Тұрғындар үшін базарға өткізуге арналған жануарларды сою тәртібі. «ШҚо бородулиха ауданының ветеринария бөлімі»



жүктеу 18.19 Kb.
Дата02.02.2018
өлшемі18.19 Kb.

Тұрғындар үшін базарға өткізуге арналған жануарларды сою тәртібі.
«ШҚО Бородулиха ауданының ветеринария бөлімі» ММ кейіннен өткізуге, яғни базарға өткізуге арналған жануарларды
союды ұйымдастыру тәртібін, бірінші кезекте ауылдық округтің мал дәрігеріне бару керек деп түсіндіреді. Сіздің өтінішіңізден кейін (жазбаша түрдегі өтініш) мал дәрігері жануарды сою алдында қарап, тексереді, одан кейін жануар мал сою алаңында сойылады, себебі қасапханалық қалдық пен ветеринарлық қалдықтар жеке аула мен ауылдық округтің аумағында шашылып жатпай, мал қорымында жойылуы керек. Мал сою алаңында қан ағып кететін, су ағатын шұңқыр бар және ол зарарсыздандырылатын дәрі – дәрмекпен залалсыздандырылады. Жануарды сойғаннан кейін ветеринариялық дәрігер ет пен ішкі органдарды қарап, тексеріп, ет пен ішкі органдарды алдын ала қарап, тексеруді өткізгендігі туралы мөртабан қояды. Одан кейін ол жануар ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша компьютерлік базадан есептен шығарылады, одан кейін ветеринариялық анықтама ББАЖ тіркеліп, етті көзделген жерге жеткізу және ветеринарлы- санитарлық сараптамадан өту үшін жануар иесіне беріледі. Жануарды, етті және ішкі органдарды ветеринарлық қарап, тексерудің барлығы ветеринариялық дәрігердің журналында тіркеледі. Егер жануар мал сою алаңында сойылмаса, ветеринарлық қарап, тексеруден өтпесе, сонымен қатар ветеринарлық құжатсыз тасымалдау ветеринариялық заңнаманы бұзу болып табылады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 406.4- бабы 4 – тармағының 1) тармақшасына сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарларын союдың шарттары мен талаптарын сақтамау жеке тұлғаларға – жиырма (20 АЕК), лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу (50 АЕК), орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз (100 АЕК), iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне -екі жүз (200 АЕК) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) – жеке тұлғаларға – қырық (40 АЕК), лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз (100 АЕК), орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз (200 АЕК), ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне- төрт жүз (400 АЕК) айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ауданымыздың құрметті тұрғындары, Сіздерден адам денсаулығына қауіп тудырмауларыңызды сұраймыз, себебі сою алдында және сойғаннан кейінгі ветеринариялық тексеруден өтпеген жануардың еті адамның жұқпалы аурумен науқастануының себебі болуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет