Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы 016 жылдың айда атқарылған жұмыстары туралы ақпарат Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлігінде



жүктеу 58.36 Kb.
Дата10.05.2019
өлшемі58.36 Kb.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы

2016 жылдың 9 айда атқарылған жұмыстары туралы ақпарат

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлігінде:
Ағымдағы жылы аудандық бюджеттен сумен жабдықтау және су бұру жүйесіне барлығы 6825,6 мың теңге бөлінді, оның ішінде 4151,1 мың теңге - Таврия ауылының су мұнарасын ағымды жөндеуге, 1802,4 мың теңге – Айыртау ауылының су мұнарасын ағымды жөндеуге, 872,1 мың теңге – Қасым Қайсенов кенті, Айтықов көшесінің су құбыры желісін ауыстыру және ағымды жөндеуге;
Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Айыртау және Таврия а., су мұнарасын, сондай-ақ Қасым Қайсенов кенті, Айтыков көшесінің су құбырларын ауыстыру бойынша жөндеу жұмыстары уақытында аяқталды.  
Сондай-ақ, аудандық бюджеттен елді мекендердің көшелерін жарықтандыруға барлығы 10000,0 мың теңге Асу-бұлақ кентінің көше жарығын ағымды жөндеуге бөлінді. Жұмыстар мерзімінде аяқталды.
Коммуналдық меншіктегі аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) жылу желілерін пайдалануды ұйымдастыруға ШҚО, Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кентінің жылу сорғыш станциясын ағымды жөндеуге, барлығы 8517,6 мың теңге бөлінді. Жөндеу жұмыстары 2016 жылдың
15 қазанында аяқталды.
Шығыс Қазақстан облысының «Жұмыспен қамту Жол картасы-2020» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыру шеңберінде  ұсынылған іске асыру қаражатты үнемдеу есебінен 2016 жылы қыркүйек айында Қасым Қайсенов кентінің Айтықов, Заводская, ТК-8-ден аудандық әкімдігінің торабына дейін және Опанби көшелерінің жылу желілерін ағымды жөндеуге жалпы сомасы 30 374 000 теңге қаражат бөлінді.
Жедел жұмыстар жүргізу үшін 3 қазанда ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің «Еңбек» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК «Еңбек-Семей» филиалы мердігерімен шарт жасалды.
Жұмыстар 4 қазанында басталды. Жұмыстар ағымдағы жылдың
24 қазанында аяқталады деп жоспарлануда. 

Абаттандыру:

Ағымдағы жылы аудандық бюжеттен елді мекендерді көгалдандыруға, абаттандыруға және санитарлық тазалауға барлығы 8545,0 мың.тенге қаражат бөлінді.
Абаттандыруға  – 8,0 млн. теңге;
Санитарлық тазалауға – 545,0 теңге;
Ауданның елді мекендерін көгалдандыру мақсатында ағымдағы жылы аудандық бюджеттің қаражат есебінен Қасым Қайсенов кентіне 1060 дана гүл шоғыры сатып алынған.
Сондай-ақ, «Жұмыспен қамту Жол картасы – 2020» бағдарламасы  шеңберінде Қасым Қайсенов кентінің № 18 ауласын және № 5 үйдің кірме жолдарын ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді, жалпа сомасы - 22 973 млн. теңге.
Ағымдағы жылы Ұлан ауданының елді мекендерін абаттандыру және көгалдандыруға  «Шалқар көлінде Сібе көлдер тобы жағалауындағы демалыс аймағын аббаттандыру (1 кезең)» бюджеттен барлығы – 50 000,0 млн. теңге қаражат бөлінді. Жұмыстар қазан-желтоқсан айларына жоспарланған.

 

2016 жылғы 1 жарты жылдықта атқарылған жұмыстар бойынша ақпарат



Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

Ағымдағы жылы аудандық бюджеттен сумен жабдықтау және су бұру жүйесіне барлығы 6825,6 мың теңге бөлінді, оның ішінде 4151,1 мың теңге - Таврия ауылының су мұнарасын ағымды жөндеуге, 1802,4 мың теңге – Айыртау ауылының су мұнарасын ағымды жөндеуге, 872,1 мың теңге – Қасым Қайсенов кенті, Айтықов көшесінің су құбыры желісін ауыстыру және ағымды жөндеуге;
ШҚО, Ұлан ауданы, Айыртау ауылының су мұнарасын ағымды жөндеу, шарт соммасы - 1 795 575.04 теңге; Мердігер – "Гидросталь" ЖШС, жұмыстар аяқталды.
Бүгінгі таңда келесі нысандар бойынша жұмыстар жүріп жатыр:
1. ШҚО, Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кенті, Айтықов көшесінің су құбыры желісін ауыстыру және ағымды жөндеу, шарттың сомасы - 778 660.0 теңге; Мердігер - "Востпромснаб" ЖШС. Жұмыстар жүріп жатыр. Жөндеу жұмыстары 2016 жылдың 31 шілдесіне дейін аяқталатын болады.
2.  ШҚО, Ұлан ауданы, Таврия ауылының су мұнарасын ағымды жөндеу, шарттың сомасы – 3 889760.00 теңге; Мердігер -
"УК Энергосервис" ЖШС. Жұмыстар жүріп жатыр. Жөндеу жұмыстары
2016 жылдың 31 шілдесіне дейін аяқталатын болады.
Сондай-ақ, аудандық бюджеттен елді мекендердің көшелерін жарықтандыруға барлығы 10000,0 мың теңге Асу-бұлақ кентінің көше жарығын ағымды жөндеуге бөлінді.
ШҚО, Ұлан ауданы, Асу-бұлақ кенті, Ново-Лесхоз аумағындағы КТП-ны ауыстыру және электр желілерін (2,0 км) ағымды жөндеу, шарттың сомасы - 10000,0 мың теңге; Мердігер - ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Еңбек" республикалық мемлекеттік кәсіпорны. Жұмыстар жүріп жатыр. Жөндеу жұмыстары 2016 жылдың 31 шілдесіне дейін аяқталатын болады.
Коммуналдық меншіктегі аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) жылу желілерін пайдалануды ұйымдастыруға ШҚО, Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кентінің жылу сорғыш станциясын ағымды жөндеуге, барлығы 8517,6 мың теңге бөлінді. Конкурс жарияланды, жоспар бойынша ағымды жөндеу жұмыстары 2016 жылдың 15 қазанына дейін аяқталуы тиіс.

Абаттандыру

Ағымдағы жылы аудандық бюжеттен елді мекендерді көгалдандыруға, абаттандыруға және санитарлық тазалауға барлығы 8545,0 мың.тенге қаражат бөлінді.


Абаттандыруға  – 8,0 млн. теңге;
Санитарлық тазалауға – 545,0 теңге;
Ауданның елді мекендерін көгалдандыру мақсатында ағымдағы жылы аудандық бюджеттің қаражат есебінен Қасым Қайсенов кентіне 1060 дана гүл шоғыры сатып алынған.
Ағымдағы жылы «Аумақтарды дамыту» бағдарламалары аясында
22973 млн. теңгеге Қасым Қайсенов кентіндегі тұрғын үйлердің ауласын абаттандыру жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Ауылдық округтер мен кенттер арасында елді мекендерді санитарлық тазалау, көріктендіру және көгалдандыру бойынша «Ең көрікті елді мекен», «Ең көрікті үй, көше» номинациясы бойынша конкурс жарияланды. Осы конкурс ережесі және елді мекендерді санитарлық тазалау, көріктендіру және көгалдандыру жөніндегі аудандық штабтың құрамы, екі айлық іс-шаралар жоспары бекітілді. Ауылдық округтер және кент әкімдері конкурстық өтінімді 2016 жылдың 1 маусымынан 15 шілдесіне дейін тапсырады, аудандық штаб 31 шілдеге дейін жеңімпаздарды анықтайды. Конкурстың қорытындысын шығару критерийлерді қарап өту және салыстыру қорытындыларымен жүзеге асырылады. Әрбір критерийге 1 ден 20 балға дейін беріледі. Өлшемдердің бағасымен ең көп жиынтық ауыл конкурс жеңімпазы болып танылады.







Тұрғын үй сұрағы

2016 жылғы 20 шілдедегі жағдай бойынша Ұлан ауданында мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар кезегінде 654 отбасы тұр, соның ішінде:


- жетімдер және әке-шешесінің қамқорлығынсыз қалған
балалар - 82 адам  
- әлеуметтік қорғалатын топтар – 309 отбасы
- бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері – 257 отбасы.
Қасым Қайсенов кентінде «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ (КИК АО) арқылы 140 пәтерлі тұрғын үйлерге байланысты қазіргі уақытта төлем кабілеттілігін анықтау жұмыстары жүруде.
Сондай-ақ, ағымдағы жылы «Қолжетімді баспана 2020 бағдарламасы» аясында тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы құрылыс жұмыстары басталды.

Ұлан ауданының ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің м.а. Е. Рахимбаев

 

Ақпарат 2015 жыл «Ұлан ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ

Абаттандыру

2015 жылы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша келесі жұмыстар атқарылды:
Аудандық бюджеттен 4,2 млн. теңге қаражат сомасына (раушан, петунья және т.б.) гүлдер отырғызылды.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

2015 жылдың 30 қыркүйектегі жағдай бойынша ауданда орталықтандырылған сумен жабдықталғанар саны 21225 адам 16 елді мекенде немесе 53 %.


Су құбырлар желісінің жалпы ұзындығы 161,7 шақырымды құрайды, соның ішінде магистралді су құбырлары– 64,6 шақырым (тозуы - 40%). Су құбырлар желісінің жалпы тозуы 70 % құрайды.
Ауданда 47 елді мекенде орталықтандырылған суды әкету жүйесі 3 елді мекенде ғана жұмыс істейді (Қасым Қайсенов кенті, Таврия ауылы, Бозанбай ауылында жартылай). Аудан тұрғындарының су қайтаруын пайдалану қызметтерімен қамтылу деңгейі 17,8 %. Кәріз желілерінің жалпы ұзындығы
17,6 шақырымды құрайды.
Ауданда орталықтандырылған жылумен қамту жүйесімен аудан орталығы – Қасым Қайсенов кенті ғана қамтамасыз етілген. Жылу жүйелерінің жалпы ұзындығы – 11,6 шақырым.
Ұлан ауданында 29 қазандық бар, соның ішінде: 12 – қатты отындық,
17 – электр қазандықтары. Соның ішінде: 1 қазандық ШҚ ауылшаруашылық колледжінде, 3 –аудандық емхананың, 2 – мәдениет бөлімінің, 22 – аудандық білім беру бөлімінің балансында.
2015 жылы облыстық бюджет қаражатынан жалпы сомасы 90,5 млн. теңге Қасым Қайсенов кентінің орталықтандырылған қазандығын қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде.

Тұрғын үй сұрағы

2015 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаждар кезегінде 645 отбасы тұр, соның ішінде ауылдық округтер бойынша:


- жетімдер және әке-шешесінің қамқорлығынсыз қалған балалар - 57 адам
- әлеуметтік қорғалатын топтар – 106 отбасы
- бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері – 27 отбасы.
Соның ішінде Қасым Қайсенов кенті бойынша 455 адам:
- жетімдер және әке-шешесінің қамқорлығынсыз қалған балалар - 24 адам
- әлеуметтік қорғалатын топтар – 203 отбасы
- бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері – 228 отбасы.
«Қолжетімді баспана 2020 бағдарламасы» аясында тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы 2015 жылдың маусым айында 95 пәтерлі тұрғын үй қолданысқа берілді.
Ағымдағы жылы «Өңірлерді дамыту 2020 бағдарламасы» аясында «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ (КИК АО) арқылы 2- көпқабатты тұрғын үйлердің (40 және 100-пәтерлі) құрылыс жұмыстары басталды.

Ұлан ауданының тұрғын үй


коммуналдық шаруашылық,
жолаушы көлігі және автомобиль
жолдары бөлімінің басшысы Н. Тлеубеков

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет