Тренинг Тақырыбы: Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға психологиялық көмек. Мақсаты



жүктеу 39.91 Kb.
Дата13.09.2018
өлшемі39.91 Kb.
түріПрезентация

Тренинг

Тақырыбы: Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға психологиялық көмек.

Мақсаты: Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеудің басты психологиялық аспектілерін қарастыру.

Қажетті құралдар: Маркерлер, акварель краска, плакат, скотч, стикерлер,магниттер, түрлі түсті борлар.

Өткізілу барысы:

  1. Амандасу. Дәстүрлі немесе дәстүрлі емес түрлермен амандасу.

  2. Танысу.(5-7 мин). Қатысушыларға стикерлер таратылып, соңғы үш айда болған қуанышты сәттерінің суретін салу тапсырылады. Барлық салынған суреттерді стол бетіне қойып қарап шығады. Сол суреттердің ішінен әркім өзіне ұнаған кез келген суретті таңдап алады. Өзін таныстырып, суретте не салынғанын айтып жеткізуге тырысады. Сол суретті салған адам өз аты жөнін айтып өтіп, суретте салған қуаныштарымен бөліседі. Солай келесі қатысушылар жалғастырады.

  3. Топқа бөлу. 2 немесе 3 топ

  4. Постер. «Бала», «Ата-ана», «Жанұя» сөздеріне постер жасау. Әр топ өз плакаттарымен шығып қорғау керек. Талқылау.

  5. Презентация «Бала құқығы »

  6. «Өзін-өзі бағалау» жаттығуы

Қатысушыларға парақшалар таратылады. Адам бойындағы сезімдерді жазу тапсырылады.( 5-6) Таблицаға 10 –ға дейін балл қойылады. Соңынан есептеп қортындысы талқыланады.




Қай жерде

Сезімдер

үйде

көшеде

мектепте

Достар арасында

Барлығы

Қуаныш
















Реніш
















өкініш
















Қатігездік
















Махаббат
















Көре алмушылық
















аялау


















  1. Музыкатерапия Караоке

  2. Ойын «Сені қолдаймын!»

Мақсаты: адамдар арасында қолдау және тілектес және қамқор жандардың ықыласын сезіну арқылы жетістікке жету, өзіне деген сенімділігін арттыру.

Ойынның барысы: Қатысушылардың арасынан екі адамды сыртқа шығарып жіберіп, қалған ойыншыларға тапсырма беріледі. Оларды қайта кіргізіп сурет салуға тапсырма беріледі. Ойыншылардың біреуіне қалған қатысушылар қолдау көрсетіп отырады да ,екіншісіне ешқандай көңіл бөлінбейді. Салып болғаннан соң екі ойыншының көңіл күйлерін сұрайды.

Талқылау.



9.Презентация ( ата-анасыз өскен қоғам қайраткерлерінің өмірінен)

10. «Менің таңбам» жаттығуы

Он бесінші ғасырдың екінші жартысында европалықтар өз орындарын білдіру үшін арнайы эмблемаларды пайдаланған. Бұл таңбалардан адамның жеке ерекшеліктерін отбасы жетістіктерін, мінезін білуге болған. Таңба негізгі қалқан болып табылған. Шеңбер сызып оны бес бөлікке бөліп алу керек.

1-Өзіңе ең жақын үш адамды жаз,

2-Өзіңді жайлы сезінетін үш жерді жаз,

3-Өзіңнің жеткен үш жетістігіңді жаз,

4-өзіңнің сүйікті айналысатын үш кәсібіңді жаз

5-өзің туралы естігің келетін үш сөзді жаз.

Психолог: Біз дайындаған таңба өмірде қандай қиындық кездессе, кейбір көңілсіз сәттерде, шаршағанда, осы жазған сөздеріңіз күш қуат беріп, сізге қалқан болып қорғары сөзсіз.. Осыны әрқайсысымыз жадымызға сақтауымыз керек.

Ұлы Абай атамыз 38-қара сөзінде «Қашан баланың ғылым- білімге махаббаты оянғанда ол адам бола бастайды. Оның адам болғанына үш түрлі нәрсе себеп болады; біріншісі жақсы ана, екіншісі жақсы ұстаз, үшінші жақсы құрбы құрдас,»-деген екен. Сондықтан да балаларымызбен үнемі жақсы қарым-қатынаста болайық.



Рефлексия (Жүректен жүрекке)

Плакатта салынған үлкен жүреккке стикерге жазылған тілектерді жапсыру.



Психолог : Барлық ынталарыңызбен атсалысып тренингке қатысқандарыңыз үшін рахмет!

ОБЛЫС Қызылорда

АУДАН/ҚАЛА Сырдария

АУЫЛ Тереңөзек кенті

МЕКТЕП Ә.Тәжібаев атындағы №36 мектеп -лицейі

ПӘНІҢІЗ Психолог

ФИО Әмзеева Гүлнұр Бақбергенқызы

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет