Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Instagram парақшасында мемлекет басшысы 24-25 қаңтар күндері Алматыға іссапармен баратынын жазды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдын ала жоспарланған жұмыс кестесіне сәйкес 24-25 қаңтар күндері Алматыға барады”, – деді Берік Уәли.

Баспасөз хатшысының хабарлауынша, президент мегаполистегі бірқатар нысанды аралайды.

“Соның ішінде Қаңтар оқиғасынан кейін күрделі жөндеуден өткен әкімдік ғимаратына барып, қаладағы жағдайға байланысты жиын өткізеді”, – деді баспасөз хатшысы.
 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.