Тренинг су-джок терапиясы тақырыбы: «Мен сияқты жаса» Мақсаты



жүктеу 42.73 Kb.
Дата30.03.2018
өлшемі42.73 Kb.

ТРЕНИНГ

СУ-ДЖОК ТЕРАПИЯСЫ

Тақырыбы:

«Мен сияқты жаса»

Мақсаты:

а) Білімділік: Балаларды ұжымдық шараларға қатысуға педагогтың ұсынысы мен талабын тындай, түсіне білуге және оны орындауға үйрету.
ә) Түзете - дамытушылық: Балалардың тілін дамыту, сөздік қорын молайту. Баланың қолдарының бұлшық еттерін қатайту, саусақ қимыл қозғалыс қабілетін жақсарту, саусақ жаттығуларын орындату.
б) Тәрбиелік: Ойын –тапсырмалар арқылы балаларды өз бетінше жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Көрнекі-құралдар: компьютер, интерактивті тақта.

Көрнекіліктер: Су-джок доптар, Су-джок сақиналар, суреттер, слайд, мозайка.
Әдіс – тәсілдер: Қызығушылықты ояту, ой қозғау, сұрақ – жауап, көрсету, түсіндіру.

Тренинг барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды шеңбер бойымен тұрғызады.

Кел, балалар, тұрайық

Үлкен шеңбер құрайық.

«Сенің атын кім?» ойыны

Амандасу. (Атымыздың бірінші дыбысын айтамыз, сосын атымызды)



  • Сәлем! Мен – М – Майра.

  • Сәлем! Мен – К – Камила.

  • Сәлем! Мен – А – Ақжол.


ІІ. Психологиялық сәт

Жылулық шеңбері:

Көңілді музыка әуені үнтаспадан қойылады.



Күндей күлімде,


Жұлдыздай жарқыра.


Бұлақтай сыңғырла,


Құстай самға.


Оттай лаула,
Аспандай ашық бол.
Жердей кең бол,


Таудай биік бол.




Аққудай әдемі бол,




Ақ қайыңдай нәзік бол!



  • Балалар, мынау не?- Сиқырлы заттар.

  • Балалар, корапшаға жинайык.


ІІІ.

1 - тапсырма: Дидактикалық ойыны: «Доптың екінші бөлігін табу»

Мақсаты: Балаларды түстерді ажыратуға үйрету.

Шарты: Су-джок доптың екінші бөлігін табу.

Жарайсыңдар, балалар! Ойынымызды әрмен қарай жалғастырайық.


2 – тапсырма:

Ертегі : «Кірпі» (су-джок доппен)

Мақсаты: Балалардың ұсақ моторикасын дамыту.

Шарты:

  • Балалар, ертегі бойынша біз сиқырлы доппен жаттығулар жасаймыз.

  • Ерте-ерте ертеде орманда әдемі үйшікте кішкентай ғана кірпі өмір сүріпті. (Су-джок доп алақанда)

Кірпі өз үйінен шығып, күн шуағына қуана қарап, қыдыруға шығыпты.

(Су-джок допты көрсету, қуану, алақанды ашу)

Тура жолмен жүріп, әдемі бір алқапты көріпті, кірпі қуанып жүгірді, секіріп ойнады, гүлдерді иіскеді. (Су-джок допты түзу домалату)

Бір кезде бұлт түнеріп, жаңбыр жауа бастады: тырс-тырс-тырс. ( Су-джок допты алақанмен қысу)

Кірпі жаңбырдан қорғанып, саңырауқұлақтың астына тығылды. (Су-джок допты сол алақанмен тығу)

Жаңбыр аяқталған соң түрлі көп саңырауқұлақтар шықты: бір саңырауқұлақ,

екі саңырауқұлақ, үш саңырауқұлақ, төрт саңырауқұлақ, бес саңырауқұлақ.

(Су-джок доппен әр саусаққа домалату)

Кірпі саңырауқұлақтарды анасына апарып, қуантқысы келді.


  • Қалай?

Түрлі саңырауқұлақтады кірпі инесіне мықтап түйреп алды да, қуанып үйіне қарай жүгірді. (Су-джок доппен әр саусақты тигізу)

Кірпі тура жолдан жүгірді, айналма жолдан жүгірді. (Су-джок доппен түзу домалату, айналып домалату)

Кірпі үйіне келіп саңырауқұлақтарды анасына берді.

- Кеш болды.

- Кірпі көзін жұмды да үйықтап қалды. (Су-джок доп алақанда)

Жарайсыңдар, балалар. Өзімізді қошеметтеп қояйық.


3 – тапсырма: Саусақ ойыны: « Бес ағайынды»

Мақсаты: Балалардың саусақ қимылдары арқылы бұлшық еттерін жетілдіру.

Шарты: Су-джок сақина арқылы балалар саусақ жаттығуын жасайды.

Бір – екі – үш – төрт – бес,

Серуенге шықты Саусақтар.

Мына саусақ - Бас бармақ – ең күшті, ең жуан, ең үлкен,

(Су-джок сақинаны саусаққа кигізу)

Мына саусақ – Балаң үйрек – көрсету саусағы,

(Су-джок сақинаны саусаққа кигізу)

Мына саусақ – Ортан терек – ең ұзын, ортаншы,

(Су-джок сақинаны саусаққа кигізу)

Мына саусақ – Шылдыр шумек – тентек саусақ,

(Су-джок сақинаны саусаққа кигізу)

Мына саусақ – Кішкене бөбек – өте мықты саусақ.

(Су-джок сақинаны саусаққа кигізу)
Ү. Қорытынды

- Балалар, бүгін біз қандай ойындар ойнадық?

- Саусақ жаттығуларды немен жасадық?

ҮІ. Қоштасу шеңбері:

Күніміз ашық болсын!

Түніміз тыныш болсын!

Ауамыз таза болсын!

Суымыз мөлдір болсын!

«Өрнек» жеке-меншік бөбекжай балабақшасы




ТРЕНИНГ

СУ-ДЖОК ТЕРАПИЯСЫ

Тақырыбы:

«Мен сияқты жаса»

Өткізген: Ескеалмасова.А.Д



Преображенка
2016-2017 жыл

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет