Танымал кәсіпкер, бизнесмен Ахметбек Нұрсила халықты алдап, ақылы сабақ сататын психологтардың есімін атады. Оның ішінде абайтанушы Омар Жәлелге ерекше тоқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Менің өмірім” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Кәсіпкердің айтуынша абайтанушы ғалым халықты алдап жүрген көрінеді. 

“Ең қауіптісі – Омар Жәлел мен Жанат Қожамжаров. Сюцай ілімін насихаттап жүр. Екеуіне де айтқанмын, қазір де айта аламын. Әсіресе Омар Жәлелді көрсем, мұрнын бұзар едім. Ол халықтың санасын улап жатыр. Адаммен қарым-қатынас құратын тілі ғана күшті. Тарихта тілімен баурап алатын Гитлер секілді адамдардың жалғасы. Қазаққа қасірет әкеліп жатыр. Бәрін өз нәпсісі үшін жасайды. Менен екі рет кешірім сұрады. Ол лотерея ойнатып, кітапты сатты. Лотерея – өтірік нәрсе. Қызыл тілдің арқасында дінмен де, Абаймен де дұрыс етіп шығарады. Беті қалың ғой. Артынан мойындап, кешірім сұрады", –дейді кәсіпкер. 

Сонымен қатар Сюцай ілімінің негізін қалаушы Жанат Қожамжаровтың да әрекетін әшкереледі. 

“Ол қазақтың әйелдерін несиеге кіргізіп, бір миллион теңгеден жинап алады. Одан кейін "сертификат алсаң, тренинг өткізіп, осы ақшаның екі есесін тауып аласың" деп алдайды. Ал не үйретеді десеңіз, әйелдерді жалаңаш шешіндіріп отырғызып қояды. Сосын арқасына су бүркеді. Барып келгендердің бәрі зар жылап келді. Бірақ әлеуметтік желіге ешқайсысы айтқысы келмейді. Ал Омар Жәлел соның продюсері болды. Олар қанша адамның обалына қалып жүр. Мұны тоқтату керек", – дейді ол. 


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.