Тренинг мақсаты: әлеуметтік капиталды дамыту мәселелері



жүктеу 61.48 Kb.
Дата12.05.2019
өлшемі61.48 Kb.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! БАЙҚАУ!

Тренерлерге арналған тренингке қатысу үшін

ШҚО қалалары мен аудандарының



қазақ тілді тренерлерін даярлау үшін

(«ШҚО ішкі саясат басқармасы» ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында)



Тренинг мақсаты: әлеуметтік капиталды дамыту мәселелері бойынша тұрғындармен, қоғамдық ұйымдар және мемлекеттің қызметкерлермен жұмыс істеу үшін ШҚО қалалары мен аудандарында тұратын қазақтілді тренерлерді даярлау (сенім, толеранттық, азаматтық сәйкестік, қатысу)

Тренингке кім қатыса алады?

  • Тұрғындардың түрлі топтарына арналған кездесулер, семинарлар, тренингтер, лекциялар өткізумен шұғылданатын қоғамдық ұйым қызметкерлері, бастамашыл топтар, белсенді азаматтар

  • Қызметтік міндеттеріне тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-оқыту іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу жұмыстары кіретін әлеуметтік және қоғамдық-саяси блоктағы облыстық басқармалар, қалалық және аудандық ішкі саясат бөлімдері, жастар орталықтары, мәслихат аппараттарының өкілдері

  • Тұрғындарға арналған ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізетін ақпараттық-насихат топтарының мүшелері

  • Мектептер, ТжКБ мекемелері, Шығыс Қазақстан облысының ЖОО әлеуметтік-гуманитарлық блоктарының оқытушылары


Тренингке қатысу сізге не береді?

15 жыл бойы түрлі деңгейдегі мамандарға оқыту бағдарламаларын өткізіп жүрген тренерлердің бастауымен Сіздер келесілерге үйренесіздер:



  • Ересек аудиториямен жұмыс істеудегі интерактивті тәсілдер мен құралдарды меңгеру

  • Түрлі аудиторияларды басқару әдістері, аудитория сұрақтарымен сауатты жұмыс істеу

  • Әлеуметтік капитал, оны қалалар/аудандарды жинақтау принциптері туралы білім

  • Тұрғындардың түрлі топтарына өзіңнің әлеуметтік капиталыңды өсіру маңызын түсіндіру тәсілдерін меңгеру

  • Әлеуметтік капиталдың негізгі компоненттерін дамыту әдістерін: сенім, толеранттық, азаматтық сәйкестік және қатысу

  • Нақты қала/аудандағы әлеуметтік капитал деңгейін бағалау тәсілдері

  • Нақты топтардық, аумақтардың әлеуметтік капиталдарын өсіру технологиялары


Байқауға қатысу шарттары:

* Байқауға қатысуға арналған формадағы өтініш, қоғамдық ұйымдардан, бастамашыл топтар, қоғамдық көшбасшылар не/немесе жергілікті билік органдарынан берілген ұсынымдармен қоса

* Байқау нәтижелері сәтті болған жағдайда – Өскемен қаласында өтетін тренерлерге арналған екі күндік тренингке қатысып, тегін оқу және алдағы уақытта жұмыс істеуге арналған оқыту материалы – әлеуметтік капиталды өсіруге арналған ақпараттық-әдістемелік құралды алу мүмкіндігі

(байқаудан өтпей қалған өтініш жазушылар «ЗУБР» ӘКҚ мамандарынан тегін кеңес сұрау және ақпараттық материалдарды алу мүмкіндігіне ие болады)

Тренингке қатысушыларды іріктеу критерилері:

* мемлекеттік және орыс тілдерін жақсы меңгеру

* тұрғындардың түрлі топтарына оқыту іс-шараларын өткізу тәжірибесі

* алдағы уақытта өз бетімен тренинг өткізу әлеуетінің болуы (түрлі аудиториялармен жұмыс істей білуі, шешендік дағдысы, біліммен бөлісу ниеті)

* қоғамдық органдар, бастамашыл топтар мен қоғамдық көшбасшылардан/ жергілікті билік органдарынан ұсынымдардың болуы
ТАТ қатысушыларын іріктеуді «ЗУБР» ӘКҚ мен «ШҚО ішкі саясат басқармасы» ММ мамандары өтініш-сауалнамалар негізінде жүргізеді.

Қатысушыларды іріктеу кезінде келесілер есепке алынады:


  • Сауалнамада берілген сұрақтарға толық және нақты жауап беру (толық жауап берілмеген сауалнамалар қарастырылмайды)

  • Жоғарыда аталған критерилерге сәйкестік деңгейі

  • Осы тренингке неге дәл Сіздің қатысуыңыз керектігін негіздеңіз, қол жеткізген білім мен дағдыларыңызды алдағы уақыттағы кәсіби қызметіңізде қалай пайдаланбақсыз?

Өтініштер 2014 жылдың 29 қыркүйегі кешкі сағат 17.00-ге дейін қабылданады

«ЗУБР» ӘКҚ 8(7232) 26-22-20 факс/телефоны не/немесе zubr-kz@mail.ru электрондық пошатсы арқылы

Байқау нәтижелері 2014 жылдың 3 қазанына дейінгі уақытта жарияланады. Барлық өтініш берушілерге байқау нәтижелері туралы ресми хабарлама жіберіледі.

Қатысу формасы қосымшада.

Тренингтің болжалды өту уақыты - 2014 жылдың 9-10 қазаны.



Тренингтің негізгі жұмыс тілі – орыс тілі, негізгі түсініктер мен блоктар қазақ тіліне ұласпалы аударма режімінде аударылып отырылады. Тренинг материалдары мемлекеттік және орыс тілдерінде беріледі.

Барлық сұрақтарыңыз бойынша «ЗУБР» ӘКҚ - Шрейбер Евгенияға, 8-7232-26-22-20, 8 705 620 75 86 телефондары және zubr-kz@mail.ru электрондық поштасы арқылы хабарласа аласыздар.



ӨТІНІМ ФОРМАСЫ

ШҚО қалалары мен аудандарының

қазақ тілді тренерлерін даярлауға арналған

Тренерлерге арналған тренингке қатысу үшін
Құрметті әріптестер!

Сауалнаманың барлық сауалдарына толық жауап берулеріңізді сұраймыз, себебі бұл байқау нәтижелеріне әсер етеді.



САУАЛНАМА СҰРАҚТАРЫ

  1. Қатысушының аты-жөні

  2. Туған күні

  3. Мамандығы көрсетілген білімі

  4. Жұмыс орны (ұйым атауы), лауазымы, жұмыс істеу мерзімі

  5. Қоғамдық, волонтерлік еңбек тәжірибесі (бар болса)

  6. Тұрғылықты мекенжайы (қала, аудан, кент), сіздің телефоныңыз, ұялы телефон нөміріңіз, электрондық мекенжайыңыз.

  7. Сіздің оқыту іс-шараларын өткізудегі тәжірибеңіз (қысқаша сипаттап беріңіз – Қандай және қанша іс-шара өткіздіңіз, қандай тақырыптарға, кім қатысты?)

  8. Төмендегі кестеде оқыту іс-шараларын өткізу кезінде Сіз қандай қиындықтарға кезігесіз, қандай жұмыс жеңіл тиеді?

    Оңай

    Қиын



















  9. Сіз өзіңіздің әлеуметтік капиталыңызды қалай бағалайсыз? Негіздеңіз?

(әлеуметтік капитал – бізге өз әлдеуетімізді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, нақты пайдаға кенелтетін, қажетімізді өтеуге мүмкнідік беретін белгілі сападағы және сандағы (достық, жұмыс барысындағы және басқа) әлеуметтік байланыстардан құралатын қоғамдағы қарым-қатынастар жүйесі)

  1. Тренерлерге арналған тренингке неге дәл Сіз қатысуыңыз керек? Жауабыңызды негіздеңіз

  2. Өзіңіздің мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеру деңгейіңізге баға беріңіз

(әр бағана бойынша сәйкес цифрді қойыңыз):

Меңгеру деңгейі: 5 – жетік, 1 - негізгі



Тіл

Оқу

Ауызекі

Жазбаша

Қазақ










Орыс










  1. 1-2 ұсыным қосыңыз (қоғамдық ұйымдардан, бастамашыл топтардан, қоғамдық көшбасшылар не/немесе жергілікті билік органдарынан)



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет