да елді мекендердің шекараларындағы маршруттар үшін;

маршруттағы тікелей және кері бағыттардағы қозғалыстың орташа пайдалану жылдамдығы;

жұмыс және демалыс күндеріндегі рейстер айналымының саны;

рейстер айналымын орындауға арналған кесте бойынша уақыт;

орташа тәуліктік жолаушылар ағыны мен жолаушылар айналымы (есептеу, тексеру нәтижелері, болжам бойынша);

маршруттағы жұмыстың басталуын және аяқталуын көрсетумен жұмыс және демалыс күндеріндегі кесте бойынша жұмыс істеу уақыты;

маршруттағы жұмыс және демалыс күндеріндегі кесте бойынша автобустардың саны;

маршруттағы жұмыс және демалыс күндеріндегі кесте бойынша автобустар қозғалысының аралығы;

маршруттағы жолаушылардың отыруы үшін және жалпы орны бойынша автобустардың паспорттық сыйымдылығы (жинақтаушы алаңның сыйымдылығын ескере отырып);

маршруттағы автобустың толықтырушылығының және олардағы жолаушылардың алмасушылығының сараптық-бағалау (немесе тексеру қорытындысы бойынша белгіленген) коэффициенттері;

автобустар маркасы (маршруттар тізіліміне сәйкес);

конкурстық бөлуден кейін маршруттардың сипаттама көрсеткішіне түзетулер оларды жергілікті атқарушы органдары мен тасымалдаушылар арасындағы келісім бойынша ғана енгізілуі мүмкін.

2) маршруттағы автобустардың жалпы жылдық жүрісі (L) мынадай формула бойынша есептелінеді:

Lоб = Др х Ам (n х кр + О), (4) формула

мұндағы Др - маршруттың бір жылдағы қызмет көрсету күндерінің саны (жыл бойғы жұмыс режимі кезінде Др = 365);

n - кесте бойынша әрбір автобустың маршруттарындағы күн сайынғы рейс айналымының саны;

 кр - маршруттағы рейстер айналымының арақашықтығы, км;

О - күн сайынғы нөлдік жүріс, км.

Егер маршрут сипаттамасының көрсеткіштері жұмыс және демалыс күндері бойынша әртүрлі мәндерде болса, онда автобустардың жалпы жылдық жүрісі жұмыс және демалыс күндері бойынша осы шамаларды қосу арқылы жеке анықталады;

3) жолаушылар ағынын тексеру нәтижелері бойынша немесе жергілікті атқарушы органдарының қалалық және қала маңындағы маршруттарды 0,3-тен 0,9, ал қала маңындағы маршруттар үшін 0,65-ке дейінгі деңгейде (елді мекендердің бағыты бойынша жеке) белгіленген автобустардың класына және тұрақты маршрут түрлеріне байланысты орташаланған көрсеткіштерді негізге ала отырып, маршруттардағы автобустардың жолаушылар сыйымдылығын пайдалану коэффициентінің деңгейі (y) анықталады;

4) егер осы маршруттардағы және/немесе жолаушылар ағынының қарқындылығы бойынша салыстырмалы жолаушылар ағынын тексерудің есептік көрсеткіштері мен нәтижелері автобустар сыйымдылығын нақты пайдаланудың өте жоғарғы деңгейін растайтын болса, тиісінше көрсеткіштің қол жеткен деңгейі есепке алынады;

5) жолаушылардың жол жүруінің есептік тарифтік арақашықтығы ( Т) анықталады;

Маршруттардағы ұзақтығы бойына бірыңғай тарифпен қалалық және қала маңындағы маршруттардағы жолаушылардың автобустармен жол жүруінің орташа ұзақтығы жолаушылар ағынын тексеру қорытындылары бойынша немесе мұндай деректер болмаған кезде, мынадай формула бойынша анықталады: Т = Рф/Qф, яғни, жолаушылар ағынының нақты (есептік) көлемін маршруттағы жолаушыларды тасымалдаудың нақты (есептік) көлеміне бөлумен белгіленеді;

Қалааралық автобус маршруттары, сондай-ақ тарифтік учаскелері бар қала маңындағы маршруттар үшін жергілікті атқарушы органдар бірыңғай тарифтік арақашықтықты (жекеленген елді мекендерге бейімделуіне қарай) қала маңындағы маршруттар үшін 3,33-км-ден емес және ішкі облыстық маршруттар үшін - 10 км белгілейді;

6) тасымалдаушының осы маршрутта қызмет көрсетуге жалпы жылдық шығындар сомасы (ΣЗi) осы Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға тарифтер есептеудің экономикалық-математикалық моделінің 2-бөлімінде айтылған ретпен есептелінеді;

7) барлық жүйелі іс-қимылдарды орындағаннан кейін 1-бөлімге сәйкес (1) формула бойынша есептік тариф белгіленеді.

 

 

2. Пайдалану шығыстарының баптары бойынша тасымалдаушының шығындарын ірілендірген есептеу тәртібі

 

4. Кез келген маршруттар үшін оларға қызмет көрсетуге персоналдардың әлеуетті үміткерлеріне қатысы жоқ шығындарды есептеудің қажетті шынайылығын қамтамасыз ету мақсатында, есептеулердің әдіснамасының біркелкі жүйелілігін сақтау мақсатында, есептеулер сызбасына дұрыстығының тексерілуі қиын есептік деректер барынша аз тартылатын нормативтік тәсіл қабылдау негізге алынды.

Төменде келтірілген тасымалдаушының нормативтік пайдалану шығыстарын есептеудің сызбасы ірілендірілген болып табылады.

5. Тұрақты автобус маршрутына қызмет көрсетуге шығындардың баптары бойынша нормативтік пайдалану шығыстарының ірілендірілген есептеулері мынадай тәртіппен орындалады:

1) осы маршрутқа қызмет көрсетуге пайдаланылатын автобустардың жалпы жүрісіне есептелген автомобиль отынына жұмсалатын шығыстар жергілікті атқарушы органдардың тарифтерді есептеуді қабылдау туралы жариялаған күніне белгіленген қолданыстағы барлық үстемелерді және жанармай құю станциясы (бұдан әрі - АҚС) 1 литр бензиннің (дизельдік отынның) нақты құнын ескере отырып, 100 км-ге жұмсалатын отынның базалық нормасын негізге алу арқылы белгілейді (хабарландыруда көрсету ұсынылады):

 

Зт = 0,01 х Lоб х НТ х КН х ЦТ , (5) формула

 

мұндағы: Lоб - осы маршрутқа қызмет көрсету кезіндегі автобустардың жалпы жылдық жүрісі ((4) формула);

НТ - автобустың 100 км жүрісіне отынды жұмсаудың базалық нормасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы № 1210 қаулысымен бекітілген Жанар-жағармай материалдарды шығыстарының және автокөлікті күтіп ұстауға арналған шығыстардың нормаларына (бұдан әрі - Отын шығыс нормасы) сәйкес анықталады;



КН - маршрутта автобустардың нақты жұмыс жағдайы үшін базалық нормаға үстемелердің коэффициент жиынтығы Отын шығыс нормасына сәйкес анықталады;

Цт - өңірде өткен айға 1 литр отынның орташа айлық құнын жергілікті атқарушы органдар анықтайды;

0,01 - 100 километрден 1 километрге дейінгі отынның шығысын қайта есептеу;

2) жағармай материалдарына шығыстар анықталады автомобиль отынына жұмсалатын шығыстардың пайызында анықталады:

 

Зсм = 0,01 х tсм х ЗТ, (6) формула

 

мұндағы: tсм - отын шығысының құнынан пайыздағы жанар-жағармай материалдарының шығысы нормасының орташаланған мәні Отын нормасына сәйкес анықталады.

3) жөндеу жүргізуге және техникалық қызмет көрсетуге жұмсалатын шығыстар осы маршрутқа қызмет көрсетуге бекітілген автобустар құнының 25%-ы шегінде алынуы мүмкін. Бұдан:

 

ЗРТ = 0,25 х Ам х КР х Ц, (7) формула

 

мұндағы: КР - автобустар резервінің коэффициенті паркті пайдалану α= 1 / 1,3 = 0,78 коэффицентіне сәйкес ауысымдағы автобустың, 1,3 шегі деңгейіндегі шығындарын есептеу үшін алынатын маршруттарға бекітілген автобустардың жалпы санының кестесі бойынша маршрутқа жеткізілуге жататын автобустар санына қатынасы;

Ц - 1 автобустың орташа қалдық теңгерімдік құны немесе маршутқа бекітілген бір автобустың орташа нарықтық құны (бағалау қызметін жүзеге асыратын ұйымдар белгілеген), теңгемен.

4) маршруттағы автобустардың жылдық жүрісіне есептелген автошиналарды пайдалану шығыстарын мынадай формула бойынша анықтауға болады:

 

,          (8) формула

 

мұндағы: Lоб - маршрутқа қызмет көрсету кезіндегі автобустардың жалпы жылдық жүрісі;

Цш - бір шина жиынтығының орташа нарықтық құны (шина, камера, жиек лентасы) теңгемен;

m - автобустағы доңғалақ саны (қосалқы доңғалақсыз);

ш - автошиналар жүрісінің пайдаланымдық нормасы Отын шығыс нормасына сәйкес километрмен анықталады;

Кш - автошиналар жүрісінің пайдаланымдық нормасын түзету коэффициенті Отын шығыс нормасына сәйкес анықталады.

5) маршрутта бекітілген автобустар бойынша амортизациялық аударымның жылдық сомасы олардың ортақ жүрісіне есептегенде мынаған тең:

 

За = 0,25 х Ам х КР х Ц,     (9) формула

 

мұндағы: 0,25 - Қазақстан Республикасының Салық Кодексі ұсынған автокөлік бойынша амортизация нормасы 25% мөлшерде;



Ц - бір автобустың орташа қалдық теңгерімдік құны немесе маршрутта бекітілген бір автобустың орташа нарықтық құны (бағалау қызметін жүзеге асыратын ұйымдар анықталған), теңгемен.

Кр - автобустар резервінің коэффициенті.

6) маршрутқа қызмет көрсету бойынша жүргізушілер мен кондукторлардың (автобус экипаждары) жалақысының жалпы жылдық сомасы мынадай формула бойынша анықталуы мүмкін:

 

ЗЗП = Мр х (ZВ х Nв + ZК х Nк) х Ам х К,    (10) формула

 

мұндағы: Мр - бір жылда маршрутқа қызмет көрсетілетін айлардың саны (жұмыстың жыл бойғы режимі кезінде Мр = 12);

ZВ және ZК - автобус жүргізушісі мен кондуктордың тиісінше орташа айлық жалақысы, теңгемен.

Nв (Nк) - маршрутта әр автобусқа бекітілген жүргізушілердің (кондукторлардың) саны;

К - еңбек жалақысы мен қызметкерлерді сақтандыруға әлеуметтік есептеуі есепке алатын коэффициенті тасымалдаушының есептік мәліметтері бойынша анықталады. Есептік ақпарат болмаған кезде нақты есептеулер бойынша қабылданады. Осы индекстің шамамен алған мәні 1,15-1,30 құрайды.

7) үстеме шығыстардың шектеулі сомасы, әдетте, осы маршрутқа қызмет көрсету бойынша шығындардың тікелей жиынтық сомасының 20%-нан аспауы тиіс (Зj):

 

Зн = 0,2 (Зт + Зсм + Зрт + Зш + За + Ззп), (11) формула

 

Үстеме шығыстарды есептеу сомасына өндіріс шығындарына жататын барлық салық және алымдар түрлері кіреді (ҚҚС пен кірістің корпоративтік салығынан басқа).

Маршрутқа қызмет көрсетуге жұмсалатын пайдалану шығындарының құрамындағы үстеме шығыстардың сомасы көрсетілген шектік мөлшердің шегінде мынадай формуланы пайдалану арқылы нақтылануы мүмкін:

 

,              (12) формула

 

мұндағы: :  - үстеме шығыстардың нақтыланған сомасы;

К14 - 014 жолдың коды бойынша нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 6452 тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 20 тамыздағы № 422 бұйрығына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пайда мен залалдар туралы есеп бойынша соңғы есептілік жылындағы жалпы және әкімшілік шығыстар;



К11 - 011 жолдың коды бойынша Пайда мен залалдар туралы есеп бойынша соңғы есептілік жылында сатылған тауарлар мен қызметтердің өзіндік құны.

6. Маршрутқа қызмет көрсетуге жұмсалған шығындардың жалпы сомасы (УЗi) шығыстар бабы бойынша есептеулердің нәтижелерін қосу арқылы анықталады:

 

ΣЗi = Зт + Зсм + Зрт + Зш + За + Ззп + Зн , (13) формула

 

Алынған нәтиже жолаушының тұрақты маршруты автобусындағы жол жүру тарифін есептеу (1) формуласына қойылады.

 

Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар



мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет

көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесіне

2-қосымша

 

 

Тұрақты маршруттардағы багажды тасымалдау құнының жолаушылардың жол жүру құнына еселік коэффициенттері

 

Автомобиль көлігімен жолаушыларды және багажды тасымалдаудың тұрақты маршрутының түрі

Жолаушылардың жол жүру құнына багаждың бір орны үшін тарифтің еселігі

Қалалық

1,0

Қала маңындағы

0,2

Ауданішілік және облысішілік

100 километрге дейін

0,2

500 километрге дейін

0,15

500 километрден артық

0,10

 

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет